Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет844/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   840   841   842   843   844   845   846   847   ...   877
ШОРТ

ШТЕЙ


583

ЫҚПАЛ –  әлеуметтік әрекеттестік- 

тің  біртұтас  процесінде  тәрбиеле- 

нушінің  психикасы  мінез-құлқы 

мен  сана-сезімінің  қайсыбір  аспек-

тілерін  өзгертетін  психологтың  іс-

әрекеті,  педагогтың  функциялары- 

ның  жүзеге  асырылу  нысаны.  Дәс- 

түрде  ықпалдың  сендіру,  иландыру, 

еліктіру және еліктеу секілді негізгі-

негізгі  түрлері  сараланады;  адами 

өзара  әрекеттестіктің  әрбір  аспекті- 

сінде  бұлардың  бәрі  қабаттаса  жү- 

реді.  Сендіру  –  ұсынылатын  қалау-

тілекті, ұсынысты негіздейтін дәлел- 

демелер жүйесін қамтиды.

Әдетте,  сендіру  арқылы  тәрбиеле- 

нушінің  көзқарастары,  демек  оның 

жүріс-тұрыс, мінез-құлқының себеп-

тік  негіздері  біршама  өзгереді.  Бұл 

орайда, қорытынды өз алдына не сен-

дірушіге ілесе жасалуы мүмкін, әйтсе 

де  дайын  күйінде  игерілмей,  адам- 

ның қайсыбір мәліметтерді не идея-

ларды ұғынып қабылдауына, оларды 

талдау мен бағамдауға негізделеді.

Өзін-өзі  бағалауы  төмен  және  әлеу- 

меттік ортаға бейімделуге бағдарлан- 

ған адамдарды сендіру неғұрлым оңай. 

Керісінше, басқаларға дұшпандықпен 

қарап, айналасындағыларға үстемдік 

жүргізгісі келіп тұратындарды сенді-

ру анағұрлым қиын. Иландыру (суг- 

гестия) – сендіру секілді жаңа дерек- 

тердің жолында тұрған және адамды 

шатасулар  мен  қателерден  сақтан- 

дыратын өзіндік бір үлгілердегі сүз- 

гілерді  болғызбауға  бағытталады. 

Иландырушы  тәрбиеленушіде  тіке- 

лей  оның  өзі  алатындай  түсінікке 

ұқсас  нақ  сондай  іс-әрекетті  талап 

ететін  түсініктер  қалыптастырады. 

Сендіру  негізінен  тәрбиеленушінің 

білімі  мен  тәжірибесіне  жүгінетін 

болса,  иландыру  эмоциялық-еріктік 

сипатта болатындықтан сенуге негіз-

деледі. Адамның иланғыштығы оның 

жеке тұлғалық даму деңгейіне, сана-

сезімі мен өзін-өзі бағалауына, ерік-

жігеріне, сондай-ақ топтағы тұлғалар 

арасындағы  қарым-қатынастың  ере-

кшеліктеріне,  соның  ішінде,  илан- 

дырушыға деген көзқарасына байла-

нысты анықталады.

Көбіне  белгілі  бір  деректерге  сену- 

шілік тәрбиеленуші үшін беделді адам 

айтқандай орнығады. Елігу феномені 

көбіне  өздерінің  мінез-құлқында 

эмоциялық  күйді  басшылыққа  ала-

тын,  тиісінше  талдау  жасап  алмай 

қабылданған  деректер  негізінде  іс-

әрекет  жасайтын  не  басқа  адамдар- 

дың  іс-әрекетін  қайталайтын  адам-

дар  тобында  жиі  болады,  алайда 

иландыруда  иландырушының  сезімі 

айналасындағылардың сезімімен бір-

дей болуы міндетті болмаса, елігуде 

бір топ адам нақ сол бір ғана ортақ 

сезімде болады. Иландыру мен елік- 

тірудің  арасындағы  тағы  бір  айыр- 

машылық  –  елігу  ішкі  себептерден, 

өздігінен  болса,  иландыру  әркез  де 

дерлік  күні  бұрын  ойластырылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   840   841   842   843   844   845   846   847   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет