Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет845/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   841   842   843   844   845   846   847   848   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЫҚПА

ЫҚПА


584

Иландыру, әдетте, сөзбен, сөйлеп әсер 

ету  болса,  еліктіру  вербальды  емес 

құралдардың  қолданылуынан  (Мы- 

салы, ым-ишара, қимыл, музыка жә- 

не т.б.) болады. Еліктеу – бір адамның 

басқа  біреудің  жүріс-тұрысын,  ым-

ишарасын  қайталауынан,  тіпті  мі- 

незінің кейбір көріністерін айнытпай 

қолдануынан  білінетін,  мысалға  не 

үлгіге еру. Еліктеу ықтиярлы не ерік- 

тен тыс болуы мүмкін. Жас тұрғысы- 

нан  әр  түрлі  кезеңдерде  еліктеудің 

адам өміріндегі рөлі түрлі болады.

Мысалы, бала 1 жастан 3 жасқа дейін 

ересектердің сыртқы әрекеттері мен 

сөз реакцияларын қайталайтын бол- 

са, мектепке дейінгі жаста-ақ үлкен- 

дердің әрекеттеріне еліктеу алынған 

үлгілерді іштей күрделі өңдеуді қам- 

тиды. Кіші сыныптар оқушысы тұл- 

ғалық  қасиеттерін  қабылдап  қайта- 

лай  бастайды.  Жеткіншек  жаста  үл- 

кендерге еліктеуді бір-біріне еліктеу 

біртіндеп  ығыстырады.  Жасөспірім 

кезде еліктейтін үлгіні таңдауда адам- 

ның  құндылық  бағдарланулары  не-

гізгі рөл атқара бастайды. Бұл орайда 

еліктеу  қосалқы  функция  атқарады. 

Жоғары  сыныптар  оқушыларында 

номалар мен құндылықтарды меңге- 

ру негізінен өзі үшін бедел саналатын 

адамдардың өмірлік ұстанымын ұғы- 

на отырып талдау арқылы жүреді.

Өсе келе еліктеудің рөлі азаяды. Кіш-

кентай  бала  үшін  еліктеу  үйренудің 

негізгі әдісі болса, мектеп оқушысы 

үшін ақпарат, әдетте, сөзбен беріледі. 

Еліктеудің мазмұны да өзгереді. Ме-

тепке дейінгі шақта бала үлкендерге 

қарап, заттар дүниесінде дұрыс әре- 

кет  жасауды  үйренеді.  Мектеп  оқу- 

шысы  үшін  мұғалім  мен  ата-аналар 

мінез-құлықтың әлеуметтік үлгілері- 

нің  иегерлері  болады,  яғни  сүйікті, 

құрметті  адамның  сыртқы  әдеттері 

емес, оның басқаларға қалай қарай- 

тыны  қабылданады.  Педагогикалық 

ықпалдың  әр  түрлі  әдістерін  талап 

ету  және  бағалау  дейтін  негізгі  екі 

әдіске  саюға  болады.  Біріншісін-

де  педагогтың  міндеті  –  оқушыға 

қоятын  талаптардың  оның  өзіне-өзі 

қоятын  талаптарға  айналуына  жету. 

Педагогикалық  талаптар  әрекетке 

ынталандыратын  және  әрекетке 

тыйым  салатын  болып  бөлінеді.  Ба- 

ғалаулар жағымды (көтермелеу) және 

жағымсыз  (жазғыру)  деп  ажыраты-

лады.  Тым  үзілді-кесілді  талаптар 

еңсені басып, бастамашылдықты те-

жейді.  Жағымсыз  бағамдаулар  жеке 

іс-әрекетке  емес,  адамға  қатысты 

болғанда да еңсені басады. Жағымды 

баға адамды ынталандырады. Әйтсе 

де,  үнемі  мақтай  бергеннен  оқушы- 

ның өзін-өзі асыра бағалауына себеп 

туындайды.  Қазіргі  психиолгиялық-

педагогикалық ғылымда бағытталған 

және бағытталмаған ықпалдар қарас- 

тырылады.

Сендіру,  әдетте,  бағытталған  Ы.,  ал 

еліктеудің нәтижелері көбіне бағыт- 

талмаған  ықпалдың  нәтижесі.  Ба- 

ғытталған ықпалда педагог өзінің ұс- 

танымын және оған байланысты та-

лаптарын  оқушыға  анық  білдіретін 

тура  ықпал  және  тікелей  Ы.  объек-

тісіне  емес,  оның  айналасындағы 

ортаға  бағытталған  жанама  ықпал 

болады.  Жанама  ықпал  жағдайында 

педагогикалық  ұстанымның  мәні 

және  мұғалімнің  мақсаты  оқушыға 

беймәлім  болады.  Педагогикалық 

қызметте даралық-тән сипатты және 

функциялық-рөлдік  Ы.  саралана-

ды.  Шын  мәнінде  бұл  екі  нысан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   841   842   843   844   845   846   847   848   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет