587
ойламаған әйелден без» деген ма-
қалда үлкен психологиялық астар
жатыр. Бұл адамның і.ә келешекке
бағытталғандығын көрсететін түйін.
Адамдық І.ә. терең психологиялық
сыр-сипатын белгілі психологтар
С.Л.Рубинштейн мен А.Н.Леонтьев
өз еңбектерінде баяндап берген.
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАҒДАРЛЫЛЫҚ
НЕГІзІ – ақыл-ой әрекетінің жос-
парлы және сатылай даму теориясына
байланысты ұғым. Бұл адам алғаш
пайда болатын оны дұрыс орындау
мүмкіндігімен алғашқы танысу үр-
дісі. І.-ә.-тің бағдарлық негізі бала
қандай да болмасын бір мәселеге ой-
дағыдай танып-білуге оның мәнісін
ұғынуға жетелейді. І.-ә.жетекші түр-
лері – адамның жас шамасының бел-
гілі бір кезеңінде бағдарлық негіз
адам үшін маңызды қасиетті саты бо-
лып есептеледі. Ол кісіге үйренуге
қызығушылық тудырады, оның пси-
хикасына әсер етеді. Адам іс-әрекеті-
нің түпкі нәтижесі бағдарлық негізі
деп аталатын мотивациядан ақыл-ой
әрекетінің бастапқы сатысының дұ-
рыс ұйымдастырылмауынан тәуелді
болатыны хақ.
ІШТЕЙ СөЙЛЕУ – ойлау процесі-
нен туындайтын тілдік материалдар
негізінде дамымай-ақ өз ойлауын
нақты мақсатына орай пайда болып
отырады. мұны ауыз қуысындағы ды-
быс шығаратын сөйлеу аппаратының
жасырын жұмысы деуге болады.
Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді
еленбейді. Тек тиісті аспаптармен
зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрі-
нің де кинестезиялық тітіркендір-
гіштерге орай туып отыратындығы
анықталған. Ішкі сөйлеу жөнінде
И.М.Сеченов былай дейді: «Бес жас-
тағы баланың ойы сөзбен немесе
сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті
тілдің қозғалуы, еріннің жыбырла-
уымен айтылады. Мұның өзі ересек
адамдарда да (тек түрлі дәрежеде бо-
луы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіп-
ті өзімнен де білемін: ойымның ауыз-
дың жабық, қозғалмайтын күйінде
тілсіз сөйлеумен қоса қабаттасуы өте
жиі болады. Барлық жағдайда да бас-
қалардың алдында бір ойға баса на-
зар аударғым келсе, оны алдымен
дереу сыбырлап айтып аламын».
Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді бо-
лып келеді. Өйткені адам әркез өз
ойлауының мазмұнын жақсы біліп
отырады, сондықтан ішкі сөйлеуге
ұзақ тұжырым жасап жатудың қаже-
ті де болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: