ЭЛЬКОНИН ДАНИИЛ БОРИСО-
ВИЧ (1804-1884) заманымыздың
атақты психологі, психологияның
Моцарты атанған Л.С.Выготскийдің
шәкірттерінің бірі. Ол даму, жас
ерекшелік, педагогикалық психо-
логия саласында артына елеулі із
қалдырған кеңес психологі, Элько-
нин әсіресе баланың (нәресте, бө-
бек, сәби, жасөспірім) психикалық
дамуының ғылыми жаңа концепци-
ясын жасаушы. Оның осы саладағы
еңбектері бірнеше том болып жарық-
қа шығып біразы шетел тілдеріне
аударылды. Бұлардың жиынтығы
1960 жылы Мәскеудің «Педагогика»
атты баспасынан «Балалар психо-
логиясы» деген көлемді оқулықта
жинақталған.
ЭМОЦИЯ (франц. етаtіоп, лат. епо-
vео – толғану) – адам мен жануар-
лардың сыртқы және ішкі тітір-
кендіргіштер әсеріне реакциясы;
қоршаған ортамен қарым-қатынас
негізінде пайда болатын көңіл күй.
Э. организмнің әртүрлі қажетсіну-
лерге қанағаттануына (ұнамды э.)
немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз
э.) байланысты. Адамның жоғары
әлеуметтік қажетсінулері негізінде
пайда болатын тұрақты эмоция. Э.
жоғары түрі адамның іс-әрекетінің
өнімді болуына мүмкіндік туғызады.
Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және
т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз Э.
адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян
келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы,
абыржу, үмітсіздену, үрейлену және
т.с.с, эмоциялар жатады. Көңіл –
адамның бойын билеп алатын эмо-
циялық жағдай. Көңілді болу адамнын
іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына
байланысты. Адамның эмоциясын,
оның мимикасынан, пантомимикасы-
нан да байқаймыз. Э.-лық үрдістердің
пайда болуы вегетативтік жүйке жү-
йесінің қызметіне байланысты. Э.-
лар қатарластығы – бірін-бірі итерме-
леуші эмоциялық кемелденген екі
бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыз-
Достарыңызбен бөлісу: |