Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет139/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАҚЫ

БАЛА


101

(қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  қа- 

тарынан  оқыту  мәселесі)  сөз  болып 

жүр.  Бұл  концепцияға  екі  тұрғыдан 

қарау  керек.  Біріншіден,  кез  келген 

балаға 5-6 жастан үш тілді қатар оқы- 

туға болмайды.

Бұл ғылымға қарама-қарсы түсінік. Ал, 

туысынан нышаны бар тілді меңгеру 

қабілеті  байқалған  балаларға  арнау- 

лы  мектептерде  үш  тілді  қатарынан 

оқытуға болады. Жалпы бір кездерде 

Ы.Алтынсариннің жолын қуған бел- 

гілі  орыс  ағартушысы  А.Васильев, 

кейіннен  А.Байтұрсынов  5-сыныпқа 

дейін тек қана ана тілін оқыту қажет, 

өзге тілдерді араластырмау керек дей- 

тін  болатын.  Бірақ  қазір  заман  бас- 

қа,  ғылыми  прогресс  ғарыштап  да- 

ми  түсуде,  жаһандану  үрдісі  әлем- 

ді жайлаған кез. Жалпы үш тұғырлы 

тілді  қатар  оқыту  идеясы  физиоло- 

гия,  психология,  антропология  ғы- 

лымдарымен  негізделмеген.  Бірне- 

ше  тілді  қатарынан  оқытуды  өткен 

ХХ  ғасырдың  басында  ғалымдар 

пікір сайысқа салған. Сонда Л.С.Вы- 

готскийден  басқалары  бірнеше  тіл- 

ді  қатарынан  оқыту  баланың  өзінің 

ана  тілін  меңгеруге  кедергі  (интер- 

ференция)  келтіреді  деген  еді.  Ке- 

йіннен осы мәселеге қатысты әлемдік 

деңгейдегі  ғалым  физиолог  А.А.Ух- 

томский (1875-1942) өзінің «доминан- 

та» деп аталатын теориясымен негіз- 

дей түсті.

Бұл  теория  бойынша  адам  миына 

үнемі  түсіп  отыратын  көптеген  ті- 

тіркендіргіштер мидың әр алабынан 

қозу тудырады. Сол қозулардың іші- 

нен біреуі басым келіп өзіне қалған 

шағын, әлсіз қозуларды тартып, одан 

сайын күшейеді. Мұның нәтижесін- 

де біреуі мида өктемдік жасайды, мұ- 

ны  Ухтомский  доминанта  (үстемдік 

етуші қозу) деп атаған. Енді қатары- 

нан  оқылатын  үш  тілдің  миға  әсер 

ету жағдайына келетін болсақ, бұлар 

мида  үш  жерде  қозу  тудырады  да 

қайсысы басым болса, қалған екеуін 

басып тастайды. 6-7 жасар бала сөй- 

тіп  мидағы  үш  түрлі  қозуға  тап  ке- 

леді.  Қазіргі  кездегі  заманауи  жағ- 

дайды ескеретін болсақ, мұнда ағыл- 

шын,  одан  соң  орыс  тілінің  тітір- 

кендіргіштері  мида  өктемдік  жасап 

ана тілімізді (қазақ тілін) басып тас- 

тауы  ықтимал.  Қазақша  айтқанда 

мида «қай жеңгенің менікі» дегендей 

үш  тілден  туындайтын  мидағы  сөз 

реакциялары өзінің күшіне қарай ал- 

ға шығатындығы даусыз. Доминанта 

теориясы адамның бүкіл психикасы- 

на, мінез-құлқына да өктемдік жасай- 

ды. Мұны сол кездері И.П.Павловтың 

«Мидағы  қозудың  өктемдік  етуі» 

дейтін теориясы да растаған. Ғылы- 

ми тұрғыдан алып қарағанда осы үш 

тұғырлы  тіл  концепциясы  ғылыми 

дәлелдігі  жағынан  ақсап  тұр.  Сон- 

дықтан  да  осы  концепцияны  өз  ор- 

нымен басшылыққа алу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет