Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет22/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90

ГУМИЛЕВ  ЛЕВ  НИКОЛАЕВИЧ 

(1912-1992)  –  орыс  ғалымы,  т.ғ.д., 

геогр.ғ.д.  Ол  этностық  әлеуметтік 

категория  ретінде  қарайтын  көзқа- 

растарды  географиялық,  биология- 

лық  факторлардың  әсер  етуі  нәти- 

жесінде  пайда  болатын  табиғи  құ- 

былыс деп түсіндіреді. Этнопсихоло- 

гия  ғылымын  өзінің  осындай  жаңа 

тұжырымымен  толықтырды,  оған 

пассионарлық  ұғымын  енгізді.  Пас- 

сионарлық  қасиет  әр  этностың  гео- 

графиялық  жағдайына  (табиғат, 

ауа,  су,  ландшафт  т.б.)  байланысты 

жан дүниесінің өзіндік табиғи ерек- 

шеліктерін  ерекше  (қажыр-қай- 

рат,  шыдамдылық,  қайсарлық,  мақ- 

саткерлік,  намысқойлық  т.б.)  көр- 

сететін  категория.  Гумилевтің  осы-

нау  тұжырымдары  қазіргі  этнопси-

хология  ғылымының  әдіснамалық 

(методологиялық)  мәселелеріне  қа- 

тысы бар сындарлы түйін.



ГУМА

ГУМИ

146

ҒАЙБАТТАУ  –  жеке  адамның  не 

белгілі бір топтың жақсы қасиеттерін 

көре  алмаушылықтан  туындайтын 

ашу-ыза,  қызғаныш  эмоциясының 

бірі. Мұнда басқалардың әлеуметтік 

статусын, адамгершілік қадір-қасиет- 

терін төмендету, біреуге орынсыз кү- 

йе жағу мақсаты көзделеді. Ғ. – адам- 

дардың  ұнамсыз  қасиеттерінің  бірі. 

Бұл көбінесе мәдениеті төмен шағын 

топтар  мен  жеке  адамдар  арасында 

кездесіп  отыратын  жағымсыз  эмо- 

циялық қалып.

ҒАРЫШТЫҚ  ПСИХОЛОГИЯ  –  

шетсіз,  шексіз  әлем  кеңістігі  жағда- 

йындағы  адамның  көңіл  күйі  мен 

ерік-жігерінің,  қажыр-қайратының 

төзімділігі  мен  шыдамдылығын,  ға- 

рышта  ұшу  кезіндегі  салмақсыздық 

күйге  түскен  ғарышкердің  ерек-

шеліктерін  зерттейтін  еңбек  психо- 

логиясының бір саласы. Ғ.п. ғарыш- 

кер  іс-әрекетінің  әртүрлі  экстремал- 

ды факторларға тәуелділігін (салмақ- 

сыздық,  гиподинамикалық,  салыс- 

тырмалы сенсорлық депривация т.б.), 

сондай-ақ ғарышқа ұшуға дайындық, 

яғни  түрлі  жаттығу  жұмыстарын 

жүргізудің  психологиялық  мәселе- 

лерімен  айналысатын  сала.  Ғ.п.  мә- 

селелерін зерттеу – Байқоңырдай аты- 

шулы орбиталық станциясы бар Қа- 

зақ еліне де аса қажет. Ғ.п. авиация 

психологиясы және дәрігерлік экспер-

тизамен тығыз байланысты.



ҒАШЫҚТЫҚ  –  адамдардың  бір-

біріне  кіршіксіз  сезім  мен  қалтқы- 

сыз  сенімге  негізделген  махаббаты- 

ның  ең  жоғарғы  түрі.  Ер  мен  әйел 

арасындағы  нәпсілік  құмарлық  ға- 

шықтыққа  жатпайды.  Ғ-тың  тыл- 

сымдық сипаты бар. Ғ.- адам жараты- 

лысының  ішкі  мазмұны,  нағыз  таза 

рухани тіршіліктің көрінісі. Оны ма- 

хаббаттың синонимі деп қарауға бол-

майды.  Ғ.  ұғымының  махаббатпен 

байланысын  жеңіл-желпі  түсінетін- 

дер,  оны  орынсыз  қолданатындар 

өмірде  кездесіп  отырады.  Мұндай 

жағдайда  олар  ұлы  Абайдың  «ға- 

шықтық пен құмарлық ол екі жол» де- 

ген аталы сөзін есте ұстаулары тиіс.

ҒЫЛЫМ  ПСИХОЛОГИЯСЫ  – 

ғылыми  ізденіс  қызметінің  нәтиже- 

лігін  арттыру  мақсатында  оның 

психологиялық  факторларын  зерт-

тейтін  сала.  Ғ.п.  бұл  факторларды 

ғылымды  рухани  өндірістің  ерек-

ше  түрінің  әлеуметтік  ұйымдасқан 

жүйесі  деп  ұғынуды  негізге  алып 

түсіндіреді,  бұл  өндірістің  өнімдері 

эмпириялық  тұрғыдан  бақыланатын 

логикалық нысандарда шындық бол-

мысты  бейнелейді  деп  ұғынылады. 

Сондықтан  Ғ.п.  саласы  «ғылым  ту- 

ралы  кешенді  ғылымның»  –  ғы- 

лымтанудың басқа салаларымен (ғы- 

лым  логикасы,  ғылым  тарихы,  ғы- 

лым социологиясы, ғылымның ұйым- 

дастырылуы,  ғылым  этикасы)  бай-

ланысты. Осындай ұстаным арқылы 

ҒАЙБ

ҒЫЛЫ


147

ғалымдардың  шығармашылығына 

индивидуумдық көзқарас еңсеріледі: 

Бұл шығармашылық оның барлық ас-

пектілерінде (зияттық, мотивациялық

коммуникативтік  және  т.б.)  ғылым 

дамуының  объективтік  заңдарымен, 

оның  тарихи  өзгермелі  құрылымда- 

ры – пәндік-логикалық және әлеумет- 

тік  құрылымдарымен  шарттасты- 

ғында  қарастырылады.  Ғ.п.  инди- 

видуумдық  және  ұжымдық  қызмет 

жағдайында  ғылыми  білімдерді 

өндірудің  психологиялық  механизм- 

дерін зерттейді, ғылыми кадрлардың 

психологиялық даярлығы, тиісті тұл- 

ғалық  сапалар  мен  ұстанымдардың 

диагностикасы мен қалыптасуы, шы- 

ғармашылықтың  жасқа  қатысты 

динамикасы проблемаларын талдап-

белгілейді, ғылыми коммуникациялар- 

дың,  жаңа  идеялардың  қабылдануы 

мен  бағалануының,  зерттеулердің 

автоматтандырылуының  (компью- 

терлендірілуінің) психологиялық ас- 

пектілерін талдайды.

Ғ.п-ның  бір  тарауы  ғылымның 

әлеуметтік  психологиясы  болып  та- 

былады; ол ресми статусы бар, сон-

дай-ақ  бейресми  әртүрлі  ұйымдар 

мен  ұжымдардағы  ғалымдардың 

қызметін,  қарым-қатынастары  мен 

тұлғааралық  қатынастарын  зерттей- 

ді.  Бейресми  ұйымдар  мен  ұжым- 

дарға,  атап  айтқанда,  ғылыми  мек-

теп  және  «көзге  көрінбейтін  кол-

ледж»  (әртүрлі  мекемелерде  жұмыс 

істейтін  және  бір-бірімен  ауызша 

және  жазбаша  түрдегі  жекелей  бай-

ланыстарымен  қарым-қатынас  жа-

сайтын  ғалымдардың  бірлестігі) 

жатады.  Ғ.п.  ғалымдар  арасындағы 

қарым-қатынастың  функцияларын 

мәдениеттілікке жетелейді және оның 

мазмұнын зерттейді.

ДАВЫДОВ ВАСИЛИЙ ВАСИЛЬЕ-

ВИЧ (1930-1998) – Ол дамыта оқыту 

теориясы  атты  концепцияның  авто- 

ры.  1952  жылы  логика  және  психо- 

логия бөлімін бітіреді де, Мәскеудегі 

психология  аспирантурасын  тәмам- 

дайды.  1959-1983  жылдарда  Кеңес 

одағындағы  Педагогикалық  акаде- 

мияның жалпы және педагогикалық 

психология  ғылыми  зерттеу  инсти- 

тутында  аға  ғылыми  қызметкер,  ке- 

йіннен  сол  институттың  директоры 

қызметтерін  атқарған.  Психол.  ғ.д. 

проф.,  ССРО-дағы  ПҒА  академигі, 

АҚШ-тың  Ұлттық  білім  академия- 

сының  құрметті  мүшесі.  «Вопросы 

психологии»  және  «Психологичес- 

кий  журнал»  журналдары  редкол- 

легиясының мүшесі. Л.С.Выготский- 

дің мәдени-тарихи теориясының дәс- 

түрін және А.Н.Леонтьевтің, С.Л.Ру- 

бинштейннің, А.Р.Лурияның, Д.Б.Эль- 

кониннің,  П.Я.Гальпериннің  іс-әре- 

кет  теориясын  жалғастыратын  пси- 

хологиялық  мектептің  ұйымдасты- 

рушысы. Д.Б.Эльконинмен бірге ба- 

ла  психикасының  дамуы  жас  ерек- 

шеліктеріне  байланысты  болатын- 

дығын  эксперимент  жүзінде  дәлел- 



ҒЫЛЫ

ДАВЫ

148

деп шыққан. Негізгі еңбектері: «Ви- 

ды  обобщения  в  обучении»,  «Логи- 

ко-психологические  проблемы  пос- 

троения учебных курсов». М., Педа- 

гогика,  1972;  «Проблемы  развиваю- 

щего обучения», «Опыт теоретичес-

кого и экспериментального психоло-

гического  исследования».  М.:  Педа-

гогика, 1986; «Теория развивающего 

обучения». М., 1996.

ДАҒДЫ – алғашқыда саналы орын- 

дауды  қажет  ететін  іс-әрекет  бөлік- 

терінің  қайталап  жаттығудың  нәти- 

жесінде автоматталынуын дағды деп 

атайды.  Д.  санасыз  қайталау  нәти- 

жесінде  де  қалыптасатын  іс-әрекет 

болуы  мүмкін.  Соның  нәтижесінде 

ол  автоматталған  әрекетке  айналып, 

оңай,  шапшаң  әрі  дәл  орындалып 

отырады. Дағдының физиологиялық 

негізі  –  динамикалық  стереотип. 

Мыс., алғаш жазып үйрене бастаған 

бала  бастапқы  кезде  өзінің  барлық 

қозғалыстарын  санасымен  бақылап, 

көптеген  артық  қимылдар  жасайды 

(оның  бет  әлпеті,  бүкіл  денесі,  аяқ-

қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз 

қиналады.  Ал  жазуға  төселген  адам 

өз қозғалыстарын байқамайды, оның 

орнына жазған нәрсесінің мазмұны- 

на ерекше зейінін бөледі. Өйткені соң- 

ғыда жазу дағдысы автоматталынған. 

Дағдылануда  іс-әрекеттің  тұтас  өзі 

емес, жеке компоненттері (құрамда- 

ры) ғана автоматталынады.

Дамыған  дағдылардың  кейбір  бел-

гілері:

1) Д. алудың белгісі – әртүрлі амал- 



ды  тез  орындап,  шапшаң  қимылдау 

(мыс., спорттық ойындардағы спорт- 

сменнің дағдысы);

2)  Д.  қалыптасқаннан  кейін  күште- 

ніп, зорланып, қиналып істеу жойы- 

лады  (мыс.,  инеге  жіпті  жылдам 

сабақтай алмау, жазуға төселмей тұр- 

ғандағы  балада  байқалатын  ебедей-

сіздік  т.б.  адамда  әлі  де  дағдының 

жоқтығының белгісі);

3) Д-ланудың үшінші белгісі – бірқа- 

тар жеке амалдарды біріктіріп, одан 

тұтас бір амал жасай алу. Мыс., бала 

алғаш  әріпті  танығанда,  сөздерді 

әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, ке- 

йін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, 

жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отыр-

майды, сөйлемдерді шапшаң оқитын 

болады;

4)  Көзбен  бақылаудың  маңызы  ке- 



міп,  қозғалыс  пен  бақылаудың  ма- 

ңызы  артады  (мыс.,  жазу  дағдысы 

баланың  қозғалыс  түйсіктерінің  же- 

тіле  түсуін  қажет  етеді,  тәжірибелі 

машинистка  да  қағаз  басуда  көздің 

көмегіне сүйенбей, саусақтардың қи- 

мыл-қозғалыстарына  ерекше  көңіл 

бөледі);


5)  Д-ға  машықтану  үшін  алдын  ала 

қабылдай  алу  қабілетінің  болуы, 

мыс., машинистка мәтінді көшірген- 

де, әрдайым оның көзі алға жүгіріп, 

қолынан  озып  кетіп  отырады.  Қолы 

бір сөзді басқан кезде, оның ойында 

бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп оқуда 

да көз бірер сөздің көлемінде болмай, 

тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше сөйлем- 

ді қамтиды.

Адам мәтіннің мағынасын түсінумен 

қатар  алдағы  сөздердің  мағынасын 

да аңғара алады. Мұны психология- 

да  дағдының  антиципациясы  (лат. 

антиципатио деген сөзі, қаз. күні бұ- 

рын біліп қою деген мағынаны білді- 

реді).  Д.  адам  әрекетінің  қай-қай- 

ДАҒД

ДАҒД


149

сысында  да  ерекше  маңызды  орын 

алады.  Д-ның  арқасында  біздің  са-

намыз  қызметтің  түпкілікті,  шешу- 

ші  кезеңдеріне  жұмылдырылып  та-

бысты  болуын  қамтамасыз  етеді. 

Д-лар сенсорлық (тікелей қабылдау) 

және интеллектілік дағдылар болып 

бөлінеді.  Д.  –  көп  рет  қайталаулар 

арқылы  автономды  орындалуға  бе- 

йімделген іс-әрекет.

Д. – бірнеше рет қайталаулардың нә- 

тижесінде  пайда  болған  және  оның 

саналы қадағалауының қысқартылуы- 

мен  сипатталатын  жеке  әрекеттер  – 

операцияларды  орындаудың  тапта-

урын тәсілі. Д. бірнеше түрлері бар: 

перцептивті,  интеллектуалдық,  қоз- 

ғалыс және мінез-құлық дағдылары. 

Перцептивті  Д.  –  жақсы  таныс  зат- 

тардың  тану  белгілерінің  бірмезгіл- 

дік,  таптаурын  бейнелеуі.  Интел- 

лектуалдық Д. – белгілі бір сыныпқа 

кіретін  есептер  мен  тапсырмалар-

ды  шешудің  таптаурын  тәсілдері. 

Қозғалыстық Д. – таптаурын әрекет- 

тер,  жақсы  қойылған  қимыл-қоз- 

ғалыстардың  жүйесі.  Қозғалыс  дағ- 

дыларына  әрекеттің  әдетті  құралда- 

рын  таптаурын  түрде  пайдалану  да 

кіреді. Д. әртүрлі дәрежедегі жалпы- 

лаумен  –  олардың  әртүрлі  жағдаят- 

тарды  қамтумен,  икемділікпен,  тез 

жүзеге  асырылуға  даярлықпен  си- 

патталады.

Д. деңгейіндегі әрекеттер оның кей- 

бір  реттеу  компоненттерінің  көрін- 

беуімен (болмауымен) ерекшеленеді. 

Осылайша,  мыс.,  жазу  дағдысында 

оны  қалай  орындау  жөнінде  ойлау- 

дың  қажеттілігі  болмайды.  Сондық- 

тан  көптеген  үйреншікті  әрекеттер 

адаммен  автоматизацияланады  да, 

адамның саналы іс-әрекетіне күш тү- 

сірмейді. Ал оны басқа едәуір күрделі 

міндеттерді орындауға бағыттайды.



ДАҒДЫЛАРДЫҢ  АВТОМАТТА-

НУЫ – адамның өзінен жүйелі жә- 

не  саналы  бақылауын  қажет  етпей-

тін,  қандай  да  бір  күрделі  әрекетті 

орындауға байланысты дәл және нақ- 

ты орындалатын әрекеттер мен реак- 

цияларды автоматты орындау деңге- 

йіне  жеткізген  адамның  икемділік- 

тері мен дағдылары.



ДАМУ  ПСИХОЛОГИЯСЫ  –  жеке 

адамның  психикалық  дамуын,  өмір 

тіршілігінде  қалыптасу  заңдылық- 

тарын танып білуге көмектесетін пси-

хология ғылымының дербес саласы.

Даму: 1) материалдық объектілердің 

заңды,  бағытты,  қайтымсыз  өзгеруі, 

нәтижесінде объекттің жаңа қасиет- 

тері туындайды;

2) тұлғаның сыртқы және ішкі, бас- 

қарылатын  және  басқарылмайтын 

факторлардың әсерімен даму үрдісі.

Даму  кезінде  адамда  сандық  және 

сапалық  өзгерістер туындайды.  Д.п. 

адамның жеке басының қалыптасуы 

мен дамуының заңдылықтарын зерт-

тейді,  адам  жасының  өсуіне  сәйкес 

психикалық  даму  ерекшеліктерін 

азаматтық  қасиеттерінің  кемелдену 

жағдайларын,  өзіндік  ерекшелікте- 

ріндегі  психологиялық  заңдылық- 

тарымен таныстырады.

Д.п.  психикалық  дамудың  қозғау- 

шы  күшін,  заңдылықтарын  және 

адамның  онтогенезде  қалыптасуын 

қарастырады.  Д.п.  келесі  бөлімдер- 

ден  тұрады:  мектеп  жасына  дейін-

гі  балалардың  психикалық  дамуы; 

бастауыш  сынып  оқушыларының 

психикалық дамуымен жеке басының 

ДАҒД

ДАМУ


150

қалыптасуы;  жеткіншектердің 

психикалық даму ерекшеліктері мен 

жеке  бастарының  қалыптасуы; 

жасөспірімдердің психикалық даму- 

лары  мен  психологиялық  ерекшелік- 

тері;  ересектер  мен  егде  жаста- 

ғылардың  психологиялық  ерекшелік-

тері;  қартайған  жастағылардың 

(геронтопсихология)  психологиялық 

ахуалдары. Д.п. – онтогенезде адам- 

ның психологиялық және қылықтық 

дамуының  заңдылықтары  мен  ерек-

шеліктерін зерттейтін мәліметтері бар 

психологиялық зерттеулер саласы.

Дамудың әлеуметті жағдайы – адам- 

ның психологиялық және қылықтық 

дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Д.ә.ж. 

дамудың  қандай  факторлар  жүйе- 

сіне байланысты екендігін де қарас- 

тырады.

Дамудың  жақын  зонасы  –  психика- 



лық  дамудың  мүмкіндіктері,  адамға 

сырттан  минималды  көмек  беру  ар- 

қылы алынады. Д.ж.з. ұғымын әйгілі 

ғалым  Л.С.Выготский  енгізген.  Д. 

ж.з. – айналадағы адамдардың кіші- 

гірім көмегін немесе демеуінің негі- 

зінде  балада  айқындалатын  және 

соларды  пайдаланып  оның  шынайы 

дамуына мүмкіндіктер.

Дамытатын күштер – балаларды оқы- 

ту  мен  тәрбиелеуде  ересектердің  өз 

алдына қойылатын мақсаттары, яғни 

баланың өзін-өзі жетілдірудегі қажет- 

тіліктері.



ДАМУ  ФАКТОРЛАРЫ  –  баланың 

психикалық  және  қылықтық  да-

муын анықтайтын факторлар жүйесі. 

Даму  факторы  тәрбиелеу,  оқыту, 

тәрбиешілер мен оқытушылардың пе- 

дагогикалық дайындықтарын, оқыту 

құралдары мен әдістерін және бала- 

ның  психологиялық  дамуына  әсер 

ететін  басқа  да  жағдайларды  қарас- 

тырады. Даму шарты – адамның да-

муына ықпал ететін факторлар (оның 

айналасындағы  бала  кезінен  қорша- 

ған  адамдар,  олардың  арасындағы 

қарым-қатынастар, материалдық жә- 

не рухтық, мәдени заттар мен құбы- 

лыстар  және  т.с.с.).  Дамудың  эво- 

люциялық теориясы – баланың пси- 

хикалық және қылықтық дамуында- 

ғы  үрдістердің  барлығы  генотиппен 

анықталады  және  ұрықта  болмаған 

нәрсенің  ешқайсысы  даму  кезінде 

көрініс бермейді деп түсіндіретін те-

ория. Сензитивтік кезең – адамдағы 

психологиялық қасиеттер мен қылық 

түрлерін  дамытуға  ыңғайлы  жағдай 

тудыратын адам өмірінің кезеңі.



ДАНЫШПАНДЫҚ – адамның ақыл-

ойы  мен  іс-әрекетінің  ең  жоғарғы 

дәрежеге  көтерілуі.  Данышпандық 

қасиет  –  адамның  жалпы  және  ар-

наулы  қабілеттерінің  жинақталып, 

ерекше нәтижелерге белгілі іс-әрекет 

саласында  қол  жеткізуі.  Д.  –  бүкіл 

адамзаттың  игілігі  үшін  өшпес,  өл- 

шеусіз  еңбек  етіп,  ұлы  мәселелерді 

парасаттылықпен шеше алатын адам- 

ға тән психологиялық қасиет. Ақыл-

ойдың,  білімнің  молдығы,  кең  өріс- 

тілігі,  бүгінгі  ақыл-ой  жеткен  өреге 

сүйене отырып, келешекті болжау, ой 

қорытып, түйін жасау, ғылымның ке-

лер көкжиегінің жетер жерін анықтау- 

ға арналған ой-тұжырымы бар пара-

сатты адамдарды данышпан адам деп 

атайды.

Аристотель, әл-Фараби, Қожа Ахмет 



Иассауи,  Шоқан  Уәлиханов,  Абай 

сияқты әмбебап данышпан ғұламалар 

аз емес. Ақыл-ойы, білімі мол, білгір 

ДАМУ

ДАНЫ


151

адамның бәрі бірдей данышпан бола 

бермейді.  Психологияда  Д.  деп  өте 

сирек  кездесетін  қабілеттердің  ең 

жоғарғы  дамыған  түрін  атайды.  Д. 

адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің 

ең  жоғарғы  дәрежеге  көтерілуі.  Д. 

қасиет  адамның  жалпы  және  арнау- 

лы қабілеттерінің жинақталып ерек- 

ше нәтижелерге қол жеткізуі.

Д. – өмірдің шындығын, яғни оның 

себебі мен салдарының үйлесімділі- 

гін тану. Адамның нақты жағдайын, 

орны мен рөлін анықтап, оны сала- 

уатты  өмір  сүруге  жеткізетін  іскер- 

лікті,  білімпаздықты  және  жақсы- 

лықты  дәлірек  түсіну;  ақиқат  пен 

әділеттікті  адамның  мұрат-мүддесі- 

не қолдануды бетке ұстау, адам қыз- 

метін  сын  көзінен,  қажет  биігінен 

өткізу арқылы оның ой-сезіміне, әре- 

кетке деген іштей дайындығына, адам- 

гершілік  мұратына  лайықты  мағы- 

на табу; ыстық қайратты, нұрлы ақыл- 

ды, ыстық жүректі бойда сақтау, қа- 

телеспей сөйлеу және керектіні ғана 

істеу – адамгершілік пен имандылық- 

тың  таласы;  осы  мінез-қабілеттерге 

жеткізетін әр-түрлі жағдайды байып- 

пен  айналдыру,  яғни  даралық  тұ- 

тастығын  сақтау.  Д.  –  өмірді,  бола- 

шақты  ойлай  біліп,  ақылдылықпен 

айтылған сөз; аса білгірлікпен жасал- 

ған іс-әрекет, көрегендік пен көсем- 

діктің көрінісі.

ДАРАЛЫҚ  ПСИХОЛОГИЯСЫ  – 

адамдардың даралық психологиялық 

және қылықтық айырмашылықтарын 

сипаттайтын, түсіндіретін және зерт-

тейтін психология ғылымының сала-

сы. Д.п. фрейдизмнен тармақталған, 

А.Адлер  талдап-белгілеген  психо- 

анализ бағыттарының бірі. Д.п. тұл- 

ғаның құрылымы ерекше «өмір сти- 

лі» бес жасқа дейінгі бала кезден не- 

гізі  қаланады  дегенді  негізге  алады. 

Осының өзі оның одан кейінгі бүкіл 

дамуын анықтайды. Өзінің дене мү- 

шелері  жете  дамымағандығы  себеп- 

ті балада кемсіну сезімі болады, оның 

оны  ескеріп,  өзін-өзі  көрсету  әреке- 

тінде мақсат қалыптасады.

Бұл  мақсат  шынайы  болса,  тұлға 

дұрыс қалыптасады, ал жалған болса, 

неврозды, әлеуметтікке қарсы болып 

қалыптасады. Ерте жаста туа біткен 

әлеуметтік сезім мен толыспағандық 

сезімі арасында қақтығыс пайда бо- 

лып, өтем және астамдық өтем меха-

низмдерін  іске  қосады.  Осыдан  ба- 

рып жеке билік жүргізуге, басқалар- 

дан үстем болуға тырысушылық, мі-

нез-құлықтың  әлеуметтік  құндылық 

нормаларынан  ауытқушылық  туын-

дайды.


Психотерапияның  міндеті  –  нев- 

роздық субъекттің өз мақсаттары мен 

түрткілерінің болмысқа сай емес еке- 

нін  ұғынуына  көмектесу,  өзінің  то- 

лыспағандығының есесін өтеуге ты- 

рысуы  шығармашылыққа  бағытта- 

луына  бағдарлау.  Д.п.  идеялары 

көптеген  елдерде  тұлға  психология- 

сында ғана емес, әлеуметтік психоло- 

гияда да тарап, топтық терапия әдіс- 

терінде пайдаланылды. Д.п. неофрей-

дизмді  жақтаушыларға  ықпал  етті. 

Д.п.-ның  әдістемелік  шектеулігі,  ең 

алдымен,  психикалық  дамудың  күн 

ілгері  мәлімдігі  туралы  тұжырым- 

даманы  қорғайды;  бұл  даму  телео- 

логиялық  тұрғыда  әу  бастан  терең 

негізделген мақсаттарды жүзеге асы-

ратын даму деп ұғынылады. Даралық, 

ДАРА

ДАРА


152

жекелік,  өзіндік  қасиет  (бір  адамды 

басқа адамнан айырмашылығын көр- 

сететін қасиеттер жиынтығы); Адам- 

ның  индивидтік  қасиеттерінің  өзін- 

дік  бейнесі  бар,  басқа  адамдардан 

ерекшелігі.

Д.п. қазіргі кездегі бір тармағы дара- 

лық  психотерапия  –  практикалық 

психология  мен  психотерапияның 

аумағы;  әр  клиентпен  психологтің 

(психотерапевтің)  жеке  жұмыс  жүр- 

гізуіне  арналған  психотерапиялық 

(психокорреакциялық)  әдістердің 

жүйесі.  Келесі  тармағы  дифферен- 

циалдық диагностика әртүрлі іс-әре- 

кеттер мен құбылыстардан туындай-

тын  нәтижелерді  болжап,  олардың 

мән-жайын танып білу.

ДАРЫНДЫЛЫҚ.  Адамның  кейбір 

өзгешеліктері  ана  құрсағында  бол- 

ғанда-ақ пайда болады. Мәселен, ба- 

ланың ата-анасы мен туысқындары- 

на  ұқсап  тууы.  Мұны  анатомиялық 

нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кей-

бір  анализаторлардың  ерекшелікте- 

рі де туысынан пайда болады. Мұны 

физиологиялық нышан дейді.

Нышанның  соңғы  түрі  дарындылық 

секілді сатыда болады. Мәселен, ба- 

ланың  есту  анализаторларының  же- 

тіле дамуы музыкалық қабілет үшін, 

көру  анализаторының  жетіле  дамуы 

музыкалық қабілет үшін, көру анали- 

заторының өзгешелігі сурет салу қа- 

білетінің көрінуіне септігін тигізеді. 

Бірақ  нышан  қабілеттің  дамуына 

бірден-бір шарт бола алмайды. Ол – 

адамның  ішкі  мүмкіндігінің  көрсет- 

кіші.  Егер  адамның  туысынан  ны- 

шаны болса да, дұрыс тәрбие көрме- 

се,  яғни  белгілі  әрекетпен  айналыс- 

паса, оның қабілеті айтарлықтай да-

мымайды.

Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәй- 

кес келеді деп ойлау да қате. Нышан 

көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға 

негізделіп,  адам  өмірінің  жан-жақ- 

тылығына қарай түрлі қабілет қалып- 

тасады.  Нышанның  ықпалымен  қа- 

лыптасқан  қабілеттің  түрін  дарын- 

дылық деп атайды. Адамның дарын- 

дылығы  оның  жоғары  жүйке  қыз- 

метінің  тума  типіне  (мида  уақытша 

байланыстардың  тез  жасалып,  бе- 

рік орнығуы, жүйке үрдістерінің қо- 

зғалғыштығы  динамикалық  стерео- 

типтердің  шапшаң  жасалып,  оңай 

өзгеруі  т.б.)  байланысты  болып  ке-

леді.  Дарынның  дамуына  қолайлы 

жағдай  туса,  ол  ерте  көзге  түсетін 

болады. Тарихта болсын, күнбе-күн- 

гі өмірімізде болсын мұндай мысал- 

дар  өте  көп.  Осыдан  200  жылдай 

бұрын Германияда «Ұстазы Кристи-

ан фон Шенах жазып алған любектік 

төрт  жасар  дарынды  бала  Кристиан 

Гейнрих  Хейнекеннің  өмірі,  іс-әре- 

кеті, саяхаты мен өлімі» деген кітап 

жарық көрді.

Аса дарынды бала жөніндегі алғаш- 

қы  кітап  осы  болатын.  Туылғанына 

он ай толмай жатып кішкентай Гей-

нрих  «суретке  салынған  заттардың 

көпшілігін айырып атайтын» болған. 

Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі 

оқып,  математиканың  төрт  амалы-

мен есеп шығара алады. Көп ұзамай 

сәби француз тілін үйреніп, «геогра- 

фиядан жақсы мағлұмат алады» және 

мыңнан астам латын мәтелін біледі. 

Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, 

оны Дания королі қонаққа шақырады. 

Сол дарынды сәби төрт жастан төрт 

ай асқанда қайтыс болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет