Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет21/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90

ВЮРЦБУРГ МЕКТЕБІ – сана пси- 

хологиясын  зерттеген  бағыттардың 

бірі.  Бұл  мектептің  негізін  салушы-

лар  –  О.Кюльпе  және  К.Бюлер,  ал 

өкілдеріне жататындар – Н.Ах, А.Мар- 

бе, О.Зельц және т.б.

Вюрцбург  мектебімен  зерттелінген 

негізгі мәселелер:

а) ойлаушы субъекттің белсенділігін 

анықтайтын ұғымдарды шығару;

ә) ерекше психологиялық ақиқат ре- 

тіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау 

және мазмұнын анықтау;

б)  ойлау  процесінің  психологиялық 

механизмдерін түсіндіру.

Сәйкес  әдістемені  шығара  отырып, 

Н.Ах  ұғымдарды  қалыптастырудың 

тәсілдерін таңдау процесі мен қолда- 

ну  сипаты  субъектімен  шешілетін 

нақты  міндеттерге  байланыстылы- 

ғын  атап  өтті.  Осылайша,  вюрцбур- 

ВУНД

ВЮРЦ


139

лық мектептің негізгі қосқан үлесі – 

«міндет»  ұғымын  енгізуі  (В.Уайт). 

В.м.  өкілдері  интроспекция  әдісін 

өзгертті. Субъекттің өзінің ішкі ойла-

ры,  елестері,  күйзелістері  жөніндегі 

есебі  белгілі  бір  қойылған  сұраққа 

жауапты  іздеу,  белгілі  бір  міндетті 

шешу жолымен жүрді. О.Кюльпе «Ой-

лау  психологиясы»  еңбегінде  ойлау 

мен  ерікті  зерттеуде  интроспекция- 

лық әдісті қолданды.

Зерттеген мәселелері: «эмпирикалық 

ойлау»  деп  аталатын  және  формал- 

дық логика заңдарына сүйенетін «та- 

за ойлаудың» нақтылы жүзеге асуын 

көрсететін  психикалық  актілер  мен 

күйлер. Н.Ахтың тағы бір қосқан үле- 

сі  –  «детерминациялық  тенденция- 

лар»  тұжырымдамасын  шығарып, 

негіздеуі.  Басқаша  айтқанда,  бұл  – 

себептендіру теориясы. Адамның бо- 

йындағы осындай детерминациялық 

тенденциялары  адамды  түртіп  оты-

ратын, санадан тыс процестерге жа-

тады.


Ойлау  өзінен-өзі  пайда  болып  қа- 

лыптаспайды. Ол тікелей сыртқы ор- 

та  әсерінен  пайда  болады.  Сезімдік 

елестер мен ойлаудың арақатынасын 

түсіндіруде  бұлар  мынадай  пікірде 

болды. Өз-өздігінен сезімдік елестер 

мен олардың кез келген үйлесімі тіпті 

оңай  логикалық  есепті  шешіп  бере 

алмайды. Себебі, есепті шешу үшін 

берілген міндеттің сезімдік көрінісі- 

нен тыс, одан еркін болатын, есептің 

(міндеттің) шарттары мен талаптары 

арасындағы  қатынастарды  ашу  мен 

саналау маңызды болып табылады. В.м. 

өкілдері ойлаудың басқа психикалық 

процестерден өзіндік ерекшеліктерін 

көрсетті: тұтастылығы, белсенділігі, 

бағыттылығы,  бейнесіздігі  және  т.б. 

В.м.-тің негізгі идеялары О.Зельцтің 

еңбектерінде жалғасын тапты.

Ол ойлауды интеллектуалдық опера- 

циялардың қызмет етуі ретінде анық- 

тады.  О.Зельц  өз  алдына  ойлау  іс-

әрекетінің қандай да бір нәтижесінің 

жүзеге  асуындағы  интеллектуалдық 

іс-әрекеттің  әрбір  сатысының  қыз- 

метін анықтау мақсатын қойды. Қа- 

тынастарды саналау әрекеті ретіндегі 

ойлауды түсіндіру үшін оның міндет- 

ті  шешуде  жүзеге  асырылатын  әре- 

кет немесе операция ретінде қарасты- 

ру керек. О.Зельц міндетті шешу ба-

рысы  мен  тәсілдерін  сипаттауда  үш 

ұғымды енгізді: арнайы реакция, яғ- 

ни берілген жайтта қойылған мақсат- 

қа  сәйкес  келетін  объективті  қажет- 

ті жауап.

ВЮРЦ

ВЮРЦ


140

ГАЛЛЮЦИНАЦИЯ  (галлюцина- 

ция)  –  лат.  сөзі,  қаз.  қиялдану,  ша-

тасу  деген  мағынада.  Г.  жүйке  жү- 

йесінің  ауруға  шалдығуына  байла-

нысты  жалған,  теріс,  бұрмаланған 

бейнелердің  туындауы.  Г.  елестеу- 

шілік (миға зақым келгендіктен көз- 

ге  әр  нәрсенің  елестеуі,  құлақтың 

жаңылыс естуі, мұрынның иісті айы- 

ра алмауы). Г. перцептивтік іс-әрекет- 

тің патологиялық бұзылуы; берілген 

сәтте  тиісті  сезім  органдарына  әсер 

етпейтін  объектілерді  қабылдайды. 

Г.  тысқары  объектілердің  ырықсыз, 

субъектіге  тәуелсіз  проекциялануы- 

нан және олардың кеңістік пен уақыт- 

та оқшаулануынан туындайды, осы- 

ның  салдарынан  да  осы  кенеттен 

пайда болған бейнелердің нақты бол- 

мыста объективті қабылданатын зат-

тар деп білінуіне әкеліп соғады.

ГАЛЬПЕРИН  ПЕТР  ЯКОВЛЕ- 

ВИЧ (1902-1988) – Харьковтағы пси-

хологтар мектебінің мүшесі, ақыл-ой 

әрекетін  жоспарлап  қалыптастыру 

деген айрықша теорияның және пси-

хология  пәнінің  мәселесін  диалек- 

тикалық-материалистік рухта шешу- 

де  субъект  іс-әрекетінің  бағдарлы- 

лығы  ілімінің  авторы.  Г.  теориясы 

педагогикалық  психологияда,  ере-

сектерді оқыту психологиясында, пе- 

дагогикалық  төмендеп  кеткен  бала-

ларды, интеллектің дамуын психоди-

агностикалауда кең өрісті қолданыла- 

ды.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарын-

да  Г.  іс-әрекеттік  қатынас  идеясын 

басшылыққа  ала  жараланғандардың 

қимыл-қозғалысын  қайта  қалпына 

келтірумен  айналысқан.  Г-нің  біраз 

еңбектері  нұсқа,  зейін,  инстинктер, 

психология  тарихы  т.б.  сол  сияқты 

бағыттарға арналған. Негізгі еңбекте- 

рі:  «Әрекеттің  ақыл-ойлығы  және 

ғылым  пәні»  (1974),  «Психологияға 

кіріспе» (1976), т.б.



ГЕЛЬМГОЛЬЦ  ҮШБҰРЫШЫ  – 

ол бір түсті екіншіге қосу (араласты- 

ру) арқылы басқа түс алу үшін пай- 

даланатын үшбұрыш. Бұл үшбұрыш- 

тың әрбір қабырғасына толық спектр 

түстері жазылған. Үшбұрыштың жо- 

ғарғы төбесінде қызыл қошқыл (пур-

пур)  түс,  бір  бұрышында  қызыл, 

екіншісінде жасыл түс жазылған. Екі 

түстің  қосылуынан  пайда  болатын 

басқа түсті табу үшін екі түс сызық 

арқылы жалғастырылады.



ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ – 

генетика – шығу тегі «төркіні» дегенді 

білдіреді.  Әдетте,  даму  психология- 

сы  деп  аталатын  терминнің  жақын 

синонимі ретінде қолданылады. Алай-

да  Г.п-ға  салыстырмалы  психология 

саласы  да  кіреді.  Г.п.  көбінесе  ере- 

сек  организм  мысалында  қарасты- 

рылатын  құбылыстарға  негіз  бола-

тын даму процестерін зерттейді. Г.п. 

адамның  генотипімен  байланысты 

ГАЛЛ

ГЕНЕ


141

психикалық  құбылыстардың  шығу 

тегін  зерттейтін  психология  ғылы- 

мының саласы.



ГЕНОТИП (грек. genos – шығу те- 

гі + tipos – форма, үлгі) – жасушаның 

немесе организмнің барлық гендері- 

нің  жиынтығы;  басқаша  айтқанда, 

нәсілдік  нышандар  жиынтығы;  «Г.» 

термині және түсінігін енгізген бота-

ник В.Л.Иогансе (1909). Амер. Гене-

тик Т.Х.Морган гендердің хромосом-

дарда болатынын көрсетіп, нәсілдік- 

тің  хромосомдық  теориясын  ұсын- 

ды  (1912).  Гендер  дезоксирибонук- 

леиндік  қышқылдардан  (ДНК)  тұ- 

рады; адамның гені шамамен 50000 – 

100000  структуралық  гендерден  тұ- 

рады, олар белок молекулаларын код- 

тайды (структуралық белоктар және 

ферменттер). Хромосомдағы гендер- 

дің алатын орнын локус деп атайды. 

Бір популяциядағы (тұтас немесе бел-

гілі локустағы) гендер генофонд деп 

аталады.  Г.  өз  ата-анасының  гендер 

жиынтығының немесе қандай да бір 

қасиеттерінің тұқым қуалау жолымен 

берілгендігі.  Г.  –  өзінің  ата-бабасы- 

нан  немесе  әке-анасынан  туыла  бе- 

рілген қандай да бір қасиеттердің не-

месе гендердің жиынтығы.



ГЕРОНТОПСИХОЛОГИЯ  (грек. 

geron/gerontos/ – қарт) қартаю проце- 

сінің  психологиялық  заңдылықтары 

мен  механизмдерін  зерттейтін  пси-

хология ғылымының бір саласы. Бұл 

салада  өмірдің  психологиялық,  фи- 

зиологиялық, әлеуметтік, медицина- 

лық, экономикалық және т.б. жақта- 

рының  қарт  адамның  психикасына 

ықпалы қарастырылады.



ГЕТЕРОСТЕРЕОТИП  (гетеро-

таптаурындар) – бір этностың басқа 

ұлт  өкілдерінің  дүниетанымы,  пси-

хологиясы  туралы  біршама  тұрақты 

қалыптасқан пікірлері. Этностардың 

өзара  қарым-қатынасына  қарай,  жа- 

ғымсыз  түрлері  көп  жағдайларда 

теріс түсініктерге негізделген түрлері 

жиі  кездеседі.  Мәселен,  кейбір  ұлт 

өкілдерін,  кавказдықтарды,  әсіресе 

шешендерді  «тентек»,  «бұзық»  деп 

әртүрлі  себептеріне,  байыбына  бар- 

май теріс түсініктер жасайды.

ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯ  (нем. 

gestalt  –  пішін,  тұтастық)  –  шетел- 

дік психологияның сенсуалистік ба- 

ғыты,  1912  ж.  Германияда  пайда 

болған. Г-ның ізашары X. Фон Эрен-

фельс  (1859-1932)  болып  табылады. 

XX  ғасырдың  бірінші  жартысында 

көптеген  Еуропа  елдерінде  жүргізі- 

ліп  жатқан  психологиялық  зерттеу-

лерге ерекше әсер етті, оның ішінде 

біздің елімізде (соғысқа дейінгі жыл-

дарда) кеңінен тарады. Г. физика мен 

математиканың  ерекше  ықпалында 

болды. Бұл бағыттың көрнекті өкіл- 

дерінің ішінде М. Вертгеймердің, В. 

Келердің, К. Левиннің және т.б. есім-

дерін атауға болады.

Г.  өкілдерін  интроспективтік  пси- 

хологияға  тән  психикалық  құбы- 

лыстарды  талдауға  және  зерттеуге 

жеңілдетілген  атомистік  тұрғыдан 

қарау  негізінен  қанағаттандырмады. 

Бұл  интроспективтік  психология 

барлық  күрделі  құбылыстарды  қа- 

рапайым  құбылыстарға  бөлді,  олар- 

дың  тіркесінен  күрделі  тұтастық 

заңын  қалыптастыруға  ұмтылды. 

Гештальтпсихологтар  психикалық 

ГЕНО

ГЕШТ


142

құбылыстардың  қиын  да  тұтас  жү- 

йесін  қалыптастырудың  өзіндік  за- 

ңының өмір сүруі және жұмыс істе- 

уі туралы айтқан болатын. Гештальт- 

психологтардың зерттеулерінде күр- 

делі құбылыстардың элементтері жә- 

не  оның  байланыстары  бойынша 

зерттеу  осы  байланыстардың  құры- 

лымын  анықтаумен  ауыстырылды. 

Осы себептерден ғылымдағы бұл ба- 

ғытты  кейде  «құрылымдық  психо-

логия»  деп  атайды  (гештальт  деген 

сөздің қазақша мағыналарының бірі 

«құрылым» деген мағынаны береді).

Г.  көптеген  өкілдері  психологиялық 

білімнен,  басқа  жаратылыстану  ғы- 

лымдарының  салаларының  бірінен 

базалық  білім  алды,  бұл  олардың 

психологиялық  көзқарасына  ерекше 

ықпал етті. В. Келер, мәселен, физика- 

ны оқып, үйренді және қабылдау мен 

ойлау үрдістерін түсіндіруде қажетті 

білімді пайдаланды. Кез келген құбы- 

лыс  пайда  болады  және  белгілі  бір 

жүйенің бөлігі ретінде өзіндік ерек-

шелік сипаттамасын алады деп жазды 

В. Келер. Г. ұстанымдары мен қағи- 

далары жеке тұлға мен тұлға аралық 

мінез-құлыққа қолдануды өзінің тео- 

риялық және эксперименталдік зерт- 

теулерінде К. Левин іске асырды.

Орта,  Левиннің  айтуынша,  физика- 

лық бірлікте емес, психологиялық тұр- 

ғыдан анықталуы қажет, демек, адам- 

дардың  оған  әсер  ететін  субъектив- 

тік  қабылдауы  арқылы  беріледі.  Г. 

идеялары  психологияның  көптеген 

негізгі  проблемаларын  талдауда  жа- 

ғымды  рөл  атқарды.  Көп  жағдайда 

Г.  бихевиоризмге  және  өмір  сүріп 

отырған  психологиялық  бағыттарға 

қарсы.  Жас  эксперименталдық  пси- 

хологияның  ұзақ  уақыт  бойы  зерт- 

теу  нысаны  түйсіктер  болды.  Пси- 

хикалық  өмірдің  бейнелік  аспектісі 

психологиялық  зертханаларда  қан- 

шама  күш  салынса  да  тек  ашылмай 

ғана қалған жоқ, керісінше, жоқ бо- 

лып кетті.

Бірақ  бейне  категориясын  ұсынып 

отырған  сол  аспект  әлеуметтік  тео- 

риялық  талдаудың  және  эмпирика- 

лық  зерттеудің  пәні  ретінде  міндет-

ті  түрде  қарастырылуы  қажет  еді. 

Идеалистік философияның үстемдік 

ету  жағдайында  қалыптасқан  оны 

іске асыруға Г. талпынған еді, оның 

бағыттары  мен  нәтижелеріне  әсері 

тиді.  Гештальтизмнің  қалыптасу  ке- 

зінде тұтастық және бөліктері проб- 

лемасына  ерекше  мән  берілді.  Бар- 

лық  уақытта  да  психикалық  өмірді 

оны  тұтастықта,  ішкі  байланыста 

қарастыру  негізгі  мәселе  болып  кө- 

терілді.  Болашақ  гештальтистер  екі 

зертханада  тәрбиеленді:  Ф.Брента- 

нонның  шәкірті  –  К.Штумпфа  (Бер-

лин) және Геттинген университетін-

де  Г.Мюллерде  тәрбиеленді.  Олар 

өздерінің  мақсаты  –  психологияны 

емес,  логиканы  реформалау  мәселе- 

сін қойды. Олардың айтуынша, логи- 

ка  феноменологияға  айналуы  тиіс. 

Осы мақсатты орындау үшін бұрын- 

ғы  интроспективтік  әдіс  жарамсыз 

деп табылды. Оны жетілдіру негізін- 

де феноменологиялық әдіс қалыптас- 

ты. Бұл бағыттың түсіндіруінше, бей- 

ненің негізгі қасиеті константтылық 

немесе  қабылдаудың  өзгерген  жағ- 

дайдағы  тұрақтылығы,  сонымен  қа- 

тар  егер  қабылданатын  зат  тұтас 

түрінде  қабылданбайтын  болса,  қа- 

былдаудың  тұрақтылығы  бұзылады. 

ГЕШТ

ГЕШТ


143

Г. өкілдері фигура және фон, екі жақ- 

ты бейнелеу, қабылдау туралы зерт- 

теу жұмыстарын жүргізді.



ГЕШТАЛЬТТЕРАПИЯ – гештальт-

психологияның  теориясына  негіз-

делген,  адамға  психотерапевтік  ық- 

пал  ететін  әдістер  және  процедура- 

лар  жүйесі  –  психологиялық  зерт- 

теулердің  аумағы,  тұтастық  құры- 

лымының  қызметтері  мен  заңдарын 

алғышарт  ретінде  қарастырып,  со- 

ның  нәтижесінде  олардың  арасын- 

дағы  байланыстары  түсіндіріледі. 

Г-ның.  басты  принципі  –  адам  өзін, 

басқа адамдарды және әлемдегі бас- 

қа бар нәрселерді сол күйінде қабыл- 

дап  және  олардың  бар  ахуалын  же- 

тілген деп, өзгертудің немесе жетіл- 

дірудің қажеті жоқ деп бағалайды.



ГИПЕРБОЛА  –  грек  сөзі,  қаз.  кү- 

шейту  деген  мағынаны  білдіреді.  Г. 

қиял  бейнелерін  жасауға  қатысатын 

әдістердің бірі. Г. деп нәрсенің жеке 

сипаттары, белгілері үлкейтіліп көр- 

сетілуін  айтады.  Сөйткенде  бейне 

ашық,  мәнерлі  болып  шығады.  Г-да 

белгілі  бір  бейнелердің  алға  шығып 

айқын байқалуына жағдай жасалады. 

Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелер- 

ді  жасауда  гипербола  көп  қолданы- 

лады. Мыс., үнді мифологиясындағы 

көп  қолды  құдайлармен,  жетібасты 

айдаһардың  бейнелері  осы  әдістің 

көмегімен құрастырылған.

ГИПЕРТИМДІК  –  адамның  көңіл 

күйінің  жоғарылығында,  энергия- 

лығында,  белсенділігінде,  өмірлік 

тонусының  жеткіліктігінде  байқала- 

тын  мінездің  акцентуацияланған 

ерекшелігі. Мұндай мінез ерекшелік-

тері бар адамдар әдетте алда болуға 

ұмтылады, өзінің қызығушылықтары- 

на тұрақсыз, танысуларда түсініксіз, 

жалғыздықты ұнатпайды.



ГИПНОз  (грек.  hypnos-ұйқы)  – 

сананың  уақытша  күйі;  сана  көле- 

мінің  күшеюімен  және  оны  илан- 

дырудың  мазмұнына  барынша  шо- 

ғырландыруымен  сипатталады,  мұ- 

ның өзі индивидиумдық бақылау жә- 

не  өзін  ұғыну  функцияларының 

өзгеруімен  байланысты.  Г.  гипноз- 

даушының арнайы әсер етуінің нәти- 

жесінде немесе мақсаткерлікпен өзін- 

өзі иландырудан пайда болады. Гип- 

ноздық  жағдайдың  өздігінен  бола- 

тын  ерекшеліктерін  саралау  керек. 

Күйдің  өзінің  тон  сипаттамалары: 

барынша иланғыштық, гипноздан ке- 

йінгі амнезияның болуы (Г. сеансы- 

ның мазмұнын, сондай-ақ гипноздау 

фактісінің өзін еріксізден ұмыту).

Г.  жағдайында  субъектіге  оған  са- 

наның әдеттегі жағдайында тән емес 

физиологиялық  және  психикалық 

реакциялар  пайда  болуы  мүмкін. 

Мұның қабылдау саласына (жағымды 

және жағымсыз иллюзиялар), ес са- 

ласында (бұған дейінгі өмірде болған 

оқиғалар  мен  фактілерді  ұмыту  не 

еске  түсіру,  жаңа  материалды  есте 

сақтау процестерінің белсендірілуі), 

зейін  саласында  (зейіннің  шоғырла- 

нуы  мен  бөлінуінің  артуы),  ойлау 

саласында  (қалыпты  логиканың  бұ- 

зылуы  немесе  шығармашылық  си- 

патының  артуы),  тұлғаға  қатысты 

әсері болуы мүмкін (мотивацияның, 

дағдылардың,  көңіл  күйдің,  кейбір 

тұлғалық  сипаттамалардың  өзгеруі, 



ГЕШТ

ГИПН

144

басқа адам бейнесінің иландырылуы, 

субъективтік  уақытты  ауыстырып-

түйістіру).

Мұндай  өзгерістердің  бар  екендігін 

арнаулы  физиологиялық  сынамалар 

мен  психологиялық  тестілер  рас- 

тайды.  XIX  ғасырдың  ортасына  де- 

йін  Г.  туралы  түсініктер  гипнозда-

ушы  ерекше  «флюидтер»  немесе 

толқындар таратады деп ұғынуға не-

гізделді. И.П.Павловтың еңбектерін- 

де  гипнозға  материалистік  түсінік 

берілді.  Физиологиялық  теориялар 

гипнозды  орталық  жүйке  жүйесіне 

тән  сипатты  күй  деп  қарастырады. 

Психологиялық  теориялар  гипноз-

ды  субъекттің  қалыпты  санасының 

ерекше  жағдайларда  өзгерген  түрде 

функция  атқаруы  деп  пайымдайды. 

Психотерапияда  жанжалдарды  және 

тұлға ұстанымдарын гипноанализдеу 

секілді арнаулы әдіс қолданылады.

Г.  техникасын  қолдану  субъект  са- 

насының функция атқаруының әртүр- 

лі деңгейлері кезінде мінез-құлықты 

эксперименттік  әдіспен  зерделеуге 

мүмкіндік  береді.  1.  гипноз,  арбау; 

2.  гипноз  арбап  ұйықтату,  еркінен 

айыру;  гипнозбен  емдеу.  Сендірудің 

ықпалымен сананың уақытша бөлініп 

тасталуы немесе өзінің қылықтарын 

саналы бақылаудан айыру. Г. – жасанды 

жолмен келтіретін ұйқыға ұқсас күй.



ГИПОТАЛАМУС  –  32  жұп  жүйке 

ядроларынан түзілген ми құрылымы. 

Ол гипофизбен қосылып, гипоталамо-

гипофизарлы жүйені түзіп, оның яд-

ролары организмнің кешенді күрделі 

қызметтерін,  яғни  мінез-құлықтық 

қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді. 

Ол вегетативті жүйке жүйесі мен эн-

докринді бездердің қызметтерін рет-

теуге, ми қыртысының басшылығына 

қатысады. Г-ты адамның эмоциялық 

жағдайлары,  оның  әсіресе  лимфа 

жүйесіндегі бөлімнің маңызы ерекше.

ГОРМОНДАР  (грек.  –  қоздыру, 

ояту)  –  биологиялық  белсенді  ішкі 

секреция  қызметінің  жемістері.  Г. 

ағзаның тіршілік үрдісінде маңызды 

рөл  атқарады.  Балалық  жаста  Г.  ағ- 

засының дамуына әсер етеді. Гипофиз 

қызметінің  бұзылуы,  гормондардың 

артуы  немесе  әлсіреуінен  көрінеді.  

Гипофиз  зақымдануы  бойдың  өсуі- 

не зиян келтірумен қоса, балалар ағ- 

засындағы  заттар  алмасуын  қатты 

бүлдіріп, әсіресе семіріп кету, жыныс 

бездерінің  дамымай  қалуы  немесе 

кешігіп  дамуы,  психика  жағынан 

өзгерістер болуын (әлсіздік,  селқос- 

тық,  естің,  ақылдың,  т.б.  бүлінуі) 

туғызады.

ГОСПИТАЛИзМ (ағылш. hospital – 

аурухана)  –  психикалық  және  фи- 

зикалық  мешеулік  синдромы.  Туыл- 

ғаннан  бастап  алғашқы  жылдары 

баланың  жақын  ересек  адамдармен 

қарым-қатынасының  жетіспеуінен, 

көбінесе баланың балалар мекемесі-

не  (балалар  үйіне,  ауруханаға  және 

т.б.) орналастыру салдарынан пайда 

болады.  Г.  бала  қозғалыстарының 

дамуының  кешеуілдеуінен,  әсіресе 

кеш  жүруінен,  тілі  кеш  шығуынан, 

эмоциялық  жұтаңдығынан,  мешел 

болуынан  және  т.б.  көрінеді.  Өте 

ауыр жағдайда Г. психикалық ауыру- 

ға  (сәбилік  маразм),  жұқпалы  ау-

румен  жиі  ауыруға,  кейде  баланың 

өліміне апарып соғады. Г. санитария 



ГИПО

ГОСП

145

мен  гигиена  ережелері  сақталып, 

жақсы күтім жасалғанымен негізінен 

баланың  ересектермен  әлеуметтік 

қарым-қатынасының  жоқтығының 

не тоқтауының салдары. Г. құбылысын 

ең алғаш америкалық психолог Р.Спитц 

және  оның  шәкірттері  фрейдизмдік 

әдіснамаға  сүйеніп,  госпитализмді 

баланы анасынан айыру салдарынан 

болады  деп  түсіндірді.  Алайда  Г. 

құбылысы  анасы  баласына  немқұ- 

райды  қарайтын,  мән  бермейтін  от- 

басында  да  байқалуы  мүмкін.  Гос-

питализмді  баланың  ата-анасымен 

қарым-қатынасын  көбейту  арқылы, 

балалар  мекемесіндегі  тәрбиешімен 

эмоциялық  қарым-қатынас  жасау 

арқылы жеңуге болады.

ГУМАНИСТІК  ПСИХОЛОГИЯ  – 

XX  ғасырдың  60  ж.  батыста  пайда 

болған  және  психологияның  негізгі 

пәні  жоғары  көріністерінде,  құнды- 

лықтары мен мағыналарында қарас- 

тырылатын  адам  болуы  қажет  деп 

есептейтін  психология  бағыттары- 

ның  бірі.  Г.п.  көрнекті  өкілдері  – 

А.Маслоу, К.Роджерс, Г.Олпорт. Г.п. 

мынадай  негізгі  қағидаларын  бөліп 

көрсетуге  болады:  адам  өзінің  бір- 

тұтастылығымен  зерттелінуі  қажет; 

әрбір  адам  қайталанбас  тұлға;  адам 

дүниеге  ашық  болып  келеді,  адам- 

ның  дүниені  және  өзін-өзі  дүниеде 

сезінуі басты психологиялық ақиқат 

болып  табылады;  адам  өмірі  тұлға 

болмысы  қалыптасуының  бірыңғай 

процесі  ретінде  қарастырылуы  қа- 

жет;  адамның  бойында  оның  таби- 

ғатының  бөлшегі  болып  табылатын 

үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі 

танытуға  деген  күш-қуаты  болады; 

өзінің  шешімдері  мен  әрекеттерінде 

басшылыққа  алатын  мағыналар  мен 

құндылықтардың негізінде адамның 

сыртқы түрткі күштерден белгілі бір 

тәуелсіздік дәрежесі болады; адам – 

ол  интенциялы,  белсенді,  жігерлі, 

шығармашылық жан. Г.п. өкілдерінің 

тұжырымдарының көбі орынды бол- 

ғанымен,  соңғы  тұжырымдарында 

олар  тұлғаның  әлеуметтік  ортадан 

тәуелсіздігі  жөнінде  бұрыс  пікірде 

болған. Бұл адам психикасының мә- 

дени-тарихи  шарттылығы  идеясына 

қайшы келді. Г.п. психология ғылы- 

мының саласы, адамды жоғары рух-

ты, алдына өзін жетілдіру мақсатын 

қойып, соған жетуге ұмтылыс жасай-

тын тірі жан ретінде қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет