Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет34/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90

ЖҮЙК

ЖҮЙК

229

тор не басқару пульті деуге болады.

Ретикулярлық  формацияға  миды 

қажетті энергиямен қамтамасыз етіп 

тұру жағы жүктелген. Мәселен, адам 

күрделі ой әрекетімен айналысқанда 

оның  миына  біраз  энергия  қажет 

болады.  Мұндайда  мидың  осы  бө- 

лігінің  жұмыс  қабілеті  арта  түседі. 

Аталмыш  жүйке  орталығы  эмоция, 

ерік процестерін басқаруда, сондай-

ақ адамды ширатып, зейінін арттыра 

түсуде елеулі рөл атқарады. Егер осы 

айтылған  ми  бағанасының  құрамда- 

ры  эволюциялық  дамудың  төменгі 

сатысында  тұрған  жануарлардың 

психикасы үшін елеулі орын алатын 

болса,  жоғары  сатыдағы  жануарлар 

мен  адамдардың  өмірінде  негізгі 

рөлді  ми  қабығы  атқарады.  Денеде 

болатын  барлық  құбылыстарды  өз 

қарамағында  ұстайтын  ми  қабығы 

адамдарда ерекше жетілген.

Адам миының күрделілігі, оның кө- 

лемі  мен  ішкі  құрылысынан  жақсы 

байқалады. Жоғары сатыдағы жануар- 

лар мен адам миының денеге байла- 

нысты  арасалмағы  мына  төмендегі- 

дей: Кит 1/20000, Піл 1/500, Жылқы 

1/400, Ит 1/250, Маймыл 1/100, Адам 

1/46. Ми сыңарлары екі бөліктен (оң 

жақ  және  сол  жақ  сыңар  деп  ата- 

латын)  тұрады.  Ми  сыңарларының 

салмағы  мидың  жалпы  салмағының 

80 процентіне тең. Мұның ішінде ақ 

зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми 

қабығы деп аталынады. Ол қалыңды- 

ғы 3-4 миллиметрлік бірнеше қабат- 

тардан тұрады.

Бұл  қабаттардың  клеткалары  типі  

мен қызметіне қарай бір-бірінен өзге- 

ше болып келеді. Осы клеткалардан 

тарайтын жүйке талшықтары оларды 

сезім  мүшелерімен,  бүкіл  денемен, 

сондағы барлық клеткалармен байла- 

ныстырады. Ми қабығындағы осын- 

дай  жүйке  клеткаларының  саны  15 

миллиардқа  жуық  деп  есептелінеді. 

Ми  қабығы  төрт  бөлімге  бөлінеді. 

Олар:  маңдай,  төбе,  желке  және  са- 

май  деп  аталынады.  Ми  қабығы  бі- 

рыңғай тұтас мүше, ол бейне қабыл- 

дағыш аспап тәрізді, көптеген анали- 

заторлардың  (талдағыштардың)  яд- 

росынан тұрады.

Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, 

дәм  т.б.  анализаторлардың  жүйке 

орталықтары  бар.  Мәселен,  мидың 

желке  бөлігінде  көру  зонасы,  самай 

бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозға- 

лыс орталықтары орналасқан. Осын- 

дай  орталықтардың  саны  200-ге 

жуық.  Бұлардың  мидағы  орны  бір 

жерге  шектелмеген,  жүйке  жасуша- 

лары  (клеткалары)  мидың  басқа  бө- 

ліктеріне де таралып кетіп жатады. Ми 

қабығының дамуы еңбек процесімен 

қатар  жүріп  отырған.  Оның  дамуы 

адамның сезім мүшелерінің, әсіресе, 

заттарды сипай сезу арқылы таныта- 

тын қолдың дамуына үлкен әсер ет- 

кен. Адамның жүйелі-дыбыстар шы- 

ғаратын дауыс аппаратының (тамақ- 

тан, тілден, таңдай мен еріннің бұл- 

шық еттерінен келетін тітіркендіргіш- 

терді  қабылдайтын  клеткалар),  есту 

мүшесі мен көзінің ерекше дамуы да 

ми дамуының нәтижесі. Расында да 

табиғат  жасаған  кереметтердің  есе- 

бі жоқ.


Ми солардың ішіндегі ең бір теңдесі 

жоқ  түрі.  Оның  әлде  де  ашылмаған 

көптеген құпия сырлары бар. Мәсе- 

лен,  мида  бір  ойдан  кейін  екінші 

ойдың қалайша пайда болатындығы, 

өлең  шумақтарының  қалайша  есте 

қалатындығы, яғни осындай жағдай- 

ЖҮЙК

ЖҮЙК


230

ларда қандай нейрондардың жұмыс- 

қа  түсетіндігі  ғылымға  онша  мәлім 

емес. Дегенмен ғылым бұл салада да 

біраз  жетістіктерге  жетті.  Ғалымдар 

қазір  де  арнаулы  құрал  арқылы  ми- 

дың  кез  келген  бөліктерімен  байла- 

ныса алады, түрлі психикалық құбы- 

лыстарға сәйкес келетін «тірі» электр 

импульстерін тіркейді. Мидағы жүй- 

ке  талшықтарының  жаны  да  «сірі- 

ден» берік. Өйткені, егер бір тал сы- 

мы  істен  шыққан  радио-приемник 

жұмысын  дереу  тоқтататын  болса, 

жүздеген, мыңдаған жүйке клеткала- 

ры  зақымданған  ми  өз  жұмысын 

одан ары жалғастыра береді. Зақым- 

данған  нейрондар  да  қалпына  келіп 

екен.  Мәселен,  адам  қатты  ашулан- 

ған  кезде,  жүйке  «клеткаларының 

бірқалыпты жұмысы бұзыла бастайды 

да,  оның  кейбір  нейрондары  істен 

шығады. Ауруға шалдыққан бөлімнің 

әуелі жан-жағындағы клеткалар жо- 

йылып, артынан өзгеріс орта шеніне 

қарай  ауысады.  Адамдар  түрлі  пси- 

хикалық  ауруларға  шалдыққанда 

оның  нейрондарымен  синапстары- 

ның  (жүйке  талшықтарының  клет- 

каларға  ұштасқан  жуандау  жері) 

кейбір бөлімдері бұзылады да, кейін 

бұл  жүйке  клеткалары  өзгеріске  тү- 

сетін көрінеді.

Мида әлсіз электр токтары (биоток- 

тар) жұмыс істейтіндігі ғылымға көп- 

теп мәлім. Биотоктардың мидағы жү- 

ріс-тұрыс, өрісін осциллограф дейтін 

аспап  арқылы  зерттейді.  Мәселен, 

оны электродпен жалғастырып адам- 

ның  басына  кигізгенде,  биотоктар 

ирек  сызық  түрінде  қағазға  түседі. 

Осындай  жазылымды  мидың  элек- 

троэнцефалограммасы  дейді.  Био- 

токтардың  бірнеше  ритмдері  (тол- 

қындары) ажыратылады.

Мәселен, мида секундына 9-12 жиі- 

лік  шамасында  өрістейтін  «альфа 

толқын»  (мидың  дем  алыс,  тыныш 

жағдайын  көрсететін  ритм),  секун- 

дына  3-5  жиілікпен  өтетін  «дельта-

толқын» (ұйқы кезіндегі ми қызметі- 

нің ритмі), секундына 13-20 жиілік- 

те болатын «бета – толқын» (күрделі 

ой  жұмысы  жағдайындағы  ми  қыз- 

меті) өріс алып отыратындығы анық- 

талған.


ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИПТЕРІ – 

жүйке  жүйесінің  жеке-дара  ерекше- 

ліктерінің  жалпыланған  сипаттама- 

лары. Көптеген физиологтардың көз- 

қарасы  бойынша,  Ж.ж.т.  туа  бітеді 

және  тұқым  арқылы  беріле  алады. 

Тіршілік  іс-әрекеті  барысында  ол 

жасырын  да  болуы  мүмкін,  сондай-

ақ  өмір  сүру,  тәрбие  жағдайларына 

байланысты  ол  өзгеріп  те,  күшейіп 

немесе әлсізденуі де мүмкін. Ол нә- 

сілдік  ерекшеліктер  мен  өмірлік  тә- 

жірибелер арқылы қалыптасады. И.П. 

Павлов  бойынша,  Ж.ж.т.  негізінде 

қыртыстық  физиологиялық  процес- 

тердің – қозу мен тежелудің қасиет- 

тері жатады: күштілік, икемділік, те- 

пе-теңдік немесе оларға қарама-қар- 

сы  процестер  –  әлсіздік,  икемсіздік, 

тепе-теңсіздік.

Осы  жүйке  процестерінің  қасиетте- 

рі  үйлесе  келіп,  жүйке  жүйесі  тип- 

терін  құрады.  Қозу  мен  тежелудің 

күшті  процестерінде  қозу  тежелуге 

қарағанда, басым болады да, бірінен 

екіншісіне ауысу тез жүреді. Бұл қат- 

ты  қозғыш  Ж.ж.т.  Егер  екі  процесс 

те  әлсіз  болса,  онда  тежелу  қозуға 



ЖҮЙК

ЖҮЙК

231

қарағанда,  басым  түседі  –  бұл  әлсіз 

Ж.ж.т.-не  тән.  Бірінен  екіншісінен 

ауысқандағы қозу мен тежелудің күш- 

ті  процестерінің  тепе-теңдігі  –  тек 

күшті, тепе-тең Ж.ж.т. сәйкес келеді. 

Қозудан  тежелуге  және  тежелуден 

қозуға баяу өту (екі процесс те күшті 

болған  жағдайында)  күшті  инертті 

Ж.ж.т. көрсетеді.



ЖҮЙНЕКИ АХМЕТ – Жүйнек қыс- 

тағынан шыққан Ахмет Жүйнекидің 

«Хибатул хакайык» («Ақиқат сыйы») 

атты  еңбегі  барлық  түркі  тілдес  ха- 

лықтарға ортақ дүние болып табыла- 

тын  осы  шығарма  бұрынғы  дастан- 

дармен  салыстырғанда  өзінің  бұқа- 

ралық,  яғни  кедей-кепшіктің  мұң-

мұқтажын көрсетумен ерекшеленеді. 

Іштен соқыр боп туған ақын тіршілік- 

тегі  өмірдің  әсемдігін  жырлайды, 

адамгершілікпен, имандылықты, ізгі 

істерді, қарапайым адамдардың ұнам- 

ды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-

құлқын  дәріптеп,  білім  алу  жалпы, 

адамзат  үшін,  әсіресе  бұхара  халық 

үшін зор игілік болуы тиіс дейді. 500-

дей  өлең  жолынан  тұратын  дастан- 

ның бірінші бөлімінде білімнің пай- 

дасы  мен  надандықтың  зияны  тура- 

лы ақыл-кеңестер беріледі. 

Автор  білімді  адамды  таза  алтынға, 

наданды жалған құнсыз ақшаға, білім- 

ді ер жігітке теңесе, екінші бөлімде 

тілдің  маңызы,  сөйлеу  мәдениетін 

дамыту  жөнінде  кеңестер  береді, 

ал  үшінші  бөлімде  дүниенің  бір 

қалыпта  тұрмай,  өзгеріп  тұратын- 

дығын сөз етеді. Дастан жомарттық- 

ты,  қарапайымдылықты,  сыпайы- 

лықты, өршілдікті дәріптеп, менмен 

дік  пен  надандықты,  сараңдық  пен 

шығайбайлықты, дөрекілікті шенеп-

мінеп, айыптайды. Автор сол заман- 

дағы адамдардың осы іспеттес, ұнам- 

ды,  ұнамсыз  моральдық-этикалық 

ерекшеліктерін  көрсетіп  қана  қой- 

май, сонымен бірге мінез-құлықтың 

жақсы  қасиеттерін  қалайша  тәрбие- 

леу,  сондай-ақ  оның  теріс  қасиетте- 

рін  жою  жөнінде  бірсыпыра  пай- 

далы кеңестер береді («Егер өкіметке 

қолың  жетсе,  мақтанба»,  «Бастық 

болсаң, жайсаң бол, кәріге де жасқа 

да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді 

алдымен  ойлап  ал»,  т.б.).  Осындай 

көркемдік  дәрежесі  биік,  ұлағатты 

лебіздер, бейнелі салыстырулар мен 

теңеулер,  нақылдар  мен  мақалдар, 

мәтелдер  күні  бүгінге  дейін  өздері- 

нің  тәлім-тәрбиелік  мәнін  жоймай 

келеді.


ЖЫЛПОСТЫҚ – адам мінезіндегі 

ұнамсыз сипат. Өмір тіршілігінде Ж. 

мінез  сипаты  ретінде  ұнамсыз  жақ- 

тарымен  бірге,  ұнамды  да  пайдалы 

жақтары бар. Мыс., жылпостықтағы 

жылпың, тайып кету, қошеметшілдік 

пен  жағымпаздану  сияқты  мінездің 

жағымсыз  ерекшеліктері  барлық 

адамдарға бірдей ұнай бермейді. Ж. – 

ерекшеліктері  ептілік,  ыңғайлылық, 

пысықтық сол адам мінезіндегі ұнам- 

ды сипаттар. Ж. мінез сипатын білді- 

ретін түрлі мағынада қолданыла бе- 

реді.


Сондай  сипаттың  бірі  –  жылпың. 

ұл шапшаң да епті қимыл-қозғалыс- 

ты  білдіретін  қасиет.  Ж-тың  адамға 

тән тағы бір ерекшелігі жалпылдақ – 

мінездегі епті, ділмәр, асты-үстіне тү- 

сетін, қошеметшіл. Ж. мінез көріні- 

сінде  сыпсыңдау,  қошеметтеу,  асты- 

үстіне түсу, қутыңдау сияқты ерекше- 

ліктер де болады. Мұндай ерекшелік- 

ЖҮЙН

ЖЫЛП


232

тер  адамның  мінез-құлқындағы  тір- 

шілік жағдайы мен өмір тәжірибесін- 

де  қалыптасатын  сипаттар.  Ондай 

сипаттар белгілі жағдайлар мен адам- 

дар арасындағы қарым-қатынаста әр- 

қилы  мән-мағынада  қабылданып, 

түрліше бағалануы мүмкін. Дегенмен 

мінездегі  Ж.  көпшілік  жағдайда 

ұнамсыз қасиет деп бағаланады.



ЖІКШІЛДІК  –  елді  екі  бөліп  бүл- 

дірушілік.  Ж.  –  ел  мен  жұртты, 

адамдардың ұжымы мен тобын бірі- 

не-бірін қарсы қойып, елдің береке- 

тін  кетіретін  аздырушылық  әрекет. 

Ж.  халықтың,  елдің  ынтымағы  мен 

бірлігін  ыдыратады,  жікке  бөліп 

өзара  шатастыруға  әкеп  соқтырады. 

Ж-ті  ұйымдастырушы  адам  мансап 

іздеп, өз басының мүддесін ойлайтын, 

менмен  әрі  азғын,  залым  адам  деп 

саналады. Ондайлар ел ішінде бүлік, 

дау-жанжал да тудырады. Ж. халық- 

ты,  елді  жақ-жақ  болып  бөлектеніп 

істеген істері мен мақсат-мүдделерін 

жүзеге асыруда бей-берекет жағдай- 

ға душар етеді. Ж.-тің әлеуметтік өмір- 

дегі көріністері түрліше. Рушылдық 

пен жерлестік, жүзге бөлініп ыдырау.

зАЛЫМДЫҚ  –  мінездегі  рақым-

сыздық,  мейірімсіздік,  жауыздық, 

арамниеттілік,  қарапейілділік,  қас- 

көйлік дейтін ерекшеліктер. Мұндай 

ерекшеліктердің кез келген түрі адам- 

ға қастандық әрекеті арқылы көрініс 

беріп, адал ниетті қарапайым көпші- 

ліктің  жек  көруі  мен  қарғыс  айту 

сезімін оятады. З-тағы рақымсыздық, 

мейірімсіздік  пен  қаталдықты, 

тасбауырлық пен қайырымсыздықты 

білдіретін  мінездегі  жексұрын  қы- 

лықтар.  «Абай  Алшынбайға  да  іш- 

тей, көңілі жылы тартқандай болды. 

Түсі суық рақымсыз жаулықтың енді 

беті  ашылып  татулыққа  айналғанын 

Абай «Үһ» деп, күрсіне сүйсініп қа- 

былдап  еді  (Әуезов)».  З-тағы  мейі- 

рімсіздік  тірі  жанға  жаны  ашымай- 

тын қатыгездік.

«Арман қып жырламай ма махаббат- 

ты. Өзі ұзақ тойдырмайтын болса тәт- 

ті.  Жалғыз-ақ  махаббатты  танымай- 

тын, Мейірімсіз жандар жоқ па тас- 

тан қатты (Байзақов)». Жауыздық та – 

З.  Жауыздық  қастық.  Қаныпезерлік 

пен  зиянкестік.  «Отанға  опасыздық 

ету...  –  барып  тұрған  жауыздық». 

Арамниеттілік  –  залымдықтың  бір 

ЖІКШ

зАЛЫ


233

белгісі, оңбағандық, бұзық, сұм ойлы 

адам.  Қарапейілділік  те  З-тың  бір 

сипаты.  Қарапейілділік  –  ниетсіздік 

пен ықылассыздық. Адамға жаманшы- 

лық  пен  қысастық  келтіруді  ойлай- 

тын қаскөйлік. Пейілі тар адамды да 

халық  З-тың  бір  көрінісі  деп  сана- 

ған.  «Әуеден  қыс  болғанда  жауады 

қар, Сараң жан дым бермейді пейілі 

тар (Айман-Шолпан)». З. адамның мі- 

нез-құлқындағы жексұрын әрі зиян- 

ды  сипаттар  болғандықтан  оларды 

сынап-мінеп қана қоймай, өзге адам- 

дар ондайлардан бойын аулақ ұстай- 

тын болған.



зАҢ  ПСИХОЛОГИЯСЫ.  З.п.  құ- 

қыққа  қатысты  мәселелерді  реттеу 

және  оларды  тәжірибе  жүзінде  қол- 

данудың  психологиялық  мәселеле- 

рін зерттейді. Бұл сала сот психоло- 

гиясы, қылмыс психологиясы, еңбек- 

пен  түзету  психологиясы  (пенитен- 

циарлы) деп аталатын тармақтардан 

тұрады. Сот психологиясы сот, айып- 

талушылар, куәлар, сот тергеуін жүр- 

гізу,  олардан  жауап  алу  тәрізді  т.б. 

жайттардың  психологиялық  астар- 

ларын қарастырады. Қылмыс психо- 

логиясы  қылмыскердің  жеке  басы 

мен  оның  зиянды  әрекеттерінің  сы- 

рын ашады. Еңбекпен түзету психо- 

логиясы тұтқындағы адамдарды сен- 

діру  не  күштеп  істету  арқылы  қай- 

та тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.

зАТТЫҚ  ІС-ӘРЕКЕТ  –  адамдар- 

дың жасаған материалдық және рух- 

тық  заттардың  ерекшеліктеріне  қа- 

тысты іс-әрекет. Сол заттарды дұрыс 

пайдаланудың жолдарын және адам- 

дардың  қабілеттерін  дамытуға  ба- 

ғытталған. З.і-ә. – адамның шынайы 

рухтық және материалдық мәдениет 

заттарын іс жүзінде қолдану әрекеті. 

З.і-ә. бір түрі, заттық ойын – адамзат- 

тың материалдық, рухтық мәдениеті- 

нің заттарымен баланың ойыны. Он- 

дай ойында бала заттарды өзінің ор- 

нымен пайдаланады.



зӘУзАТ  –  адамның  өз  кіндігінен 

өсіп-өрбіген ұрпағы. Қазақ ұғымын- 

да ол жеті буынға дейінгі ұрпақтар- 

дың  жиынтығын  білдіреді.  Сонда 

нақты  адамның  зәузатына  оның 

баласы, немересі, шөбересі, шөпше- 

гі,  туажаты,  жұрағаты  жатады.  Зәу- 

заттың психологиясы оған енетін же- 

ке  адамдардың  бір-біріне  туыстық 

байланыстарының  бар  екенін  се- 

зуімен ерекшеленеді. З. құрамына ене- 

тіндерді  туыстық  сана  басым  бола- 

ды. Сондықтан олардың арасында үй- 

ленуге  рұқсат  етілмейді,  бір-бірін 

туыс деп қорғауға, қамқорлыққа алу- 

ға дайын тұрады.



зЕЙІН – адам санасының қандай да 

бір өзіне қажетті немесе қызықтыр- 

ған затқа, құбылысқа немесе іс-әре- 

кетке  бағытталуы  және  шоғырла- 

нуы. Сананың бағытталуы деп объек- 

тіні таңдап алуды айтамыз, ал сана- 

ның бір нәрсеге шоғырлануы деген- 

де, бұл объектіге қатысы жоқтың бә- 

ріне  назар  аудармауды  айтады;  З.  

адам  санасының  айналадағы  объек- 

тілердің,  болып  жатқан  құбылыстар 

мен  үрдістердің  ішінен  керектісін 

бөліп алып, соларға тұрақталуы. Шы- 

ғармашылық  жұмыста  белгілі  бір 

объектіге  зейін  қоя  білудің  маңызы 

зор.  Зейін  қоя  білу  –  мағлұматшыл- 

дық қасиеттің негізі болып табылады.

Білім беру үрдісінде зейіннің алатын 



зАҢП

зЕЙІ

234

орны  ерекше.  Оқыту  мен  оқуда, 

жетістікке жету, зерттелетін объекті- 

ге зейін қоюдан басталады. Адамның 

кез келген мақсатты іс-әрекеті З. ар- 

қылы жүзеге асады. З-нің келесі түр- 

лері бар: ырықсыз (еріксіз), ырықты 

(ерікті) және үйреншікті З. Еріксіз З. 

адамның мақсатынсыз-ақ сана заттар 

мен құбылыстарға бағытталады. Ерік- 

ті  З.  мақсатты  іс-әрекеттерді  орын- 

даумен байланысты.

Ал  үйреншікгі  З.  адамның  іс-әре- 

кетінің  өмір  тәжірибесінде  қалып- 

тасып  отыратын  түрі.  З.  келесі  қа- 

сиеттерімен  сипатталады:  көлемі, 

бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, 

ауысуы,  толқуы.  З-нің  мұндай  қа- 

сиеттері  бір-бірімен  тығыз  байла- 

нысты  және  іс-әрекет  кезінде  олар- 

дың  өзара  үйлесімділігі  болады.  З. 

басқа  процестерді  сүйемелдейтін 

субъективтік  фактор.  З-ді  кейде  ат- 

тенционалды әрекеттер деп те атайды.

З. (А.Р. Лурия) – субъекттің қажетті 

ақпаратты  таңдап  алу,  қимыл-қозға- 

лыс-тардың  таңдамалы  бағдарлама- 

сын сүйемелдеп, қамтамасыз ету жә- 

не  осы  бағдарламаның  ағымын  қа- 

дағалау процесі. З.-нің негізі ретінде 

тұлғаның  қызығушылықтары  мен 

қажеттіліктері,  бағдарлары  мен  ба- 

ғыттылығы тұрады. С.Л.Рубинштейн- 

нің  пікірінше,  зейінде  сананың  зат- 

пен  байланысы  көрініс  табады.  З. 

мен объект өзара әсерде болады. Бір 

жағынан,  зейін  затқа  немесе  объек- 

тіге  бағытталады,  екінші  жағынан, 

объект зейінді өзіне аудартады. З-нің 

нақты  бір  объектіге  бөлінуі  субъек- 

тіге,  яғни  адамға  ғана  байланысты 

емес,  сондай-ақ  зейінді  тудырған 

объекттің қасиеттері мен сапаларына 

да байланысты. З-нің оянуы – бағдар- 

лық-зерттеудің бастамасы. В.И.Стра- 

ховтың  тұжырымдауынша,  шынайы 

зейін  мен  шынайы  зейін  емеспен 

қатар,  адамда  зейінді  болып  көріну 

және  зейінді  емес  болып  көріну  де- 

ген қасиеттер кездеседі.

Оны  ол  зейіннің  сыртқы  формасы 

мен  оның  шынайы  күйінің  кейде 

сәйкес келмеуімен түсіндіреді.

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қа- 

сиеттерімен ынталандырылады: 1) ин- 

тенсивтілігі; 2) жаңалығы; 3) аффек- 

тивтілігі.

П.Я.Гальпериннің  тұжырымы  бо- 

йынша:  З.  –  бағдарлық-зерттеулік 

іс-әрекеттің  негізгі  шарты.  Өзінің 

қызметі жағынан, зейін өзі бағыттал- 

ған феноменнің мазмұнын қадағалау 

болып  табылады.  Зейінде  қадағалау 

белгілі  бір  белгі,  өлшем,  үлгі  арқы- 

лы жүзеге асады.

Ал  Л.С.Выготский  бойынша,  ырық- 

ты  зейін  ұғымдардың,  түсініктердің 

дамуына байланысты, яғни берілген 

жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін 

түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне бі- 

луге  байланысты.  Адамның  психи- 

калық  ұйымдасуының  құрылымына 

сүйене  отырып,  зейінді:  1)  процесс 

(немесе психикалық процестің жағы: 

сенсорлық және т.б.) ретінде; 2) күй 

(зейіннің шоғырланған күйі) ретінде; 

3)  тұлғалық  қасиет  (зейінділік)  ре- 

тінде анықтауға болады. З-нің функ- 

циялары  –  1)  қазіргі  сәтте  қажетті 

психологиялық және физиологиялық 

процестерді  белсендіріп,  қажетті 

еместерін  тежейді;  2)  ортадан  келе- 

тін  ақпараттың  мақсатты,  ұйымдас- 

қан  түрде  сұрыпталуын  қамтамасыз 

етеді; 3) белсенділіктің бір объектіде 

ұзақ  уақыт  шоғырлануын  қамтама- 

сыз етеді.

зЕЙІ

зЕЙІ


235

зЕЙІННІҢ ТҮРЛЕРІ – адамдардың 

зейіні  ырықты,  ырықсыз  және  үй- 

реншікті болып үшке бөлінеді. Сырт- 

қы  дүниенің  кез  келген  объектілері 

кейде ырықсыз-ақ біздің назарымыз- 

ды  өзіне  тартады.  Мәселен,  көше- 

мен кетіп бара жатқан адамның бояу- 

лы  афишаға  көзі  түссе,  оған  мой- 

нын  бұрады  не  милиционердің  ыс- 

қырығына  жалт  қарайды  т.б.  Адам 

өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын 

алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас 

балаларда  жиі  кездеседі.  Өйткені  

балалық  дәуірде  адамның  күрделі 

іс-әрекетте  (оқу,  еңбек  т.б.)  белгілі 

жүйеге  келе  қоймайды  да  осының 

нәтижесінде  оның  психикасы  өте 

нәзік,  түрлі  сыртқы  әсерге  берілгіш 

келеді.  Әрине,  бұдан  бала  есейген 

соң,  оның  ырықсыз  зейіні  маңызын 

жояды деген қорытынды тумау қажет. 

Адам  өмірінің  барлық  кезеңдерінде 

ырықсыз  зейін  тиісінше  орын  алып 

отырады.  Қызығу  –  ырықсыз  зе- 

йіннің  бұлағы.  Өйткені  қызықты 

іске  көңіліміз  тез  ауады.  Мәселен, 

қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін 

жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – 

ырықты зейінді керек етеді. Ырықты 

зейінде қызығу орын алуы тиіс. Бірақ 

ырықты  зейін  де  жанама,  дәнекерлі 

қызығуды  керек  етеді.  Мұнда  адам 

істен  шығатын  нәтижеге  қызығады, 

оны  орындау  үшін  күш  жұмсайды. 

Өйтпесе  іс  өнбейді,  күткен  нәтиже 

шықпайды.

Ырықсыз зейін физиологиялық тұр- 

ғыдан  барлау  (ориентировочный) 

рефлекісінің  жемісі  болып  табыла- 

ды.  Зейіннің  бұл  түрі  жануарлар 

мен  адамдардың  сыртқы  ортамен 

байланысында  үлкен  рөл  атқарады. 

Ырықсыз  зейін  кез  келген  тітіркен- 

діргіш арқылы пайда бола бермейді. 

Ырықсыз  зейіннің  көрінуіне  төмен- 

дегі жағдайлар себеп болады:

а)  күшті  тітіркендіргіштер  (көзді 

аштырмайтын жарық, қанық бояулы 

заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын 

иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың 

жаңалығы  мен  қозғалысы  (мәселен, 

адамның  үстіндегі  киімінің  өзгеруі, 

дыбыстың,  жарықтың  артуы  не  ке- 

муі т.б.).

ә) адамның сыртқы дүниедегі объек- 

тілерге қатынас жасауының дәреже- 

сі  (қызығу,  қажетсіну,  көңіл  күйінің 

хош болуы) ырықсыз зейіннің тууы- 

на жақсы әсер етеді.

Адамның  ырықты  зейіні  әрекетті 

саналы түрде белгілі ерік күшін жұм- 

сау арқылы орындалуынан көрінеді. 

Ырықты  зейінде  белгілі  бір  мақсат 

көздеп,  объектіге  ерекше  зер  салып 

отыру көзделеді, ол жұмыстың басы- 

нан  аяғына  дейін  ерік-жігерді  сарқа 

жұмсауды  талап  етеді.  Ырықты  зе- 

йін  мынандай  ерекшеліктермен  си- 

патталады;

1)  Қандай  болмасын  бір  әрекеттің 

талабына  сай  зейініңді  бағындыра 

алу  үшін  іс-әрекетке  тікелей  кірісу 

қажет.

2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жа- 



сап  алып,  алаңдататын  нәрселерден 

бойды аулақтатқан жөн.

3) Орындалатын істің мәнісін, маңы- 

зын  түсіну  үшін  білімге  шын  ықы- 

ласпен берілген дұрыс.

4)  Түрлі  қолайсыз  жағдайларда  да 

жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, 

көңілді  алаң  қылатын  бөгде  тітір- 

кендіргіштердің  (айқай-шу,  тарсыл-

гүрсілдерде  де)  әсеріне  берілмей 

жұмыс  істей  беру.  Бұл  зейінді  шы- 

нықтырудың,  оны  мықты  және  шы- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет