ПСИХОДИНАМИКА (психо... және
грек. dynamis – күш) – қарама-қарсы
бағыттағы мотивациялық ықпалдан
туындайтын ойлану, сезіну, мінез-
құлық құбылыстарын түсіндіретін
психикалық талдаулық, теорияның
маңызды саласы. Негізінде, П. әр түрлі
қоздырғыштардың өзара ықпалын
зерттеуге, психикалық процестің мә-
нісін айқындауға, психикалық қыз-
меттің процесті, жағымды және рег-
ресті, жағымсыз өзгерістерін айқын-
дайды. П. қағидасы психикалық ап-
параттың үштік құрылымдылық тұ-
жырымдамасына сүйенеді: «Ол нәр-
се» – инстинктілік құмарлылықтың
аясы, «Мен» – тоқтау салатын мүше,
«Жоғары Мен» – ар мен ойлану ық-
палының аясы. Дегенмен, әрбір пси-
хикалық құбылыста психикалық ап-
параттың осы үш бірдей ерекшелігі
бір-біріне тоғысып жатады. «Ол
нәрсе» және «Меннің» бір-біріне
үйлеспей, қайшы келуі адамды ішкі
қайшылыққа ұшыратады да, оны
ойланбай шешпек әрекеттер санада
жүйкенің жұқарып тозуын қоздыра
түседі. Ұшқалақ шыдамсыздыққа іш-
кі факторлармен қатар тұқым қуа-
лайтын ауытқушылық пен сыртқы
әсерлер де ықпал етеді. Шиеленістің
дәрежесі мен оны шешетін мүмкінші-
лік іштей тоқыраудың, күйзелістің
деңгейін анықтауға жол ашады. Де-
генмен, психодинамикалық талдауға
генетикалық және эволюциялық көз-
қарастардың өзінше ықпал ететіні де
анықталды.
ПСИХОДРАМА (психо... және грек.
drama – іс-әрекет) – топтық психо-
терапияның бір түрі; П. ұғымын,
оның процедурасын АҚШ психо-
логі Д.Морено оны әлеуметтік про-
блемаларды шешудің бір құралы
деп түсіндіреді. Адамдардың топ-
тарындағы қақтығыстарды жою әді-
сі дегенді білдіретін псхологияда
«социодрама» деген термин де қол-
данылады. Бұл мінез-құлықтың ырық-
тылығы мен белсенділігін, жағдайға
оралымдылығын көрсететін термин.
П. невроздар, әсіресе бала неврозда-
ры мен психосоматикалық аурулар
ПСИХ
ПСИХ
447
мен алкоголизм ерте кезде алған пси-
хопатиялық асқынулар мен жасөспі-
рімдерде мінез-құлықтың ауытқула-
ры көрініс береді. П.-ның элемент-
терін мінез-құлықтық терапияға,
әлеуметтік-психологиялық тренингке,
түрлі іскерлік ойыңдардан да байқау-
ға болады.
ПСИХОз (грек. psyche – жан) – же-
ке адамды тоқырауға ұшырататын
психикалық әрекеттерге ауытқуы. П.
органикалық және функциялық бо-
лып бөлінеді. Органикалық П. мінез-
құлық пен ойлаудағы ауытқушылық-
қа түрткі болатын психоәлеуметтік
факторлармен тікелей байланысты.
П.-ға генетикалық, нейро-эндофин-
дік және зат алмасу факторлары,
сондай-ақ индивидтің психикасы-
на оң генетикалық және орталық
жағдайлар түрлі дәрежеде ықпал ете-
ді. П. сандырақ сөзден, тұйық мі-
незден, ортаға үйлеспейтін ретсіз
қимылдан, қабылдау қабілетінің
ауытқуынан білінеді. П.З.Фрейдтің
ескертуінше, адамның басқа объект
пен кісіге деген көзқарасын өзгертіп,
ауруды ортадан алшақтатады да,
психоздық процесті үдетеді. Фрейд
невроз бен психоздың арасындағы
байланысты, яғни тыйым саларлық
рәсімді ығыстыратынын, адам өз-
дігінен барды бұрмалайтындығын,
сөйтіп шындықтан біртіндеп алшақ-
тай түсетінін немесе жоқ нәрсені
өзінше елестететінін ашып берді.
Арнайы шипагерлік тәжірибесіз-ақ
психозды емдеуге болады.
ПСИХОЛИНГВИСТИКА. (франц.
linguistigue – лат. lingua – тіл) – пси-
хология мен лингвистиканың аралы-
ғындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу
процесін, оның мазмұны, коммуни-
кативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұр-
ғысынан зерттейді. Осы бағыттың не-
гізін салушы неміс ғалымы Г.Штейн-
таль (1823-1899) тілді жеке адаммен
қатар, этнос психологиясының көрі-
нісі ретінде қарастырды. Оның пікі-
рінше, тіл білімі кісінің жеке психо-
логиясын ғана емес, халық психоло-
гиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен
Потебня мен Пауль еңбектерінде осы
бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық ка-
тегория, сондай-ақ лексикалық мағы-
налардың түрлерін түсіндіруде көрі-
ніс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн
де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде
сөйлеу әрекетінің әлеуметтік сипа-
тына баса назар аударылды. Америка
ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. пси-
холингвистикаға жаңа мағына енгі-
зіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талас-
сыз алмасуына сөйлеудің даму про-
цесі деп түсіндірді.
Сөйлеуді игерудің шарттарын қа-
растыратын үйрету теориясы мен
(А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен
ақпаратты қабылдау және зерделеу
(когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж-
Пиаже) психолингвистиканың дамуы-
на елеулі үлес қосты. Осы салада ке-
ңес ғалымы профессор А.А.Леонтьев-
тің еңбектері де ерекше орын алды.
Қазақстанда психолингвистикалық
зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан
бастап қолға алынды. Бұл жерде
М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М.
Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбекте-
рін атап өткен жөн. Бізде осы сала-
дағы зерттеулер үш бағытта жүргізіл-
ді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеу-
дің пайда болуы мен оны түсіну; ой-
лау мен қарым-қатынастың арақаты-
ПСИХ
ПСИХ
448
сы). Бұл мәселелер «Ойлау мен қарым-
қатынас» атты Бүкілодақтық симпо-
зиумда (Алматы, 1973), «Сөз бен ой-
дың механизмдері» атты (Целиног-
рад, 1976) ғылыми конференциялар-
да талқыланды.
Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұ-
қанов, Н.М.Құрманбаев, М.Қ.Қайыр-
баева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік,
оны меңгеру мен түсіну, іштей сөй-
леу т.б.) мәсслелерін жан-жақты зерт-
теді. Психолингвистикада бұрынғы
необихевиористік және дескрибтік
лингвистикалық көзқарастардың то-
ғысынан келелі үш мәселеге назар
аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің
қалыптасу тетігі; нақты психология-
лық үйлесімділікті грамматикалық
тұрғыдан өзгертудің формалды моде-
лі; сөйлеуді құраудағы грамматика-
лық кұрылымның ойлаудың, таным-
ның, логиканың желісімен байла-
нысты. Психолингвистиканың негізгі
бағыты қазіргі кезде инженерлік пси-
хология, нейро және патопсихология,
шетел тілдерін оқыту міндеттерімен
ұштасуда.
ПСИХОЛОГИзМ – қоғамдық әлеу-
меттанушылық зерттеулерде қолда-
нылатын принцип; мұнда әлеуметтік
процестер мен құбылыстар психо-
логиялық туындылар деп сипатта-
лады. П. приципінің рөлі мен маңы-
зын әлеуметтік өмірдің психология-
лық механизмдерін жете зерттеген
америкалық социологтар асыра ба-
ғалады. Әлеуметтанудағы психоло-
гиялық мектептің өкілдері адамдар-
дың бейімділіктері мен эмоцияла-
рын әлеуметтік процестер динами-
касының негізгі факторлары деп па-
йымдады. Социологияның дербес
ғылым болып даму нәтижесінде бұл
принциптің едәуір әлсіреуі болғаны-
мен, ол жойылған жоқ. Оны белгілі
бір шамада тұлғааралық қатынасты
зерттеушілер – символдық интерна-
ционализмнің, феноменология мен
этнометодологияның өкілдерін ұс-
танады.
ПСИХОЛОГИЯ – жан құбылыста-
рының сыртқы және ішкі дүние
заттарының әсерінен пайда болып,
біртіндеп дамып, қалыптасу заңды-
лықтарын зерттейтін ғылым. П. тер-
мині гректің екі сөзінен (рsусhе – жан,
logos – ілім) алынған, бұл «жан ту-
ралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
Психологиялық ғылыми білімдердің
тарихы екі кезеңге бөлінеді.
Оның біріншісі, шамамен 2500 жыл-
ға созылған, көш басы Аристотель-
ден басталатын жан дүниесі жайлы
түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы.
Осы кезең ішінде психология басқа
ғылымдармен, әсіресе, философия-
мен қосақтаса, дамып келеді. Оның
екінші тарихы 1879 жылдан бастала-
ды. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт
(1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лабо-
ратория ұйымдастырып, мұның де-
рбес эксперименттік ғылым болуына
себепкер болды. Психологияның да-
му тарихы көптеген ғұлама ғалым-
дардың, атап айтқанда Герофил, Эра-
зестрат, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд,
Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза,
Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф,
Галлер т.б. есімдермен тығыз бай-
ланысты. (қараңыз. Психология та-
рихы). Жан дүниесінің сыры жайлы
ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, ма-
қал-мәтелдерінде көп кездеседі. Мә-
селен, «Тән ауырса, жан ауырады»,
ПСИХ
ПСИХ
449
«Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі,
демек жан да өледі», «Жан бар жер-
де қаза бар», «Жан – кеудеге қонақ»
т.б. осындай түйіндерде жан мен
тәннің арақатынасы шындыққа сәй-
кес пайымдалғанын байқау қиын
емес. Жан – қазақ ұғымында да жан-
жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат
беретін рухани құбылыс.
Психикалық құбылыстар бізді қор-
шап тұрған айналадағы сыртқы және
ішкі заттардың мидағы әр түрлі бей-
нелері болып табылады. Олар (түйсік,
елес, ой, қиял, сезім, ерік, қабілет, дағ-
ды, икем, бейімділік, қызығу, мінез,
әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжіри-
бемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі
кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұ-
лардың мәнін әрқайсымыз тез ажы-
рататын да, білетін де сияқтымыз.
Бірақ психикалық құбылыстардың
мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқы-
лы ғана жан-жақты ажыратуға бола-
ды. Осы мәселені ғылыми жолмен
баяндауды, олардың өзіндік заңды-
лықтарын айқындауды – сөз болып
отырған психология ғылымы қарас-
тырады. Психология ерте замандар-
дан келе жатқан білім салаларының
бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген
жері ежелгі Греция.
Ерте замандарда пайда болып, ғасыр-
лар бойы әр заман ғұламаларының
көзқарастарында насихатталып кел-
ген түсініктер бойынша, адамда тән-
нен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі ба-
қи жасайтын жан адамның барлық
психикалық, тіршілігінің (ойының,
сезімнің, еркінің) иесі де, себепшісі
де. Жан туралы осындай түсініктің
пайда болуына алғашқы адамдардың
табиғат сырларын дұрыс түсіне алуы
себеп болды. Олар дүниеде табиғат-
қа бағынбайтын, одан оқшау тұра-
тын ерекше бір күш бар, ал жан бола-
тын болса, соның бір көрінісі, мәсе-
лен ұйқы кезінде ол денеден уақыт-
ша шығып кетеді де, адам оянған кез-
де қайтып келеді, егер келмей қалса,
адам өледі деп тұжырымдағаң. Жан
туралы осындай анимистік (барлық
нәрседе де жан бар дейтін түсінік)
пікірлер кейбір тайпалардың ара-
сында күні бүгінге дейін кездеседі.
Мәселен, Лусан аралының (Филип-
пин) тұрғындары тагалдар ұйықтап
жатқан адамды ешуақытта оятпайды.
Өйткені олар ұйқы кезінде адамның
жаны басқа жақта жүреді дейді. Тас-
маниялықтардың тілінде жан мен
көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріле-
ді, өйткені олардың ойынша, жан мен
көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон
тайпасының индеецтері «лоакаль»
деген сөз арқылы көлеңкенің, жан-
ның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын
береді.
Жан туралы осы тектес қарапайым
түсініктердін пайда болуы адамдар-
дың өздерінің дене құрылысы жа-
йында ғылыми түсінігі жоқ кездер-
де, яғни жан мен тәннің толысуын
олардың бірімен-бірінің байланысын
дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен
кейін денеден шығып кететін, мәңгі
бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғыну-
дың нәтижесі еді. Жан туралы ғылы-
ми түсінік ежелгі гректердің әмбебап
ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322)
есімімен байланысты. Қазіргі кезең-
де тіршілік қарекетінің ерекше ны-
саны ретінде психиканың дамуы
мен функцияларының атқару занды-
лықтары туралы ғылым деп те айтады.
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МЕТОДО-
ЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Пси-
хология ғылымы басқа ғылымдар-
ПСИХ
ПСИХ
450
дан гөрі ғылыми дағдарысқа (кри-
зиске) жиі ұшырайды. Неміс пси-
хологі Г. Эббингауздың айтуынша:
«Психологияның өткен жолы ұзақ,
тарихы қысқа». Эббингауз айтқан-
дай, соңғы бір жарым ғасырдың
ішінде психология бірнеше ғылыми
теориялық дағдарысқа ұшырады.
Мұның үлкен бір дағдарысы ХХ
ғасырдың 10-20 ж.ж. арасында бол-
ды. Бұл дағдарыстың басты себебі
оның тәжірибелік фактілерді көп жи-
нап, теориялық тұрғыдан әлсіз, әлжуаз
болғандығынан туындады. Мәселен,
ХХ ғасырдағы әлемге жайылған
психологиялық бағыттар: немістің
гештальтпсихологиясы, американың
мінез-қылық (бихевиоризм), т.б. тео-
риялық жағынан белгілі ұстанымға
келе алмай кетсе де, тарихта аты мәң-
гі өшпейтін бағыт ретінде қалды.
Жантану ғылымының басқа да ба-
ғыттарында осындай жайттар жиі,
дүркін-дүркін кездесіп қалатын.
ҚСРО психологтарының соңғы VII
съезінде кеңес психологиясының
көрнекті, атышулы өкілдері кеңес
психологиясында теориялық жағы-
нан да қолданбалық жағынан да дағ-
дарыс туындап отыр деді. Біздер, Қа-
зақстан психологтарының бір топ
өкілдері, осы сөздің куәсі болдық, 2
жылдан кейін ҚСРО құлады. Марк-
сизм методологиясы біртіндеп ыды-
рай бастады. Енді психологияның экс-
перименттік салаларында да дағдарыс
орын ала бастады. Психологтар тео-
риялық мәселелерге көңіл бөлмей, тек
психотерапевтикалық мәселелерге
ден қойды. Бұл жағдай ТМД елдерін-
де, әсіресе, Ресейде, сондай-ақ оның
айнымас досы Қазақстанда да өріс-
тей түсті.
Осы күйзеліс салдарының бірі бей-
нелеу теориясын мойындамауға ке-
ліп тірелді. Соның бір жақсы айғағы –-
қазіргі кезде материализм мен марк-
сизмді «сынауды» желеу еткен кей-
біреулер бейнелеу теориясын жоққа
шығарып жүр. Мәселен, Н.Д. Линде
(Мәскеу) бұл принципті: «Это безбож-
ная, бездушная концепция... Теперь
же теория отражения... может быть
спокойно забыта», – дейді. («Психоло-
гия в ВУЗе», 2005, №166 с7119-129).
Мұндай пікірлермен келісу (айнала-
дағы дүниелер мен заттар, құбылыс-
тардың адам миында, жүйкесінде
сәулеленетіні туралы) бұдан 25 ға-
сыр бұрын Аристотель де 12 ғасыр
бұрын әл-Фараби да айтқан. Кейбір
психологсымақтардың бейнелеу тео-
риясынан бәлені көргендей қашу
себебі осы ілімнің Кеңес заманында
Маркс, Энгельс, Лениннің есімдері-
мен байланысты түсіндіретіндігі.
Әсіресе, дүние жүзі пролетариатының
ұлы көсемі В.И. Ленин осы мәселемен
ерекше айналысқандықтан, бұл тео-
рия лениндік бейнелеу теориясы деп
аталатындықтан. Теория дүниетаным
туралы ұстанымның алтын діңгегі
еді. Қазіргі кезде бұдан басқа да небір
теориялық сорақылықтар толып жа-
тыр. Бұған себеп болған – нарықтық
экономика. Өйткені нарықтық қоғамда
өз мәнінде идеология да методология
да болмайды. Мұндағы идеология
«байлық пен ақша табу». Қазіргі
біздің Қазақстанда да ұлттық идео-
логия, методология, ұлттық идея
жоқ деушілермен келісуге де болады.
Соның бір жақсы айғағы соңғы кез-
дері жарық көрген 10 томдық Ұлттық
энциклопедияда идеология және ұлт-
тық идея ұғымдары берілмеген. Ғы-
ПСИХ
ПСИХ
451
лыми энциклопедияның осындай ұс-
танымы да дұрыс сияқты. Идеология,
методология дегендер феодализм, ка-
питализм, социализм қоғамдарына тән
құбылыс. Өйткені кез келген қоғам –
базис, экономика және кодекс мораль-
дан (идеология) тұратыны хақ.
Осыған орай нарықтық қоғамға ен-
геннен кейін идеологиясыз, методоло-
гиясыз, әсіресе ұлттық идеологиясыз
өмір сүрудеміз. Осы қоғамдағы негізгі
бағыт-бағдар бірінші – экономика
(базис), одан кейін саясат мәселелері.
Психологияның методологиялық
мәселелері мирас етіп қалған Ресей
ғалымдары жиі-жиі методологиялық
тұрғыдан сөз қозғады, бірақ олардың
ой-пікірлері мен тұжырымдарынан да
нақты методологиялық, идеологиялық
бағыт-бағдар байқалмайды. Соның
бір нақты айғағы – «Вопросы психо-
логии» журналының 2011 жылдың
№2 санында жарияланған. «Обсуж-
дение методологических проблем
психологии» деген теориялық дис-
куссия. Сайып келгенде жоғарыда
айтқанымыздан да дискуссияның аты
дардай болғанымен, одан пәтуалы сөз
таба алмайсыз.
ПСИХОЛОГИЯ ТАРИХЫ – психика
туралы алғашқы ғылыми түсініктер
Ежелгі дүниеде (Үндістан, Египет,
Қытай), философия қойнауында пай-
да бола бастады. Бұл түсініктердің
дамуына қоғамдық практиканың; ем-
деу мен тәрбие салаларының сұра-
ныстары себепші болды. Ежелгі за-
ман дәрігерлері психиканың ағзасы
ми екенін анықтап, темпераменттер
туралы ілімді дамытты. Антика дәуі-
ріндегі психологияның ұшар шыңы
Аристотельдің ілімі болған еді: ол
жан тіршілік ете алатын материалдық
дененің ұйымдастырылу нысаны деп
ұғындырды. Ол объективтік және ге-
нетикалық әдістер негізінде тұжы-
рымдалған психологиялық ұғым-
дардың алғашқы жүйесін баяндады.
Эллиндік кезеңде тіршілік принципі
оның белгілі бір көріністеріне айнал-
ды. Феодалдық дәуірде психика тура-
лы ілім-білімдердің ілгерілеуі біраз
бәсеңсіді. Тек орта ғасырда араб тілді
елдердің озық пікірдегі ойшылдары
мен дәрігерлері (Ибн Сина, Ибн әл-
Хайсам, Ибн Рашид және т.б.) өздері-
нің жан туралы идеялары арқылы
Батыс Еуропадағы жаратылыстық –
ғылыми психологияның өркендеуіне
жағдай жасады; осының нәтижесінде
олар адамды жаратылыстың заңда-
рына бағынатын табиғи тіршілік иесі
ретінде тәжірибелік жолмен зерттеу-
ге мұрындық болады. Буржуазиялық
революциялар мен материалистік
дүниетанымның өркендеу дәуірінде
психологиялық әрекетке принципті
тұрғыдан жаңа көзқарас қалыптасты,
енді ол детерминизм ұстанымымен
ұғыңдырылып, түсіндірілетін болды.
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
барысында психологиялық білімдер-
дің дамуына жол ашылып, XVII ға-
сырда жантану ғылымы бірқатар іл-
гері категориялармен толықты. Р. Де-
карт мінез-құлықтың рефлекстік та-
биғатын ашты, жан туралы ұғымды
субъктінің өз психикалық актілерін
тікелей білуі ретіндегі ұғымға айнал-
дырды.
Нақ осы дәуірде өте маңызды бірқа-
тар психологиялық ілімдер жарық
көрді. Олар жан құбылыстарының
байлалысын анықтайтын байла-
ныс ретіндегі ассоциациялар туралы
ПСИХ
ПСИХ
452
(Р.Декарт, Т.Гоббс), аффектілер тура-
лы (Б.Спиноза), апперцепция тура-
лы (Г.Б.Лейбниц), білімнің сезімдік
тәжірибеден туындайтыны тура-
лы (Дж.Локк) ілімдері қалыптасты.
Ағылшын дәрігері Д.Гартлидің ас-
социация принципі жүз елу жыл
бойында психологияның басты
түсіндірмелік ұстанымы болды. XIX
ғасырда физиологияның қойнауында
психикалық функцияларды зерттеудің
эксперименттік әдістері пайда болып,
бұл функцияларды талдауға сандық
бағалауды енгізу тұрғысында алғашқы
әрекеттер жасалды (Э.Г.Вебер,
Г.Т.Фехнер, Г.Гелъмгольц). Дарви-
низм психикалық функцияларды
биологиялық жүйелердің нақты фак-
торы ретінде зерттеу қажеттігін көр-
сетті. XIX ғасырдың 70-80-жылда-
рында психология білімнің өз алды-
на бөлек саласына айналды. Пси-
хологиялық зерттеулердің басты-бас-
ты ғылыми орталықтары, арнаулы
эксперименттік лабораториялар пай-
да болды. Мұндай алғашқы лабора-
торияны 1879 жылы Лейпцигте В.
Вундт ұйымдастырды. Оның үлгісі
бойынша осындай мекемелер Анг-
лияда, АҚШ-та, Францияда, Ресейде
пайда болды. Психологияны объек-
тивті әдіс негізінде зерттеудің дәйекті
бағдарламасы ұсынылады.
Дүниежүзілік психологиялық ғы-
лымда объективтік әдістердің кеңі-
нен қолданылуы нәтижесінде экспе-
рименттік-психологиялық жұмыстар
жүргізілді. Эксперименттік психо-
логияның басты тақырыптары бас-
тапқыда түйсіктер мен реакция уақы-
ты (Ф.Дондерс), одан әрі – ассоциа-
циялар (Г.Эббингауз), зейін (Дж. Кет-
тел), эмоциялық күйлер (У. Джеймс,
Т.А. Рибо), ойлау мен ерік (Вюрц-
бург мектебі. А.Бине) болды. Пси-
хологиялық процестердің жалпы
зандылықтарын іздестірумен қа-
тар, дифференциалдық психоло-
гия қалыптасып, оның міндеті өл-
шеу әдістері арқылы адамдардың
арасындағы даралық ерекшеліктер
анықтала бастады. Психологияның
инженерлік, әлеуметтік және ме-
дициналық XX алғашқы ширегінде
жан қуаттарының заңдылықтарын
зерттеумен айналысатын психология
ғылымының дағдарысы айқын бай-
қала бастады. Тәжірибе арқылы
алынған есептеу көп нақты матери-
алдар сана құбылыстарын теория-
лық тұрғыдан дұрыс түсіндіріп бере
алмады. Алынған деректердің прак-
тика үшін елеулі маңызы бола тұрса
да, осы ғылымның әдіснамалық
(методологиялық) астары әлсіз бо-
лып психологияда бір-біріне қарама-
қайшы бағыттар пайда бола бастады.
Соның бірі – америка психологі
Дж.Уотсон (1878-1958) негізін салған
бихевиоризм; бағыты еді. Бихевио-
ристер психиканы мінез-құлықтың
әртүрлі көріністері организмнің
сыртқы әсерге; (стимул) қайтаратын
жақсы реакцияларының жиынтығы
деп түсіндірді.
Сана құбылысын тікелей зерттеуге
болмайды деп, онын сыртқы ортаны
танып-білудегі рөлін жоққа шығар-
ды, адам мен жануар психикасының
елеулі айырмашылықтарын мойын-
дамады. Бихевиористер тәжірибе жа-
сауға үлкен мән берді, жануардың мі-
нез-құлқын математикалық жолмен
зерттеп, оларды дағдыландыруда елеу-
лі табыстарға жетті. Бірақ психика-
лық құбылыстар шын мәнін теория-
Достарыңызбен бөлісу: |