Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет61/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90

ОРНЫҚСЫзДЫҚ  (Лабилдік;  лат. 

labilis  –  сырғығыш,  орнықсыз)  – 

функциялық  құрылымда  уақыттың 

бір  өлшеніп  бұрмаламай  бере  ала-

тын  импульстердің  ең  көп  шамасы. 

Терминді Н.Е. Введенский ұсынған. 

ОРГА

ОРНЫ


412

Дифференциалдық  психологияда  О. 

жүйке процестерінің пайда болуы мен 

тоқтауын  сипаттайтын  қасиеттердің 

бірі болып табылады.

ОТАНСҮЙГІШТІК.  Халқымыз кір 

жуып,  кіндік  кескен  атамекенін  ая- 

лап, елін, тілі мен мәдениетін, әдебие- 

ті мен тарихыи, біртуар аяулы перзент- 

терін мақтан тұтып, қадірлеп-қастер- 

леуді ұрпағына аманат еткен.

Бізде қай жүзге жататыныңды, қай ру-

дан екеніңді білу ес жиып, есейгеннің 

белгісіндей  дей  отыра,  мұның  түпкі 

мақсат-мұраты біреу, ол – ынтымақты 

ел  болу  деп  есептейміз.  Ер-азамат 

үшін туған халқын жан-тәнімен сүю, 

оның шаруашылығы мен мәдениеті- 

нің өркендеп, көркеюіне бар күш-жі- 

гері  мен  білімін,  еңбегін  жұмсап, 

үлес  қосу  перзенттік  парыз  болған, 

Қаз  дауысты  Қазыбек  би:  «Алтын 

ұяң – Отан қымбат... туып-өскен елің 

қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің 

қымбат», – деп тебіренген ғой. Қазақ 

елі – біздің Отанымыз, атамекеніміз, 

қастерлеп келе жатқан туған жеріміз. 

Осы  жерді  жан-тәнімен  сүйетіндер 

де,  оны  көздің  қарашығындай  қор- 

ғап, сақтайтындар да ең алдымен қа- 

зақ  халқы,  оның  сендердей  ізбасар- 

лары. Қаршадайынан өз отбасын, әке- 

сі  мен  шешесін,  бауырлары  мен  ту- 

ған  туысқандарын  қастерлеп,  қадір 

тұтқан адам ғана есейе келе туған хал- 

қы  мен  ел-жұртын,  атамекенің  шын 

көңілмен  сүйетін  болады.  Өйткені 

халқымыз «Отан отбасынан бастала-

ды»  деп  бекерге  айтпаған.  Ата-ана- 

сын, өз үрім-бұтағын жанындай жақ- 

сы көріп сүймеген баланың ел-жұр- 

тын, халқы мен ұлтын сүйетін толық- 

қанды  азамат  болуы  екіталай.  Ұлт- 

жанды  кісінің  имандылық-адамгер- 

шілік қасиеттері, сондай-ақ, онын жек- 

жат-жұрағатқа  деген  оңды  көзқа- 

расынан да жақсы байқалады.

Қазақ елінің кез келген перзенті жұ- 

мыр жердің қай бұрышында жүрсе де 

өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқынан 

өз ұлты мен халқына деген сүйіспен- 

шілік  қасиеттерін  тайға  таңба  бас- 

қандай айқын байқатып отыруы тиіс. 

Бұл  үшін  ата-бабалардың  тарихы 

мен шежіресін біліп, оларды талдап 

таратуға  ерекше  мән  берген  абзал. 

Аталас  ағайындарының  аты-жөнін 

жүйелеп, оларды саусақпен санаған- 

дай айқын ажырата білу – кім-кімге 

де  болса  жарасымды  адамгершілік 

сипат.


Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырау- 

ға,  Еділ  мен  Жайыққа  дейінгі  ұлан-

ғайыр, кең жазира даланы ғасырлар 

бойы басқыншы жаудан сан рет қор- 

ғап,  бостандық  пен  тәуелсіздік  жо-

лында  шыбын  жанын  пида  еткен. 

Біздер халқымыздың қас батырлары 

Қабанбай  мен  Бөгенбайды,  Исатай 

мен Махамбетті, Кенесары мея Нау- 

рызбайды,  Қасымхан  мен  Абылай 

ханды,  Амангелді  мен  Бауыржанды 

қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың 

халқы үшін қалтқысыз қызмет етке- 

нін өзімізге үлгі-өнеге етіп, осындай 

ата-бабаларымыздың  болғанын  қа- 

лайша мақтан тұтпаймыз!



ОТБАСЫ МЕН НЕКЕ ПСИХОЛО-

ГИЯСЫ – психологиядағы неке жә- 

не отбасы проблемаларын зерттейтін 

пәнаралық  бағыт.  Отбасы  –  некеле- 

суден,  туыстық  байланыстардан  тұ- 

ратын  шағын  топтар,  жеке  өмірді 

ОТАН

ОТБА


413

ұйымдастырудың маңызды формасы 

және  әлеуметтік  қоғамдастық  түрі. 

О.–  үйірмелердің  жанұялық  бірлігі. 

Отбасы тәрбиесі – ұлттық тәрбиенің 

негізі  болып  табылады.  Отбасылық 

екіжақты жанжалдар – күйеуі мен әйе- 

лі де қатысатын отбасылық жанжал- 

дар. Отбасындағы жанжал катализа- 

торы – отбасында туындайтын жан- 

жалдың біріншілік себебі болып са-

налмайтын, бірақ ол жанжалға едәуір 

әсер  ететін,  оны  күшейтетін  немесе 

қолдайтын қандай да бір объективті 

немесе субъективті фактор. Социоло- 

гия,  экономика,  этнография,  тарих, 

заңтану, демография салаларындағы 

зерттеулерді  қамтиды.  О.  мен  неке 

психологиясын  жүйелеп  зерттеу  ал- 

ғаш  рет  XX  ғасырдың  20-жылдары- 

ның аяғында – 30-жылдардың басын-

да АҚШ-та басталды. Зерттеулердің 

қауырт  дамуы  нәтижесінде  60-70-

жылдарда  неке  мен  отбасы  зерттеу- 

лерін  жеке  бір  ғылым  етіп  саралау 

туралы мәселе белсенді түрде талқы- 

лана  бастады.  Алайда  бұл  объек-

тіні  ғылымдардың  әрқайсысы  өзінн 

етене  тән  көзқарас  тұрғысынан  қа- 

растыратынына байланысты бұл мә- 

селе шешілмеген қалпында қалды.

Неке мен отбасын психологиялық зерт-

теулерде  мына  мәселелер  қамтыла- 

ды: некенің сапасына ықпалы бар фак-

торларды зерделеу; отбасының даму 

циклі, отбасының рөлдік құрылымы, 

биліктің  отбасы  мүшелерінің  ара-

сында  бөлінуі,  ерлі-зайыптылардың 

арасындағы  қарым-қатынас,  некелік 

жұбын таңдаудың детерминанттары, 

тәрбиенің әртүрлі паттерндерінің нә- 

тижелігі, ата-аналар мен олардың ба- 

лаларының  психологиялық  ерекше- 

ліктері және т.б.

Отбасылық және некелік консульта- 

циялау  процесін  және  оның  нәти- 

желілігін  зерделеу  зерттеудің  жеке 

бір саласы болып сайланды. О. мен 

неке психологиясы жинақтаған мәлі- 

меттер отбасына көмектесуге бағыт- 

талған әр алуан әлеуметтік және пси- 

хологиялық бағдарламалар мен ұсы- 

ныстар қалыптастыру үшін негіз бо- 

лып  табылады.  Бұл  мәліметтер  тұ- 

тастай  алғанда  отбасына,  сондай-ақ 

оның жекелеген мүшелеріне коррек- 

циялық ықпал-әсер амалдарын жүзе- 

ге асырушы, отбасыларына қатысты 

жұмыс  жүргізуші  мамандар  мен 

қызметкерлер  даярлаудың  ғылыми 

принциптерін талдап белгілеудің не- 

гіздері  ретінде  пайдаланылады.  От- 

басы және неке психологиясы – пси- 

хологияның саласы неке, отбасы, ері 

мен зайыбының және олардың туыс- 

тарымен  қатынасының  антология- 

сын зерттейді.

ОТБА

ОТБА


414

өЖЕТТІЛІК – адам мінезінің ұнам- 

ды  қасиеттерінің  бірі.  Мұны  батыл- 

дық  ұғымының  синонимі  деуге  де 

болады.  Ө.  жүйке  жүйесі  күшті,  ми 

қыртысындағы  тежелу  процесінен 

қозуы  басым  адамдарда  жиі  кезде- 

седі. Ол ерік-жігер, қажыр-қайраттың 

жүректілік, ерлік, төзімділік, қайсар- 

лық  сияқты  басқа  да  қасиеттерімен 

тығыз  байланысып  жатады.  Бұл  қа- 

сиет көбінде принципті, ержүрек, ба- 

тыл адамдарда кездеседі. Өз шешім-

дерін  жүзеге  асыру  жолында  өжет 

кісі орасан зор табандылық көрсете- 

ді.  Қабылдаған  шешімінің  орында- 

луының  еш  мүмкіндігі  жоғына  көзі 

жеткенде  ғана,  жаңадан  тез  шешім 

қабылдап,  бұрынғысын  тоқтататын 

болады.  Нағыз  өжет  кісі  «орынсыз 

жерге пышақ ұрмайтын, ылғи да же- 

ті  өлшеп,  бір  кесетін»  интеллектісі 

жоғары  деңгейдегі  адам.  Өжет  кісі- 

лердің қатарына Б.Момышұлы, Т.Би- 

гелдин,  М.Мәметова  сияқты  тұлға- 

ларды жатқызуға болады.

өз КӘСІБІН АНЫҚТАУ – тұлғаның 

өз  еркімен,  ынтасы  ауған  еңбек  іс- 

әрекетінің  аумағын  таңдауы.  Әлеу- 

меттік  анықталу  бөлімі.  Өмір  мәнін 

іздеу  теориясы  –  тұлғаның  психо- 

коррекциялық  және  психотерапев-

тік  теориялары.  Бұл  теория  өмірдің 

мәні  жоқ  деп  санайтын  адамдардың 

мәселелерінің  психологиялық  сипа- 

тын түсіндіреді және жоғалған өмір- 

дің  мәнін  табуға  қажетті  психоте- 

рапиялық  және  психокоррекциялық 

процедуралардың негізін жасайды.

өзДІГІНЕН БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ – 

жеке адамның өзі басқаратын мақсат- 

ты танымдық іс-әрекеті; ғылымның, 

техниканың, мәдениеттің, саяси өмір- 

дің және т.б. қандай да бір саласынан 

жүйелі түрде білім алу. Ө.б.ж. – өзін-

өзі тәрбиелеу құралдарының бірі. Өз- 

дігінен  білімін  жетілдірудің  негізгі 

нысандары сан алуан. Адамның өзді- 

гінен білімін жетілдірудегі мақсаты – 

біліктілігін (мамандығын) немесе бі- 

лім деңгейін көтеру. О.б.ж. дағдыла- 

рын  қалыптастыруда  мектеп  маңыз- 

ды  рөл  атқарады.  Оқушылардың  О. 

б.ж.  дағдыларын  қалыптастыруға 

сыныптан  және  мектептен  тыс  әр 

түрлі  үйірмелердегі,  клубтардағы, 

дәрісханалардағы  сабақтар,  тәжі- 

рибелік жұмыстар және т.б. себепттер 

болады. Мектепте үйретілген Ө.б.ж. 

дағдылары арнаулы орта және жоға- 

ры  оқу  орындарының  оқу  процесі- 

не  тереңдетіліп,  жетілдіріледі.  Се- 

минардағы

;

  ғылыми  үйірмелердегі, 



студенттердің  ғылыми  қоғамдарын- 

дағы  сабақтардың,  зерттеу  эспеди- 

цияларына  қатысудың  және  т.б.  ма- 

ңызы зор.



өзІМШЛДІК (лат. еgо-мен) – 1) адам- 

ды  оның  қоғамға  және  басқа  адам- 

дарға  қатынасы  тұрғысынан  сипат- 

өЖЕТ

өзІМ


415

тайтын өмірлік принцип пен мораль- 

дық  қасиет.  Ол  басқалардың  мүдде- 

сімен  санаспайтын,  тек  өз  мүддесін 

ғана көздейтін жеке бастық теріс қа- 

сиетті бейнелейді. О. – жалған адам- 

гершілік  принцип  ретінде  амораль- 

дық  қасиеттер  болып  саналады;  2) 

субъекттің құндылық бағдары; өмір- 

лік  қарекетінде  өз  қамын,  өз  қажет- 

сінулерін басқа адамдар мен әлеумет- 

тік  топтардың  мүдделерінен  үстем 

санаушылық.  Ө.  көріністеріне  субъ-

ект өзінен басқаға қараған басының 

мақсаттарына жетудің объектісі, құ- 

ралы  деп  қарау  тән.  Өзімшілдіктің 

дамуы, тұлғаның үстем ой ниетіне ай-

налуы индивидті тәрбиелеудегі елеу- 

лі кемшіліктерден болады. Отбасын- 

дағы  тәрбиенің  бағдары  баланың 

өзін тым жоғары санауына, яғни эго- 

центризміне бағытталса, бала өз мүд- 

делерін, қажетсінулерін ғана негізге 

алатын  мінез-құлық  қалыптаса  бас-

тайды. Есейе келе мұндай мінез-құ- 

лық арқылы өзін ғана жақсы көруші- 

лік, өзінен басқаның күйініш-сүйіні- 

шіне немқұрайдылық деңдеп, субъект- 

тің сыртқы дүниеде өзін оқшау, жал- 

ғыз  санаушылығы  туындайды.  Қай- 

сыбір  психологиялық  және  әдептік-

психологиялық  тұжырымдамаларда 

Өадамның туа біткен қасиеті, осы- 

ның арқасында ол өзінің өмірлік қа- 

рекетін қамтамасыз етеді деп қарас- 

тырылады.  Әдеттегі  ұғымда  Ө.  аль-

труизмге  (көпшілдік)  қарама-қарсы 

мағынада қолданылады.



өзІНДІК САНА – адамның өзін жә- 

не  жеке  қасиеттерін  түсінуі.  Адам- 

ның  өзі  кім  екендігіне  ой  жүгіртіп, 

бойындағы күш-қуатын, ақыл-ойын, 

қабілеттілігін, әр бір іс-әрекеттерін ат- 

қарудағы ниеті мен мақсат-міндетін, 

өзін  қоршаған  орта  мен  әлеуметтік 

жағдайға, өзге адамдарға, өз басына 

деген  көзқарасын  білдіретін  қасиет- 

терін  анықтауы,  аңғаруы.  Өзін-өзі 

басқару негізі – 1) адамның белгілі бір 

іс-әрекетін  ұйымдастыру;  2)  топтың 

өзіндік ерекшелігін бейнелеуі; 3) өзін- 

өзі басқару негізі адамдардың ұйым- 

дастыру  шеберлігі  дамуының  дәре- 

жесіне сәйкес құрылуы тиіс. Өзін ұс- 

тай  білу  –  өмірдің  күрделі  жағдай- 

ларында адамның ішкі байсалдылы- 

ғын сақтап, ақылмен салмақтап әре- 

кет жасай білу қабілеті. Өзіндік сана-

сезім – адамның өзін практикалық жә- 

не танымдық іс-әрекеттің субьектісі, 

жеке  тұлға  (яғни  өзінің  адамгерші- 

лік қасиеттерін, қызығушылығын, құн- 

дылығын,  мұратын  және  мінез-құ- 

лығын) ретінде ұғынуы және бағала- 

уы. Ө.с- индивидке ғана емес, қоғам- 

ға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлтқа 

тән.  Өзіңдік  сана-сезім  рефлексия- 

мен тығыз байланысты, мұнда ол тео-

риялык ойлау деңгейіне көтеріледі.

өзІНДІК ТӘРТІП – 1) адамның өзі- 

нің  мінез-құлқын  бақылауы.  «Өзін-

өзі бақылаудың» синонимі; 2) кейде 

«өзіндік  жаза»  мағынасында  қол- 

данылды. Өзін-өзі алдау – өзінің шек-

теулерін  дәл  түсіне  алмағандықтан 

адамның  өзін-өзі  алдауы;  өзін-өзі 

алдағанын адамда өзін-өзі қабылдау 

қабілеті болмайды. Өзін-өзі аңғару – 

адамның өзін аңғару күйі.



өзІН-өзІ  АНЫҚТАУ  –  тұлғаның 

жалпы әлеуметтік қатынастар жүйе- 

сіндегі өзінің әлеуметтік рөлі мен по- 

зициясын таңдауы. Ш.Бюлердің көз- 

қарасы бойынша, тұлғаның толымды 

өзІН

өзІН


416

өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз 

ететін, өзінің ішкі мәніне сәйкес мақ- 

саттарды қоя білу мүмкіншілігі. Өзін- 

өзі бағалау – адамның өзіне сындар- 

лы  көзқараспен  қарап,  өз  мүмкінді- 

гін  өмір  талабына  сәйкес  бағдарлай 

білуі,  өз  мақсатын  нақтылау,  ойын 

түйіндеу қабілеттілігі. Өзін-өзі бағалау 

адамның  өзіне  деген  сенімін  артты- 

рып,  рухани  үйлесімділігін  дамыта- 

ды.  Өзін-өзі  бағалау  адамның  айла- 

ласындағылармен қарым-қатынасын, 

өзіне  сын  көзбен  қарауын  және  та- 

лап қоя білуін, жетістікке және сәт- 

сіздікке  қалай  қарайтынын  көрсете- 

ді.  Сонымен  қатар,  Өзін-өзі  бағалау 

адамның  іс-әрекетінің  тиімділігіне 

және  оның  тұлға  ретінде  дамуына 

әсер етеді. Өзін-өзі бағалау ең алды- 

мен, адамға басқалардың беретін ба- 

ғасына қарай қалыптасады. Адам өзін 

айналасындағылар қалай бағалайты- 

нына қарай  өзін-өзі бағалауға бейім 

келеді.  Өзін-өзі  байқау  1)  адамның 

өзінің мінез-құлқын, өзін бақылауы; 

2) интоспекцияның синонимі.

өзІН-өзІ  БАСҚАРУ  –  ұжым  мү- 

шелерінің  өз  ортасында  басшылық 

етіп,  басқару  әрекеті.  О.-ө.б.  негізі-

нен  мекемеден  тыс  жұмыс  түрінде 

кеңінен көрініс береді. Өзін-өзі бекі- 

ту  –  адамның  өзін-өзі  білдіру  мен 

өзін-өзі  ашуға  деген  іргелі  қажетті- 

лігі. Ө.-ө.б. негізгі мотиві – тіршілік- 

тің  берілген  жағдайларында  едәуір 

толымды  өмірге  жетуге  және  ұжым 

мен  қоғамда  мәнді  әрі  жағымды 

әлеуметтік-психологиялық мәртебеге 

жетуге ұмтылыс. Ө.-о.б. адамдар кө- 

бінесе  үлкен  рухқа  ие  және  жоғары 

дамыған  талаптану  деңгейімен  си-

патталып,  іс-әрекетте  басқалардан 

жоғары нәтижелерді көрсетуге тыры- 

сады. Өзін-өзі танытумен байланыс- 

ты  ұғымдардың  бірі  –  Ө.-ө.б.  мәсе- 

лесі  психоанализде  де  арнайы  қа- 

растырылған. А. Адлердің пікірінше, 

тұлғаның  Ө.-ө.б.  ұмтылысы  оның 

жастық  кезеңінен  қалыптасқан  ке- 

містік  сезімін  компенсациялау  жо- 

лы  ретінде  пайда  болады.  Оның  тұ- 

жырымдауынша,  егер  невротиктер-

де  О.-ө.б.  басқалардың  Менін  басу 

негізіндегі  өзін-өзі  жүзеге  асыру 

ұмтылысымен, көбінесе эгоцентрлік 

бағытта іске асса, ал психикасы сау 

адамдарда  ол,  ең  алдымен,  белгілі 

бір мақсатқа жетуде кездесетін қиын- 

дықтарды  жеңуге,  өмір  талабынан 

шығатын  шынайы  міндеттерді  ше- 

шуге  бағытталған,  яғни  өзінің  әлсіз 

Менін  жеңуінде,  бүгінгі  Меніне  өк- 

темдігінде  көрінетін  тұлғаның  өзін- 

дік өктемдігі түрінде жүзеге асады.

өзІН-өзІ  БЕЛСЕНДІЛЕНДІРУ  – 

адамда  бар  нышандар  мен  қабілет- 

тіліктерді іс жүзінде барынша қолда- 

ну нәтижесі және үрдісі және тұлға- 

ның  өзін-өзі  үнемі  дамытуға  ұмты- 

лысы.  Өзінің  әлеуметтік  мүмкіндік- 

терін  үнемі  неғұрлым  толық  ашып 

дамытуға  ұмтылушылық  тән  тұлға. 

Мұндай тұлғалар шығармашылыққа, 

толыққанды қарым-қатынас жасауға, 

өз ойыңдағысын орындауға қабілет- 

ті. Өзін-өзі белсенділендіретін тұлға 

ізгілікті,  тұлғалық  бағдарлы  тәрбие 

жүйесінде қалыптасады. Өзін-өзі бел- 

сенділендіру  теориясы  –  тұлғаның 

өзін жетілдіруге қажетті және адам- 

ның  тұлға  ретінде  қалыптасуына 

оның өзін белсенділендіруге талпы- 

нуы қажет деп анықтаған тұлға пси- 

хологиясының гуманистік теориясы.



өзІН

өзІН

417

өзІН-өзІ  БІЛДІРУ  –  өзін-өзі  та- 

нытуға  мәні  жағынан  жақын,  тұл- 

ғаның  өзін-өзі  көрсетуді  білдіретін 

ұғымдардың бірі. Егер де ерте бала- 

лық шаққа жоғары психикалық функ- 

циялардың,  қабілеттердің  және  т.б. 

қалыптасуы тән болса, балаң жастық 

кезеңде әлеуметтік ойлау, өзіндік са- 

на, ынта және т.б. тән болады О-ө. б. 

жөніндегі  сауал  жасөспірімдік  және 

балаң  жастық  кезеңдерде  өте  өзек- 

ті  болады.  Ол  тұғаның  дұрыс  және 

үйлесімді  дамуының  негізгі  алғы- 

шарттары  ретінде  көрініс  табады. 

Осы  кезеңде  бағыттылық,  бағдар, 

өмірде,  қарым-қатынасты  дұрыс 

бағдарлай  білу  сияқты  маңызды  қа- 

сиеттер қалыптасады. Адамның осы 

қабілеттерін  белсенді  қалыптасты- 

ратын факторлардың бірі – алуан түр- 

лі  қарым-қатынас,  өзін-өзі  түрлі  іс-

терде сынап көру. Тұлғаның ө-ө.б.-іне 

әсер ететін – ол қоғам.

Кейбір  әлеуметтік  өзара  әрекеттес- 

тіктер  адамдық  «Менді»  төмендету, 

ынтаны  басу,  адамның  шынайы  мә- 

нісін  бұрмалау  сияқты  тенденцияға 

ие болады. Бұл жағдайларда тұлға бір-

тіндеп, адекватты ө-ө.б.-дің белгіле- 

рін жоғалтып, өзін-өзі жүзеге асыру- 

дың бұрыс жолдарын тандайды. Өз-

өзінің жетілмеген бейнесі, рефлексия- 

ға, яғни өзінің тек жеке әрекеттерін 

ғана емес, сондай-ақ тұтас тұлғасын 

дұрыс бағалауға қабілеттілігінің бол- 

мауы  адамды  ішкі  дағдарыс  жағда- 

йына,  ал  «өзіне-өзі  айтатын  сөздің 

болмауы» өзімен-өзі ішкі диалог құ- 

ра алмау жағдайына әкеледі. Белсен- 

діліктің себебі ретіндегі өзін-өзі біл-

діруге деген қажеттілік әртүрлі болуы 

мүмкін: біреулерде ол шектен тыс түр- 

лерде  (өзіне  сүйіспеншілік),  ал  бас- 

қаларда айқын көрінбеуі мүмкін.

Адамның өзінің ішкі «Меніне» қарсы 

тұра  білу  қабілеті  неғұрлым  нашар 

көрінсе, яғни адам неғұрлым өзін-өзі 

аз бағаласа, соғұрлым ол үшін сырт- 

қы  мәнерлілік  (көз  тартымдылық) 

мәнді  болып  табылады.  Сондай-ақ, 

өзін-өзі білдірудің әртүрлі жетілу дә- 

режесі  мен  қалыптасу  кезеңдері  бо-

лады.  Ерте  кезеңдерде  (ішкі  «Мен» 

бейнесі  қалыптаспаған  шақта)  тұл- 

ғада өзін-өзі білдіру өз «Менін» көр- 

сету түрінде көрініс табады. Өзін-өзі 

көрсету, өзін-өзі ашу тұлғаның өз «Ме- 

нің» шынайы және мәнерлі білдіруі- 

нің  айқын  қажеттілігіне  айналған 

кезеңінде ғана өзін-өзі білдіру жетіл-

ген дәрежеде көрінеді. Адам өмірде өз 

мінез-құлық  мәнерін,  сөйлеу  стилін 

және, ең бастысы, өзін-өзі әртүрлі қы- 

лықтарда, істерде білдіруге тырысады.

К.А.Абульханова-Славскаяның  пі- 

кірінше:  «Тұлғаны»  өзін-өзі  таны- 

туының негізі болып табылатын өзін- 

өзі білдірудің қиындықтары ұялшақ- 

тық, икемсіздік, қарым-қатынастағы 

мазасыздық немесе керісінше сенім-

сіздікті жасыратын әдейі жасалатын 

дөрекіліктен басталады».

Бұл – тұлғаның қарым-қатынасында, 

іс-әрекетінде, жалпы тіршілігінде кө- 

рінетін адамның өзін-өзі білдіре ал- 

мау мәселесі. К.А.Абульханова-Слав-

ская  өзін-өзі  білдіру  тәсілдерінің 

қызықты типологиясын ұсынды. Оның 

байқауынша, бір адам өзі шынымен 

не сезінсе, соны білдіреді және өзін 

өте  қызу,  экспансивті  көрсетеді.  Ал 

басқа  біреуі  болса,  сыртқа  өзін-өзі 

білдіру  үшін,  яғни  ішкі  дүниеден 

сыртқыға  өтуде  көрінбейтін  бөгетті 



өзІН

өзІН

418

жеңуге,  белгілі  бір  еріктік  күшті 

жұмсауға мәжбүр болады. Ал бірін- 

ші тип үшін ешқандай бөгет болмай-

ды. Үшіншісі парадоксалды тип, бір- 

дей жайттарда өзін әр түрлі, ал әр түр- 

лі жағдайларда өзін бірдей ұстайды. 

Төртінші тип барлық уақытта тек өз 

ішкі  дүниесінде  ғана  қалады,  сырт- 

қы  жағдаятты  «ескеріп»  қана,  тек 

оған  бейімделіп  өмір  сүреді.  Соны-

мен, автордың анықтауынша, өзін-өзі 

білдіру дегеніміз – іс-әрекетте, қарым-

қатынаста, өмір міндеттерін шешуде 

көрінетін,  адамның  өзін-өзі  тұлға 

ретінде жүзеге асыру тәсілі. Осылай-

ша,  тұлғаның  өзін-өзі  танытуының 

қажетті  тәсілі  ретіндегі  әлеуметте 

өзін-өзі білдіре алу қабілетінің маңы- 

зы зор екендігі анықталды.



өзІН-өзІ ЖҮзЕГЕ АСЫРУ – бұл 

тұлғаның  жетілген  өзіндік  реттеу, 

өзіндік басқару негізінде пайда бола-

тын, жақын ортада өзінің әлеуметтік 

статусын жоғарылату қажеттілігінен 

туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін 

әлеуметтік  тәжірибе  субъектісі  ре- 

тінде  өзін-өзі  бекіту  бойынша  дер- 

бес, саналанған, арнайы ұйымдасты- 

рылған іс-әрекеті. Осы процестің пси- 

хологиялықк  механизмдері  ретінде 

мыналарды бөліп көрсетуге болады:

1)  тұлғаның  арнайы  түрде  ұйым- 

дастырылған  өзін-өзі  зерттеуі  (өзін-

өзі тану); 2) адамның өз қасиеттері, 

қабілеттері, әлеуметтік құндылықта- 

ры жөніндегі түсініктердің қалыпта- 

суы  (өзін-өзі  анықтау);  3)  өзіне  ба- 

ғытталған  сыртқы  талаптарды  мақ- 

сатты түрде зерттеу, солармен өз әлеу- 

меттік  кемелдігін  салыстыру,  яғни 

өзінің әлеуметтік талаптарға сай бо- 

луға  дайындығын  анықтау  (өзін-өзі 

саналау);  4)  өзін-өзі  тәрбиелеу  мін-

деттерін бөліп алу, қоғамдық пайда- 

лы іс-әрекет барысында өз жеке ба- 

сы  бойынша  тәрбиелеу  жұмысын 

жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-

өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі 

бағалау  түрлерін  анықтау  (өзін-өзі 

дамыту).

Адамның  өзін-өзі  білуі,  басқаларға 

таныта білуі – оның ішкі адамгерші- 

ліктік  болмысын,  интеллектуалдық, 

творчестволық мүмкіншіліктерін ашу- 

ға үздіксіз ұмтылысы, өз бойындағы 

қасиеттері мен мүмкіншіліктерін ақи- 

қат  дүниеге  белсенді  таныту  проце- 

сі.  Бұл  ұғым  алғашында  гуманистік 

психологияда  пайда  болып,  кон- 

цептуалдық тұрғыда құрастырылды. 

А.Маслоу бойынша, өзін-өзі таныту – 

адамның  өзінің  бойындағы  барлық 

творчестволық қабілеттері мен мүм- 

кіншліктерін  едәуір  толық  ашып, 

жүзеге  асыруға  үздіксіз  ұмтылысы. 

Ол  қажеттіліктер  иерархиясында 

ең  жоғарғы  орынды  алады.  Екінші 

тұрғыда  өзін-өзі  таныту  нағыз  бел- 

сенділігі,  шынайы  әрекетті  білдіре- 

тін  ұғым  ретінде  түсініледі.  Ағыл- 

шын тілінде «action» әрекет мағына- 

сын  білдіреді.  Ал  өзін-өзі  танытуға 

мәні  жағынан  жақын  ұғым  ретінде 

қолданылатын өзін-өзі жүзеге асыру 

ұғымында «геаlіzаtіоn» – Оксфордтық 

ағылшын  тілі  сөздігіндегі  анықтама 

бойынша белсенділікті емес, ал ең ал-

дымен, адамның саналау, ой-әрекетін, 

яғни  танымдық  іс-әрекетті  білдіреді 

О.-о.т. (латын тілінен, асtual – «шына- 

йы») – гуманистік психологияның не-

гізгі тұжырымдамалық ұғымы.

А. Маслоу бойынша, «Өзін-өзі таны- 

ту – адамның бар мүмкіндігі жеткен- 

ше, адам болуға ұмтылу, өзін-өзі же- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет