Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет62/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90

өзІН

өзІН

419

тілдіру, өз потенциалын жүзеге асы-

ру қажеттілігі. Бұл жол қиын, себебі 

ол белгісіздік пен жауапкершіліктен 

қорқу  сезімімен  байланысты  бола-

ды. Бірақ та ол – нағыз толыққанды, 

ішкі дүниесі бай өмірге әкелетін жол. 

Өзін-өзі  таныту  деңгейіне  шыққан 

адам қызғаныш, ашудан, сыншылдық 

пен жаман қылықтардан аулақ болып, 

өзінің шынайы Менін көрсете біледі. 

Өзін-өзі  танытатын  адамда  депрес- 

сия, эгоизм және т.с.с. күйлер туында- 

майды». О.-ө.т. ұғымы алғаш рет пси- 

хотерапевт  К.Гольдштейнмен  оның 

«Организм. Холистік тұрғы» атты ең- 

бегінде  ұсынылған  болатын.  Гольд- 

штейннің  пікірінше,  кез  келген  ор- 

ганизм,  әсіресе  адам  организмі  өзі- 

не  табиғатынан  берілген  мүмкінші- 

ліктерін ашып, танытуға ұмтылады.

Осы  мүмкіншіліктерді  ашу  проце- 

сін  К.Гольдштейн  өзін-өзі  таныту 

деп  атаған  және  оны  адам  өмірінің 

негізгі түрткісі және мақсаты деп тү- 

сінген. К.Роджерстің (1902-1987) тұ- 

жырымдамасында  Ө.-ө.т.  –  адамды 

әртүрлі  деңгейлерде  дамуға  мәжбүр 

ететін  күш  ретінде  анықталды.  Бұл 

қасиет  адамның  моторлық  дағдыла- 

рын  меңгеруден  бастап,  оның  жо- 

ғары шығармашылық шыңдарға же- 

туін  анықтайды.  К.Роджерстің  пікі- 

рінше,  адамның  өмір  сүруге,  өсуге 

және  дамуға  деген  туа  берілген  ба- 

ғыттылығы  мен  қабілеттілігі  бола- 

ды.  Барлық  қажеттіліктер  осы  тен- 

денцияға  бағынады,  олар  жағымды 

даму  мақсатында  қанағаттандыры- 

луы тиіс.

Бала өзінің жасаған әрекеттеріне тә- 

уелсіз,  басқалардың  өзіне  деген  сү- 

йіспеншілік сезімін білуі қажет. Сон-

да ғана айналадағылармен жағымды 

қатынас пен өзіндік жағымды қаты- 

насқа деген қажеттілік өзін-өзі таны- 

ту қажеттілігімен қарама-қайшылық- 

та болмайды; тек осы жағдайда ғана 

белсенділік  психологиялық  жақтан 

толық әрі үйлесімді қызмет ететін бо- 

лады, В.Франклдың пікірінше, өмір- 

лік мақсат ретінде көрінетін өзін-өзі 

жүзеге асыру феномені мәнісі жағы- 

нан, эгоцентрлік болып табылады. Ал 

өзін-өзі  таныту  болмыстың  ерекше 

«мағыналық»,  «тұлғадан  жоғары» 

мақсаттарға  жетудің  амалы  болуы 

үшін  адам  басқаларға  бағьтталып, 

болмыстың мағыналық категорияла-

рына көңіл бөлуі қажет.

Қазіргі  заманғы  ресейлік  психоло-

гияда  өзін-өзі  танытудың  әртүрлі 

сипаттамаларын  негіздаумен  айна-

лысып  жүрген  ғалымдардың  ішін-

де  ресейлік  психологтар  А.А.Реан 

және  Е.В.Вахромовты  атауға  бола- 

ды. А.А.Реан өзін-өзі танытуды жетіл-

ген тұлғаның маңызды сипаттамасы 

ретінде  санап,  өзін-өзі  дамытуды 

адамның  өмір  жасын  ұзартудың 

мықты көзі ретінде тапқан. Ол өзін-

өзі  танытатын  тұлғаның  маңызды 

анықтауышы  ретінде  өзіндік  транс-

ценденттілікті бөліп қарастырады.



өзІН-өзІ  ҚАСТЕРЛЕУ  –  өзін-өзі 

білдіру  мен  өзін-өзі  көрсетуге  әсер 

ететін,  тұлғаның  өзіне-өзі  жағымды 

сезімі.  Әрбір  адамның  өзін-өзі  сүю 

сезімінің  «соқыр»  эгоистік,  сезімге 

ауыспауы шарт. Өзін-өзі сүйетін же- 

тілген тұлға ешқашан өз ар-намысын 

жоғалтпай, сәйкес өзін-өзі бағалауға, 

өзін-өзі  сыйлауға  қабілетті  болады. 

Ол әрқашан өзінің сыртқы келбетіне, 

дене бітіміне, сондай-ақ ішкі жан дү- 

ниесіне  мән  беріп,  өз-өзіне,  өз  істе- 



өзІН

өзІН

420

ріне  ұқыптылықпен  қарайды,  өзін-

өзі  ылғи  жетілдіру  үстінде  болады, 

әртүрлі  салаларда  өзін  көрсетуден 

қорықпайды. Сонымен қатар, мұндай 

адам өзін жаратылысы қандай болса, 

солай  қабылдайды.  А.Маслоудың 

тұжырымдамасы  негізінде  жасалған 

Э.Шостромның  өзін-өзі  таныту  тес- 

тінің  шкалаларынының  ішінде  өзін-

өзі  сыйлау  және  өзін-өзі  қабылдау 

шкалалары да бар. Мұның өзі өзіндік 

сүйіспеншіліктің  тұлғаның  өзін-өзі 

танытуына  қолайлы  жағдай  тудыра- 

тынын  көрсетеді.  Ө.с.  бір  уақытта 

Меннің  қозғаушы  күшін,  оның  бел-

сенді жағын білдіре отырып, тұлғаны 

әлеуметтік  ортамен,  басқа  адамдар-

мен салыстыру тәсілі ретінде қызмет 

етеді.

Сонымен  қатар,  өзіндік  сүйіспенші- 



лік  тұлғаның  құндылықтық-адам-

гершіліктік  аумағының  дамуына  да 

маңызды рөл атқарады, онсыз өмірге 

қанағаттылық, толымдылық сезімі ту- 

майды. Сондықтан, өзін-өзі білдіру- 

дің,  яғни  өзін-өзі  танытудың  түрлі 

типтерін  анықтауда,  өзіндік  сүйіс- 

пеншілікті  де  есепке  алу  маңызды. 

Ал мұның өзі өзіндік сүйіспеншілік- 

ті  тұлғаның  өзін-өзі  бағалауын  тәр- 

биелеудің,  мотивацияны  көтерудің, 

өмірлік мағынаны табудың әсерлі ал- 

ғышарты  ретінде  қарастыруға  мүм- 

кіндік береді.



өзІН-өзІ ТӘРБИЕЛЕУ (ағыл. Self- 

development)  –  адамның  өзінің  тұл- 

ғалығын  алдына  қойған  мақсатына 

сәйкес қалыптастыруы. Ө.-ө.т. қажет- 

тілік өзінің кемшіліктерін саналы ұғы- 

ну негізінде басталады. Ө.-ө.т. дара- 

лық ерекшеліктерін, қабілеттерін жә- 

не мүмкіндіктерін адекватты (сәйкес) 

талдамай жүргізуге болмайды. Ө.-ө.т. 

адам  өміріне  үздіксіз  жасалады.  Ө.- 

ө.т.-ді осылайша түсіну, жалпы түр- 

де, екі негізгі жайтты бейнелейді: бі- 

ріншіден; адамның өз жеке басы бо- 

йынша  жұмысы  ерекше  түрдегі  іс-

әрекет болып табылады және, екінші- 

ден, Ө.-ө.т. өзін-өзі өзгертудің ең жо- 

ғары  деңгейі  болып  табылады,  бұл 

тұлғаның саналы да мақсатқа бағыт- 

талған өзін-өзі өзгертуі. Ал кез кел- 

ген іс-әрекет үшін, әсіресе іс-әрекет 

үшін, әсіресе өзін-өзі өзгертудегі іс- 

әрекет үшін жеткілікті дәрежеде да- 

мыған  ерік  қажет.  Ерік  Ө.ө.т.  бағ- 

дарламасын  іске  асырудың  қажетті 

негізі болып табылады. Л.И. Рувин- 

ский  бойынша,  Ө.ө.т.-дің  келесі  тә- 

сілдері  бар  –  өзін  күштеу,  өзін-өзі 

анықтау,  өзіне  бағыну,  өзіндік  бұй- 

рық, өзіне еске салу. «Ө.ө.т. бағдар- 

ламасы  өзін-өзі  қадағалау  мен  өзін-

өзі  ынталандырудың  құралдарымен 

іске асады. «Ө.ө.т. – адамның өзінің 

теріс қылықтарын жойып, жағымды 

қасиеттерін  жетілдіру  жөніндегі  са-

налы, мақсатты іс-әрекеті.

Өзін-өзі тәрбиелеу элементтері мек-

теп  жасына  дейінгі  балаларда  кез-

деседі.  Бұл  кезде  бала  өзінің  жеке 

тұлғалық қасиеттерін түсінбейді. Бі- 

рақ  өзінің  мінез-құлқының  ұнай- 

тынын-ұнамайтынын  ұғып  алады. 

Өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  бағалау  және 

өз  қылықтарын  талдау  жеткіншек- 

алды жаста байқала бастайды. Жет- 

кілікті  әлеуметтік  тәжірибенің  жә- 

не психологиялық дайындықтың жоқ- 

тығынан  жасөспірімдер  өз  қылық- 

тарының мотивтерін түсіне бермейді. 

Сондықтан  үлкендердің  көмегінсіз 

өзін-өзі  тәрбиелей  алмайды.  Оларға 

міндетті түрде педагогикалық жетек-



өзІН

өзІН

421

шшік қажет. Жеке адамдық қасиеттер 

жасөспірімдік жаста едәуір дәрежеде 

қалыптасқан. Ө.-ө.т. жеткіншекалды 

жасқа  қарағанда  мақсатты  және  са-

палы түрде болады. Ө.-ө.т. – адамның 

моральдық қасиетінің бір түрі. Адам 

өзінің іс-әрекетін, ақыл-санасын іштей 

бақылап,  бағыттап  отыруы,  өзін-өзі 

бақылау  арқылы  жаман  әдеттерден 

тыйылып, жақсы әдеттерін, жағымды 

мінез-құлқын  дамытып  жетілдіреді. 

Өзін-өзі бақылау, тәрбиелеп жетілдіру 

үшін еркін берік ұстауы, ұстамдылы- 

ғы, саналы әрекеті қажет.

өзІН-өзІ ҰСТАУ – адамның өз іс- 

әрекетінің шырқын бұзатын, эмоция- 

лық саласына ықпалы болатын жағ- 

даяттарда өз қарекетін жүзеге асыру- 

ға  қабілеттілігі.  Өзін-өзі  ұстауда  іс-

әрекетгі  реттейтін  психикалық  про- 

цестерді  ерік-жігер  арқылы  ұйым- 

дастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу – 

тұлғаның эмоциялық және әлеуметтік 

кемелділігінің көрсеткіші.



өКІНУ – істелген әрекеттің қателі- 

гін, адамгершілікке жат немесе қыл- 

мысты  болу  салдарын  сезініп,  ар-

ождандық  күйзеліс  күйін  білдіретін 

ой нәтижесі. Ө. – адамның өзінің кі- 

нәсін  мойындап,  жағымсыз  қылығы 

мен қылмысына опынуы. Ар-ұяттың, 

ұжданның байқалуымен тығыз байла- 

нысты және тұлғаның өзін-өзі адам- 

гершілік жағынан бағалаушылық рө- 

лін атқарады.

өМІР САЛТЫ – индивидтердің, әлеу- 

меттік топтың, тұтас алғанда қоғам- 

ның өмірлік қарекетіне тән жиынтық 

ұғым.  Адамның  тіршілік  салты  оны 

тұстастай  кешенді  түрде  зерделеуге 

мүмкіндік береді. Бұған адамдардың 

еңбегі, күнделікті тұрмысы, мәдениеті, 

әлеуметтену жағдайлары мен белсен- 

ділігі, көбінесе девианттық мінез-құ- 

лықтары  кіреді.  Әлеуметтік-тарихи 

Ө.с.(балалар,  жастар,  әйелдер,  ер 

адамдар, әскерилер, зейнеткерлер т.б.) 

болып сараланады. Ө.с. санаты алуан 

түрлі салыстырмалы талдауларда көп 

пайдаланады. Ол – белгілі бір адам- 

ның, қоғамға байланысты тіршілік іс-

әрекетінің  амалдары  мен  түрлерінің 

жиынтығы.  Жас  ұрпақты  салауатты 

өмір  салтына  тәрбиелеу  –  әрбір  тә- 

лімгер мен ата-ананың, тәлімдік білім 

беру мекемелерінің басты міндеті бо-

лып табылады.



өМІР ТІРШІЛІГІ. Өмір салтына жа- 

қын келесі бір психологиялық ұғым 

өмір тіршілігі деп аталады. Бұл тірі 

материяның бәріне тән және өмір сү- 

ру, тіршілік ету дегенге саяды. 

өМІРЛІК  ҰСТАНЫМ  –  адамның 

дүниетанымдық,  моральдық-психо- 

логияық  қасиеттері  және  оның  қо- 

ғамға  қарым-қатынасын  білдіру  ар- 

қылы  көрінетін  ішкі  қағидасы.  Ө.ұ.  

адам іс-әрекетінде белсенді (айнала- 

дағы шындықты өзгертуге үнемі ұм- 

тылу) немесе бәсең (қалыптасқан дәс- 

түр мен норманы сақтау) түрінде кө- 

рініс береді. Ө.ұ. – жеке адамның іс-

әрекетінің  белгілі  бір  бағыттылығы. 

Адамгершілік бағытта Ө.ұ. жеке адам- 

ның  мінез-құлық  жүйесінен  көрініс 

табады,  адамдардың  сенімінен,  ар- 

ожданынан, идеялық бір бағыттылы- 

ғынан  байқалады.  Адамның  өмірлік 

ұстанымының  шындығын  және  дұ- 

рыстығын  айқыңдау  қоғамның  про-

гресті бағытта дамуына сай келуімен 

өзІН

өМІР


422

өлшенеді. Тұлғаның жекебастық да- 

муын  анықтаудың  ең  басты  белгісі 

оның  қоғамдық,  тарихи  процестегі 

орнын белгілеу болмақ.

Адамның жеке тұлға ретінде қалып- 

тасуы, ең алдымен, оның өмірден өз 

орнын саналы түрде таба білуіне бай- 

ланысты. Жеке тұлғаның өзіндік өмір- 

лік ұстанымы оның қоғамға, қоғамдық 

байлыққа  деген  көзқарас  пікірден, 

іс-әрекетінен, қоғамдық қызметінен, 

өмірге  деген  көзқарасынан  білінеді. 

Адамның  өмірі  мен  қызметі,  өмірге 

деген көзқарасы оның мамандығына 

байланысты. Адамның өмірлік белсен- 

ді  ұстанымы  еңбек  процесінде  ай- 

қындалады,  шыңдалып  беки  түседі. 

Ол  іс-әрекет  пен  сөздің  бірлігінен, 

адамның алға қойған мақсатты орын- 

даудағы  белсенділік  пен  теориялық 

білім, білік, іскерлік қабілетін жүзе- 

ге асыра білуінен байқалады.

өНЕГЕ – ұлағатты адамдардың, қарт- 

тардың  жастарға  көрсеткен  үлгісі; 

айтқан насихаты. Ұлағатты адам жас- 

тарға үлгі-өнеге көрсетеді. Өнегелі – 

басқаға үлгі көрсететін, өзгеден өнеге 

үйрене  білетін  адам.  Өнегелі  адам 

иманды,  зерделі,  инабатты  болады, 

одан басқа адамдар жақсылықты үй- 

ренеді,  оны  өзіне  үлгі  тұтады.  Өне- 

гесіздік  адамгершілігі  жоқтык,  қо- 

ғамдық,  тұлғалық  қарым-қатынасқа 

сыйымсыз іс-әрекет ету.



ө Н Е Р   П С И ХОЛ О Г И Я С Ы   – 

шығармашылық суреткерлік харекет- 

тің  психологиялық  механизмдерін 

және  адамның  өнер  туындыларын 

жасау және ұғыну кезіндегі тұлғалық 

көрінісінің  ерекшеліктерің  зерттей- 

тін психологиядағы бағыт. Өнер пси- 

хологиясының өнер түрлеріндегі (му- 

зыка, бейнелеу өнері, әдебиет, театр 

және кино өнері, хореография, архи- 

тектура) дәстүрлі проблемаларды су- 

реткерлік шығармашылықтың туын-

ды туралы ниеттен бастап, оны ұғы- 

ну мен бағамдауға дейінгі барлық ке- 

зеңдердегі  проблемалары  болып  та-

былады.  Көркемдік  бейненің  пайда 

болуы, тәжірибе әсерлерін өңдеу шы- 

ғармашылық елестету мен ойлау, шы- 

ғармашылық  психикалық  күй  про- 

цестері, сондай-ақ тұлғаның белсен- 

ділігі мен бағыттылығы проблемала- 

ры,  суреткерлік  қабілет  пен  талант 

зерттеледі.  Отандық  өнер  психоло- 

гиясында жасы, білімі, мәдени деңге- 

йі,  әлеуметтік-демографиялық  бел-

гілері бойынша әр алуан топтардың 

көркемдік  ұғыну  процестері  зерде-

ленеді.


Суреткерлік туындының құрылымы- 

на деңгейлес ұғынудың психология- 

лық механизмдер, сондай-ақ бұл ұғы- 

ну процесі бұрмаланатын жағдайлар, 

көркемдік  тәжірибе  берудің  психо- 

логиялық мәселелері, суреткерлік қа- 

білеттерді; көркемдік талғамды, өнер- 

ге  эстетикалық  сезімталдықты  қа- 

лыптастыру мәселелері балалар шы- 

ғармашылығының ерекшеліктері зерт- 

теледі.  Өнер  туындыларын  ұғына- 

тын  адамдардың  эстетикалық  реак- 

циясының психологиялық механизм- 

дері  проблемасын  өнер  психология- 

сының негізгі проблемасы деп есеп-

теген  Л.С.Выготскийдің  пікірінше, 

эстетикалық реакцияны көркем шы- 

ғарма  құрылымының  өзі  бағдарлай- 

ды. Қазіргі заманғы Ө.п. суреткерлік 

шығармашылық  процесінінің  пси- 

хологиялық аспектілерін және сурет- 

керлік  ұғыну  процесін  бірлікте  жә- 



өНЕГ

өНЕР

423

не  өзара  байланысында  зерттеуге 

мүмкіндік  беретін  жүйелі  көзқарас 

тұрғысын жүзеге асырып келеді.

Халқымыздың мақал-мәтелдерде кө- 

бірек сөз болған тақырыптың бірі – 

өнер мәселесі. Қай халықтың да ұлт- 

тық  тілімен  қатар  ұлттық  өнері  бо-

лады. Біздің халқымыздың да барша 

жұрт сүйіспеншілігіне бөленген, жү- 

ректің тереңінен орын тепкен, ғасыр- 

лар бойы біртіндеп дамып қалыптас- 

қан  ұлттық  өнері  бар.  Өнер  –  шын- 

дықты  көркем  бейнелер  арқылы  та-

нып, білу. Халқымыз ертеден-ақ өнер- 

ді  ерекше  қастерлеп,  жезтаңдай  ән- 

шілер  мен  күйшілерді,  тілге  жүйрік 

шешендерді, бармағы майысқан ше- 

берлерді  құрметтеп,  майталман  та- 

ланттардың алдында бас иіп, олардың 

өнерін мақтан еткен, өздері де солар-

дай болуға ұмтылып отырған. Ол өз 

ұрпағына  өнердің  маңызын  түсінді- 

ріп қана қоймай, оны жатпай-тұрмай 

үйренуге,  бойға  дарытуды  мақсат 

еткен. Мәселен, «Өнерді үйрен де жи- 

рен»; «Өнерліге ер жоқ», «Өнерлі қол 

аш  болмас»,  «Өнерлінің  өрісі  кең», 

«Өнерліге  өлім  жоқ»,  «Өнерлі  өрге 

жүзеді», т. б. осы іспеттес мақалдар- 

дан  өнерді  үйреніп,  жаттықсаң  ғана 

меңгересің, білсең, бәрін де жеңесің, 

тетігін тапқан адамға қиындық бөгет 

бола алмайды, өнерлі адамның өрісі 

кең  болады,  өнер  адамның  көздеген 

мақсатына тезірек жетуге мүмкіндік 

береді,  бір  сөзбен  айтқанда,  өнер 

атаулының танымдық маңызы зор, ол 

адамды  жан-жақты  тәрбиелейді  де- 

ген идеялар ап-айқын көрініп тұр.

Өнер  халықтікі,  оны  тудыратын  да, 

бағалайтын да оның өзі. Өнер халық 

қолдауын  тапса  ғана  өмір  сүре  ала- 

ды, өнерді қоғамға телуші де, қоғам- 

нан аластаушы да халық. Сондықтан 

да, «Өнер көзі – халықта», «Халықтан 

асқан ақын жоқ», «Өнер тілі ортақ», 

«Шебердің қолы ортақ» деу арқылы 

халқымыз бүкіл адамзаттың озық ой- 

лы  өнер  үлгілерінің  баршаға  ортақ- 

тығын, өнерлінің халықтан асып еш- 

қайда  бармайтындығын,  оның  бар- 

лық уақытта жұртпен бірге болатын- 

дығын айта келіп, майталман өнер ие- 

сін әр уақытта да мақтаныш санаға- 

ны жайлы тұжырымдайды.

Адамның  көпшіл,  қоғамшыл  болып 

өсуі үшін де өнерлі болудың маңызы 

зор. Өнер адамның дүниетанымына, 

сеніміне,  адамгершілік  моральдық 

қасиеттерінің  қалыптасуына,  эсте- 

тикалық сезімдерінің тұрақтай түсуі- 

не,  алдына  қойған  мақсатының  ай- 

қындала  беруіне  игілікті  әсер  етеді. 

Сондықтан да, халық өз ұрпағының 

өнердің  сан  саласынан  толық  мағ- 

лұматы  болуын  аңсап,  бұған  қатты 

көңіл бөлген. Осыған орай: «Өнер – 

таусылмас  азық,  жұтамас  байлық», 

«Өнерлі өрге жүзер», «Керек тастың 

ауырлығы жоқ», «Талаптымен талас-

па», «Өнер – ердің қанаты», «Өнерлінің 

ырысы  –  жарқырап  жатыр  жолын- 

да» деп, өнер – құдіретті күш, ол жар- 

қын  болашаққа  жол  сілтейтін  жан 

серігің, ертеңгі күнгі жейтін тамағың, 

ішетін сусының, рухани байлығың деп 

тебіренеді.  Балғын,  балалық  шақ  – 

өнер  үйренуге  таптырмайтын  кезең. 

Балалық кезде қызығу да, құмарлық 

та күшті болады. Қызығу мен құмар- 

лық  ынтымақты  еңбексіз  өрге  бас- 

пайды. Жай әуесқойлық, көрсеқызар- 

лықпен әр нәрсеге бір ұмтылып, үл- 

кен еңбекті қаламайтын адамға өнер- 

өНЕР

өНЕР


424

дің  қонуы  екіталай.  Өнерді  үйрену- 

дің басты шарты – еңбек. «Домбыра 

үйренуге де зауық керек».

«Өнер  ұялайтын  кісісін  өзі  біледі», 

«Еңбек  үйренемін  десең  ерінбе», 

«Өнерді  үйренемін  десең  жерінбе», 

«Ерінбеген емер, қажымаған жеңер», 

«Ерінбеген етікші болады», «Жұмыс- 

тың  көзін  тап,  қисықтың  тезін  тап» 

деген  мақалдарда  жоғарыда  айтқан 

пікірлеріміз жақсы қолдау тауып тұр. 

Енжар,  жалқау  адамдар  өнермен 

жолдас бола алмайды. Өмір ләззатын 

қызықтай  алмайтын,  рухани  жағы 

қораш, психикасы нашар дамығандар 

да осылар. Халық: «Жалқаулық – жа-

ман ауру», «...Отыра берсең, жалқау- 

лық басынады», «Жалқаулық аздыра-

ды, еңбек оздырады», «Ерінбей еңбек 

қыл, жалықпай өнер біл», «Аузыңмен 

айтқанды, қолмен істе» деп жастарға 

енжарлыққа,  жалқаулыққа  салынба, 

жас  кезіңде  қимылдап  қал,  өнерді 

сөзбен емес, істе үйрен, әр нәрсе өз 

уақытында,  ерінбесең  ғана  дегеніңе 

жетесің, деп жөн сілтейді.

Өнерді  құлқы  сүймейтін  немесе  өз 

өнеріне күпінетін мақтаншақ, даңғой, 

атаққұмар адамдар да болады. Халық 

бұларды:  «Әншейінде  ауыз  жаппас, 

той дегенде өлең таппас», «Бояушы, 

бояушы  дегенге  сақалын  бояйды», 

«Олақ орақшы орақ таңдайды», «Жа-

ман  етікші  біз  таңдайды»,  «Алтын- 

ды еріте білмеген ірітер, теріні илей 

білмеген шірітер», «Өз үйінде ою ой- 

маған  кісі  үйінде  сызу  сызады»  деп 

өнер-білімнен, ғылым-білімнен жұр- 

дай  зердесіздерден  жұртты  жерінді- 

ріп, өнерлілік – адамның тамаша ру- 

хани бейнесінің белгілі екендігін қай- 

талап  айтып,  жас  жеткіншектердің 

назарын бұған баса аударып отырады.

Бұл жерде Фарабидің музыка ғылы- 

мы  жайлы  айтқандарына  қысқаша 

тоқталған  жөн  сияқты.  Әмбебап  ға- 

лым өнер психологиясы жайлы ой тү- 

йіндерін ортаға салады. 1) Ән, өлең, 

музыка – адамның жан дүниесіне көр- 

кемдік  жағынан  әсер  етуде  таптыр- 

майтын өнер; 2) бұлар жақсы мінез-

құлық нормаларын, адамның қоғам- 

дық  мұраттарын  қалыптастыруда 

елеулі  рөл  атқарады;  3)  музыка  мен 

ән адамда көркем эстетикалық сезім-

дерді  туғызу  арқылы,  кісінің  өзін-

өзі  тәрбиелеуінде,  бойдағы  нашар 

қасиеттерден арылуына ықпал етеді; 

4)  музыкалық  дарын  туғаннан  бо-

латын  қасиеттермен  қатар  өлшеусіз 

еңбек пен көп дайындықтың жемісі. 

5) өнер түрлерін танып білуде адам- 

ның түйсіктері, нақты тәжірибесі елеу- 

лі рөл атқарады.

өТЕМІСҰЛЫ МАХАМБЕТ (1804–

1846).  ХІХ  ғасырдың  30-40-жылда- 

рында Қазақстанның батыс аймақта- 

рын  мекендеген  халықтар  өмірінде 

ерекше  із  қалдырған  тарихи  оқиға- 

лардың бірі – Исатай-Махамбет бас- 

таған  шаруалар  көтерілісі  болды. 

Хандық, байлық езгіге қарсы шыққан 

халықтың  осы  азаттық  қозғалысын 

барынша  шындықпен  жырлаған 

ақындардың бірі – Махамбет Өтеміс- 

ұлы  (1804–1846)  еді.  Ол  езілген  ха- 

лықтың  жоғын  жоқтап,  ар-намысын 

қорғады. Исатай Тайманұлы бастаған 

шаруалар  қозғалысының  көрнекті 

басшыларының бірі ретінде тарихта 

аты қалған, туған халқына шын беріл-

ген,  сол  үшін  шыбын  жанын  пида 

еткен асыл ер, ардагер, азамат ақын өз 



өНЕР

өТЕМ

425

кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық, 

білімді адамы болды. Орыстың белгілі 

қоғам қайраткері, саяхатшы-жазушы 

Е.П.Ковалевский (1811–1869) Махам- 

бет  орысша  тіл  білетін,  халқын  жа- 

нындай сүйетін, аса сезімтал, бірбет-

кей, қара қылды қақ жаратын әділ, на- 

ғыз патриот, еңбекші бұқараға көсем 

бола алатын батыр, сергек көңілді кісі 

еді деп кезінде тебіренген болатын.

Махамбет шығармашылығын көпте- 

ген әдебиетші, тарихшы ғалымдары- 

мыз зерттеді. Құнды еңбектер жазды. 

Дегенмен, Махамбет шығармаларын 

философия,  этика,  педагогика  және 

психология  ғылымдары  тұрғысынан 

зерттеудің  қажет  ететіндігі  де  талас 

тудырмаса  керек.  Кеңес  психологы 

Б.М.Тепловтың айтуынша, әдеби мұ- 

ралар  психология  үшін  ешуақытта 

мәні  үдемесе  кемімейтін  бірден-бір 

қажетті  материал  болып  табылады. 

Олай  болса,  Махамбет  өлеңдерінің 

педагогикалық,  психологиялық  жа- 

ғын  көрсету  арқылы  біз  халқымыз- 

дың өткен дәуірдегі озық ой-пікірле- 

рімен танысуға мүмкіндік алып, олар- 

дың терең ойлы пікірлерін қазіргі күн 

талабынан  таразыға  салып,  тәрбие 

процесінде кәдеге асыратын боламыз.

Ата  жауымен  ақтық  демі  біткенше 

күресе  білу,  осы  жолдағы  ерлік,  ба- 

тылдық, төзімділік, жастарды Отанға, 

ата  мекенді  қастерлеу,  әскери-пат- 

риоттық тәрбие мәселелері – Махам-

бет  толғауының  да,  ондағы  тәлім-

тәрбиелік  идеялардың  да  ең  өзекті 

желісі  болып  табылады.  Жауынгер- 

ақын күрестің жолы ауыр, оның қиын- 

дығы көп, ауырлығы өлшеусіз дей оты-

ра, жастарға, сары уайымға салынып, 

босқа дәрменсіз болма, әлсіздікке жол 

берме, мақсатыңа сенімді бол деп, ел- 

ге қорған бола алатын ер-азаматтар-

дың психологиялық қасиеттерін сом-

дап көрсеткісі келеді.

Ер жігіт кеудеде жаны, бойда қуаты, 

баста  ойы  тұрғанда  торығу,  мұқалу 

дегенді білмей, қайғы-қасіретке бойын 

билетпеуі тиіс. Ал ерлік іс тек жігерлі, 

қажыр-қайраты мол адамның ғана қо- 

лынан келеді, адамның кісілігі, жақ- 

сы-жаман қасиеттері қиын-қыстау сәт- 

терде («Ермін деген жігітті, кеңшілік- 

те сынама») ғана жақсы байқалады.

Махамбет көтерілісі барысында хал- 

қы үшін қалтқысыз қимылдайтын ер 

жүрек, батыр адамдармен қатар, тек 

өз басының қамын ойлап, жолдастық 

қасиеттен  жұрдай  адамдардың  пси- 

хологиясын  алдыңғысына  қарама-

қарсы  қойып,  бұлардың  біріншісін 

жұртқа  үлгі  етсе,  кейінгілерінен  ха- 

лықты жирендіреді.

Жақсыменен дос болсаң, Айырылмас 

күні қос болсаң, Басыңа қиын іс түс- 

се, Алдыңнан шығар електеп, Жаны- 

ңа  не  керек  деп...  Жаманменен  дос 

болсаң, Айырылмас күні қос болсаң, 

Басыңа  қиын  іс  түссе,  Басқа  кетер-

бөлек  деп,  Қолдан  берер  есеп  деп, 

Сыртынан жүрер өсектеп.

Жеңістің кілті ұйымшылдық пен бір- 

лікте,  соңғы  екеуі  адамдар  арасын- 

дағы  шынайы  достық  пен  жолдас- 

тықтан туындайды. Жақсы дос сенің 

намысыңды қорғайды, қолынан кел- 

ген жәрдемін аямайды, қиын сәттер- 

де қол ұшын беріп, сен үшін жанын 

пида етуге әзір тұрады, жақсы дос – 

жанашыр, қамқоршы. Ақын осылайша 

нағыз достықтың белгісі қандай еке- 

нін  ашып  көрсетіп,  достың  да  досы 

бар екендігін айтып, жас жеткіншек-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет