ПСИХ
ПСИХ
453
лық тұрғыдан дұрыс түсіне алмай,
кейіннен ғылым сахнасынан шығып
қалды. Осы кезеңде жан қуаттарының
құрылымын тұтастай зерттеудің қа-
жеттілігіне ерекше мән берген ге-
штальтпсихология («гештальт» неміс
сөзі, қазақша «бейне», «түр», құрылым
деген ұғымдар бағыты пайда болды.
Оның негізін салған Макс Вертгей-
мер (1880-1943), Вольфганг Келлер
(1887-1967), Курт Коффка (1886-1940),
Курт Леви (3890-1947) т.б. еді. Олар
сананың ұсақ элементтерге бөлінуіне
қарсы шығып, жан құбылыстарының
тұтастығын, олардың өзіндік сапа-
ларының (тұтастық, тұрақтылық,
құрылымдық, фигура мен фонның
арақатынасы т.б.) ерекшеліктерін
көрсетті. Мәселен, бір күйді жоғары
не төмен дыбыстармен тартқанмен,
тыңдаушы дыбыстардың неше түрлі
болуына қарамастан, бұлардың қай-
қайсысын да бір мазмұнда қабыл-
дайды.
Гештальт психология жан қуаттары-
ның тұтастығын адамға әсер етуші
заттармен байланыссыз, кісіге бас-
тапқы кезден танылған жан құбылы-
сы деп, осы бейнелердің сыртқы ор-
таның әсерінен туындап отыратынын
еске алмады. Аталмыш кезеңде батыс
психологиясында пайда болған негіз-
гі бағыттардың бірі – фрейдизм еді.
Осы ілімнің негізін қалаған Австрия
психиатры Зигмунд Фрейд (1856-1939)
жан дүниесіндегі санасыз әрекеттер-
дің табиғатын зерттеді Ол адам сана-
сын қалыптасу жолын түс көру, гип-
ноз, түрлі ырықсыз құбылыстарды
зерттеу арқылы түсіндіруге болады
деп адам психикасының дамуында
биологиялық негізге – инстинктер-
ге ерекше мән беріп, әлеуметтік фак-
тордың рөлін жоққа шығарды. Фрейд
құштарлық пен нәпсіқұмарлықты
тіршіліктің арқауы деп ұқты. Жы-
ныстық ләззат (либидо) алу шығар-
машылық іс-әрекет дамуының қоз-
ғаушы күші деп, сананың рөліне же-
те мән бермеді.
Кейінірек шетел психологиясында
необихевиоризм, неофрейдизм, лого-
терапия, психогенетика, гуманистік
психология дейтін бағыттар пайда
бола бастады. Бұлар адамның жаны
қуаттарының заңдылықтарын түрлі-
ше зерттеу әдістері арқылы түсінді-
ре бастады. Кеңес психологиясын-
да адамның іс-әрекеті, сондай-ақ
(С.Л. Рубинштейн
;
А.Н.Леонтьев
т.б.) бір-бірімен қарым-қатынас жа-
сады (Б.Ф.Ломов т,б.), оның бағыт-
бағдары (Д.Н.Узнадзе т.б.) туралы
теориялар қалыптасты. Қазіргі кезде
әлемде психологияның 40-тан астам
саласы бар. Олардың бастылары:
психофизиология, зоопсихология, са-
лыстырмалы психология, әлеуметтік
психология, балалар психологиясы,
педагогикалық, психология, жас ерек-
шелігі психологиясы, еңбек психоло-
гиясы, шығармашылық психологиясы,
медициналық психология, патопсихо-
логия, нейропсихология, инженерлік
психология, психолингвистика, этно-
психология, практикалық психология,
дифференциалды психология, әскери
психология, спорт психологиясы,
эксперименттік психология, үкімет
немесе билік психологиясы және т.б.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОз
(грек. diagnosis – танып білу) – дә-
рігердің жеке адамның даралық-
психологиялық ерекшеліктерінің мә-
нін сипаттап, анықтауға бағытталған
ПСИХ
ПСИХ
454
қарекетінің түпкілікті нәтижесі; бұл
ерекшеліктердің белгілі бір уақыт
үшін мәнді жай-күйін бағамдау, одан
әрі дамуын болжау, психодиагности-
калық қараудың міндеттеріне орай-
лап нұсқамалар белгілеу мақсатымен
жүргізіледі.
П.д.-дың пәні – қалыпты күйдегі,
сондай-ақ патологиядағы даралық-
психологиялық айырмашылықтарды
анықтау. Педагогикалық диагноздың
аса маңызды элементі – әрбір нақты
жағдайда қаралушының мінез-құл-
қында белгілі бір көріністердің нелік-
тен байқалағынын, олардың себепте-
рі мен салдары қандай қажетті екен-
дігін анықтау. Психодиагиостиканың
құралдары арқылы белгілі бір да-
ралық-психологиялық ерекшелік-
терді анықтаған зерттеуші дегенмен,
олардың себептерін, жеке тұлғаның
құрылымындағы орнын тікелей көр-
сете алмайды. Бұл деңгейді Л.С. Вы-
готский нышандық (немесе эмпи-
риялық) диагноз деп атайды; ол бел-
гілі бір ерекшеліктерді не нышандар-
ды көрсетумен шектеледі, осылардың
негізінде тікелей практикалық қоры-
тындылар жасалады. Выготский мұн-
дай диагноздың анығында ғылыми
емес екенін, өйткені нышандарды
анықтағаннан диагноз өздігінен жа-
салмайтынын атап көрсетті.
Педагогикалық диагноздың дамуын-
дағы екінші кезең этнологиялық диа-
гноз болып табылады; мұнда тек бір
тұлғаның белгілі бір ерекшеліктері-
нің болуы ғана емес, неден болған
себептері де ескеріледі. Ең жоғары
деңгей – типологиялық диагноз, ол
алынған мәліметтердің жеке тұлға-
ның тұтас, динамикалық бейнесінде-
гі орны мен маңызын анықтауға сая-
ды. Диагноз болжамдаумен ажыра-
ғысыз байланысты. Выготскийше
болжам мен диагиоздың мазмұны
ұқсас, алайда болжам даму процесінің
өздігінен ілгерілеуінің ішкі қисынын
терең білуге, өткені мен қазіргісінің
негізінде даму жолын анықтауға жет-
кізеді. Болжамды жекелеген кезең-
дерге бөлу, осы арқылы ұзаққа созы-
латын қайталама бақылаулар жасалу
ұсынылады. Психологиялық диагноз
теориясын дамыту отандық психо-
диагностиканың маңызды міндет-
терінің бірі болып табылады.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ИНКАПСУ-
ЛЯЦИЯ – адамның ауыр жағдаятты
ойлап күйзелуіне жол бермейтін мі-
нез-құлық көріністерінің атауы. Мә-
селен, айуандықпен кісі өлтіру тура-
лы жазылған газеттегі мақаланы оқу-
дан бас тарту немесе апат жағдайы
болмай қоймайтын жағдайда мән
бермеу т.б.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕДЕРГІ –
психологиялық болмыстың (қорқу,
сенімсіздік, қаламау, тілемеу және т.б.),
адамның кейбір әрекеттерін нәтиже-
лі орындауға кесірі тиетін ішкі ке-
дергілер. Адамдардың іскерлік және
жекелік қатынастарында жиі кезде-
сіп ашық және сенім туғызатын қа-
тынастарға кедергісі болады. П.к.-
лер (бөгеулер). Әртүрлі әрекеттерді
орындауға кедергі болатын субъект-
тің енжар психикалық күйі. П.к.
эмоционалдық механизмі жағымсыз
қобалжулар мен нұсқаларды кү-
шейтуде – ұяңдықты, кінәлі сезімді,
үрейленуді, өзінің мүмкіншілігін
төмен бағалауды, атқаратын мін-
детпен дұрыс байланыстырмағанда
ПСИХ
ПСИХ
455
пайда болады. Индивидтің әлеуметтік
қылығында П.к. эмпатияның (басқа
адамға жаны ашып қарамау) жоқ
болғанында, әлеуметтік талаптарға
ыңғайланбағанында да көрініс бе-
реді.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС –
адамдарды толғандырып жүрген
мәселелерді шешуде, алдыңғы зерт-
теу нәтижелеріне негізделе оты-
рып, ақыл-кеңес беру арқылы пси-
хологиялық көмек көрсету. П.к. жай-
лары психологиялық кеңесті ұйым-
дастырып жүргізетін уақытты, тәсіл-
дерді, құралдарды және соны атқара-
тын орнын, психолог-кеңесшінің кли-
ентпен қарым-қатынас стилін т.б. ес-
кере қамтиды. П.к. – қарастырылатын
мәселелер сипатына қарай бөлінетін
психологиялық, кеңес берулердің
әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлға-
лық, отбасылық, психологиялық-пе-
дагогикалық, қызметтік т.с.с. П.к. –
психологиялық кеңес қызметкерлері
үшін жасалынған жұмыс кестесі,
психологиялық кеңес қызметкерлері-
нің атқаратын жұмыс түрлеріне қа-
рай уақытқа бөлуін жасау.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ УАҚЫТ –
адамның психикасында оның өмір-
лік жолының оқиғалары арасындағы
уақыттық қатынастар жүйесінің бей-
нелеуі. П.у.-қа өмірдегі әр алуан оқи-
ғалардың бірмезгілдігін, кезектесуін,
ұзақтығын, өту жылдамдығын, олар-
дың қазіргіге қатыстылығын, өткен-
ге және болашаққа карай қашықта-
уын, уақыттың тығыздығы мен со-
зылыңқылығын, үзіктілігі мен үздік-
сіздігін, шектеулігі мен шектеусізді-
гін сезінушілікті, жасты, жасқа қа-
тысты кезеңдерді (балалық, жастық,
кемел жас, қарттық) ұғынушылықты,
өмірдің ықтимал ұзақтығы туралы,
өлім мен мәңгі жасаушылық туралы,
өз өмірінің, отбасының, қоғамның жә-
не тұтастай адамзаттың өткен ұрпақ-
тары мен келешек ұрпақтарының
өмірімен тарихи байланысы туралы
түсініктерді қамтиды. Психология-
лық уақыттың зерттеуі үшін көркем
әдебиет пен философиялық әдебиет-
те мол материал бар.
Психологияда психологиялық уақыт-
ты түсіндіруге және эксперименттік
зерттеуге қатысты бірнеше көзқарас
тұрғысын саралауға болады. «Квант-
тық» тұжырымдамаға сәйкес әр мас-
штабты субъективтік «уақыт квантта-
ры» (милисекундтан онжылдықтарға
дейін) бар; олар уақыттың әртүрлі
ұғынылуына (мысалы, бірмезгілділік-
ті бағалау, психологиялық тұрғыдағы
қазіргіні саралау) себеп болады.
Оқиғалық тұжырымдама тұрғысынан
психологиялық уақыттың ерекшелік-
тері болып жатқан оқиғалардың ішкі
және сыртқы ортадағы, адамның іс-
әрекетіндегі өзгерістердің саны мен
қарқындылығына тәуелді. «Кванттық»
және оқиғалық көзқарас тұрғылары-
ның бірқатар іргелі проблемалары
шешілмеген, олар: психологиялық
уақыттың, қайтымдылығы мен көп
өлшемділігі психологиялық тұрғыдан
өткеннің, қазіргі мен болашақтың
реттік емес, жастық сауат санаттаудың
өлшем бірлігі.
Бұл қиыншылықтарды себептік-мақ-
саттық тұжырымдама арқылы еңсе-
руге болады; бұл тұжырымдама бо-
йынша психологиялық уақыт әнше-
йін хронологияяық аралықтар мен
уақиғаларды өздігінен алып бейнеле-
ПСИХ
ПСИХ
456
мей, «себеп-салдар», «мақсат-құрал»
типіндегі бір-бірінен туындайтын
оқиғалар аралық байланыстардың
күрделі жүйесін бейнелейтін болып
шығады.
П С И ХОЛ О Г И Я Л Ы Қ Ү Й Л Е -
СІМДІЛІК – әртүрлі топтар мен
ұжымдағы адамдар арасындағы тіл
табысушылық, мұндағылардын өз
ісінен рақат, ләззат алу, бейжай бо-
луына себепші болатын психология-
лық көңіл күйі. Топ мүшелерінің бір-
бірімен үйлесімділігі жарасса, яғни
бірінің іс-қылығы екіншісіне ұнай-
тын болса, бір-бірінің мінез-құлқын,
қарым-қатынасын жатырқамай дұ-
рыс қабылдаса – онда психология-
лық үйлесімділіктің болғаны. Ал
мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреу-
дің қарекетін екіншісі ұнатпаған
жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәр-
сенің өзі де кейде қолдау таппайды,
бірі екіншісін түсінбейді. Адамдар
арасындағы көзқарас пен сенім бір-
лігі, не оның әртүрлілігі, мүдделері
мен мінез бітістерінің, темперамент
ерекшелігінің қарама-қайшылығы да
үйлесімділікпен қатар үйлесімсіздік-
ке де себеп болады.
Егер адам шамадан тыс қазымыр,
тұйық не беймаза, не тәкаппар, өркө-
кірек болса да топтағы адамдармен
дұрыс сыйыса алмайды. «Қырық
кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деп
халық тегін айтпаған. Әйтпесе топтың
бірер мүшесінің міндеті осындай бо-
лып келсе тіпті қиын. Кейде топтың
жұрттан оқшау қалуы да осы жағдайға
бірден-бір себепші болады. Кісі топ
ішінде өз орнын біреуге жалбақтап,
жарамсақтану, не жағымпаздану жо-
лымен емес, өзінің табиғи болмысы-
мен сүйкімді. Қадір-қасиетімен, ашық,
жайдары мінезімен табады. Топқа
үйлесу үшін адамның білімділігі, іс-
керлігі, өз білгенін басқалардан аямай,
олармен зиянсьп бөлісуге, көмекте-
суге әзір тұрушылығы да қажет. Сон-
дай-ақ кісінің сырт бейнесі мен кел-
бет-кескінін, яғни дене күші факто-
рын да ескермесе болмайды.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫзМЕТ
ЖАСАУ – адамдарға маманданды-
рылған деңгейде психологиялық кө-
мек көрсету үшін мекемелер мен
ұйымдарда кұрылған арнайы қыз-
мет жүйесі. Психологтың мүмкін-
діктері – клиенттің өтініші бойын-
ша мәселелердің іс жүзінде шешуге
психолог-кеңесшінің қабілетті не
қабілетсіздік мүмкіндіктерінің тізімі.
Психологиялық кешен – адам өзінің
физикалық және психологиялық
кемшіліктері туралы қате (жаңсақ)
пікірі. Мұндай пікірлер адам өзінің
кемшіліктерін уайымдап, басқа адам-
дардан жасырын түрде ойлап, оларды
асыра бағалауыңда көрініс береді.
Моральдық-этикалық талаптар – прак-
тикалық психологтың моральдық-
этикалық кодексіне сәйкес психолог-
кеңесшінің жұмысына байланысты
талаптар. Бұл кодекстің ережелері-
нен психологтың әрекеттері ауыт-
қығанда, психолог моральды, кей
жағдайларда заңды түрде қоғам мек
әріптестерінің алдында жауапкер-
шілікке тартылаады.
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ зЕРТТЕУ
ӘДІСТЕРІ. Егер де ғылым әр уақыт-
та да жаңа деректермен толықтыры-
лып отырмаса дами алмайды.
Егер де деректерді жинақтау үшін
ғылыми негізделген әдістерді тек дұ-
рыс пайдалана білген уақытта ғана
ПСИХ
ПСИХ
457
ғылымның дұрыс және жемісті да-
муы мүмкін. Әдістерді негіздеу де-
геніміз – сол ғылымның әдіснамасы
мен әдістерінің арасындағы байла-
нысты қалыптастыру. Бұл жағдайды
психологияға қолданғанда психика-
ны философиялық тұрғыдан түсіну.
Зерттеу әдістеріне, оны құруға,
ұйымдастыруға және нәтижелерін
талдауға негізгі талаптарды анық-
тайды, зерттеу әдісі әр уақытта да
белгілі бір әдіснаманы бейнелей-
ді. Психологиялық зерттеулердің
объективтілігіне қойылатын жалпы
талаптарға мыналар жатады:
1. Объективтік психологиялық зерт-
теулер қағидасы зерттеу пәні ерек-
шеліктеріне тәуелді көптеген әдіс-
намалық құралдармен іске асады.
Оны былай түсіну керек: психика,
сана, ішкі және сыртқы көріністердің
бірлігінде зерттеледі. Осыған бай-
ланысты бұл қағиданың талаптары
бойынша кез келген психкалық құ-
былыстар сыртқы себептер мен іш-
кі жағдайлардың бірлігінде қарас-
тырылады. Психологияның негіз-
гі қағидаларының бірі – детерми-
низм қағидасын (психикалық құбы-
лыстардың себептік тәуелділігі) іске
асыру психологиялық зерттеулерді
объективтік принципке сәйкес құру
болып табылады. Объективтік қағида
адамды іс-әрекет үрдісінде зерттеуді
талап етеді, сондықтан да адамның
психикалық ерекшеліктерін оның
қылықтары бойынша бағалауға бо-
лады.
Объективтік қағида зерттеулерде қол-
данылатын әдістер және зерттеуші-
нің көзқарасы алынған нәтижелерге
әсер етуін талап етеді.
2. Психикалық құбылыстарды даму
үстінде зерттеу. Психологиялық зерт-
теулерді құрудың негізгі қағидасы
психикалық құбылыстарды даму үс-
тінде зерттеу болып тыбылады. Объек-
тивтік дүние әр уақытта қозғалыста
және өзгерісте болады, сондықтан да
оны бейнелеу өзгеріссіз, қозғалыссыз
болуы мүмкін.
Егер де психикалық құбылыстар үз-
діксіз өзгеріп, дамып отырса, ондай
жағдайда жан-жақты байқауға ба-
ғытталған кез келген зерттеулерді құ-
ру міндетті түрде қарастырылуы қа-
жет. Психикалық құбылыстарды да-
му барысында зерттеуде адамдардың
тек психикалық сапаларын анық-
тау жеткіліксіз, сонымен қатар пси-
хикасының қалыптасқан және қа-
лыптасып келе жатқан жаңа ерек-
шелігін талап етеді.
3. Жеке тұлғаны талдау-жинақтау
түрінде зерттеу әрбір адамның пси-
хологиялық келбетінде барлық адам-
дарға тән жалпылық, даралық қасиет-
термен сипатталады.
Әрбір адамның бойында жеке тұлға
ретінде жалпылық, ерекшелік және
даралық қасиеттердің болуы зерттеу
жұмысын ұйымдастыруды талдау-
жинақтау қағидасын басшылыққа
алуды қажет етеді. Күнделікті өмірдің
әртүрлілігіне қарамастан, әрбір адам
өзіне тән даралық психикалық қасие-
тін сол күйінде сақтайды. Осы жағдай
жеке тұлғаны талдау-жинақтау тұр-
ғысынан зерттеуді қажетсінеді. Адам-
ды талдау тұрғысынан зерттеу жеке
тұлғаны әр түрлі өмір жағдайлары
мен іс-әрекетте психиканың элемент-
терін тануға көмектеседі, ал жинақ-
тау – барлық жекелеген құбылыстар-
дың өзара байланысын анықтауға
мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаның психологиялық үр-
дістерін, дара психологиялық ерек-
ПСИХ
ПСИХ
458
шеліктерін зерттей отырып, психо-
логия әр түрлі зерттеу әдістерін қол-
данады.
Психиканы объективтік тұрғыдан
зерттеу жоғарғы жүйке қызметінің
физиологиялық заңдарын білуді
ұсынады. Психологияның әдістері
психикалық құбылыстарды зерттеу-
ге объективтік тұрғыдан қарауды
қамтамасыз ету ғана емес, тұлғаның
психикалық үрдістері мен қасиеттері
не үшін және қалай пайда болады, да-
миды және өзгерістерге ұшырайды?
Психология әдістері тәжірибемен
тығыз байланысты болуы қажет, де-
мек, практикалық міндеттерді шешу
үшін пайдалы. Мәселен, баланың
психикалық дамуын зерттеу үшін
оның психикалық дамуының негіз-
гі заңдылықтарын, ерекшеліктерін
анықтап алу керек, жан-жақты зерт-
теудің негізінде мектеп пен отбасын-
дағы баланың оқыту және тәрбие
беру үрдісін одан әрі жетілдірудің
тиімді тәсілдерін белгілеу. Психоло-
гия ғылымында кейіннен негізгі
әдістерге бақылау және эксперимент
жатады. Сонымен қатар психология-
да жеке әдістер де қолданылады: әңгі-
ме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәти-
жесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау адамның психикалық өмі-
рін зерттеу әдісі ретінде психология-
ны жиі қолданылады. Бақылаудың
көмегімен жекелеген психикалық үр-
дістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұл-
ғаның психикалық қасиеттерін зерт-
тейді, олар сырттай әр түрлі адамзат-
тың іс-әрекеттері «еңбек, оқу, ойын),
психикалық қалпы (көңіл күй, аф-
фект) түрінде аңғарылады.
Бақылау әдісі адамның психикасы-
ның, сыртқы көрінісінің (іс-әрекетте-
рі, қылықтары, басқа адамдармен
қарым-қатынаста аңғарылатын тіл-
дік ерекшеліктері, тұтастай мінез-
құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайын-
да іске асады, зерттеуші адамдардың
іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау
арқылы олардың психикалық өмірі-
нің ерекшеліктері туралы бағалай
алады, демек сыртқы объективтік фак-
торлардан адамның ішкі субъектив-
тік дүниесін түсінуге бағытталады.
Психологиялық бақылау мақсатты бо-
луы қажет: бақылаушы кімді не үшін
бақылайтынын нақтылы білуі және
түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау
кездейсоқ деректерді жинақтауға ай-
налады. Психологиялық бақылау бел-
гілі жоспармен немесе бағдарлама-
мен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдар-
ламасы бақылаушыны күні бұрын
дайындалған зерттеу мсәлелелері жә-
не деректермен қамтамасыз етеді.
Білгіленген жоспарсыз немесе бағ-
дарламасыз бақылаудың негізгі ба-
ғыты жойылады, соның салдарынан
адамның психикалық іс-әрекетінде
негізгі және маңызды жағы назардан
тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір
жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір
жүйелі бақылау бақылаудың тұрақты
жағдайын сақтауға мүмкіндік бе-
реді, сонымен қатар бақыланатын
деректердің арасында тығыз байла-
ныс жасауға жағдай тудырады.
Психологиялық бақылау, ереже бо-
йынша, ұзақ уақытты қажет етеді. Ба-
қылау неғұрлым ұзақ мерзімге жүр-
гізілсе, соғұрлым бақылаушы мол де-
ректер жинақтауға мүмкіндік алады,
соғұрлым тереңірек және сенімдірек
психологиялық қорытынды жасайды.
Көп жағдайда ұзақ мерзімді бақылау
шәкірттердің жас ерекшеліктерін
ПСИХ
ПСИХ
459
зерттеуде қолданылады, мәселен,
тілі мен ойлауын дамыту ерекшелік-
тері, эмоциялық ерекшеліктері мен
ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы
мен бейімділігі, мінез бітісі мен қа-
білеттілігі.
Бақылау әдісі дегеніміз – әр түрлі та-
биғи жағдайда жеке тұлғаның іс-
әрекеті мен қылықтарын қабылдау-
дың негізінде мақсатты зерттеу.
Бақылау табиғи жағдайда жүргізіле-
ді. Ескеретін мәселе, бақылау жүр-
гізілген кезде сол қадағалау нысаны
болып отырған адам бақылау жүргізі-
ліп жатқанын білмеуі керек, егер сез-
ген жағдайда шынайылық жоғалады.
Психологиялық зерттеудердің таби-
ғилығын сақтау-бақылауға қойыла-
тын бірінші талап. Бақылау әдісіне
қойылатын екінші талап – бақылау
үнемі мақсатты болуы қажет, яғни
зерттеудің мақсаты мен міндеттері
айқын қойылуы керек.
Бақылау әдісіне қойылатын үшінші
талап – оның нәтижесін тіркеу. Не-
гізінен әртүрлі техникалық құралдар
(бейнекамера, фотокамера, т.б.) жаз-
балардың түрлері (стенограммалар,
хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).
Психологияның негізгі әдістерінің
бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі. Егер бақылауда
зерттеуші өзін қызықтыратын пси-
хикалық үрдістердің байқалуын бей-
жай күтетін болса, ал экспериментте
зерттеуші өзіне қажетті жағдайда
жасайды. Сөйте отырып, экспери-
ментатор оларды тұрақты қамти ала-
ды. Басқа зерттеушілермен бірдей
жағдайда зерттеуді қайталай оты-
рып, экспериментатор зерттеушінің
әрқайсысының үрдістерінің дара ерек-
шеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына
қарай тәжірибені жүргізу шартын
өзгерте алады. Бұл эксперименттің
негізгі артықшылығы, сонымен қатар
ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді
табуға мүкіндік береді.
Эксперименттің барысында арна-
улы құралдар мен аппараттардың
көмегімен психикалық үрдістер
өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге
болады, мәселен, жауап беру (реак-
ция), оқу, еңбек, дағдылардың қалып-
тасу жылдымдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізі-
нен екі түрлі эксперимент қолданы-
лады. Олар зертханалық (лаборато-
риялық) және табиғи деп аталады.
Зертханалық эксперимент арнайы
ұйымдастырылып, құралдар мен ас-
паптарды қолдану арқылы жүргізіле-
ді. Зертханалық эксперимент адам-
ның психкалық ерекшеліктерінің
физиологиялық тетігін зерттеуде ерек-
ше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдіс-
тері мен психикалық қалыпты тиім-
ді зерттеу үшін қолданылады, ең ал-
дымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін
зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың
жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес
ассоциациясының ерекшелігі қара-
пайым немесе электрондық тахистас
көп сияқты құралдар көмегі пайдала-
нылады.
Ғылыми білімнің саралануы мен да-
муында тәжірибелік әдіс жетекші рөл
алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасыр-
дың екінші жартысында психология
өз алдына жеке ғылым ретінде фило-
софиядан бөлініп шығуы оның экс-
перименттік ғылым болуынан туын-
даған үрдіс еді. Лабораториялық экс-
перименттің нәтижелілігі мына тө-
мендегі жағдайлардан пайда болады
Достарыңызбен бөлісу: |