Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет68/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90

ПСИХ

ПСИХ

460

1.  Байқалатын  объект  жөнінде  экс- 

периментатордың  күн  ілгері  болжа- 

мы (гипотеза) болуы тиіс.

2. Тәжірибені күн ілгері белгіленген 

жоспар бойынша арнаулы методика- 

ға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибе- 

ні  өткізу  үшін  жағдайын  (тиісті  құ- 

жаттар) дайындау.

3.  Зерттеуші  зерттейтін  құбылысты 

өзі табады және оған белсенді әрекет 

жасайды.


4. Эксперимент жүргізуші кейде зерт- 

теліп жатқан құбылыстарды коррек-

циялау;

5. Эксперименттің нәтижесін қайта- 



дан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

6.  Эксперимент  нәтижелері  сандық 

және  сапалық  өңдеуге,  математика- 

лық  есептеулерге  ерекше  мән  беру 

т.б. Табиғи эксперименттің зертхана- 

лық эксперименттен өзгешелігі адам- 

ның  күнделікті  іс-әрекетінің  мазмұ- 

ны сақталады, зерттелетін құбылыс- 

ты міндетті түрде іске асыруға жағ- 

дайлар  жасалады.  Сонымен  қатар 

табиғи  экспериментте  байқау  әдісі- 

нің  және  эксперименттің  жағымды 

сапалары  араласып  келеді:  бірінші- 

нің табиғилығы, екіншісінің белсен-

ділігі.  Байқау  мен  эксперименттің 

аралық түрі болып есептелетін экспе-

римент табиғи эксперимент әдісі бо- 

лып табылады. Табиғи эксперимент- 

тің  негізін  салған  орыс  ғалымы  – 

А.Ф. Лазурский (1910). Оның негізгі 

мақсаты – зерттеудің эксперименттік 

сипатын  болмыстық  жағдайлармен 

ұштастыру.

Психологиялық-педагогикалық зерт-

теу  міндеттерін  шешетін  экспери-

ментті  психологиялық-педагогика- 

лық эксперимент деп атайды.

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттер- 

дің танымдық мүмкіншіліктерін зерт-

теуде,  жеке  тұлғаны  қалыптастыру- 

дың нақты жолдарын анықтауда рө- 

лі ерекше.

Адам  психологиясына  әсер  ету,  өз- 

герту  құралы  ретінде  эксперимент 

пайдаланылады. Оның осындай түрі 

қалыптастырушы  эксперимент  деп 

аталады. Өзіндік ерекшелігі сынада: 

ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, соны- 

мен  қатар  зерттеу  құбылыстарын 

қалыптастыру әдісі қызметін атқара- 

ды.  Қалыптастырушы  эксперимент 

үшін  зерттелетін  психикалық  үрдіс- 

терге зерттеуші белсенді араласады. 

Қалыптастырушы эксперименттің не- 

гізін салушылардың бірі В.В. Давы- 

дов, эксперименттің бұл түрін гене- 

тикалық-моделдеуші эксперимент деп 

атады. Ол балалардың психикалық да-

муын зерттеуді, тәрбие және оқытудың 

бірлікте  болуын  қамтамасыз  етеді. 

Демек, қалыптастырушы эксперимент 

шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды 

дамытушы әдіс болып табылады.

ПСИХОМЕТРИЯ  (грек.  меtrоп  – 

өлшем)  –  психикалық  процестердің 

уақыттық  сипаттамаларын  өлшеу; 

қазіргі уақытта психометрия дегенде 

көбіне психологиядағы өлшеулермен 

байланысты  мәселелердің  бүкіл  то- 

бы ұғынылады. Бұл тұрғыдағы ұғым- 

да  психометрияға  психофизика  да 

қамтылады. Психометриялық проце- 

дуралардың  аса  маңызды  белгісі 

олардың  стандартталғандығы  бо-

лып  табылады,  яғни  зерттеулердің 

мүмкіндігінше  неғұрлым  тұрақты 

сыртқы жағдайларда жүргізілуі көз- 

деледі. Алынған мәліметтер негізін- 

ПСИХ

ПСИХ


461

де  индивидуумдық  қасиеттердің  әр- 

түрлі шкалалары түзіледі де, нақты бір 

әдістеменің  (тестің)  сенімділігі  мен 

валидтілігі  туралы  қорытынды  жа- 

салады.  Соңғы  жылдары  өзгермелі 

жағдаяттарды  да,  сондай-ақ  сына- 

лушылардың  индивидумдық  ерек-

шелікгерінде  де  ескеруге  мүмкіндік 

беретін психометриялық процедура-

лар мен модельдер жасауға беталыс 

байқалады.  Алайда  зерттеулердің 

жалпы  психологиялық  және  диф- 

ференциалдық  –  психологиялық  ба- 

ғыттарың шын мәнінде біріктіру әлі 

жүзеге асқан жоқ.



ПСИХОНЕВРОз (психо... және грек. 

пеuroп – жүйке) – жеке адамның ойла-

уы мен сөйлеу, сезім-эмоция, мінез-

құлығындағы әртүрлі ауытқушылық- 

ты  сипаттайтын  психиатрия  мен 

диагностикалық  психоталдаудың 

басты  ұғымы.  Психоневроздың  ны- 

шанына ұғынылмаған еріксіз қимыл-

әрекетте  сірескен  психикалық  шие- 

леніс себеп болады. П. кейде жыныс- 

тық  құмарлықпен  агрессиялық  қи- 

мылдың  шиеленісу  барысында  өр- 

ши түседі. П. үрей мен күдікті қозды- 

рып  адамның  жүріс-тұрысындағы 

қимыл аумағын иемделу мүмкіндігін 

тарылтып,  оның  мінезіне  жағымсыз 

қасиетті жұқтырады.



ПСИХОПАТИЯЛАР (ірек. рsyche – 

жан,  раthos –  зардап шегу, ауыру) – 

мінез-құлық патологиясы; мұндайда 

субъектіде  оның  әлеуметтік  ортаға 

бейімделуіне  кедергі  келтіретін  қа- 

сиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз ай- 

қындығы байқалады.

П.-дың пайда болу салдары: 3) ауы-

ру (миға зақым келуі, инфекциялар, 

интоксикациялар  психожарақаттар 

және  т.б.);  2)  тұқымқуалаушылық, 

ұрыққа  зиянды  әсер,  туу  кезінде 

жарақат  алу  және  т.б.  факторлардан 

жүйке жүйесінің туа біткен кемістігі. 

Конституциялық  немесе  ақиқат  деп 

аталатын мұндай патологиялар, эмо-

циялар – еріктік саланың кінәраттар 

түрінде  бала  кезінде-ақ  көрінеді. 

Бұл  орайда  зият  біршама  сақталуы 

мүмкін. Ересек жаста П.-дың біліну 

дәрежесі  тәрбиеленген  жағдайына 

және  қоршаған  ортаның  ықпалына 

байланысты. П.-дың көріністері алуан 

түрлі.


Таза  типтердің  аз  аралас  нысандар- 

дың  басымдығына  қарамастан,  П.-

дың  мынадай  классикалық  типте- 

рі сараланады: 1) циклоидтер, мұның 

негізгі нышаны – циклінің ауытқула- 

ры  бірнеше  сағаттан  бірнеше  айға 

дейін болатын көңіл күйдің үнемі ал-

масып келуі; 2) шизоидтер – бұларға 

қарым-қатынастан тартыну, тұйықтық, 

бүкпешілік, ренжігіштік, эмпатияның 

болмауы,  жүріс-тұрыстың  болмауы; 

3) эпиллептоидтер, бұлардың негізгі 

нышандары  шектен  тыс  шамдан- 

ғыштық,  бұлтандық,  жасқаншақтық 

тән; 4) астениктер, бұларға әсершіл- 

дік,  психикалық  қоздырғыш  тән; 

тез  арықтау,  шамданғыштық,  жас- 

қаншақтық тән; 5) психастениктер – 

үнемі  алаңдап,  өзіне  сенімді  бол-

май,  қашанда  ойға  батып  жүреді, 

патологиялық  күмәншілдікке  бейім; 

б)  параноялық  психопаттар  –  аса 

құңды  идеялар  ойлап  шығаруға  бе- 

йім,  бірбеткей,  өзімшіл  болып  ке-

леді,  күмәнданушылығы  болмайды, 

өзіне нық сенімді болады және өзін 

тым жоғары бағалайды: 7) есірік пси- 

хопаттар – қайткен күнде де айнала- 



ПСИХ

ПСИХ

462

сындағылардың  назарын  өзіне  ауда- 

руға  тырысушылығымен  сипаттала- 

ды, бұл орайда оның нақты оқиғалар- 

ды  бағалау  өзіне  қолайлы  тұрғыда 

бұрмаланған  болады,  қарым-қаты- 

наста театрдағыдай мәнерленушілік- 

ке бейім; 8) орнықсыз психопаттар – 

негізгі нышандары: көңілшектік, ке- 

лелі  мүдделерінің  болмауы,  айнала- 

сындағылардың  ықпалына  тез  бе- 

рілушілік;  9)  органикалық  психо-

паттар  –  ақыл-ойының  туа  біткен 

шектеулілігімен  ерекшеленеді,  жақ- 

сы  оқуы  мүмкін,  бірақ  нәтижесіз, 

білімді  қолдану  не  бастама  көрсету 

қажет болған кезде өзін қоғамда ұс- 

тай біледі

;

 бірақ пайымдаулары жұрт 



ығыр болған түрде болып келеді.

П-мен  қалыпты  мінез-құлықтары- 

ның  арасында  анық  шекара  жоқ. 

Психопаттардың  аталған  типтеріне 

нормада  мінез  бітімі  ұқсас,  бірақ 

патологиялық (психопаттық) көрінісі 

жоқ  кісілердің  табиғаты  үйлес  ке-

леді.  Аурудың  немесе  психикалық 

жарақаттардың  ықпалымен  психо-

паттарда ұзаққа созылған невроздық 

күйлер, сондай-ақ депрессиялар пай- 

да болуы мүмкін. П.-дың профилак-

тикасында лайықты тәрбиенің, психо-

терапевтік және психофармакология- 

лық емдеудің маңызды мәні бар.

ПСИХОСЕМАНТИКА  (психо... 

және грек. semantikos – белгілеуші) – 

қабылдау,  ойлау,  жад,  шешімдер  қа- 

былдау  процестеріне  негіз  болатын 

мағыналардың  жеке-даралық  жүйе- 

сінің генезисін, түзілімін және функ-

ция атқаруын зерттейтін психология 

саласы.  П.  индивидуумдық  санада 

мағыналардың  (бейнелер,  символ-

дар, символдық әрекеттер, сондай-ақ 

белгілік  және  вербальдық  нысан-

дар)  болуының  әртүрлі  нысандарын 

зерттейді,  субъектіде  қалыптасатын 

мағыналар  жүйесіне  мотивациялық 

факторлардың  және субъекттің эмо- 

циялық  күйінің  ықпалын  талдайды. 

Эксперименттік психосемантиканың 

негізгі әдісі индивидуумдық сананың 

категориялық  құрылымдарының 

модельдік түсінігі болып табылатын 

субъективтік семантикалық кеңістік- 

терін құруға саяды. П. категориялану 

процесінің  жалпы  психологиялық, 

сондай-ақ  дифференциалдық-пси- 

хологиялық  аспектілерін  зерттейді. 

Соңғы  жағдайда  психосемантика- 

ның міндеті – белгілі бір индивидтің 

әлем  туралы  түсініктерінің  жүйесін 

оның  индивидуумдық  мағыналары 

мен тұлғалық мәндер жүйесін қайта 

құру  жолымен  қайта  құрылымдау 

болып табылады.



ПСИХОТЕРАПИЯ (грек. рsусhе – жан 

thraреіа – емдеу). Қысқаша айтқан- 

да  П.  адамды  (пациентті)  психоло- 

гиялық құралдардың ықпалымен ем- 

деу дегенді білдіреді. П. – кең өрісті 

мағынасы  бойынша  сау  адамдарға 

(клиенттерге) әртүрлі психологиялық 

қиын  жағдайларга  немесе  психика- 

сын  өңдеуге  көмекті  қажетсінгенде 

жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. 

Ондай көмектерді жеке-дара немесе 

топты  формада  маман  ұйымдасты- 

рады. Қазіргі кезде П. адамның, тұл- 

ғааралық қатынастың, топтық үрдіс- 

тердің  болмысына  байланысты  әр- 

түрлі  теориялық-әдіснамалық  ба- 

ғыттары  –  психоаналитикалық,  нео- 

бихевиористік,  когнитивтік,  гума- 

нистік,  нейролингвистикалық  бағ- 

дарламалау (НЛБ) және т.б. бар. П. – 



ПСИХ

ПСИХ

463

психология  мен  медицина  аралы- 

ғындағы,  адамдарға  іс  жүзінде  әсер 

ету  әдістері  мен  теориялық  білім- 

дер  саласы.  П.  ауру  адамдарды  ем- 

деу  мақсатында  қолданынатын  пси- 

хологиялық  құралдар  ережелерін 

қарастырады және оларды зерттейді, 

сипаттайды.  П.  адам  әртүрлі  пси- 

хикалық ауруға, жүйке ауруына және 

т.б.  эмоциялық  тұрақсыздық  күйіне 

ұшырағанда,  оның  көмескіленген 

ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша 

және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал 

ету  арқылы  емдеудің  жүйесі.  П. 

кеселге  ұшыраған  адамның  өзіне 

және  қоршаған  ортасына  деген  дұ- 

рыс  қатынасты  қалыптастыруға  ба- 

ғытталады.  Психотерапияның  кли- 

никалық тәсілдері – гипноз, аутоген- 

дік жаттығу, иландыру, өзін-өзі илан- 

дыру,  зейнелі  терапия.  Емші  мен 

аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен 

ұжымдағы сыйластық шипагерліктің 

әрбір адамға деген оң ықпалын арт- 

тырады.  Адамдар  арасындағы  жа- 

ғымды  мінез-құлықтар  әлсіреген 

адамның  өзін-өзі  дұрыс  тануына 

себепші болады.

ПСИХОТЕХНИКА  (психо.  және 

грек.  teсhпе  –  өнер,  шеберлік)  – 

психологиядағы  адамның  психика- 

сы туралы білімді еңбек іс-әрекетіне 

тікелей  байланысты  практикалық 

мәселелерді шешуге қолданумен шұ- 

ғылданатын бағыт. П. терминін 1903 ж. 

неміс психологі В. Штерн (1871–1938) 

ұсынды. Ғылым ретінде қалыптасты- 

руға  әрекеттенген  Г.  Мюнстерберг 

болды. П.-ның негізгі міндеттері: кә- 

сіптік  бағдар  мен  кәсіптік  іріктеуді 

жүзеге  асыру;  адамның  шаршау  се- 

бептері мен еңбектегі жаттығу ықпа- 

лын зерттеу, адамды мәшинеге, мәши- 

нені адамға ыңғайластыру мүмкінді- 

гін арттыру; тұтынушыға ықпал ете- 

тін түрлі тәсілдердін тиімділігін анық- 

тау:  жұмысшыларды  кәсіптік  даяр- 

лауда олардың психикалық қабілетін 

жетілдіру және т.б. Көп жағдайда П. 

«қолданбалы  психологиямен»  үй- 

лестіріледі де, оның құрамына еңбек, 

сауда психологиясын, әскери психо- 

логияны енгізеді.

ПСИХОТОКСИКОЛОГИЯ  (грек. 

toxion  –  у  және  ...логия)  –  медици- 

налық  психологияның  саласы;  пси- 

хотомиметик  не  галлюциноген  (де- 

мизид, мескалин, псилоцибин т.б.) деп 

аталатын химиялық заттардың әсері- 

нен  болатын  психикалық  бұзылуды, 

оның пайда болуы мен емдеу тәсіл- 

дерін,  нейрохимиялық  механизмін 

зерттейді.  Мұндай  заттардың  өте  аз 

мөлшерінің  өзі  (грамның  миллион- 

нан  бір  өлшемі)  психиканы  бұзады. 

Бұл  кезде  галлюцинация  болып,  ес, 

зейін,  ойлау  процестері,  эмоция  бұ- 

зылады;  адам  сандырақтайды  және 

т.б.

ПСИХОФИзИКА  (психо...  және 

грек.  physike/pysis  – табиғат) – жал- 

пы  психологияның  психикалық  жә- 

не  физикалық  процестер  мен  құбы- 

лыстардың  байланысын  зерттейтін 

саласы. Психофизиканың негізін не- 

міс психологі Г.Т.Фехнер (1801–1887) 

қалады.  Психофизиканың  ерекшелі- 

гін ол былайша сипаттайды: әртүрлі 

мінез-құлық  пен  психиканың  күйі 

физикалық  құбылыстар  мен  ахуал- 

дың айырмашылығынан туындайды. 

П. сенсорлық процесті, ондағы түй- 

сік,  шебін  және  психофизикалық 



ПСИХ

ПСИХ

464

шкаланы  құрастыруды  айқындайды. 

Мұндай ізденісте сенсорлық жүйенің 

сезімталдық  күйімен  қатар,  іштей 

белсенділік  ерекшелігі,  яғни  шешім 

қабылдау  ауқымы  да  ескеріледі. 

Осындай  көп  шамалы  мөлшерлеу 

ізденісіне  Р.  Шепард  және  т.б.  әдіс- 

темесі  ерекше  ықпал  етті.  Әдістеме 

түйсіктердің  өзара  үйлесімін  көп 

шамалы  субъективтік  кеңістікте  – 

эмоция  психологиясында,  психо- 

диагностикада,  психосемантикада 

қалыптастыруға  септігін  тигізетінін 

дәлелдеді.

ПСИХОФИзИКАЛЫҚ  ПРОБЛЕ- 

МА  –  психикалықтық  физикалыққа 

қатысы туралы жәйт. П.м. Декарт екі 

түрлі  субстанцияның  бар  екендігін 

дәлелдей  отырып  (материя  –  созы- 

лыңқы  және  ойлай  алмайтын  субс- 

танция, жан – ойлай алатын бірақ со- 

зылыңқы емес субстанция) жан мен 

тәнді қарама-қарсы қойғаннан кейін 

17 ғ-да ерекше мәнге ие болды. Бұл 

алшақтықты окказионалистер (А.Гей- 

линис  пен  Мальбранш)  психикалық 

және  физикалық  құбылыстар  ара- 

сындағы қатынасқа құдайдың арала- 

суы туралы қалыптасқан жағдаймен 

жоюға  тырысты.  П.м.-ні  айқындау- 

дың  жалған  ағымдары  психофиз. 

Қатарластық теориясы және оның әр 

түрлері тараған бат. психологияда әлі 

күнге дейін үстем болып отыр. П.м.-

нің  диалектикалық  материалистік 

шешімі психиканы материяның даму 

нәтижесі  деп  қарастыратын  монизм 

принципіне негізделген.

ПСИХОФИзИОЛОГИЯ  –  пси- 

хиканы  оның  нейрофизиологиялық 

субстратымен  бірлікте  зерттеуге  ба- 

ғытталған,  психология  мен  нейро- 

физиологияның  тоғысуындағы  пә- 

наралық зерттеулер саласы. 1830 ж. 

француз философы Н. Массиас ұсын- 

ған бұл бағыт нейрофизиология мен 

жалпы психологая аралығынан орын 

алады.  Бастапқы  кезде  физиология- 

лық дәл объективті әдістерге сүйене- 

тін психиканың ауқымды зерттеуле- 

рін  белгілеу  үшін  «физиологиялық 

психология»  ұғымымен  қатар  қол- 

данылады.  Психофизиологияның 

басты  мақсаты  –  нейрофизиология- 

лық механизмдерді түсіндіру арқылы 

психикалық құбылыстарды түсіндру 

немесе адам организмі қызметін тұтас 

синтездік  тұрғыдан,  құрылымдық-

мағыналық  сыңайдан  қарастыру  ар- 

қылы әрбір психикалық құбылыстың 

физиологиялық  тетігін  және  әрбір 

физиологиялық  процестің  психика- 

лық маңызын айқындау.

Қазіргі  кезде  психофизиологияда 

дәстүрлі әдістермен (сенсорлық, мо- 

торлық, вегетациялық реакцияларды 

тіркеу,  миды  жасанды  ширықтыру 

(стимуляция  және  миға  зақым  келу 

салдарын  талдау)  қатар  электрфи- 

зиологиялық  әдістер  (электрэнце- 

фаллография  және  т.б.),

 

сондай-


ақ  сараптау  мәліметтеріне  өңдеу- 

дің  математикалық  тәсілдері  қол- 

данылады.  П.-ның  мынандай  же- 

ке  бағыттары  бар:  сезім  мүшеле- 

рінің  психофизиологиясы,  мотива- 

ция  психофизиологиясы,  эмоция 

психофизиологиясы  және  т.б.  Әсі- 

ресе  жеке  тұлғалық-психологиялық 

айырмашылықтардың  физиология- 

лық негіздерін зерттейтін дифферен- 

циалдық  психофизиологияның  ма- 

ңызы зор.



ПСИХ

ПСИХ

465

П.  санасындағы  зерттеулер  зиятты 

қабілеттің, темпераменттің және т.б. 

психодиагностикасының  дамуына 

себепші болады. П.-ның жетістіктері 

клиникалық практикада, психикалық 

процестердің  кибернетикалық  үлгі- 

лерін құруда, соңдай-ақ психология- 

ның  қолданбалы  салаларында  (пси- 

хогигиенада,  эргономикада,  спорт 

психологиясында  және  т.б.)  қолда- 

нылады.


ПЫСЫҚТАУ  (мектепте)  –  оқыту 

процесінде  оқушылардың  алған  бі- 

лімі мен дағдысын бекіту, тиянақтау, 

жүйеге келтіру мақсатымен бұрынғы 

өткен  материалға  қайта  оралу.  П.  – 

оқу-таным жұмысының кезеңі, оқы- 

ту  процесінің  қажетті  құрауышы. 

Сабақ  құрамында  пысықтау  ерекше 

орын алады. Оқып өткен материалды 

пысықтау  оқушылардың  алған  білі- 

мін  есінде  сақтап  қалуына  жәрдем 

етеді. Материалды жиірек пысықтап, 

дұрыс  жабдықтамайынша  тиянақты 

білім  алу  қиынға  соғады.  П.-дың 

түрлері көп. Осыған байланысты әр- 

кездегі пысықтау – қайталаудың көз- 

деген  мақсаты,  қолданылу  әдіс-тә- 

сілдері  де  түрліше.  П.-дың  қай  түрі 

болса  да  оқушылардың  білімін  тұ- 

рақтандырып, оларды өздігінен шы- 

ғармашылық  еңбек  етуге,  ізденуге 

үйретеді.



ПЫСЫҚТЫҚ – жұмыстық қабілет- 

тің  жоғары  нәтижелі  түрі,  кісілік 

қасиеттің  жасампаз  белгісі.  Пысық- 

тау – істің ыңғайын білетін іскерлік- 

тің,  тындырымдылықтың,  тыңғы- 

лықтың  қайнар  көзі.  Пысықтау  өз 

ісіне  деген  ширақтық  пен  белсенді- 

лік,  мақсатына  деген  сауаттылық 

пен  талғампаздық,  күш-қуаттың  жі- 

герлілігі мен жүйелілігі.

Пысық  адам  ойланбай  іске  аралас- 

пайды, орынсыз шиеленіске бармай- 

ды,  істің  бас-аяғын  сараптап,  уақы- 

тын  текке  есепсіз  босқа  өткізбейді, 

жұмысын  айқын  мақсатына  орай 

жоспармен  жүргізеді.  Ақылдасқан 

іске  өзінше  байыппен,  сеніммен  кі- 

ріседі,  оның  пайдалы  жағын  лезде 

ескеріп,  аз  шығындану  жолын 

таңдайды.  Табыс  үшін,  өзінің  бола- 

шағы  үшін  іскер,  өнерлі,  беделді 

кісілермен тіл табысуға бейім тұра- 

ды, олармен ілтипатты қарым-қаты- 

нас құрады. Пысық адам табысы мен 

өмірлік  қарымын  арттырады,  өмір- 

ге  деген  оптимистік  көзқарасымен 

өзгені еліктіреді.

ПІКІР –  бір нәрсенің беймәлім жа- 

ғын  ақиқат  не  жалған  деу  тұрғысы- 

нан  мақұлдайтын  немесе  теріске 

шығаратын  талас  ой.  П.-ді  алғаш 

«болжалмен» салыстырған Ксенофан 

болса,  Парменид  оның  білімнен 

айырмашылығын  анықтады.  П.  зат- 

тар  мен  құбылыстардың  ерекшелік- 

тері  арасындағы  байланыстардың 

бір қыры мен көрінісін бейнелеумен, 

сипаттаумен шектеледі.

П.  білім  мен  жалған  мәліметтердің 

қосындысынан  құралады  немесе 

көзқарастың субъектісі (S) мен пер- 

дикаты (Р) сияқты екі терминнің қа- 

тынасынан  туындайды.  Пікір  S  пен 

Р арасындағы белгілі бір қатынасты 

растап мақұлдайды не терістеп жоқ- 

қа шығарады. П. атрибутивтік қасиет- 

ті  білдіретін  қарапайым  түрден  жә- 

не  бірнеше  қарапайым  пікірді  қам- 

ПЫСЫ

ПІКІР


466

титын күрделі түрден құралады. Күр- 

делі  пікірдің  дұрыс  мағынасы  оның 

құрамындағы  қарапайым  пікірлер- 

дің растығы мен жалғандығына бай- 

ланысты.


ПІКІРСАЙЫС – ұжымдағы әртүрлі 

көзқарастың,  ой-пікірдің  ортаға 

салынып,  көпшіліктің  талқысына 

түсуі. П.-та қате көзқарасты әділ сы- 

нап жеңу көзделеді. П. түрлері: жи- 

налыс, конференция, пікірталас және 

т.б. П.-тыру; жиын, топ алдында екі 

адамның немесе екі топтың өзара пі- 

кір таластыруы. Пікірталас тақыры- 

бы алуан түрлі болуы мүмкін. Мыса- 

лы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қор- 

ғау, өнер салыстыру және т.б. П.-тың 

тақырыбы нақты, көкейтесті болуы- 

мен бірге, ондағы мәселе, ұсыныла- 

тын  әдебиеттер  қатысушыларға  кү- 

ні  бұрын  таратылады.  Уақыт  тәр- 

тібі сақталып, шебер жүргізуші таға- 

йындалады.

П.  –  ғылыми  жұмысты  қорғау  ал- 

дында немесе көркем әдеби шығар- 

маны  жариялау  алдында  пікір  біл- 

діру.  П  барысында  жұмыстың  кө- 

кейтестілігі, құрылымы, баяндау қи- 

сыны мен уәжі анықталып, ғылыми 

немесе  көркемдік  мәні  бағаланады. 

П.  әлеуметтану,  психология,  педа- 

гогика  және  т.б.  ғылым  салаларын- 

дағы  зерттеулерде  қолданылады.  П. 

әдістемесі сауал қою және сұхбатта- 

су болып екіге бөлінеді.



РАХЫМБЕКОВ  ҒАНИ (1927-2005) – 

профессор,  психология  ғылым-да- 

рының  кандидаты.  1978-1988  жж. 

дейін  Қыздар  педагогикалық  инсти- 

тутында кафедра меңгерушісі. 1988-

1991 кафедра доценті, 1991-2001 жж. 

дейін  Абай  атындағы  Алматы  Мем- 

лекеттік  институтының  кафедра  до- 

центі,  2002-2004  жж.  дейін  кафед- 

ра  профессоры,  2004-2005  жылда- 

ры  Қыздар  педагогикалық  инсти- 

тутының  профессоры.  Еңбектері: 

«Психологиялық-педа-гогикалық 

түсіндірме  сөздігі»  (1960).,  «Психо- 

логические  аспекты  картографии 

и  карточтения»  (Алматы,  1982)., 

«Зоопсихология  и  сравнительная 

психология» (Алматы, 2000) т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет