ІІ.3. Болгар бұрышынан жасалатын тағамдар, салаттар
Болгарияның консерві жасау өндірісінде бұрыштан 28 түрлі консерві дайындайды. Құрғақ, үгітілген күйіндегі бұрыш Болгар асханасындағы кең таралған дәмдеуіштердің бірі болып табылады. Сондықтан Болгарияда eгic көлемі және өнім жинау бойынша көкөніс дақылдарының ішінде бұрыш бірінші орынды алады. Бұрыш қазіргі кезде 11-12 мың га жерге өсіріледі. Ал жылдық жалпы өнім 200-250 мың центнерді құрайды.
Бұрышты көптеген тағамдардың құрамына, атап айтқанда, «Лечо», фаршталған бұрыш дайындауға, сорпаларды қоюландырғыштарға, тұздықтарға, салаттарға қосады.
Халық арасында бұрыш жоғары сұранысқа ие. Бұрыш жемісін кулинарияда пайдаланады, оларды маринадтайды, тұздайды және әр түрлі тағамдар жасайды. Бұрыш жемісі қызанақ, қияр және көптеген тұздықтар дайындауда қолданылады. Бұрыш консерві жасау өндірісінде құнды шикізат болып табылады. Консерві жасауда және тұздағанда бұрыш дәрумендерінің 50-80% сақталады.
Қызанақ соусында көкөністермен фаршталған бұрыш консервісінде орташа 22,7% құрғақ зат, 6,6% май, 8% көмірсу, 0,3% органикалық қышқылдар, 1,7% ақуызды заттар, 2,0% минералды заттар бар.
100 гр фаршталған бұрышта мг есебімен алғанда С дәрімені 22%, каротин 9,9%, В1 дәрумені 0,17%, кальций 62%, фосфор 47%, темір 18%, калий 17,3%, магний 33% құрайды.100 гр фаршталған бұрышта 104 калория бар .
Достарыңызбен бөлісу: |