« облысы қаласы № » коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет6/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#11316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Болгар бұрышының пайдасы жоба

Бұрыш туралы тақпақ

Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі.

Бар қызыл, көк, сарысы

Ащы-тұщы бәрісі.

Жұмыстың зерттеу бөлімі

ІІ.1. Болгар бұрышының өсіп жетілуі

Бұрыш жылу сүйгіш өсімдік, 18 – 20С0 жылылықта жақсы өседі. Сонымен қатар, тыңайтылған топырақта жақсы өседі. Биіктігі 30 – 130 см, сабағынан жанама сабақшалар өсіп шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым, шілдеде гүлдейді.

Гүлдері жалқы немесе жұптасып орналасқан. Жапырағының түсі ақ сары, күлгін түсті. Жемісі тұқымды, ортасы бос, қуыс, қызыл, сары, қызыл – сары, жасыл түсті, түріне қарай пішіні де әр түрлі болады. Салмағы 0,25 – 190 грамм тартады. Бұрыш(Сapsіcum) Жемісі — етжеңді, іші қуыс, көп тұқымды жидек, салмағы 50 — 200 г, түсі қызыл, сары, жасыл, қоңыржасыл, 2 — 4 ұялы болады. Тұқымы дөңгелек, ақсары түсті. Бұрыш дәмдік сапасына қарай ащы, тұщы және жұпарлы сорттарға бөлінеді. Тәтті бұрышты техникалық піскен жасыл, шырынды күйінде, жемістің сыртынан саусақпен басқанда әлсіз сытырлаған дыбыс шығарса жинайды. Биологиялық пісу кезеңінде жемісте қант және дәрумендері ерекше мол болады.

Құрамында С витамині бар. Қазақстанның оңтүстік ауданында «астрахандық», «болгарлық», «ласточка», «подарок», «ротонда» т.б сорттары егіледі. Бұрышты тамақты дәмдеуіш ретінде, маринаттауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Бірқалыпты суарып тұру керек.

Таңертең, кешке күніне екі рет суарған тиімді. Шамадан тыс көп су құйса, тамыры шіріп, дұрыс өспей қалады. Сол себепті суды өте көп құймай, тарылтып құю абзал. Жапырақтары ұзынша келген немесе қысқа табақ тәріздес, жекелей немесе бір түпке жиналып орналасқан, түсі ақшыл жасылдан, қою қара жасыл түске дейін өзгереді. Гүлдері ірі, ақшыл немесе жасыл түсті, түбі сарғыш немесе күлгін болады. Мамыр айының ортасында 2 қатармен (40 х 30 см) отырғызады. Күтіп-баптау жұмыстары қызанақтікіне ұқсас, тек жиірек суландырады. Булыжайдағы және пленка астындағы өнім - 2-5 кг/м2.

Жылыжайда өсіруге Ласточка сұрпы тиімді. Жылыжайды отырғызуға дайындау қызанақтікіне ұқсас. Өсімдіктерді орналастыру сұлбасы: блокты жылыжайларда - қос қатарлы 100+60, аңғарлы және пленкалыларда — 80+40 см. Бұтаны қалыптастырғанда 2-3 бұтақ қалдырады да, әрқайсысын жеке-жеке аспаға іледі. Өсімдікті күтіп-баптаған кезде жемісі алынған бүтақтарды, әлсіз, жетілмеген түйіндерді аластайды. Бұл ірі жемістер жинауға ықпал жасайды. Бұрыштың өркендері өте осал, сондықтан өсімдікті мұқият байқап ұстау керек.

Бұрыш қызанақпен салыстырғанда, жиірек суаруды қажет етеді, себебі топырақтың аз уақытқа да құрғағанын көтере алмайды. Сонымен бірге ол артық ылғалдылыққа да шыдамайды, сондықтан оны аз-аздап суарады. Отырғызғаннан кейін 2-4 жұма бойы топырақтың орташа ылғалдылығын (ТСС-ның 60-70 %) сосын алғашқы жемістері қалыптасқанша — 75 %, ал өнім жиналар алдында - 80-90 % шамасында ұстайды. Бұрыш өсіргенде өсімдіктердің қатарлары қабысқанша, 3-4 рет саяз қопсыту жүргізеді. Тыңайтқыш қодану жүйесі және үстеп қоректендіру қызанақтікіне ұқсас.

Тәтті бұрыштың жемісін піскенінде жинайды да, пісіп-жетілуі үшін, оларды жылы жерге жайып тастайды. Өсімдігімен бірге жұлынған жемістің пісіп-жетілуі жақсы жүреді. Тұқымын жеміс сағағымен бірге кесіп, қолмен босатып алады. Қалған жемісін консервілеуге немесе түздауға пайдаланады, ал тұқымын бөліп алып кептіреді және ұшырып тазалайды.

Тәтті бұрыштың бір жемісінде 150-300 тұқым болады, ал ащынікінде — 400-450. Бір тонна жемістен 12-17 кг тұқым алынады. Бір гектардың тұқым өнімі 0,5-1,0 ц. Өнгіштігі 70 %-дан, сұрып-тық тазалығы 99 %-дан кем болмауы керек. Тұқымы өнгіштігін 4-5 жыл сақтайды.

Мақтарал ауданының "Исрайл" шаруа қожалығының төрағасы Алтынбек Тораев биыл 0,5 гектар жерге болгар бұрышын егіп, алғашқы өнімдерін шығара бастапты. Болгар бұрышын еңбекқор диқандар өсіріп экспортқа шығара бастады. Қазіргі таңда ауданда ерте егілген 350 гектар көкөніс дақылдары пісіп жетіліп, егістік алқаптарында терім жұмыстары қыза түскен. Ең бастысы – егістіктен алынған өнім дер кезінде тиімді бағаға саудаланып, диқандар шығынға ұшырамауы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет