Тіскебасарлар мен салаттар
Болгар бұрышынан әзірленген салаттар бұрыштың түсіне байланысты өте әдемі болып көрінеді. Қызыл түсті бұрыштың дәмі басқаларына қарағанда тәттірек, ал жасылы кішкене ащы болады. Салатты пайдалы қыламын десеңіз, оны қаймақпен араластырған дұрыс. Себебі бұрышта көп болатын А дәрумені тек маймен бірге сіңіріле алады. Сондай-ақ салаттарды өсімдік майларымен, сондай-ақ сірке суымен араластырып берген дұрыс.
Ыстық тағамдар
Болгар бұрышынан жасалынған ыстық тағамдар жұпар иісімен ерекшеленеді. Салындысы бар бұрыштар - танымал тағамдардың бірі. Жазда, көкөністің бар кезінде, оны тіпті кез келген ыстық тамаққа қосып, дәмін келтіруге болады. Пиццаға салынды ретінде мінсіз келеді. Болгар бұрышы консервілеуде көкөністердің арасында бірінші орынды алары сөзсіз. Лечоның түрлі мәзірлері қазірде елімізде өте танымал. Болгар бұрышы жаздық көкөністер арасында ең пайдалы, ең дәмділердің қатарына кірері сөзсіз.
Ыстық тағамдар
Болгар бұрышынан жасалған голубци. Бұл тәбетті ашады. Тұздалған болгар бұрышы.
Қорытынды:
Болгар бұрышының пайдасын достарыма түсіндіре отырып, үй жағдайында, жылыжайда өсіруді қолға аламын. Болгар бұрышынан жасалған тағамдарды өз қолыммен жасап, достарыма , туыстарыма ұсынамын. Сатылымға шығаруды жоспарлаймын.
Емдік мақсатқа болгар бұрышының жемісін пайдаланады. Ол маусым, шілде айында гүлдейді.
Болгар бұрышы ұмытшақтық, жүрек ауруына, өкпе ауруының қатерлі ісіктерінің алдын алады, шорбуынның қабынуына ем. Осы тұрғыда дәрілік көкөністерді пайдалану денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі;
Мен осы зерттеу жұмысым арқылы мектептегі сыныптастарыма болгар бұрышының маңызын, анық ғылыми негізде түсіндергеннен кейін, олардың салауатты өмір сүруіне үлкен көмек көрсете білдім. Болашақта бұл жобамды ары қарай жалғастырып, болгар бұрышынан жасалатын тағамдар, салаттарды өз қолымнан жасап, сатылымға шығармақпын. Ауылымдағы адамдардың да өздері жасап, қаражаттарын үнемдеуіне септігім тиеді ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |