І. Негізгі бөлім
І.1. Болгар бұрышы туралы жалпы мағлұмат
Біздің мектебіміздегі жылыжайда болгар бұрышы, қызанақ, қияр, асқабақ, укроп, салат жапырағы т.б көкөністер өседі. Оны өзіміз оқушылар күтіп, баптап өсіреміз. Көкөністер өсіп жетілген соң күз айында жинап алып, салат, тағам түрлерін жасаймыз. Мен осы көкөністердің ішінен болгар бұрышын таңдап алдым. Себебі әкем шылым шегетін және көп жөтелетін. Жөтеліп жүріп неге шылым шегесіз деп неше рет сұрақ қойдым. Бірақ әкем шылым шегуді қоя алмай жүргенін айтты. Бір күні мектеп директорының болгар бұрышының өкпе ауруының қатерлі ісіктерінің алдын алады деген сөздерін естідім. Сол кезден бастап, болгар бұрышы туралы жоба жазуды бастап кеттім. Анаммен, сыныптастарыммен бірге жылылжайға саяхат жасадық. Болгар бұрышын үнемі күтіп, баптап өсуін өзім қадағалап, күніне екі рет суарып тұрдым.
Бұл болгар бұрышын отырғызған кездегі алғашқы өсіп жетілген шағы. Топырағын құнарландыру үшін сиырдың тезегін әкеліп қара топыраққа араластырдық. Топырағы құнарлы болған сайын жақсы өсіп жетіліп отырды. Жаз айында жылыжай іші өте ыстық болғандықтан, кейде күніне үш рет суарып тұруға тура келді.
Сонымен болгар бұрышымыз күннен күнге өсіп, гүлдей бастады. Гүлінен жемісі жарып шықты. Жемісі пісіп, жеуге жарамды болды.
Болгар бұрышы және жалпы бұрыш туралы айтатын болсақ, болгар бұрышы алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін бақша өсімдігі. Оның түрі өте көп. Қазақстаннның оңтүстік облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көпжылдық өсімдік ретінде өседі. Оңтүстік Қазақстан облысында бұрышты ХХ-ғасырдың ортасынан бастап өсіре бастаған. Қазақстанда оны ғылым нысаны ретінде аз қарастырды. А.Селедцов тәтті болгар бұрышы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген. Г.Каплинаның айтуы бойынша Қазақстанның жылы аймақтарында Болгарский бұрыштың 79 сорты өсіріледі. Болгар бұрышын қарашірігі мол жеткілікті, механикалық құрамы жеңіл топырақта өсірсе жақсы өседі.
Балқан елдеріне бұрыш 1585 жылы әкелінді. Болгарияда бұрыш қазіргі кезде ең сүйкімді көкөніс болып табылады. Оны тағамға жас күйінде дәмдеуіш ретінде және өңделген күйінде қолданады. Ресейге көкөністік бұрыш Болгариядан әуесқой дақыл ретінде XVIII-ғасырдың екінші жартысында әкелінді. ХІХ-ғасырдың аяғында Одесса маңында бақшамен айналысатындар бұрыш өсірді. ХХ-ғасырдың басында бұрыш Ресейдің оңтүстігі мен Молдавияға таралды.
Бұрыштың Отаны – Америка деп те айтады.. Табиғи түрін Амерканың тропикалық аймақтарында кездестіруге болады. Зиянкестері: карадрина, нематодтар т.б. Аурулары: солу, вирустар және т.б. Тәтті болгар бұрышы қызыл немесе жасыл түсті болып кездеседі.
Болгар бұрышының аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер т.б Жалпы бұрыштың латын тіліндегі атауы: Capsicum annum . Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі, және көлемдері бар жылу сүйгіш өсімдік. Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептеледі. Оның 5000 жыл бұрын өсіргенін зерттеушілер анықтаған. Негізгі шыққан елі Перу деп атайды. Жүгері, үрме бұршақ пен асқабақпен қатар ол Америкадағы Колумбқа дейінгі негізгі көкөністердің бірі. Еуропаға бұрыш Христофор Колумбтың дәрігері алып келді. ХҮІ ғасырдан бастап, бұрыш бүкіл Еуропаға тарады. Өз орнын Жерорта теңізі және Балқан асханасынан тапты. Сонымен қатар Бенгрлердің ұлттық көкөнісі және дәмдеуіші болып табылады. 1912 жылдан бастап Сковилл межесі – бұрыштың ащылығын бағалауға арналған меже бар.
Достарыңызбен бөлісу: |