ІІ.2.Болгар бұрышының адам ағзасына пайдасы.
Адам денсаулығына пайдасы зор. Болгар бұрышы ұмытшақтық, жүрек ауруына, өкпе ауруының қатерлі ісіктерінің алдын алады, шорбуынның қабынуына ем. Ата-әжеммен, мектеп дәрігерімен бірлесе отырып, болгар бұрышынан тағам, салаттар жасап, үнемі шылым шегетін әкеме дәрі ретінде қолдандым. Анам болгар бұрышынан салат, тағам түрлерін жасап, маған үйретті. Анам екеміз бірге салат, тұздықтар жасадық. Оны үй жағдайында анаммен бірге өсірдім.
Болгар бұрышын сыныптастарыммен бірлесе отырып, салат, тағам түрлерін жасауды қолға алдық. Үй жағдайында немесе жылыжайда болгар бұрышын өсіруді бастадық. Денсаулығымызды нығайтуды ойласақ болгар бұрышынан салат, тағам түрлерін жасап, ақшамызды үнемдеп, ерінбей еңбек етіп, күнделікті тұрмыста тиімді қолдана білейік. Пайдасы көп екеніне көз жеткіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |