Интербелсенді оқыту мектепте мынандай жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
Бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен)
Жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары
Оқу, рөлдік және өндірістік (іскерлік) ойындар
Пікірталастар
Ақпараттың әртүрлі көздерімен жүмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай т.б.)
Шығармашылық жұмыстар
Жағдайаттар (ситуатциялар) арқылы үйрену нақты сетуацияларды талдау, кейс-стади
Презентациялар
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Тренингтер
Интервью
Сауалнама өткізіп, оның қорытындыларын талқылау мен талдау
Кезкелген оқу әрекеттерін кері байланыспен аяқтау т.б.
Қазақ тілімен әдебиет сабағында оықтудың мына әдістерін пайдаланамын:
Топтық жұмыс:
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.
Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілер: Шамалы қарым - қатынас. Дұрыс тыңдап білмеу .Шамалы жетекшілік. Топқа тартылысы жоқ. Мақсатты дұрыс түсінбеу. Міндеттерді тең бөліспеу. Сәтті. Сәтсіз.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді.
Мен сабақ барысында топқа бөлу үшін дидактикалық материалдарды қолдана отырып бөлемін.Мысалы:
1 -топ инстаграм желісін таңдағандар соған байланысты белгіні таңдайды.
2-тон Тик ток желісін таңдағандар сол желіге байланысты белгіні таңдап сол арқылы топқа бөлінеді
Сонымен мұғалімдер үшін сабақта қолдануға төмендегідей арнайы платформалар сабақты тиімді жүргізуге болады:
Презентация бұл сабақтың алғашқы көрнекілігі бұл арқылы баланы өзіңе қарата аласың.
Презентация жасауға арналған қосымшалар:
Бірақ мен Canva платформасын қолданамын Canva Canva туралы бірнеше сөз - бұл пайдаланушылар суреттерді өңдей алатын, мұқабаларды, бейнелер мен презентацияларды жасай алатын онлайн платформа. Canva жеке және іскерлік мақсаттар үшін кескіндерді жасауға мүмкіндік береді, сондықтан ол әртүрлі салалардағы кәсіпқойлар үшін қолайлы.
Canva онлайн редакторының мүмкіндіктері
Canva бағдарламасының мүмкіндіктері:
- ресейлік интерфейстің болуы
- презентацияларды құруға арналған кіріктірілген дизайнер
- дизайн элементтерінің көп болуы - тегін фотосуреттер, торлар, пішіндер, диаграммалар, иллюстрациялар, белгішелер, сызықтар, жақтаулар
- Canva онлайн кітапханасынан фотосуреттер немесе бейнелер қосу
- Ыңғайлы интерфейс, барлық негізгі функциялар көрнекті жерде орналасқан және оларды табу оңай
- Фотосуреттерді, сызбаларды, кескіндерді кейіннен дизайн жобасында пайдалану арқылы өңдеу мүмкіндігі
Сабақтарыңызды анағұрлым жарқын, интерактивті және есте қаларлық етуге көмектесетін тағы бір заманауи Genially платформасымен танысайық, бұл жасөспірімдердің барлық назарын сіздің сабақтарыңызға аударады.Мен бұл платформаны үй тапсырмасын сұрауда қолданамын.
Flippity — Google Spreadsheets негізінде әртүрлі интерактивті оқу тапсырмаларын жасауға мүмкіндік беретін онлайн қызметі. Функционалдылығы жағынан Fippity LearningApps, Quizziz, Classtools сияқты танымал қызметтерге ұқсас.Spinner wheel- топқа бөлемін.
“Google Classroom” бұрыннан танымал Gmail, Docs және Drive сияқты білім беру үшін қолдануға болатын тағы бір Google қызметі ретінде құрылды. Google Classroom қолданушыларға Google Drive-пен жылдам интеграцияны, интерфейсті және оқытушыларға қажет жаңа мүмкіндіктерді біріктіре отырып, жұмыс жасауға ыңғайлы. Соның ішінде кері байланыс құралы ретінде таптырмас интернет-платформасы екенін айта кету керек. Оқытудағы кері байланыс дегеніміз — оқытылатыннан оқытатынған және одан оқытылатынға (сыртқы кері байланыс) немесе өзіне оқытылатыннан баратын, үйрету үрдісі мен нәтижелер барысы туралы ақпарат өтетін байланыстар кері байланыс деп аталады.
Казіргі кезде өзімнің пайдаланып жүрген қашықтықтан оқыту платформасы - Google формы платформасы. Бұл Google ішіндегі бір қосымшасы болып табылады. Бұл платформамен жұмыс жасау үшін Google account болу кажет. Google формы мүмкіндіктерін айта кететін болсам, бұл арқылы оқушылардан үйде отырып, қашықтықтан сауалнама алуға және де сіздің өткен сабағыңызды қалай түсінгендігін білу үшін, google формыда тест дайындап, оқушыларға whatsapp арқылы сілтемелерін жібереміз. Оқушылардың орындаған тест нәтижесі, муғалімнің Google формы аккаунтына автоматты түрде түсіп отырады. Қашықтықтан оқытудың бұл платформасы жұмыс жасау өте тиімді болып табылды.Сондай-ақ БЖБ,ТЖБ тест тапсырмаларын құрастырамын.
Кез келген пән бойынша сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін Wordwall онлайн сервисін пайдалануға кеңес беремін.
Wordwall - білім беру процесінің басты міндеттерінің бірі-оқушылардың ынтасын арттыруға көмектесетін әмбебап оқу ресурсы!
Wordwall-интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Көптеген шаблондар интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Көптеген мұғалімдер сервистің қазақша кәріптерді қабылдайтын нұсқасы бар екендігіне риза болады.
Ресурс мұғалімдерге әртүрлі пәндер бойынша дайындық үшін көптеген интерактивті жаттығулар мен тренажерлерді пайдалануға мүмкіндік береді!
Интернеттегі жаттығулар қарапайым, бірақ толық компьютерлік ойындар деп санауға болады, себебі мұғалім нақты сабақтың талаптарына сүйене отырып, қойған өту шарты, проблемаларды шешу жолдары болады. Әр ойынның шарты мен мазмұнын өзгертуге,
толықтыруға болады. Сонымен қатар, бүкіл жер шары бойынша әріптестерідің дайын әзірлемелерді пайдалану мүмкіндігі бар.
WordWall бағдарламасын пайдалану оңай және оған интерактивті тақта үшін де, жаттығулар үшін де оңтайлы компьютерлерде жеке жұмыс істеу үшін арнайы бағдарлама қажет емес. Кіріктірілген іздеуші суреттерді автоматты түрде табады және ұсынады. Сонымен желіде жұмыс істейтін редактор жаттығулар жасауға мүмкіндік береді, оқушылардың тапсырмаларды орындау статистикасын қашықтықтан жинау мәзірі де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |