* серпімді таңғышпен таңу



бет9/13
Дата16.02.2023
өлшемі132,51 Kb.
#68380
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
* ñåðï³ìä³ òà??ûøïåí òà?ó

* жедел пиелит
* апостемотозды пиелонефрит
* созылмалы гломерулонефрит
* +созылмалы бүйрек ауруы, 4 кезең
* созылмалы бүйрек ауруы, 5 кезең
#76
*! Диабеттік нефропатиямен, созылмалы бүйрек ауруымен және 3 дәрежелі гипертониямен есепте тұрған 58 жастағы ер адам тексеруден және зертханалық көрсеткіштерден кейін шұғыл гемодиализге жіберілді. Зертханалық мәліметтер:ЖҚА: HB - 90г / л, ЭТЖ - 18 мм / сағ,ЖЗА: белок 1,0 г / л, лейк. 1-2 к/а, эр. - 0-1 к/а, БХА: креатинин - 240 мкмоль / л, калий - 6,9 ммоль / л.
Созылмалы бүйрек ауруында жедел гемодиализге ЕҢ ықтимал көрсеткіш қандай?
* метаболикалық ацидоз
* протеинурия
* анемия
* +жоғары гиперкалиемия
* ауыр артериялық гипертензия
#77
*! 20 жасар бала созылмалы гломерулонефритпен Д-есепте тұрады. Жоспарланған диспансерлік тексеруде ЖЗА-де белок мөлшері 0,033 г / л дейін, эритроциттер 6-7 к/а дейін жоғарылағаны анықталды.
1 г / с-ден аз протеинуриямен және гематуриямен жүретін созылмалы гломерулярлы аурулардың дамуын қандай препараттар бәсеңдетеді?
* +АПФ ингибиторлары және ангиотензин рецепторларының блокаторлары
* Циклофосфан мен Солимедролмен пульстік терапия
* Комбинирленген антибактериальді терапия
* Дезинтоксикациялық терапия
* Циклоспоринді терапия
#78
*! 17 жасар бала Инсулинге тәуелді қант диабетімен 6 жылдан бері ауырады, күніне бір реттік инсулин қабылдайды: 18 бірлік актрапид, 38 бірлік инсулин ленте, 40 бірлік инсулин ультраленте. Тұрақты бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің өзгеруі, агрессивтілік, ұйқышылдық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданады. Науқас «гипогликемия» деп санайтын жағдайлар болады, бірақ гликемия 15,3 ммоль / л мөлшерде болды. Протеинурия тұрақты, креатинин және мочевина қалыпты. АҚ 170/90 мм.с.б
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* ИТҚД, ауыр ағым, Сомоджи синдромы, диабеттік нефропатия 3 сатысы
* ИТҚД, ауыр ағымы, диабеттік нефропатия 2 сатысы
* +ИТҚД , ауыр ағымы, Сомоджи синдромы, диабеттік нефропатия 2 сатысы
* ИТҚД, ауыр ағымы, диабеттік нефропатия 2 сатысы. Киммельстил-Уилсон синдромы
* ИТҚД, ауыр ағымы, диабеттік нефропатия 1 сатысы., диабеттік энцефалопатия

*! Ер адам 60 жаста. 8 жылдан бері 2 типті қант диабетімен ауырады және пероральді гипогликемиялық дәрілерді қабылдайды. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тондары анық. ЖСЖ 75 рет / мин, АҚ 150/90 мм.сын.бағ. Қандағы қант 7,3 ммоль / л, гликозилденген гемоглобин 6,7%. Креатинин 115 мкмоль / л, СКФ 59 мл / мин / 1,73 м2, протеинурия 0,5 г / тәу.


Ең дұрыс ұсыныстар қандай?
* Төмен ақуызды диета
* Инсулинге ауыстыру
* Бета-блокатор тағайындау
* +AПФ тежегішін тағайындау
* Сұйықтықты шектеу
#81
*! 45 жастағы әйел, қатты әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, жүрек қағуына, бас ауруына шағымданды. Анамнезінде: 25 жасынан бастап семіздіктің 3 дәрежесімен ауырады, «Қант диабеті, 2 тип» диагнозы қойылды. 30 жастан бастап - қан қысымы 160/100 мм.сын.бағ. жоғарылаған. Соңғы 7 жылда зәрде белоктың пайда болуы, қанда - креатининнің жоғарылауы байқалды. Инсулин және пероральді гипогликемиялық дәрілерді қабылдайды. Зертханалық : HB 90 г / л, аш қарынға қант - 14 ммоль / л, гликирленген гемоглобин 12,0%, креатинин 380 ммоль / л, калий 5,9 ммоль / л, СКФ- 12 мл / мин / 1,73 м2.
Осы науқасты жүргізу тактикасы қандай?
* инсулин дозасын азайту
* диуретиктерді тағайындау
* +гемодиализге жіберу
* сұйықтықты шектеу
* спиронолактон тағайындау
#82
*! 34 жасар ер адам бүйрек трансплантациясынан кейін 4 ай бойы диспансерлік бақылауда болды. Бақылау кезінде науқаста трансплантациядан бас тарту белгілері байқалмады, трансплантацияланған бүйректің қызметі сақталды, емдеу асқынулары болған жоқ. Мүгедектік тобын анықтау үшін науқас МӘС –ке жіберілді.
Бұл науқасты қандай мүгедектік тобына жатқызады?
* 1 -топтағы мүгедек бір жылға
* 2- топтағы мүгедек бір жылға
* +3-топтағы мүгедек бір жылға
* толықтай жұмыс істеуге қабілетті
* 1- топтағы мүгедек мерзімсіз
#84
*! 40 жасар ер адам бүйрек трансплантациясынан кейін 3 ай бойы диспансерлік бақылауда. Бақылау кезінде науқаста трансплантациядан бас тарту белгілері байқалмады, трансплантацияланған бүйректің қызметі сақталды, емдеу асқынулары болған жоқ. Науқас реабилитацияға жіберіледі.
Бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды оңалту потенциалы қандай?
* диализсіз созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы науқастарға қарағанда төмен
* +гемодиализдегі науқастарға қарағанда жоғары
* гемодиализдегі науқастарға қарағанда төмен
* гемодиализдегі науқастармен бірдей
* диализсіз созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы науқастармен бірдей

#85
*! Әйел 30 жаста СБА 5 сатысы, созылмалы гломерулонефриттің соңғы сатысында , сол жақ бүйрек трансплантациясы жасалды. Ауруханадан шыққаннан кейін трансплантат дисфункциясының белгілері болды, сондықтан оны каскадты плазмаферезге бағыттады.


Терапияның тиімділігін бағалау үшін қандай көрсеткіштерді қолдану керек?
* плазмадағы калий деңгейінің төмендеуі
* қан қысымының төмендеуі
* +креатинин мен мочевина деңгейінің төмендеуі
* протеинурияның төмендеуі
* глюкозурияның төмендеуі
# 86
Ер адам 32 жаста, дәрігерге таңертең қатты ұйқышылдыққа, тез шаршағыштыққа, күндізгі уақытта зейінінің төмендеуіне шағымданып келді. Жалпы ұйқы ұзақтығы қысқармайды. Анамнезінде: пациент үнемі ауыспалы күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді. Тексеру кезінде ішкі ағзаларында ауытқулар болған жоқ, ЖСЖ - 74 соққы / мин, АҚ 130/80 мм сын.бағ. ЖҚА: HB -142 г / л, ЭТЖ - 5 мм / сағ.ТТг - 2, 6 мМЕ / л
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
* идиопатиялық гиперсомния
* гипотиреоз
* +ұйқының тәуліктік ырғағының бұзылуы
* нарколепсия
* дәрілік инсомния

#89
*! 25 жасар ер адам, аз мөлшерде шырышты қақырықты шығаруға, дөрекі, үрген тәрізді жөтелге шағымданады. Бір апта бойы ауырған. Объ-ті : өкпеде қатаң тыныс, өкпе өрістерінде ылғалды сырылдар. Жедел бронхит диагнозы қойылды.


Қандай дәрі-дәрмектер тағайындау НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
*антибиотикалық
*жөтелді басатын
*седативті
* +муколитикалық
*бронхолитикалық
#90
*! 17 жасар жігіт, дене қызуының көтерілуіне, бас ауруына, әлсіздікке, мұрыннан су ағуына, құрғақ ауырсынатын жөтелге, конъюнктивитке шағымданады. Үшінші күн ауырып жатыр. Объективті: температура 37,5, тыныс алу жиілігі минутына 20, өкпеде перкуторлы айқын өкпе дыбысы, қатты тыныс, барлық өрістерде құрғақ сырылдар. Жалпы қан анализі: гемоглобин - 120 г / л, эритроциттер - 4,6х1012 / л, лейкоциттер - 9,5х109 / л, ЭТЖ-5мм / сағ.
Осы науқасты жүргізу тактикасы қандай?
* +амбулаторлы емдеу
* емхананың күндізгі стационарында емдеу
* терапевтік бөлімге госпитализация
* пульмонологқа жолдама
* үйде аурухананы ұйымдастыру

#93
*! Жалпы тәжірибе дәрігері қалтырауға, әлсіздікке, терлегіштікке , кеуде қуысының оң жақ жоғарғы жартысында ауырсынуға, қиын шығарылатын қоңыр қақырықпен жөтелге, ентігуге шағымданған науқастың үйіне шақырылды. Анамнезінен: мас күйінде көшеде ұйықтап қалғаннан кейін жедел ауырады. Күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Жалғыз тұрады. Қарап тексергенде: нашар тамақтанған, күтімі жақсы емес, науқастың жағдайы ауыр, акроцианоз, ентігу, ТАЖ минутына 32рет, оң жақта кеуде қуысының жоғарғы жартысында құрғақ және ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар естіледі; АҚ 80/60 мм с.б. ЖСЖ 122 рет / мин.


Осы науқасты жүргізу тактикасы қандай?
* +терапевтік стационарға жатқызу
* амбулаторлы емдеу
* емхананың күндізгі стационарында емдеу
* үйде аурухананы ұйымдастыру
* пульмонологтың консультациясына жіберу
#94
*!17 жастағы колледж студенті ,әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, кеуде қуысының қысылу сезіміне , қиын бөлінетін сары-жасыл қақырықты,қатты ұстаматәрізді әлсірейтін жөтелге , бас ауруына, бұлшықет ауырсынуына, суыққа төзімсіздігі (суықта қол және аяқ басы ұштарының жедел ауырсынуы) шағымдарымен дәрігерге жүгінді. Ол суық тиюдің салдарынан қатты ауырып қалды. Одан басқа топтағы бірнеше адам ауырып қалғанын атап өтті. Объективті: дене қызуы 37,5 С, тынысы қатаң , төменгі сол жақ бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі.ЖҚА : лейкоциттер - 6,7 мың, ЭТЖ - 12 мм / сағ. R-граммада: өкпе суреті күшейтілген, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде перибронхиальды инфильтрация.
Қандай ем тағайындау керек?
* амоксициллин 500 мг рег os күніне 3 рет 5 күн
* +ровамицин 3 млн бірлік рег os күніне 2 рет 10 күн
* гентамицин 80 мг б/е күніне 2 рет, 7 күн
* цефазолин 1,0 г б/е күніне 2 рет 10 күн
* меропенем 500 мг т/і әр 8 сағат сайын 10 күн
#95
*! 67 жастағы ер адам , қиын бөлінетін шырышты -іріңді қақырықты жөтелге, физикалық күштеме кезінде ентігуге, дене температурасының 38С дейін жоғарылауына шағымданады. Күніне 20 темекі шегеді. Об-ті : әлсіреген везикулярлы тыныс фонында ұзартылған дем шығарумен, екі жағынан шашыраңқы құрғақ сырылдар естіледі, оң жақта жауырын аралық аймақта - ылғалды майда көпіршікті сырылдар. Сол жерде - перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде, өлшемі 1-2 см болатын көптеген инфильтративті көлеңкелер. ЖҚА-де: лейкоциттер - 14 х 109 / л., ЭТЖ - 22 мм / сағ. Бір ай бұрын жүргізілген спирографиялық деректер: ОФВ1 - 60%, ОФВ1/ФЖЕЛ - 0,7.
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* СОӨА, жеңіл сатысы, өршу кезеңі . Оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі пневмония
* СОӨА, орташа ауырлық сатысы, өршу кезеңі. Бронх демікпесі, орташа ауырлықта , өршу
* Бронх демікпесі, орташа ауырлықта , өршу
* Бронх демікпесі, орташа ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі пневмония
* +СОӨА, орташа ауырлық сатысы, өршу. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі пневмония
#96
*! 60 жастағы ер адам, әдеттегі қарқынмен жүру кезінде ентігуге, таңертең қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінде : 20 жасынан бастап күніне бір қорап темекі шеккен, соңғы 5 жылда темекі шекпеген. 7 жыл бұрын оған СОӨА диагнозы қойылып, тиотропимен ем тағайындалды. Науқас тағайындалған емді ұстанбайды, ентігу ұстамасын салбутамолмен жеңілдетеді. Соңғы жылдарда ӨСОА бір рет өршіген.
Осы науқасты жүргізу тактикасы қандай болуы керек?
* флутиказонның (Фликсотид)жоғары мөлшерін тағайындау
* аралас будесонидті формотерол препаратын тағайындау (Симбикорт)
* +күн сайын тиотропий (Спирива) қабылдау
* преднизолон таблеткаларының қысқа курсын тағайындау
* теофиллин тағайындау

#99
*! 35 жастағы ер адам үйіне дәрігер шақырды. Анамнезінде: 10 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Салбутамол қабылдаған кезде ұстамалар сирек болды. Бір апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған, содан кейін тұншығу ұстамалары күнделікті, күніне 3-4 ретке дейін пайда болды.. Объективті: жағдайы ауыр, қозған, мәжбүрлі позиция, бөлек сөз тіркестерінде сөйлейді, тынысы шулы, дем шығару қиын және ұзартылған. Бозарған цианоз және мойын веналарының ісінуі, ТЖ - 34 / мин. АҚ 90/60 мм с.б., жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 124 рет / мин.


Пациентті жүргізудің ЕҢ қолайлы тактикасы қандай?
* Амбулаториялық бақылау, терапияны коррекциялау
* Емханадағы күндізгі стационар
* Курорттық емдеу қажет
* Үйде аурухана ұйымдастыру
* +Ауруханаға жатқызу
#101
*!Ер адамға 26 жыл бұрын бронх демікпесі диагнозы қойылған. Екі апта бұрын, суық тиюден кейін, күнделікті ентігу ұстамалары пайда бола бастады, науқас аптасына екі рет сальбутамолмен (вентолин) ингаляциядан кейін басылатын тынысының қиындауы сезімінен оянды. Зерттеу барысында ОФВ1 сәйкес мәндердің 65% құрады.
Қазіргі уақытта бронх демікпесінің ағымының ауырлығы қандай?
* Интермиттерлеуші бронх демікпесі;
* Жеңіл персистирлеуші бронх демікпесі;
* +Орташа ауырлықтағы персистерлеуші бронх демікпесі;
* Персистерлеуші ауыр бронх демікпесі;
* Ауырлық дәрежесін анықтау мүмкін емес.
#102
*! Еркек С., 49 жаста, «Бронх демікпесі, жеңіл ағым» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Кейде аптасына 1 реттен жиі емес беродуальды қолданатын тыныс алудың сирек экспираторлы ұстамалары болады. Түнгі ұстамалар жоқ. Физикалық жүктемеге төзімділік төмендемейді. ОФВ1- 80-85%.
Диспансерлік бақылаудың жиілігі қандай?
* Жылына 1 рет
* +Жылына 2 рет
* Жылына 3 рет
* Жылына 4 рет
*Әр ай сайын
#103
*!42 жастағы әйел, аралас сипаттағы тұрақты ентігуге , жүрек қағуына, физикалық жүктемемен байланыссыз кеудедегі ауырсынуға, әлсіздікке, қанды түкірікке шағымданды. Анамнезінде : 7 жасында 1,5 см жүрекшеаралық ақау анықталды. Оперативті емдеу жүргізілмеген. Қазір Эйзенменгер синдромы диагнозы қойылды. ЭКГ: оң жақ жүрекшенің ұлғаю белгілері, гипертрофия және оң жақ қарыншаның шамадан тыс жүктелуі.ЭХО КГ : өкпе гипертензиясы, IV класс. Өкпе трансплантациясына бағытталған.
Операция алдында міндетті түрде қандай зерттеу жүргізу керек?
*электроэнцефалография
* +бронхолитикалық сынамамен спирография
*бронхоскопия
*трепанобиопсия
*ирригоскопия
#104
*! Науқас 18 жаста, идиопатиялық өкпе фиброзымен өкпе трансплантациясы жасалды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтеді.
Бірінші айда дәрігерге неше рет бару керек?
* +Аптасына 1 рет
* Аптасына 2 рет
* Екі аптада 1 рет
* Бірінші айда 1 рет
* қадағалау қажет емес
#105
*! 65 жастағы ер адам, ең аз физикалық жүктеме кезінде және тыныштықта болатын тұрақты ентігуге, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. 20 жыл бойы СОӨА ауырады, ауыр ағымды,ұзақ уақыт бойы жүйелі глюкокортикоидтарды қабылдайды, өршу жылына 3 ретке дейін болады. Соңғы жылы айтарлықтай нашарлау: ентігудің жоғарылауы, перифериялық ісінудің пайда болуы, бауырдың ұлғаюы байқалды. Объективті: өкпеде тыныстың әлсіреуі байқалады, бүкіл бетінде ысқырықты сырылдар естіледі. ТЖ- минутына 28. Жүрек тондары тұйықталған, төстің сол жағында екінші қабырға аралықта II тонның акценті. Жүрек соғысы - минутына 106. АҚ 100/60 мм с.б. Бауыры 3 см пальпацияланады. Аяқ басының ісінуі. Спирография: аралас желдетудің 3 дәрежелі бұзылыстары.
СОӨА үшін өкпе трансплантациясы мәселесін шешуде қандай индикатор шешуші болады?
* гепатомегалия
* перифериялық ісіну, асцит
* тахикардия 100 соққыдан / мин
* +ОФВ1 25% -дан төмендеуі
* тыныштық жағдайында ентігу
#106
65 жастағы ер адам аз ғана физикалық жүктеме кезіндегі және тыныштықтағы ентігуге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданды. 20 жыл бойы ӨСОА (ХОБЛ) ауыр ағымымен ауырады. 2 дәрежелі АГ бар. 2 жыл бұрын Вирусты гепатит В анықталған. Осы жағдайының нашарлауын соңғы жылдары байқаған.: ентігудің күшеюі, перифириялық ісіктер, бауырдың ұлғаюы. Объективті: ДСИ 40 кг/м, өкпесінде әлсіз тыныс, өкпенің барлық алаңдарында ысқырықты сырыл естіледі. ЖСЖ – 106 рет, ТАЖ – 28 рет. АҚҚ 100/60 мм.с.б. Бауыр пальпацияланады 3 см. Балтыры мен табаны ісінген. Спирография: ОФВ1 25%.
Өкпе трансплантациясын жасауға қарсы көрсеткіш?
*65- тен жоғары жас
*вирусты гепатит В
*+семіздік ДСИ 35 – тен жоғары
*артериальды гипертензия
*тахикардия
#109
28 жастағы әйел жиі зәр шығаруға, зәрін ұстай алмауға, әлсіздікке, іштің төменгі жағындағы тартып ауру сезіміне, кейде белдегі ауру сезіміне шағымданып келді. ЖЗА: лейкоциттер жоғарылаған, белок жоғарылаған, бактерурия – E.coli 1мл зәрде 105 – тен көп. Ең ықтимал жүргізу тактикасы?
*амоксиклав
*котримаксазол
*гентамицин
*+фосфомицин (монурал)
*меропенем
#110
28 жастағы әйелде 4 жыл бұрын жүктілер пиелонефриті болған. 2 апта бұрын тұмаудан кейінгі белдің оң жағындағы ауру сезімі, жиі ауру сезімді зәр шығару, әлсіздік, қызба 39 С. Амбулаторлық тексеру кезінде протеинурия 0,125 г/л, лейкоцитурия көру аймағында 25 – 30, эритроцитурия 8 – 10 көру аймағында, зәрдің массалық үлесі 1016. Қандағы лейкоцит 13,6×10/л, СОЭ – 30 мм/сағ. Тәулігіне 1 г эритромицин тағайындалған, нәтиже болмаған. Температурасы субфебрильді сандарға дейін түскен. Осы жағдайда қандай жүргізу тактикасы ең ықтимал?
*цитрофурандар
*ампициллин
*ибупрофен
*доксициклин
*+цефалоспориндер
#112
34 жастағы әйел созылмалы гломерулонефрит, үдемелі ағымы бойынша ем алып жатыр. Иммуносупрессивті терапия тағайындалған. Осы науқасқа ең тиімді емдеу әдісі қандай?
*үлкен дозадағы глюкокортикоидтар
*үлкен дозадығы цитостатиктер
*аминохинолин туындылары
*+глюкокортикоидты цитостатиктер
*аминохинолинді глюкокортикоидтар
#113
23 жастағы ер адамда 1 апта бұрын катаральды белгілер, субфебрильді температура пайда болған. Ауру басталғаннан 3 күннен соң зәр түсінің өзгеруін – қызыл болғанын байқаған. ЖҚА: массалық үлес – 1018, белок – 0,18 г/л, лейкоцит - 1-2-3 көру аймағында, эритроциттер- көру аймағында көп, гиалонды, түйіршікті цилиндрлер; ЖҚА – ерекшеліксіз. Иммуноглобулиндерге қан анализі: Ig G – 14 г/л (N), Ig A – 5,3 г/л (жоғарылаған). Қандай диагноз ең ықтимал?
*+созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма
*жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром
*несеп – тас ауруы
*жедел пиелонефрит
*созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром
#116
57 жастағы әйелді жақында жүрек тұсындағы басып және қысып ауру сезімі, ұзақтығы 40 минуттан көп, аралас ентігу, өлімнен қорқу сезімі, кенет әлсіздік мазалаған. Анамнезінен: бронхиальды астманың жеңіл ағымымен ауырады. Объективті: жағдайы өте ауыр. Бас жағы көтерілген мәжбүрлі қалыпта жатыр. Тері жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпесінде төменгі екі жақты майда және орташа көпіршікті сырылдар, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ 120 рет минутына, АҚҚ – 110/80 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасының бойымен. ЭКГ – да ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі, III, AFV тіркемелерінде. Ең ықтимал болжам диагноз қандай?
*ИБС. Алғаш рет пайда болған стенокардия
*астматикалық статус
*сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының Q - миокард инфаркті
*+сол қарыншаның артқы қабырғасының Q – миокард инфаркті
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#117
Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 56 жастағы ер адам, төс артындағы басып және ашып ауру сезіміне, ауру сезімінің 200 м жүргеннен кейін және баспалдақпен 1 қабатқа көтерілгеннен кейін сол қолға берілуіне шағымданып келді. Ауру сезімі нитроглицеринмен басылады. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс емес ритм. ЭКГ – да – синусты аритмия, ЖСЖ 85 – 110 рет минутына, қарыншалық экстрасистолалармен үзілген. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Нитраттар, статиндер, антиагреганттарды қабылдағаннан кейін 1,5 ай көлемінде стенокардия ұстамаларынң болмағанын айтты. Физикалық жүктемеге толеранттылықты анықтау үшін қандай тексеріс жүргізу қажет?
*коронароангиография
*электпокардиография
*+тредмил – тест
*сцинтиграфия
*эхокардиография
#118
62 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерде ИБС, СН, ФКЗ, ХСН ФК II диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінде – жиі стенокардия ұстамалары бар. ҚБХ – жалпы холестерин мөлшері – 8,8 ммоль/л. Қандай гиполипидемиялық препараттарды тағайындау тиімді?
*өт қышқылдарының секвестрлері
*никотин қышқылы және оның туындылары
*фибраттар
*+статиндер
*антиоксиданттар
#119
63 жастағы ер адам ИБС СН ФК II диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұр. Амлодипин және биспрололды тұрақты түрде қабылдайды. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіледі, ұзақтығы 7 – 9 минутқа созылды, басу үшін бірнеше таблетка нитроглицерин қабылдаған. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қандай тактикасы ең тиімді?
*қабылдап жатқан препараттардың дозасын көбейту
*кардиолог кеңесіне жіберу
*+кардиологиялық бөлімшеге стационарлық емге жіберу
*пролонгирленген нитраттарды амбулаторлы тағайындау
*үйге стационар тағайындау
#120
57 жастағы ер адам соңғы 4 жылда АҚҚ 180/90 мм.с.б дейін көтерілуіне шағымданды. Тексеріс барысында – сол қарыншаның гипертрофиясы, торлы қабықша тамырының ангиопатиясы. Сол қарыншаның лақтырыс фракциясы 50%, қандағы глюкоза – 7,2 ммоль/л, ЖЗА – паталогиясыз. Ең ықтимал диагноз?
*АГ, II дәрежелі, қауіп II
*АГ, III дәрежелі, қауіп II
*АГ, II дәрежелі, қауіп III
*+АГ, III дәрежелі, қауіп IV
*АГ, III дәрежелі, қауіп I

#123
50 жастағы әйел жоспарлы скрининг өтіп жүр. Қазіргі уақытта шағымдары жоқ. Қарап тексергенде: АҚҚ 155/90 мм.с.б. ЖСЖ 74 рет минутына, ритм дұрыс. Көз түбінде – артериолалардың тарылуы және қан тамырлық суреттің ирелеңі. ЭКГ – да жүректің электрлік осі горизантальды. Сол қарыншаның гипертрофиясы. ЖҚА, ЖЗА, ҚБХА – қалыпты. Ең ықтимал жүргізу тактикасы қандай?


*кардиологиялық бөлімшеге жоспарлы госпитализация
*гипотензивті препараттарды жедел енгізу
*кардиологиялық бөлімшеге жедел госпитализация
*АҚҚ үш күн өлшеу, содан кейін ем тағайындау
*+антигипертензивті препараттарды тағайындау және симптоматикалық гипертензияны болдырмау
#124
Артық салмағы бар 50 жастағы әйел алғаш рет пайда болған төс артындағы ашып ауру сезіміне шағымданды. Анальгетиктермен басылады. ЭКГ – да сол қарыншаның артқы қабырғасының ишемиясы, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Коронароангиография кезінде сол коронарлы артерияның артқы қарыншааралық тармағының 85 % - ға тарылғаны анықталды. Қандай емдеу тактикасы ең ықтимал?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет