ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
ОТЕЧЕСТВЕННЫЙ И ЗАРУБЕЖНЫЙ ОПЫТ
50
–
Неміс әскери тұтқындары;
–
Кеңестік әскери трибуналмен үкім
шығарылып, Германия лагерьлерінде тұтқын
-
далған неміс азаматтары;
–
Германия Социалистік партиясы диктатурасының саяси тұтқындары;
–
Саксон мемориалдық бірлестігінің филиалдарын мемориал жұмыстары бойынша
қолдау
.
Орталық 2000
-
жылдардан бастап Германия Федералды Үкіметінің тапсырмасы
бойынша «Кеңестік және неміс әскери тұтқындары. Екінші дүниежүзілік соғыс және
соғыстан кейінгі кезеңнің тарихын зерттеу мәселелері» халықаралық жобасының жұмыс
-
тарында неміс тарапынан басшылық жасап келеді. Осы жоба аясында Ресей Феде
-
рациясының (2000 ж.), Беларусь Республикасының (2002 ж.) және Украинаның (2004 ж.)
архивтік қызметтерімен келісімдер жасалған [4].
Аталған жоба негізінде Орталықта кеңестік әскери тұтқындар ұсталған лагерьлер ту-
ралы ғылыми
-
зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Екінші дүниежүзілік соғыста лагерьлерде не-
месе жұмыс командаларында қайтыс болған бұрынғы Кеңес азаматтары туралы ақпарат
беру бойынша көмек көрсетіледі.
Құжаттау
орталығында үнемі толықтырылып отыратын кеңестік әскери тұтқындарға
арналған деректер базасы орналастырылған. Мұнда мәліметтер негізінен бұрынғы КСРО
архивтері құжаттары және Германия Федеративті Республикасы архивтерінің құжатта
-
рынан алынады.
ҚР
Президенті Архивінің қызметкерлерінің күшімен осы деректер базасынан қазір
3000-
нан аса қазақстандық әскери тұтқындардың карточкалары табылып, ол ақпараттар
«Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары» Республикалық дерек-
тер базасына (tutkyn.kz) ораналастырылды. Бұл тек Орталықтың деректер базасында
алфавиттік ретпен орналастырылған
әскери
тұтқындар карточкаларының А–В әріптерін
қарастырғанда
ғана
анықталғаны. Алдағы атқарылар жұмыстар нәтижесінде есімдері
ұмыт
қалған, қайтыс болған жерлері мен уақыты белгісіз әлі де ондаған мың қазақстандық
әскери
тұтқындар туралы мәліметтердің табылатыны анық.
Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер тізімі
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4
-
том. –
Алматы:
«Атамұра», 2010.
2. Қазақстан тарихы веб
-
порталының материалдары негізінде:
http://e-history.kz/ru/contents/view/923.
3. «А.Н. Яковлевтің архиві» интернет
-
жобасының мәліметтері бойынша:
http://www.alexanderyakovlev.org
4. Саксон мемориалдық бірлестігі жанындағы Құжаттау орталығының мәліметтері
бойынша:
http://www.dokst.ru/main/content/o-tsentre/istoriya/istoriya-tsentra-dokumentatsii
.
С.М. Шайжанова
,
ҚР
Президенті Архивінің
Құжаттарды
ғылыми
жариялау
басқармасының архивисті
ПОЛЬША АРХИВТЕРІ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Архив мекемелері халықтың мәдениеті мен тарихи мұраларын сақтап, болашақ
ұрпаққа
жеткізу шараларын жүргізумен қатар қоғамның
рухани, мәдени, ғылыми,
әлеуметтік
-
құқықтық
қажеттіліктерін
қанағаттандыру
мақсатында
халықтың тарихи
-
мәдени
құжаттық
мұраларын сақтайтын мемлекеттік нысандардың бірі болып табылады.
Жазба
деректерді жинастырып сақтау ісі тұңғыш рет Мысырда,
Қытайда
,
ежелгі Грекияда
,
Римде
,
тағы басқа елдерде мемлекеттік дәрежеде қолға алынды. Қазақстанда
дербес
архивтің
пайда болуы
Бөкей ордасы
архивімен байланысты. Қазақстандағы архив жүйесі (респуб
-
лика, салалық, аймақтық, т. с. с.)
негізінен ХХ ғ. 20–30 жж.
1
қалыптасты
.
ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
ОТЕЧЕСТВЕННЫЙ И ЗАРУБЕЖНЫЙ ОПЫТ
51
Қазақстан
Республикасының 1998 ж. 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық архив
қоры
және архивтер туралы» заңында ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын қалыптас
-
тыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік
басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу жолдары көрсетілген. Архив сала-
сына деген қоғамның көзқарасы жыл өткен сайын артып келеді. Қазіргі таңда мемлекет
тарапынан архив мамандарын дайындауүшін бакалавр және магистратураға гранттар
бөлінеді. Әл
-
Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультеті архив
ісі бойынша мамандар дайындап, магистранттарды шетелге ғылыми
-
зерттеу тәжірибесіне
жібереді. 2015 ж. 12–26 қаңтар аралығында ҚазҰУ магистранттарының бір тобы Польша
Республикасының Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінде тәжірибеден
өтуге
жолдама алды.
Тәжірибе мақсаты
архив саласы бойынша шетелдік тәжірибені кәсіптік тұрғыдан
меңгеру. Тәжірибе бағдарламасы 2 негізгі тақырыптық блокты
қамтыды: архив қызметіне
теориялық шолу жасау және Познань қалалық мемлекеттік архиві мен Адам Мицкевич
университеті архивінің қызметімен танысу. Аталған университеттегі өткізілген теориялық
дәрістерден кейін магистранттар Познань қалалық мемлекеттік архивінде болды.
Польшада алғаш рет 1964 жылы Поляк архивистерінің қауымдастығы құрылды. Оның
негізгі мақсаты –
архив ісін жетілдіру және ай сайын өткізілетін архивистердің отырысында
архив қызметіне қатысты мәселелерді талқылау болды. Сонымен қатар, Ассоциация
мүшелері Германия, Ресей, Грузия, Швейцария, Франция, Италия, Испания, АҚШ, Мали
Республикасы, Болгария, Чехия, Австрия, Венгрия, Бельгия, Югославияның архивтерінде
жиі болып, архив саласының дамуына өз септігін тигізетін халықаралық қатынастар
орнатқан.
Познаньдағы Ұлттық архивпен біріге отырып, архивтің түрлі тақырыптардағы
көрмелері, Архив апталығы сияқты мерекелік іс
-
шараларды өткізеді. Поляк архивистернің
қауымдастығының
құрамына
Познань мемлекеттік қалалық архиві, Адам Мицкевич
атындағы университет архиві, Торун, Гнезно, Конин, Пиле қалаларының архивтері кіреді.
Познань қаласының мемлекеттік қалалық архиві 1869 ж. құрылған, 67 адам қызмет
атқарады. Чехия, Венгрия, Франция, Қазақстан, т. б. мемлекеттердің архивтерімен серік
-
тестік орнатылған. Архив құрылымы: архив құжаттарын сақтау лабораториясы, құжат
-
тарды жинақтау және өңдеу бөлімі, ақпараттармен алмасу бөлімі, репрография лабора
-
ториясы, компьютерлендіру бөлімі, персоналмен жұмыс бөлімі, бухгалтерлік есеп және
қаржы
бөлімі, экономика
-
шаруашылық бөлімдерінен тұрады. Архивте жылына бір рет ар
-
хив қызметкерлерінің мақалалары жарияланатын журнал шығарады. Құжаттарды инвен
-
тарлық нөмірмен іздеу қолға алынған. Жылына 130 мыңнан аса құжатты сандық форматқа
өткізеді. 2007 ж. бері архивте құжаттардың 2
сандық нұсқаға көшірілген
2
. Тек журнал,
газет, кітаптарды ғана сканерлеп қоймай, плакат, карта, мөрлерді де сандық форматқа
аударады. Архив ішінде қызметтік мақсатта қолданатын арнайы бағдарламалары бар.
Тарихи құжаттарды келешек ұрпаққа жақсы күйде жеткізу үшін қоймалардағы темпе-
ратура
-
ылғалдылық режимі қалыпты деңгейде сақталып, өрттің шығуына қарсы құ
-
ралдармен жабдықталған.
Архив құжаттарын сақтау бөлімінің лабораториясында құжаттардан басқа, картогра
-
фиялық құжаттар, постерлер және плакаттар, қолжазбалар сақталған. Лаборатория 1959 ж.
екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі архив құжаттарын сақтау мақсатында құрылған. Сол
кездің өзінде архивте консервация, дезинфекция жұмыстарына арналған құрылғылар бол
-
ған. Құжаттарды қайта қалпына келтіру мақсатында және оларды өңдеу үшін химия сала
-
сының мамандары жұмыс істейді.
Ал репрография лабораториясының мақсаты –
ұйымдастырушылық
ережелерімен
бірге, архив құжаттарының көшірмесін, фотокөшірмесін зерттеу жұмыстарын сұраныс
-
тарға сай орындайды, шағынбейне түрінде мәліметтер базасы үшін жазба жүргізеді, архив
құжаттарын
сақтау бөлімімен тығыз байланыс орнатуды іске асырады. Өңделген құжат
-
тарды сандық түрге өткізіп, құжаттың пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Тек қағаз түрін
-
дегі құжаттарды ғана емес, мөрлерді, мата түріндегі құжаттарды да сандық нұсқаға
көшіреді.
Компьютеризация бөлімінде ғаламтордағы архив парақшасын өңдеу мен жаңарту
жұмыстары жүргізіледі. Архив сайтында 400
-
ден 1000
-
ға
дейін құжаттар күн сайын жаңар
-
тылады. Архив ұйымдастырған көрмелер мен мерекелік іс
-
шараларға арнап шақыру қа
-
ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
ОТЕЧЕСТВЕННЫЙ И ЗАРУБЕЖНЫЙ ОПЫТ
52
ғаздарын
дайындайды, мәліметтер базасын құру жұмысын жүргізеді, желідегі резервтік
көшірмелерді сақтау, электрондық түрдегі құжаттармен алмасу, архивтегі электронды
айналымға бақылау жасау, компьютерлік техникаларды меңгеру (тендерге қатысу), архив
қызметкерлеріне
ақпараттық технологияларды қолдану бойынша оқу өткізу жұмыстары
-
мен айналысады.
Құжаттарды
жинақтау және өңдеу бөлімі 1950 ж. құрылған. Бөлімде 6 адам жұмыс
істейді. 1997 ж. су тасқыны болып, көп құжаттар бұзылып, қайта қалпына келтірілген. XIX–
XX ғғ. құжаттары сақталған. Оның ішінде қолмен жазылған құжаттар да баршылық, ол құ
-
жаттарға консервациялық жұмыстар жүргізген. Құжаттарды электрлі ламинат, үтік арқылы
өңдейді. Құжаттардың шағынфильм және цифрлі жеткізгішке көшірілуімен қатар, мате
-
риалдық, химиялық және биологиялық жағдайлардың әсері тиген құжаттар реставратор
мамандардың күшімен қалпына келтіріледі.
Архив қорына тарихи мекемелер мен ұйымдардың деректері және құжаттары енгі
-
зілген. Ол кәсіби міндеттерді шешіп отыруда: Ассоциациялық қоғамдық көмек, мәдени
мұраларды сақтауда, архив жұмысын бағалауда өз септігін тигізеді.
Познань мемлекеттік қалалық архиві жанынан архив мамандарын дайындайтын ақы
-
лы курс ашылған. Курс мақсаты –
архив қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жаңа әдіс
-
терді қолдану арқылы жетілдіру. Бұл курс екі деңгейде өткізіледі: алғашқысы 50 сағаттан
тұрады, оның 39 сағаты теориялық сабақ, 11 сағаты практикалық сабаққа арналған. Ал
екіншісі 54 сағаттан тұрады, 46 сағат практика, 8 сағат теориялық сабаққа арналған. Курс
-
ты бітірген соң, емтихан тапсырылып, «архивист курсын бітірді» деген анықтама беріледі.
Адам Мицкевич атындағы университет –
Польшаның Познань қаласындағы басты
мемлекеттік университеттерінің бірі. 1919 ж. 4 сәуірде Познаньдағы
Поляк университеті
деген уақытша атпен құрылып, 1920 ж. 10 сәуірде үкіметтің бекітуімен Познань универ
-
ситеті деген атпен ресми түрде өз қызметін әрі қарай жалғастырады. 1955 жылғы
24 желтоқсанда университетке
поляк
халқының мақтан тұтарлық патриот ақыны, ұлт
-
азаттық қозғалыстың өкілі, әлем әдебиетінің тарихында өшпес орын алатын Адам
Мицкевичтің есімі беріледі. 47
000-
нан аса студенттер мен 1300
-
дей аспиранттар білім
алып жатқан университет 15 факультеттен тұрады. Қазіргі уақытта университетте 3000
-
ға
жуық оқытушылар жұмыс істейді (360 титулды профессор, 500 профессор, 1500 ғылым
докторлары мен аға оқытушылар).
Іс
-
тәжірибе барысында Адам Мицкевич университетінің тарих пәнінің оқытушылары
-
нан дәріс алдық. Университеттің тарих факультетінде архивтану және құжаттану ма
-
мандығы бойынша курс оқытылады.
Адам Мицкевич атындағы университет архиві 1953 ж. құрылған. Архивте 8 адам
қызмет
атқарады. Архивтің басты мақсаты
университеттің құжаттарын сақтау. Архив қо
-
рындағы құжаттар бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі құжаттар және қазіргі
күнгі құжаттарымен ерекшеленеді. Сақтау қоймасында соғысқа дейінгі кезде білім алған
студенттердің құжаттары сақталған. Университет архиві көршілес елдердің университет
архивтерімен және қалалық архив мекемелерімен байланыс орнатқан. Архив қызметкер
-
лерін кәсіби біліктілікті арттыру курстарына жіберіп отырады. Архив құжаттарының 1
сандық форматқа өтіп, сканерлеу жұмысы жалғасын табуда. Архив құжаттарын каталог
арқылы іздестіру жұмыстары жүйелі түрде қолға алынған. Сақтау қоймаларында темпе
-
ратура мен ылғалдылық қалыпты деңгейде тұрады.
Познань архивтерінде елдің мұраларын сақтауда архив жүйесіне байланысты біртұ
-
тас қызмет қалыптастырылған. Архивтерінде сыныптау, сараптама, сканерлеу жұмыс
-
тары, архив құжаттарын инвентаризациялау, қағаз құжаттарын жою, қолжазбаларды жаңа
технологиялармен өңдеу жұмыстары іске асырылады. Архивистерді дайындау қолға алы
-
нып, жоғары білімді мамандар қызмет атқарады. Құжаттар қорынан тарихи, мәдени мағы
-
наға ие көне қолжазбаларды, құжаттарды кездестіруге болады. Архив жанынан ашылған
архивистерді дайындау курсы архив қызметкерлерінің өз жұмысына жанашырлығын, ар-
хив мұраларын сапалы түрде болашақ ұрпаққа жеткізуге деген ынтасын арттырады.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
:
1.
Тәуелсіз Қазақстан мұрағаттар тарихы,
https://kk.wikipedia.org/wiki
2. Познань мемлекеттік архивінің сайты:
https://www.archiwa.gov.pl/pl/
АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖАРИЯЛАНЫМДАР
ИСТОРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ И ПУБЛИКАЦИИ ПО АРХИВНЫМ ДОКУМЕНТАМ
53
Ж.Т. Байқаш
,
ҚР
Президенті Архивінің
Құжаттарды
ғылыми
жариялау
басқармасының бас сарапшысының м.
а.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ
-
АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
(ҚР Президенті архивінің құжаттары негізінде)
1916 ж. 25 маусымда Ресей империясы патшасы ІІ Николайдың Қазақстанның, Орта
-
лық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жас пен
43 жасқа дейінгі бұратана ер азаматтарын
тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және қатынас жолдарын салу, майдан өңірі
мен маңайында жолдар салу және т. б.) «Реквизициялау туралы» жарлығы жарияланды
[1, 13-
б.]. Осы жарлық 1916 ж. ұлт
-
азаттық көтеріліске
түрткі болды, қазақ халқы патшаның
отарлау саясатына наразылығын білдірді.
Мақаланың мақсаты Қазақстан тарихының осы кезеңге қатысты Қазақстан Респуб
-
ликасы Президентінің Архивінде жинақталған құжаттарға шолу жасау.
ҚР
Президенті Архивінің «Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің жа
-
нындағы Партия тарихы институтының» (137
617
іске 38 тізімдеме) № 811 және Бүкілодақ
-
тық Коммунистік (большевиктер) партиясының Жетісу губерниялық комитеті (1
801
іске
2 тізімдеме) № 3 қорларында 1916 ж. көтерілістің
тарихын бейнелейтін құжаттар сақталуда.
1916 ж. көтеріліске арналған отырыстар хаттамаларының материалдары және осы оқиға
-
ның куәгерлерінің естеліктері, ҚазОАБ қорлары бойынша құжаттардың көшірмелері: қырғыз
-
дарды (қазақтарды) мобилизациялау бойынша хат алмасу, қырғыздардың (қазақтардың)
тәртіпсіздіктері туралы хаттар, телеграммалар, рапорттар, кінә тағу актілері, уездердегі жағ
-
дай жөнінде күнделікті хабарламалар, реквизиция жұмыстарының барысы туралы ақпарат
-
тар, тыл жұмысына жіберілген және тыл жұмысынан өтеуді кейінге шегерілген қырғыздар
-
дың (қазақтардың) саны туралы анықтамалар мен мәліметтер және т. б. құжаттар.
Мәселен, Ақмола облысындағы 1916 ж. көтеріліс туралы С. Сейфуллиннің естелік
-
тері [2, 139−151
-
б.; 3], М. Тынышпаевтың 1916 ж. Жетісу облысындағы қырғыздардың
(қазақтардың) көтерілісі жөнінде жауап алу хаттамасы, оның Верный округтік соттың тер
-
геушісіне берген жауаптары [4] және т. б.
Кеңестік уақыттың тарихи құжаттары өз кезеңіндегі идеологияға сәйкес жазылған,
естеліктердің авторлары да бұл
шеңберден шыға алмады. Мәселен, жоғарыда аталған
№ 811
-
қорда
Октябрь революция тарихы және партия тарихы бойынша комиссиясы
құрастырған
естеліктерді жинау туралы нұсқаулық бар. Бұл нұсқаулық 1936 ж. 21 шілдеде
құрастырылып, көлемі 7 бет, 27 мәселені қамтыды. Бұл сұрақтар естелік берушіге оқиға
-
ларды қалай сипаттау керек, қандай баға беру керек екендігіне нұсқау берді. Мысалы,
бірінші және екінші тармақтарда еңбеккерлердің жағдайларына аса мән берілді. Бірінші
тармақ.
Положение трудящихся масс накануне восстания было в высшей степени на-
пряженным.
Екінші тармақ.
Рабочие и трудящиеся массы желали прекращения империалис
-
тической войны, а капиталисты и поставщики различных продуктов питания и фуража же-
лали продолжения войны до победного конца, стремясь нажить себе капиталы. [5].
1916 жылға арналған баяндамада С. Меңдешев айтқан болатын: «Эти события, или
это восстание имело место в 1916 г., когда в империалистической России нарастал кри-
зис, усиливаемый тяжестью империалистической войны. На основе этого кризиса на
-
растало недовольство пролетариата и трудящихся не только во внутренних частях стра-
ны, но и на окраинах, на колониальных угнетенных окраинах. Поэтому восстание
казакского населения в 1916 г. необходимо отнести к движению национально освободи
-
тельному от колониальной политики царской империалистической России. С этой точки
зрения это восстание следует считать составной частью назревавшей в России рево
-
люции» [6; 2, 23
-
б.].
Үшінші
тармақта халықтың экономикалық жағдайы туралы айтылды. Үшінші
тармақ.
В годы империалистической войны с населения взимались налоги в двойном размере
АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖАРИЯЛАНЫМДАР
ИСТОРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ И ПУБЛИКАЦИИ ПО АРХИВНЫМ ДОКУМЕНТАМ
54
вплоть довоенного времени. Брались для фронта лошади, скот, кошмы и прочие по са-
мым низким ценам, но хозяева были за это недовольны [5]. Шаңырақтарға жаңа әскери
салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3–4 есе, ал
жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді [7, 636
-
б.].
Оразғалиев және Ақдәулетов еске алады: «Ко времени империалистической войны,
условия жизни казахских трудовых масс Уильского района, стали нищенскими, положение
было беспомощным, ввиду обложения царским правительством разными непосильными
налогами, а также от грабительских действий волостных управителей, народных судей,
мулл и ишанов» [5].
Жетінші тармақта халықты патшамен, құдаймен қорқытатын. Жетінші тармақ.
При
-
нимая во внимание настроение народа Начальник уезда собрал влиятельных богачей и
духовенство на совещание, после чего баи и духовенство приступили к агитации в среде
трудящихся масс подчиниться приказу о наборе говоря, что в случае неподчинения бу
-
дете преступниками перед царем и Богом. Видите по распоряжению правительства ис-
требляли джизанцев орудейным огнем и нас постигнет такая же учесть, если не подчи-
нимся приказу [5].
Б. Әшекеевтің естелігі бойынша, «по вопросу –
будем ли давать на мобилизацию жи-
гитов, или не будем
давать, народ делился на две части. Крупные баи, муллы стояли на
стороне волостного управителя и биев, настаивали и согласились с приказом губер
-
натора дать солдат по мобилизации на работу. Они говорили, что стать против приказа
царской власти –
равносильно тому, что стать против бога. Бии, волостной управитель и
муллы стали агитировать народ, что царь моложе бога только на год. Среди бедняков и
бедняцкого крестьянства настроение против работы и мобилизации возросло, бедняки и
середняки говорили –
мучаться
будем мы, в армию берут нас, если умрем –
то мы умрем,
а не баи и муллы и т. д.» [5].
ҚР
Президенті Архивінің қорларында 1916 ж. көтеріліске байланысты сақталған құ
-
жаттардың екінші ерекшелігі –
мәтіндерді жазуда үш алфавит қолданылған: араб гра
-
фикасы (төте
жазу), латынша, кирилл қаріптері. Мысалы, Ақмола облысындағы 1916 ж.
көтеріліс туралы С. Сейфуллиннің [3], Торғай облысындағы М. Дайрабаев [8; 2, 90−95],
С. Байсейітов, А. Нұрмановтың [9] естеліктері және т. б. латын графикасында жазылған.
Атбасар уезіндегі 1916 ж. көтеріліс туралы Мұқаштың [10], Т. Құлажановтың [11] естелігі
және т. б. араб графикасында сақталған. Өкінішке орай, мұндай істерге сұраныс өте аз,
көбінесе зерттеушілер, кириллицада жазылған құжаттарды қарайды, өйткені латын және
араб графикасында жұмыс істей алатын зерттеушілер аз.
Қорыта
келгенде, ҚР ПА
-
ның 1916 жылғы оқиғаға байланысты құжаттар арнайы жи
-
нақталмаса да, Октябрь революциясы және партия тарихын жинақтау жөніндегі комиссия
-
сының құжаттары сақталған қорда Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс туралы құжаттық
хроникалар сақталуда. Осы құжаттардың негізінде 1998 ж. ҚР Президентінің Архиві қазақ
халқының 1916 ж. ұлт
-
азаттық қозғалысының тарихына арналған екі томдық «Қаһарлы
1916 жыл:–
Грозный 1916
-
й год» құжаттар мен материалдар жинағын
шығарды [1; 2].
Жинаққа бұрыннан белгілі деректермен қатар тоталитарлық жүйе тыйым салып келген
жаңа құжаттар мен материалдар енгізілді.
Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер:
1. Қаһарлы 1916 жыл: (Құжаттар мен материалдар жинағы) –
Грозный 1916
-
й год (сб. докумен-
тов и материалов). –
Алматы: Қазақстан, 1998. –
(Саяси
-
көпшілік басылым) Т. 1. –
1998
–
423 б.
2. Қаһарлы 1916 жыл: (Құжаттар мен материалдар жинағы) –
Грозный 1916
-
й год (сб. докумен-
тов и материалов). –
Алматы: Қазақстан, 1998. –
(Саяси
-
көпшілік басылым) Т. 2. –
1998
–
247 б.
3. ҚР ПА. 811
-
қ
. 1-
т. 58 іс. 1–
20-
п.
4. Сонда. 20
-
т. 67
-
іс. 1–
26-
п.
5. Сонда. 6
-
т. 153
-
іс. 58–
59, 84, 231
–
244-
п.
6. Сонда. 20
-
т. 752
-
іс. 2
-
п.
7. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3
-
том. –
Алматы: «Атамұра»,
2010.
–
768 б.
8. ҚР ПА. 811
-
қ
. 6-
т. 36
-
іс. 1–
6-
п.
9. Сонда. 153
-
іс. 32–
54-
п.
10. Сонда. 3
-
қ
. 557-
іс. 1–
20-
п.
11. Сонда. 811
-
қ
. 6-
т. 153
-
іс. 1–
12-
п.
|