Қ. Ш. Әлімғазинов


АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖАРИЯЛАНЫМДАР



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата12.01.2017
өлшемі6,84 Mb.
#1705
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖАРИЯЛАНЫМДАР
 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ И ПУБЛИКАЦИИ ПО АРХИВНЫМ ДОКУМЕНТАМ
 
 
62 
 
 
 
 
А.М. Төлетбеков
 
ҚР
 
Президенті Архивінің
 
Құжаттарды
 
пайдалануды ұйымдастыру
 
басқармасының бас сарапшысы
 
 
ТАРИХЫ ТҰЛҒАЛЫ МОЙЫНҚҰМ: АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ СЫР ШЕРТЕДІ
 
Қазақ
 
даласының  төрінде  орналасқан,  Бетпақдаланың  аңызағының  өтіндегі  Мойын
-
құм
 
ауданы  Қазақстанның  мал  шаруашылығының  аса  маңызды  саласымен  айналысып, 
қолынан
 
құрығын
 
тастамай, ел мен жердің қасиетін саралай өскен тұлғаларымен көрікті. 
«Мал
 
өсірсең

қой
 
өсір

табысы
 
оның
 
көл
-
көсір»
 

 
дегенді
 
қазақ
 
халқы
 
тегін
 
айтпаған.
 
Қой
 
өсіру
 
қазақ
 
халқының  ертеден  келе  жатқан  ата  кәсібінің  бірі.  Төрт  түлік
 
малдың
 
ішінде 
жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы
 
Шопан ата түлігін жаю мен
 
оны көбейту 
мен  тұқымын  асылдандырудың  өзіндік  әдіс
-
тәсілдерін  қалыптастырған.
 
Төрт  түліктің  ша
-
руашылығына  қолайлы  табиғи  ортаның  мол  болуы,  соған  орай  қыстау,  көктеу,
 
жайлау

күзеумен  байланысты  көшпелі  өмір  салтының  орнығуы  қазақ  халқының  дәстүрлі  қой 
шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Шынында
 
еті
 
бал,
 
сүті
 
шипа,
 
жүні
 
алтын
 
қой
 
өсірудің
 
арқасында
 
қазақ
 
халқынан
 
шыққан
 
бірталай
 
азаматтар
 
абырой
 
биігіне
 
көтеріліп,
 
еліміздің
 
халық
 
шаруашылығы
 
тарихынан
 
лайықты
 
орындарын
 
ала
 
білген.
  
Жақсымызды  қадір  тұтып,  ел  үшін  еткен  еңбегін  үлгі  еткеннен  ұтылған  жеріміз  жоқ. 
Өткенімізден
 
тәлім алып, бүгінгі ұрпақ үшін аталған саланың жеткен жетістіктері мен жүріп 
өткен
 
жолына,  Мойынқұм  өңірінің  кеңеcтік  дәуірдегі  тынысына  Қазақстан
 
Республикасы 
Президенті Архивінің құжатты деректік қоры негізінде тарихи шолу жасап өтуді жөн көрдік. 
Өз
 
еңбектерімен осы кәсіптің абыройы мен даңқын асырып, мал шаруашылығына сүбелі 
үлес
 
қосқан
 
өлке
 

 
Мойынқұм жетістіктері туралы айтатын дүние ұшан
-
теңіз.
  
Қазіргі
 
Мойынқұм ауданы орналасқан аумақ Көктерек ауданы деген атаумен 1963 ж. 
қаңтарға
 
дейін  Жамбыл  облысының  Оңтүстік  Қазақстан  өлкесіне  қаратылуына  байла
-
нысты  таратылып,  жерінің  басым  бөлігі  Шу  ауданының  құрамына  берілді.  Алайда  эко
-
номикалық тұрғыда бұл әкімшілік
-
аумақтық реформа аса нәтижелі бола қоймады. 
 
КСРО  Министрлер  Кеңесі  қой  шаруашылығын  одан  ары  өркендету  мәселесіне  зор 
маңыз бере отырып, 1964 ж. «Қазақ КСР
-
де қой шаруашылығын өркендету үшін шөл және 
шөлейт  жайылымдарды  игеру  туралы»  арнайы  қаулы  қабылдады.  Қаулыны  орындау  –
 
төменгі  Шу  мен  Бетпақдаланы  игеру  арқылы,  ол  жерлерде  қой  шаруашылығымен  айна
-
лысатын совхоздар ұйымдастыра отырып, оларға дұрыс басшылық жасау және тиімді жұ
-
мыс істеуіне тиісті жағдай жасау үшін Мойынқұм ауданын қайта құру қажеттілігі туындады.
 
Сонымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
 
1964 ж. 31 желтоқсандағы жар
-
лығымен Мойынқұм  ауданы құрылып, орталығы Фурмановка селосына орналасты. Құра
-
мына  14  совхоз  кірген,  ауданның  сол  кездегі  аумағы  72,1  мың  шаршы  километр  болып, 
облыстың жер аумағының 50 пайызын құрады. 
 
1964 ж. наурызда Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Арт
-
та қалған колхоздардың экономикасын көтеру шаралары туралы» және «Қазақ КСР
-
де қой 
шаруашылығын дамыту үшін шөл және шөлейт жайылымдарды игеру туралы» қаулыларын 
қабылдап,  қой  шаруашылығын  өркендетудің
 
нақты  шараларын  бекітті.  Іле
-
шала  сол  жыл
-
дың маусымында Жамбыл облыстық партия комитеті мен облыстық еңбекшілер депутаттар 
кеңесі атқару комитеті аталған қаулының орындалуы туралы тиісті құжат қабылдап, облыста 
бес қой өсіретін арнайы совхоз құруды жоспарлады. Аталған жылдары республика бойын
-
ша қой шаруашылығымен айналысатын совхоздар саны 502 болса, 1970 жылға
 
дейін олар
-
дың санын кем дегенде 750–
800-
ге жеткізу міндеттелді. 1964 ж. басында республика бойын
-
ша ұйымдастырылып жатқан қой совхоздарының саны 34 болса, құрылыс барысында көп
-
теген қиындықтарға кездесті. Жоғарыда келтірілген нормативтік құжаттар жалпы қой шаруа
-
шылығының  реттелу  жолдарына  негізделген  еді.  Мойынқұм  аудандық  партия  комитетінің 
бірінші  хатшысы  [?]  Назарбековтың  Жамбыл  облыстық  партия  активінің  жиналысында 
жасаған  баяндамасында  көрсетілгендей,  ауданның  басты  мақсаты  –
 
Шу  өзенінің  төменгі 

АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖАРИЯЛАНЫМДАР
 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ И ПУБЛИКАЦИИ ПО АРХИВНЫМ ДОКУМЕНТАМ
 
 
63 
ағысы  мен  Бетпақдаланың  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  өңірді,  соның  ішінде  қой 
шаруашылығын тиісті деңгейде өркендетіп, өлкені мол табысты шаруашылықтармен толық
-
тыру,  сонымен  қатар,  аудан  көлемі  1  миллионға  дейін  қой  отарларын  ұстауға  әлеуетті 
болған. Тіпті 1965 ж. аяғына дейін қой басы санын 3,27 миллионға жеткізу көзделген.
 
1965 ж. 12 мамырда Жамбыл облыстық партия комитеті бюросының «Мойынқұм ау
-
данының даму мүмкіндіктері туралы» шешімімен қой шаруашылығын дамыту мақсатында 
ауданның шөл және шөлейт аумақтарын оңтайлы пайдаланылуына зор маңыз бере оты-
рып,  келешек  дамуының  мүмкіншіліктерін  анықтау  үшін  арнайы  жұмыс  комиссиясы  құ
-
рылады.
 
Аталған мерзімде жыл сайын одақтық, республикалық, облыстық және аудандық дең
-
гейлерде  көптеген  заңнамалық  актілер  жарыққа  шығарылып,  саланың  өркендеуіне  жан
-
жақты жағдайлар жасалды. Өз кезегінде республика, облыс және аудан басшылары пар
-
тия  конференцияларында,  пленумдарда  және  т.б.  жиын
-
кеңестерде  қой  шаруашылығы 
саласының  даму  үрдістері,  кездескен  қиындықтары  мен  жеткен  жетістіктері  жөнінде  мін
-
детті түрде есеп беріп отырған.
 
ҚР
 
Президенті Архивінің сақтау қорында қой шаруашылығының даму үрдісі бойынша 
статистикалық  мәліметтер  де  кездеседі.  Дәлірек  айтсақ,  Қазақ  КСР  Орталық  статистика 
басқармасының  мәліметі  бойынша,  мысалы,  1966  ж.  қой  мен  ешкі  басының  саны  –
  
32,4 
млн,  1974  ж.  –
  34,6 
млн,  1979  ж.  –
  34,1 
млн,  1983  ж.  –
  36,6 
млн
 
және  де  бұл  көр
-
сеткішті 1990
-
жылдарға
 
қарай
 
50 миллионға жеткізу міндеттелген еді.
 
Деректер көрсетіп отырғандай Жамбыл облысының, оның ішінде Мойынқұм ауданы
-
ның  көрсеткіштері  үнемі  алдыңғы  қатарда  болғандығын  архив  құжаттары  дәлелдейді 
Мойынқұм  ауданы  бойынша  мал  шаруашылығында  көрсеткен  үздік  көрсеткіштері  үшін 
 
Ж. Қуанышбаевпен қатар Д. Итбасова, Ш. Шәріпбаев, С. Көшеков, Қ. Біртаев, Ә. Жапаров, 
Ш.Тайбағаров  және  т.б.  сынды  ауыл  шаруашылығы  озаттары  мемлекеттік  марапаттарға 
ие болған. 
 
1965 ж. бастап қой шаруашылығы оның ішінде қаракөл елтірісін дайындауды дамыту 
шаралары да қатар жүзеге асырыла бастады. Жамбыл облысы бойынша қаракөл шаруа
-
шылығымен  айналысатын  Мойынқұм  және  Бетпақдала  шөлдері  жерлерін  пайдаланатын 
негізгі  үш  аудан  Мойынқұм,  Талас  және  Сарысу  аудандары  еді.  1965  ж.  Д.А.  Қонаевтың
 
КОКП ОК
-
не жолдаған хаты бойынша Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қа
-
ракөл  шаруашылығы  басқар
-
масы құрылып, қойдың осы тү
-
рін  өсіретін  облыстар  Шым
-
кент,  Жамбыл,  Қызылорда 
және  Гурьев  облыстық  ауыл 
шаруашылық  басқармаларын
-
да Қаракөл шаруашылығы бө
-
лімдерін ашу жоспарланып, ол 
1968  ж.
 
жүзеге  асырылған. 
1969  ж.  Жамбыл  қаласында 
Қазақтың  қаракөл  шаруашы
-
лығы ғылыми
-
зерттеу институ
-
тының бөлімі ашылып, облыс
-
тық  деңгейде  қаракөл  қойы 
тұқымының  даму  ерекшелік
-
терімен, 
селекциялық
-
тұқым 
асылдандыру  жұмыстарының 
әдістерін
 
және  өсіру  техноло
-
гиясын  зерттеумен  айналыс
-
ты.  Біріншіден,  осы  шаруашылықтарды  жүргізіп  отырған  еңбекшілердің  еңбегінің  жемісі 
ретінде  1985  ж.  қарай  Қазақстан  одақтық  республикалар  арасынан  қаракөл  шаруашы
-
лығының  көрсеткіштері  бойынша  бірінші  орынға  шықты.  Осы  тұста  архивтік  деректер 
негізінде  статистика  мәліметтерін  келтірсек,  1963  ж.  қаракөл  қойының  басы  2,6  млн, 
қаракөл
 
елтірісін  өндіру  1,2  млн  дана  көрсеткіш,  ал  1985  ж.  басында  бұл  көрсеткіш 
тиісінше, 5,7 млн және 2,6 млн
 
дана көрсеткішке жеткен. 
 

АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖАРИЯЛАНЫМДАР
 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ И ПУБЛИКАЦИИ ПО АРХИВНЫМ ДОКУМЕНТАМ
 
 
64 
Кеңестік,  партиялық  билік  жүйесінің  салаларына  сай  мал  шаруашылығына  да  жас
-
тарды тарту комсомол ұйымдары арқылы жүзеге асырылды. Сол кездегі КОКП ОК
-
нің Бас 
хатшысы Л.И. Брежнев Алматыда өткен тың игерудің 20 жылдығына арналған салтанатты 
мәжілісте  зор  және  жауапты  міндет  ретінде  таяу  жылдары  Қазақстандағы  қой  санын 
 
50  миллионға  жеткізу  мақсатын  алға  қойды.  Республикада  қой  шаруашылығын  жедел 
қарқынмен
 
одан  ары  дамыту  үшін  еңбекті  ұйымдастырудың  жаңа  прогресті  түрлерін  ой
-
ластыру қажеттілігі туындап, өскелең өмір талабына сай қой шаруашылығының өнімділігін 
арттыру, шопан мамандар мәселесін шешудің, өндіріс мәдениетін арттырудың бірден
-
бір 
жолы  жаңа  ұжымдық  еңбек  тәсілі,  шопандардың  комсомол
-
жастар  бригадаларын  құру 
қолға
 
алынды.  Жамбыл  облысы  Мойынқұм  ауданы  «Айдарлы»  совхозында  «Сұңқар», 
«Шалқар»,  «Тұлпар»,  «Шұғыла»  бригадалары  құрылған.  Шопандарға  тигізген  қолқабыс
-
тығы зор болған жастар, өз беттерімен 2500
-
ге дейін қойды үш
-
төрт отарға бөліп, бағып
-
күткен.  Республикамыздың  әр  жерлерінде  көрсеткен  белсенділіктері  мен  жеткен  жетіс
-
тіктері үшін Қазақстан ЛКСМ ОК мен Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыс-
палы Қызыл Туы және ақшалай сыйлықтармен марапатталып отырған. Тіпті, сол кезеңдегі 
ауыл  жастарын  жоғары  оқу  орындарына  түсу
 
үшін
  2
–3  жыл  осы  іспеттес  бригадаларда 
жұмыс  жасауға  міндеттеген  көрінеді.  Десекте,  еңбекті  тиімді  ұйымдас
-
тырудың  аталмыш 
тәсілі  қой  шаруашылығында  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізуге  зор  септігін  тигізгендігін 
атап көрсету қажет. 
 
Республиканың, облыстың одан бері ауданның қой шаруашылығында көрсеткен жо
-
ғары
 
көрсеткіштері  қарапайым  еңбекшілердің  тікелей  үлесінсіз  мүмкін  болмас  еді.  Бұл 
ретте  үстіміздегі  жылы  туылғанына  120  жыл  толып  отырған  қазақтың
 
қасиет
 
қонған
 
шо
-
паны, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев және 100 жылдық мерей
-
тойы  келіп  жеткен  соғыс  және  еңбек  ардагері,  Қазақстан  Республикасының  ауыл  ша
-
руашылығына еңбек сіңірген қызметкер Әлкен Жапаровты атап өтеміз.
 
Жайдары  мінезді, жарқын жүзді «Жаз
-
ата» атанған, «Дала академигі»,
 
«Малшылар
-
дың маршалы» деп есептелген, бүкіл ғұмырын ақтылы қой өсіруге арнаған, Мойынқұмның 
гүлденіп, көркеюіне үлкен үлес қосқан –
 
Жазылбек Қуанышбаев. Ол жарты ғасырдай адал 
еңбегімен  шалғайда  жатқан  ауданның  атын  аспандатып,  мерейін  көтерді.  Оның  даңқы 
кешегі Одақ көлеміне дейін белгілі болып, ауылы мен ауданы ғана емес, барша қазақстан
-
дықтардың мақтанышына айналды. Қашанда, қай жерде болсын Мойынқұм десе ілкі сәтте 
тек Ж. Қуанышбаевтың есімі еске түсетіні де сондықтан. 
 
40-
шы  жылдардың  басында  Қазақстанда  қаракөл  қойын  өсіру  қолға
 
алынғанда,  тұ
-
ғырлы
 
тұлға  алғаш  айналысқандардың  бірі
 
еді.  Аға  шопанның,  әсіресе,  соғыс  кезіндегі 
еңбегі  елге  ерекше  үлгі  болды.  Сол  шақта  ол  қаракөл  қойының  басын  өсіріп,  оны  асыл
-
дандыру,  өнімділігін  арттыру  жолында  аянбай
 
жұмыс  істеп,  көптің  көзіне  ілінді.  Алапат 
соғыс  аяқталған  соң  да  абыройлы  ісімен  алға  шығып,  жұмысын  жақсы  жалғастырды. 
Нәтижесінде  1948  ж.  кеудесіне  алғашқы  Алтын  жұлдыз  тағылып,  Социалистік  Еңбек  Ері 
атағына ие болды. Осыдан кейін де
 
оның табысты еңбегі
 
мен жемісті ісі көбейіп, елін сүй
-
ген ардақты азамат жаңа бел
-
белеске көтеріле берді. Араға он жыл салып, 1958 ж. екінші 
рет  Социалистік  Еңбек  Ері  атанды.  Жаны  жақсылыққа  жақын  Жазекең  сол  тұста  әр  жүз 
саулықтан 140–
145-
ке дейін қозы алып, әрбір қойдан 4 келіге дейін жүн қырқыпты. Жалпы, 
мал  баққан  жылдар  мұғдарында  оның  алдынан  ондаған  мың  қой  мен  қозы  өріп,  қыруар 
елтірі мен жүн, ет өндірілген. Малын үнемі үкілеп күтіп, аман сақтап отырған.
 
Оның  қаракөл  қойлы  отарынан  орнықты  еңбекпен  өсіріліп,  өндірілген  көзді  жаулап, 
талайды тамсандырған елтірілері Дели, Бухарест, Познань, Нью
-
Йорк жәрмеңкелері мен 
аукциондарында өте жоғары бағаланған.
 
Ақсақал 1963 ж. зейнеткерлікке шықса да байыз тауып, қол қусырып отыра алмады. 
Өйткені,  бүкіл  өмірі  еңбекпен  өрілген,  бар  ғұмырын  малға  арнаған  оның  шау  тартса  да 
шаруаға қарай бүйрегі бұрыла берді. Көп ұзамай сүйікті кәсібіне қайта оралды, бұл кезде 
де өзгелерге өнеге боларлықтай көп іс тындырды. Ал, дербес зейнеткер атанғаннан бастап 
Қазақ
 
КСР  ауылшаруашылығы  министрлігінің  кой  шаруашылығы  жөніндегі  қоғамдық 
негіздегі инспекторы міндетін атқарып жүрді.
 
Мойынқұм жеріне еңбегі сіңген тағы бір тұлға соғыс және еңбек ардагері, Қазақстан 
Республикасының  ауыл  шаруашылығына  еңбек  сіңірген  қызметкер  Әлкен
 
Жапаров  бо
-
латын.
 

АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖАРИЯЛАНЫМДАР
 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ И ПУБЛИКАЦИИ ПО АРХИВНЫМ ДОКУМЕНТАМ
 
 
65 
1939 
ж. басталған Фин соғысына қатысқан Ә. Жапаров 1941–1945 жж.
 
Ұлы
 
Отан соғы
-
сының  қанды  қасабына  бастан
-
аяқ  қатысып,  1946  ж.  ғана  әскер  қатарынан  босатылады. 
Әскери
 
шинелін қазақы күпіге ауыстыра сала, халық шаруашылығын көтеруге білек сыбана 
кіріскен Әлекең
 
Мойынқұм топырағындағы колхоздың мал дәрігері қызметінен бейбіт еңбек 
жолын бастады. 1953 ж. дейін Жамбыл атындағы колхоз төрағасының орынбасары, 1953–
1957  жж.  Карл  Маркс  атындағы  ұжымшар  төрағасы,  1957–1978  жж.  Фурманов  атындағы 
қой
 
шаруашылығы  совхозында  ферма  меңгерушісі  болып  еңбек  етті.  Әлкен  Жапарұлы 
еңбектегі жетістіктері үшін Ленин, Октябрь революциясы ордендерімен марапатталды.
 
1976  ж.  Ә.  Жапаров  құрметті  демалысқа  шығып,  Қазақ  КСР
-
ның  дербес  зейнеткері 
атағы  берілді.  Бірақ  зейнетке  шыққанына  қарамастан  ақсақал  еңбектен  қол  үзбеді,  мол 
тәжірибесін жастарға үйретіп, ата кәсібі жолындағы абыройлы қызметін жалғастырды.
 
Тынымсыз  еңбекқор,  білгір  ұйымдастырушы,  өз  ісінің  асқан  шебері  бола  білген 
 
Ә.  Жапаров  ауыл
-
аймағы  мен  үлкен
-
кішіге  сыйлы  әрі  құрметіне
 
бөленген  еді.  Еңбек  жо-
лын  қарапайым  колхозшыдан  бастаған  Әлекең  өз  міндетіне  жауапкершілікпен  қарайтын 
және талапшылдығы тек қатаң талап етумен шектелмейтін. Өзі басқарған ұжымда еңбекті 
сауатты  ұйымдастыра  білгендіктен,  қарамағындағы  еңбекшілер  тарапынан  ешбір  шағым 
болмайтын. Осындай қамқоршылары бар малшылар да аянбай еңбек етіп, айтулы жетіс
-
тіктерге  қол  жеткізе  білді.  Ферманы  Әлекең  басқарған  жылдары  қой  санын  30  мыңға 
жеткізіп, жыл сайын орта есеппен әр жүздіктен 140–150 бас қозы алып отырды

Соғыстан кейінгі қысқа ғана 40 жыл ғұмыры Ә. Жапаров үшін де, жерлестері үшін де 
абыройға ие бола білген кезеңге айналды. Әскери «Қызыл Жұлдыз», ІІ және ІІІ
-
дәрежелі 
«Даңқ»,  Қазан  төңкерісі,  Ленин  ордендерімен,  бірнеше  медальдар  мен  белгілерді  ием
-
денді.
 
Сол  кездегі  республикамыздың  ең  жоғарғы  марапат  белгісі  –
 
Қазақ
 
КСР  Жоғарғы 
Кеңесінің  Құрмет  грамотасына  және  «Қазақстан  ауыл  шаруашылығына  еңбегі  сіңген 
қызметкер» атағына ие болды. 
 
Соғыста  үш  рет  алған  ауыр  жарақатына  да,  Мойынқұмның  өзгеше  табиғатына  да 
қарамай,  саналы  ғұмырын  адал  еңбекке  арнап,  бейбіт  өмірдің  бағасын  ұрпаққа  аманат
-
таған абзал тұлға Әлкен Жапарұлы 71 жасында дүниеден озды.
 
Бүгінгі қос мерейтой иесін өзара жақындастыратын тағы бір әсерлі тарихи жәйтке на-
зар аудартқымыз келеді. КСРО Жоғарғы
 
кеңесінің депутаты Ж. Қуанышбаев бірде Ленин-
град (қазіргі Санкт
-
Петербург) қаласында болып, Эрмитаждан қазақтың соңғы ханы Кене-
сары  Қасымұлының  бас  батыры,  белді  қолбасшыларының  бірі  –
 
Ағыбай  батыр 
Қоңырбайұлының
 
орыс офицері қарындашпен салған суретін алғаш рет елге алып келеді.
 
Аталмыш  игі  ісі  үшін  және  халқының  тарихи  құндылықтарын  қастерлеп  өткен  тұлғаға, 
кезінде  Д.А.  Қонаев  өз  тарапынан  алғыс  айтып,  жаңа  көлік  сыйлапты.  Уақыт  өте  келе, 
 
Ә.  Жапаровтың  ұлы  Барыс  Әлікенұлы  Жапаров  белгілі  суретші  Х.
 
Қиқымовқа
 
Ағыбай 
батырдың  бейне  суретін  өңдетіп,  қайта  салғызады,  қазіргі  таңда  батырдың  ресми 
суреттері аталған портреттің негізінде орындалуда. 
 
Өскелең
 
ұрпақ
 
бойында  отансүйгіштік  асыл  қасиеттерді  сіңіру,  туып
-
өскен
 
атаме
-
кеніне деген құрмет мен жауапкершілікке баулу және еліміздегі архив қорларының әр алу-
ан  құжаттық  деректемелерін  кеңінен  насихаттау  мақсатында,  ҚР  Президентінің  Архиві 
Жамбыл  облысы  әкімдігінің  Мәдениет,  архивтер  және  құжаттама  басқармасы  және  оған 
қарасты
 
мекемелерімен бірлесіп,
 
ҚР
 
Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту шаралары ая
-
сында,  Мойынқұм  ауданында  ағымдағы  жылдың  13  мамырында  «Жер  тарихы  –
 
Ел  та
-
рихы» атты өлкетанулық тарихи
-
құжаттық
 
көрме және дөңгелек үстел өткізді. Көрме және 
дөңгелек үстел Екі мәрте Социалистік Еңбек  Ері Жазылбек  Қуанышбаевтың 120 жылды
-
ғына
 
орай ұйымдастырылды.
 
Шежіре  –
 
Тарих  өз  болмысын  тізбектелген  хроникалармен  ғана  емес,  оның  жанды
-
лығын сездіртер тұлғалардың әлеуметтік іс
-
әрекеттерімен
 
адамзат ұрпағына мойындатып 
берді.  Бұл  қазақ  тарихына  да  қатысты.  Оның  үстіне  ғасырларға  созылған  бодандықтың 
зардабы ата тарихтың «ақтаңдақ» беттерін көбейткенін ұмытпағанымыз жөн.
 
Еліміздің  тарихын  жаңғырту,  оның  тағылым  мен  тәлімге  толы  кезеңдерін  түгендеу 
тұтас қоғамның бірлігімен ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда, ҚР Президенті Архивінің мол 
құжаттық
 
деректемелік  қорлары  өз  зерттеушілерін  күтуде  екендігін  қаперге  саламыз. 
Біздің мақсат –
 
осы бағыттағы ізденістерге серпін туғызып, қозғау салу.
 
 
// Ақжол. –
 2016.  

 
13 мамыр. 
 

 
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР. АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР МЕН ОЛЖАЛАР
 
 
 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ЛИЧНОСТИ. АРХИВНЫЕ ДОКУМЕНТЫ И НАХОДКИ
 
 
66 
 
 
 
Е.В. Чиликова

и. о. руководителя Управления
 
научной публикации документов Архива Президента РК
 
 
СУДЬБА АЛИХАНА: СТАТЬ ТАКИМ, КАК СТАЛ
 
 
Волею  судьбы  Алихан  Букейханов  стал  очевидцем  и  участником  таких  событий  и 
процессов,  проходивших  в  Великой  степи,  как  усиление  колониального  гнета,  массовые 
переселения российского крестьянства, захват земель казахских родов путем проведения 
административных  реформ,  формирование  на  фоне  протеста  народных  масс  казахской 
политической элиты, восстание 1916 г., Первая мировая и гражданская войны, революции 
1917 г., годы «большого террора».
 
Алихан, потомок султанской семьи Каркаралинского у. Семипалатинской обл., обра
-
зование по сложившейся традиции получил в аульной кочевой школе, затем продолжил 
учебу
 
в Каркаралинской 3
-
х классной русско
-
казахской школе. В книге С. Букейханова [1] 
приводится семейная легенда, по которой учебное заведение Алихана посетил Степной 
генерал
-
губернатор Г.А. Колпаковский. На встрече с учениками чиновник предложил уча-
щимся решить задачу, измерив расстояние между Омском и Каркаралинском «в колесах 
арбы», –
 
самого ходового вида транспорта в  те годы. Алихан оказался смышленее дру-
гих. В качестве поощрения от губернатора, одной из обязанностей которого была забота 
о просвещении и благосостоянии казахов, юноше была дана рекомендация для дальней-
шей учебы.
 
Его  направили  в  Омское  училище,  готовившее  кадры  для  Сибирской  железной  до
-
роги. После Каркаралинской школы, помимо отличных оценок в аттестате, Алихан допол-
нительно  получил  навыки  сапожного  мастерства,  после  технического  училища  –
 
желез-
нодорожного рабочего. Жажда знаний вела А. Букейханова к постоянному движению впе-
ред,  молодой  человек  «изъявил  желание»  поступить  в  Санкт
-
Петербургский  лесной  ин-
ститут,  и  уже  директор  Технического  училища  ходатайствовал  перед  Каркаралинским 
уездным начальством о стипендии для своего ученика «ввиду весьма отличных его успе-
хов и безупречного его поведения» [2].
 
У отца Алихана было пять детей, при равных возможностях блестящее образование 
получил  только  он  один  –
 
до  шести  лет,  не  промолвивший  ни  слова,  обычный  аульный 
мальчуган,  обожавший  игру  в  асыки,  подменявший  в  ночном  уставших  пастухов,  ловкий 
охотник, защитник
 
юных дев от жестких порой шуток своих сверстников. Кто
-
то подумает 
судьба, кто
-
то –
 
везение, другие отметят усердие и трудолюбие юного Алихана.
 
В семье молодому человеку дали ориентиры, без которых невозможно преодоление 
жизненных  трудностей  и  дальнейший  духовный  рост, стремление  к  новым  знаниям  при-
шлись по душе наставникам и учителям, чья поддержка сыграла положительную роль в 
формировании лидера будущего казахского правительства Алаш
-
Орда.
 
После  окончания  института  Алихан  Нурмухамедович  преподавал  математику  в  Ом-
ском  лесохозяйственном  училище,  сотрудничал  в  газетах  «Степной  край»,  «Степной  лис-
ток», «Семипалатинский листок», в последнем опубликовал некролог на Абая, дав одним из 
первых развернутую характеристику творчества поэта и мыслителя Великой степи.
 
Большую роль на формирование Букейханова как этнографа сыграло его вступление 
в Западно
-
Сибирское отделение Императорского русского географического общества, где 
собралась  плеяда  ученых  и  общественных  деятелей  разных национальностей.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет