Көңілге ендігі адам қарасымды.
Біреудің кеңесіне түсіп кетсе,
Шығару қиын болар мына басты.
Түскелі мүндай күйге көп жыл өтті,
Ойласаң осындайлар түпке жетті.
Ө зіңнің бірен-саран кісің түгіл,
Біздің хал жирендірді басқа шетті.
Ж аз күні үйқы, қымыз ермегіміз,
Жасы бар, кәрісі бар айылдағымыз.
Ғүмыры бүйтіп босқа өтер болса,
Не үшін бүл дүниеге келмепміз.
Әр істі уақыт келді ойлайтүғын,
Көңілдің бір шілікті жоймайтүғын,
Қыджаңдап беталдына жүргенменен,
Әй, қүрбым, ешбір пайда
болмайтүғын.
Ж умсгали Тілеулин.
Қазақ халқына
Қазағым, көтер басың жатпа бекер,
Рүмырыңыз, жатуменен босқа өтер.
Көтерер, басыңызды уақыт жетгі,
Ілгеріде үмтылысып талап өтер.
Біздерден басқа халық алға кетті,
57
<
Ойласақ бұл наданлық түпке жетті.
Ж ан-жаққа бас көтеріп көзіңді сал,
Басқалар бізден бұгін не іс етті.
Біз қалдық айдалада бекер жатып,
Баһра алмай ғылымдықтың
дәмін татып.
Көз салмай басқалардың қалыбына
Қайқиып бір орында қалдық қатып.
Медресе, мешіт деген біздерде жоқ,
Іш күйіп, қайғыменен болады шоқ.
Басқа жүрт мектеп салып, өнер алды,
Пайдалы қазақта іс жоқ көңілге тоқ.
Залалы болмас еді бала оқытсақ,
Орысша, мүсылманша таза оқытсақ.
Аштыққа көз қызартып кіріскенше,
Ғылымның етегінен мықтап түтсақ.
Қаруы тарихтың ғылымлікте,
Үмтылмай біз бөліндік жатып текке.
Ғасырдың жиырмасыншы балалары
Халқымыз кірер ме екен біздің ретке.
Хамэа Б екмуцаметол. .
Жаңа шыққан кітаптар
— „Жастық жемістері" қазақша
өлеңмен басылған. Шығарушысы
„Айқап"
оқушыларына
белгілі
Әкірам Ғалымов. Ішінде әдемі-әдемі
өлеңдер
бар.
Өлең
оқуды
сүюшілердің алып оқулары тиіс.
Үмытылған „Қалқаман - Мамыр”
қазақ
тілінде
тарихи
хикая.
Шығарушысы, һәм бастырушысы
Шәкәрім
Қүдайбердіұғылы.
Бүл
кітапта қазақта мұнан
190 жыл
бұрын болып өткен бір уақиғаны
қисса қылып өлеңменен жазған.
Оқушыларға* әсерлі көркем кітап.
Алдырушыларға Семипалатта „Яр-
дам1' кітапханасынан алдыруға бола-
ды.
Тағы да жер жайынан
Қазақ осы күнде қалың орманға
кіріп, адасқан адам секілді, қалай
жүрсе
жөн
боларын
білмей
дағдарған кезі. Олай-былай жүріп
еді жол табылмады. Енді тоқтап
тыңдап-тыңдап, қандай-қандай ды-
быс шығар деп құлағын
салып
түрған
әркім
шама-қадарынша
адасқанға айғайлап дыбыс берген
сықылды
үнін
шығарып,
ойын
айтуға міндетті.
„Айқапты" басқарушы мырза өз
ойын
жүрт
алдына
салды,
мақүлдағандар
нешік
мақүлдап,
„Милли ширырлар“ кітаптарыиык жарык. квргеиі, булардын, бағасы, адрссі берілгси.
ж іг іп р (!И іг іп м |т і(іін у т п
С т. М а р іа н о в ка , С . ж . Д. седо Н о во -Ц а р и ц ы н о
Борисов. вол. Б. Бейсенбину.
58
мақүлдамағандар
не
жөнменен
мағүлдамайды, ашып айтуға тиіс.
Қазірде аяулы жерді алып қалудың
қайласы жалғыз-ақ сол жақсы жерге
қала салу, бүл қала салу деген сөз
қазақтың бәріне айтылған емес, егін
салып,
күн
көрерлік
жері
бар
қазақтарға
айтылған
сөз,
мүны
мақүлдамайтүғын адам аз шығар.
Талас болатүғын „Сүрап салалық"
деген
сөз.
Сүрап
салғанды
қолдайтындар
да
бар,
қолдамайтындар да бар. Сондықтан
сүрамай салғанда қандай залал бол-
са, сүрап салғанда қандай пайда бар?
Осыны
тексеріп,
қарастырып,
екеуінің біріне сөз байлансын.
Әуелі
сүрап
салу
жайын
қарастыралық, осы күнде екі түрлі
сүрау
болып
жатыр,
біреулер
баяғыдан бері қыстау салып отырған
жерлерін алып бара жатқан соң
Мүжықпен қатар жан басына он бес
десятинадан жер кесіп беріп, орным-
нан
қозғама деп
сүрап жатыр.
Біреулер өзгелердің жерін алып
жатқанда біздің жеріміз де аман
қалмас деп алдын ойлап, қала салу-
ды
сүрап
жатыр.
Бүларға
жер
қарастыратүғын
мекемелердің
айтатүғын жауабы „жерлерін алуға
кесіп жатқан жердің жанында болса,
жер кесушілер сендерге де жер кесіп
береді, жанында болмаса, сендер
үшін арнап жер кесуші шықпайды.
Ж ер өлшейтуғын, кесетүғын адамды
өздерің жалдап апарып істетіндер"
— дейді. ‘Солай болған соң мүжыққа
кесетүғын
жерге
жері
жақын
қазақтар жерін кескізіп алып жатыр,
жақын еместерінің берген арыздары
үйіліп босқа жатыр.
Пәлен жерде пәленше пәлен еткен
дегенге сырттан қүры дыбысына
қүмарланбай, жанына жақын барып
қарап, көзімен көріп, қызығарлық іс
болса, қүмарлансақ екен. Әуелгі
істеген істің қатесі көп болатүғын,
қатесін көріп кейінгілер істемес
үшін.
„Орынборская" газетаның биылғы
отызыншы нөмірінде біреу жазып-
ты: „Орал мен Торғай облыстарында
мүжыққа жер алып беруге істелген
жүмыстар зор, қолайлы іс болып
байқалып түр.
Мүның қолайлы
болған себебі, қазақтар мал шаруа-
сының қалып мөлшеріменен орна-
ласқан
жоқ.
Мүжық
ретімен
орналасты (еркек басына он бес де-
сятина), қазақтар көшкін қалыптан
түрғын
қалыпқа
шығуға
бек
ықыласты болды. Мал шаруасының
мөлшеріменен
жер
алуда
мүжықпенен қатар жер алуды ар-
тығырақ үнатты. Түрғын болған
қазақтың ішіндегі малы көп байлар-
дың шаруасын шайқалтпас үшін
қалалардың
оброчной
статья
ретіндегі жерлер қазірге хақысыз
беріліп түр. Осы ретгің қолайлы
болғандығынан неше мың көшкін
қазақ мал шаруасынан қол үзбей
түрғын-егіншінің қалыбына кірді.
Қазақты
риза
қылып
орнала-
стырғаннан кейінгі артық қалған
жерге екі жүз мың мүжық келіп ор-
наласты. Бүл сан қазақтар түрғын
қалыпқа
шықпағанда
орнарлық
мүжық санынан талай он мәрте ар-
тық. Бүл істің, әсіресе,
көңілді
қанағаттандыратүғын
жері
—
қазақтар осыған бек риза болып жа-
тыр һәм хал-ауқаты артыла бас-
тағанын көзіміз көріп түр", — депті.
Орынбор газетінде жазылған сөз
осы,
бүл
сөздің
қаншасы
рас,
қаншасы өтірік әуелі қүдай, екінші
ризалықта
мәз
болып
жатқан
қазақтар
біледі.
Бізге
расынан
өтірігі көп көрінеді. Сүрап қала са-
лудың осындай өтірік сөзді „қүт“ де-
уге керегі болмаса, өзге пәлендей
қажеті бар деп өз басым айта алмай-
мын.
Степной положенияның жүз жиыр-
масыншы статьясы бойынша жердің
басы патшалық болғанмен шөбі, суы
қазақтікі, қазақ жерді патшалықтан
сроксыз арендаға алған қисабында.
Жалдап алған жеріне үй сал, қора
сал, мал жай ықтияр өзіңде емес пе?!
Өз қолыңда түрған жерге қала салам
деп өзгеден сүраудың не жөні барын
үқпаймын.
Қазақ
ісін
нық
істейтүғын
халық
болса,
қазақ
қолындағы
жерге
қала
салуға
үрықсатты өзгелер сүрайды. Қазір
де қазақтан жерді үрықсатсыз алып
жатса, жол мен жолсызды ароласты-
рып, жол сықылды көрсетіп алып
жатыр. Әуелі үлкен ауылдағы бар
күшті ауыл жеріне келіп басып
қонғанда
нашар
ауыл
оған
не
істейді? Мал-мүлкі түгіл, жан-жа-
мағатына ие бола алмайтүғын жа-
мандар дүниеде
аз
ба?
Екінші
жоғарыда айтылмаш жүз жиырма-
сыншы статьяның приминаниясын-
да қазақ жерінің артығы болса,
Лйқап** журналынын 1913
ж ы / і р ы
I саны, титул бсттің артында
Сәбнт Мұқановтың
1936 жылы
13
ақпанда жаэған аатографы.
қазына керепне алынады деген.
Осыған сиғызып артық жер деп
алып жатыр. „Ж еріміз ортақ" деп
көрсетіп
отырған
қазақтың
өзі.
Қазақтың жер жалдауы — жеріміз
артыҚ дегені емес пе?! Мұжықтарға
қарасақ, олар жерін мал жаюға жал-
даса да егін салуға жалдамайды. Егін
салатұғын жерді өз жері болса да
қазақтан жалдайды. Неге олар жерін
мал жаюға жалдайды да, егін салуға
жерді өзгеден- жалдайды? Әуелі өз
ж ерін тың сақтау үш ін „Жер өзгеден
табылып түрғанда өз жерім тың жат-
сын" — дейді. Екінші мал жайылған
жер тозған жер болса, жаңарады,
жаңа
жер
болса
семіреді.
Мүжықтардың ісі ақылға да, есепке
де тура келеді. Қазақ жалдағанда не
ой, не есеппен жалдайды, ұғып бо-
ларлық емес.
Ж алдау жайын сөйлеп сөзді көбейт-
пейін „Айқаптың'1 орны тығыз. Сөз
санаулы
боларға
керек,
жоғары
айтылған сө: \ерді қорытып... айтай-
ын
егінге
жайлы
жерді
алып
қаламын де зндер қала салу керек.
Қала салуғс бел байлағандар сүрап
әуре болмасқа керек. Ж ақсы жерге
жиылып қала салсаң, сен неге салып
жатырсың дейтұғын £іпкім жоқ.
қазақ қалаған жеріне қала болып
отырса,
мешіт
медресе
салса,
қаланың м$ңайындағы егіндік жер-
лерді өлшетіп планға түсірсе, өлше-
ген жер артылмастай көп болып
жиылып отырса, қалаңды бұзып,
мешітіңді
қиратып,
жеріңді
ала
қоймас, аламын десе, сонда ізден.
Қала салуға қазақ мойын қойса,
баяғы тіленгіш ғадетін істемегенде
басы ауырмайтын болса, қала салам
деп сүраудың орны жоқ. Қазақтың
жерін алғанда жалғыз-ақ артық деп
шығарып алып отыр, қандай өлшеу-
менен, қалай өлшеп артық дейді, ол
60
бек қараңғы нәрсе. Аларман жағы
аларлиқ артық бар дейді, алдырман
жағы сеи өлшесен. мен де өлшедім
артығы жоқ деп көрсетерлік дәлелді
қолында нәрсесі жоқ. Бүл қазақтың
баяғы
қай
ісінде
болса
бос
үстайтүғын ғадеті, жаманды ретін та-
уып кім жем қылмайды.
Ахмет
Байтурсынов.
Қазақтың Сарыарқа деген жайлары...
Қазақтың Сарыарқа деген жайлары
жер
мөлшерін
айтатүғын
жағырафия
кітаптарының айтуы
бойынша бір миллион алты жүз алты
мың, алты жүз сексен жеті ( 1, 606,
687)
төрт
бүрышты
(шаршы)
шақырым бір сахара. Ішінде арғы
заты Түрік нәсілден қазақ тайпасы
төрт жүз жыл шамасынан бері қоныс
қылып келген.
Мың сегіз жүз алпыс сегізінші жыл-
да жаңа закон шығып, заң өзгерілді.
Көбінесе осы кейінгі он бес жыл
ішінде Орал тауының ар жағынан
Қарашекпен келіп, қала сала бас-
тағаннан кейін қазақтың жері та-
рылды. Терең мөлдір Суларынан,
көкорай көк шалғын жайлауынан,
ойып шабатын шабындысынан, қыс
пана, жаз сая ағашынан айырылып,
көшпес кент, үшпас тауыққа айна-
лып бара жатыр. Оның бер жағында
соққыға жығылған, таланған, жара-
ланған... бейшаралар көбейіп тыны-
шы кетіп түр.
Ары-бері
айтылған
сөзі
тындалмаған соң жүрттың көңілі су-
ып, ықыласы қайтып тым-тырыс жа-
тып алды. Сөйтсе де менің ойымша
қазақ баласы өзімізде көп кемшілік,
жетпей жүрген нықсандық бар деп
білемін. Қалай десеңіз, ең әуел
мүның
сүрауы
жеткен
жоқ.
Бүрынғылар
білмей
айтып
па:
„Сүрай білсе, бермейтін нәрсе бол-
майды, сөз жүйесін тапса, мал иесін
табады" деп,
Екінші, түгел үш
ж үздің баласы „ау" десіп ынтымақ
қылып, сөздің түйінін бір жерге
байлап,
осы
жүмысқа
ынта
көңілімізбен
кіріскеніміз
жоқ.
Қүры анда-санда:
Айқай заман-ай,
Кеттің қайырылмай.
Көрсеттің жапанды,
Тартқыздың қапаңды.
Сүм-дүние жалған-ай! —
деп заманға тіл тигізіп, онан қалса:
„Қайтерсің бүл қарашекпенді алды
жерді-суды түбімізге жетті. Сорды
ғой қанды, алды ғой жанды" — деп
хақолмен үрсып жүрсек те әлі де
көзін
ашқан,
ғафл
үйқысынан
оянған қазақ баласы жоқ.
Заманымызда өлдім-талдым дегенде
сағынып көрген „Айқап" журналы-
ның екінші нөмірінде осы турада сөз
жазылған соң біразырақ мүңды,
көңілдегі қам-шерді жаздым.
Егерде көп болып бүл іске шын ни-
етпеи кірісіп жоғарғылардан сүрана-
мыз деген күнде тәртібі былай болса
керек. Әуелі әрбір болыс басына бір
инабатты доверни сайлап, бүлар
үстінен ояздан бір өкіл сайлауға ке-
рек.. Оязный өкілдер облыстан екі
жағы бірдей суға салса батпайтын,
таудан, тастан жүрегі қайтпайтын,
көп үшін жанын қиятын депутат сай-
ласын, бүл депутаттар әр уақыт Пе-
терборда түру керек, расходтары
көптен болсын. Үй басы он тиын-
нан... Кейінгі болыс, довернилер
жиып, тапсырып түруға тиісті.
Екінші бүл төменгі өкілдер қарап
жай жатпай патша ағызам есіміне,
жер министрі һәм министрлер бас-
тығы есіміне арыз беріп... көнгендей
қылып сүрау керек. Ең болмағанда
жаз жайлау, қыс тебінгіден басқа ер
басына отыз десятинадан сүрауға
тиісті. Бүл екі жағына да жеңіл, со-
дан кейін қала салу қашпайды ғой.
Міне, осы ретпен сүраған күнде асса
бес жыл, қалса екі-үш жыл ішінде
қазақ баласы бірыңғай болып қалу
орайлы. Не қылса да жатқанм^н іс
бітпейді, жата берсек, қазақ атымыз
жойылып,
кейінгі
сорлы
әулеттеріміз байлардың қорасын,
көшесін
тазалайтын,
малын
бағатын... екі көзі төрт болып... не
түқым жүрағат жоқ, күйген үйдің
орнындай болып қалуы шексіз-дүр.
Оның бер жағында әр жерде вдла
саламыз деген ауыздарында бар
көрінеді,
меніңше,
бүлардікі
асығыстық. „Көппен көрген үлы
той": „он бес десятинадан жер алып
қала салғанмен жүрттан асып кет-
пейді, бірақ үлықтың көзіне түседі,
закон жыл-жыл сайын өзгеріп түра-
ды. Білген адамдар мемлекеттің әр
жағына бірдей қарарға керек. Дүние
61
V
қүбылмай түрмайды, “бірде к ...
бірде бетін береді" деген сықылды.
неш е түрлі уақиға болып өтер.
Ш аһмардан Әлжанол.
Тұрған күи
Ж ай ы л ған мал секілді қазақ халқы,
Қашаынан
келе жатқан осы қалпы.
Ғы лы мнан дүниедегі хабары жоқ,
Тек жатыр қараңғыда тегіс жалпы.
Ет жеумен, қымыз ішіп. дүние өткізу,
Үстаған біздің жүрттың, міне салты.
Қ азаққа қар аң ғы л ы қ патша болды.
Көрсетпей көз алдында тура жолды.
Біздің жүрт сол сыбыстан адасып жүр,
Білмеген бала сынды оң мен солды.
Әрине, жемісі осы надандықтың
Х алықтың арасы н а зітнә толды.
Қатардан кейін қалған біздің халық,
Дау десе от болады қаулап жанып.
Рас ж анған отты сөндірмейді,
Өтуге ты ры спаса отын салып.
Кеңесін қабыл алмас дауласқандар,
Қой десе арасы н а біреу барып.
Зіғылдар бүл секілді жәрдем бермес,
Түрғанда жығыларға естен танып.
Етуге тыры спаса басқа пайда,
О йлам ай ^олаш ағын жатар жайға.
Себеп боп қараң ғы лы қ көрм есін е,.
Өткелсіз кез болып түр терең сайға.
Ө нерсіз босқа жатқан халық болдық.
Ескермей еш нәрсені көшіп-қондық.
Таластық ауы лнай мен болыстыққа,
Ақырда боламыз деп би мен ондық.
Мал шашпа шаруанды біл дегендерге,
Айттың деп соны маған
қарсы оқ жондық.
Ескермей жата бердің ешбір датты,
Бүрынғы ғаділ билер босқа жатты.
Даңқымды шығарам деп хакім болып,
Ақшаға жаман байлар малын сатты.
Базарға өгізбенен қойды айдатып,
Үстады сатпақ үш ін парлап атты.
Ө зіміз барьгп түстік бөрі аузы на
Болдық та тіске жүмсақ, тілге тәтті.
Көз ашып, тірек болар қарау үшін,
Ж астарға оқытпайды ғылым жаңа.
Алды жөн адасқан н ы ң деген мысал,
Ж үрм ейді білгендердің тілін ала.
Қ азақты ң бүл түрмысы өте нашар,
Арасында ойлы жоқ, өнер шашар.
Қозғалмай бүл қалыпта түра берсе,
Қиын зат ілгеріге аяқ басар.
Күн қайда, мүндай халдан шауып өтер,
Ж ар ы қ ты ң ш арапаты жүртқа жетер
Оқыған жас, жігіттер көз салмасаң,
Бү қазақ су түбіне түсіп кетер.
Ш алман.
Государственная дума һәм қ а за қ
Россияға к&раған халықтар ескі ни-
замға
қанағаттанбай
әрқайсы сы
өзінің керегін сүрап әр түрлі пар-
тияға
бөлініп
мемлекеттің
әр
шетінен қозғала бастаған соң 1910-
ынш ы жылы он жетінші октябрьде
патша ағызам хазіретлері м аниф ест
шығарып халыққа... ағылан (жария)
еткендігі мағүлым. М аниф естің... го-
сударственная дума аш уға үры қсат
болып, қай дінде, қай тілдегі халық
болса да бірі қалмастан думаға депу-
тат сайланатын болған. Сол себепті
әуелгі
екі
думаға
біздің
қазақ
халқынан депутат барып,
ғүмы-
рыңда
түсіне
кірмеген
теңдікті
өңінде көріп, патша халықтың низа-
мын түзетуге ықтиярлы бола алған
депутатгардан
саналып,
патш а
дәрежесіне жеткен еді.
Ж оқты бар етуш інің барды да жоқ
етуге шамасы келеді. Хүкімет әуелгі
екі
думаны
таратып...
үшінші
мәртебеде Сібірден, Түрксітаннан уа
ғайры жерлерден депутаттардың са-
нын кемітіп, бағзы халықтардан де-
путат сайлауды тоқтатуға 1907 жыл
үшінші
июньде
ж аңа
низам
шығарды.
Солардың
арасы нда
бақыты аш ылмаған қазақ халқы да
кетті. Күннің көзі жалқауға да,
әскерге де (бейнетқор), байға да,
пақырға да бірдей түскені секілді
көпке бірдей болған ж ақсылықтан
мақүрым қалу, оны ң үстіне қазақ
халқы өзінің сыбағасын іздемей,
сүрамай, тіпті наразы лы қ көрсетпей
жатуы да кемшілік.
„Туғанына қуанбаған, өлгеніне жы-
ламайды" деген қазақта мақал бар.
Халықтың нендей тілегі беріліп, хан
мен қара, бай мен пақы р бір
дәрежеде болып, кеңш ілік туып, ха-
лы қты ң
өзіне
пайдалы
низам
ш ығару үшін дума аш ылып түрған
заманда
біздің
қазақ
аллан ы ң
қосуымен патш аны ң еткен рахыметі
екен деп... пайдаланудың орны на
бүрынғы пітінәлер иығына арттыр-
ды.
Депутатгы
оқыған,
өнерлі,
6 2
білімді, халық үшін жанын пида
етерлік, кісіден сайлау керек екенін
білмей, білсе де выборчик һәм депу-
таттыққа бүрынғы болыстыққа та-
ласқанындай, халықты бүзып, ақша
шаш ып жүртқа қызмет ететүғын топ-
тан озған шеш ен білгіштерді сайла-
удың орны на өздерімен партиялас
дүниеден хабары жоқ надан болы-
стардан мырзаларын сайламақшы
болды. Заманымызда қазақ үшін
ғүмырын, білімін жүмсап ауыр жа-
заларға
кіріптар
болып,
жанын
қиып жүрген күллі қазақ халқында
бірінш і
дерлік
жол
басшымыз
Ғалихан Бөкейханов. Бірінші Дума
сайлауында
Қ арқаралы
уезінің
Тоқыраунск болысының управителі
выборчик болуға таласып, Бөкейха-
новтың үстінен жамандап рапортгар
бергендігі ғана күллі қазақтың депу-
тат
сайлауына
нендей
көзбен
қарағандығын көрсетуге жетеді деп
білемін.
Енді бүл уақытта думада қазақтан
депутат жоқ, ноғайлардан бәрі он
ғана кісі бар. Бүлар орны келгенде
еш уақыт қазақ үшін сөйлемей
қалғандары жоқ. Бірақ қазақтың
түрмысын, ғадет-ғүрпын, мүқтажын,
нендей закон пайдалы һәм залалы
екенін
арасында
болып
көздері
көрмеген соң бүлардың бізге пайда
келтіре алулары қиын.
Халық үш ін нендей ғана закон
түзелсе де дума арқылы өтеді. Біздің
қазақ халқы ны ң үғып түрған бір ісі
жоқ, солардың ішінде бірінші орын
алып түрғаны жер мәселесі аз да
болса думада депутаттарымыз болса,
сөздері
ықтыбарға алынбаса да
қазақ жері өз мүлкі екендігін селдей
ағып келе жатқан хақолдар жерді та-
рылтып, жүртты пақы рлы ққа айнал-
татын, хүкіметтің де бүл харекеті
бізге ғаділсіздігін дума мінбесінен
сөйлеп, отчетында жазылып қалар
еді. Ақырында сөйлеген хақиқат
үстіге
бір
ш ықпай қалмас еді.
Қазіргі депутаттар (керек мүсылман,
керек орыс болсын) қазақ халқын
қанш а алып, қорғайын десе де
қазақты ң хал-жайын білмейді деп
жоғарыда айттық. Думада өзімізден
депутаттар болмаған себепті онда не
болып жатқанынан да қазақ халқы
бейхабар екендігін көрАсету үшін бір
мысал жазайын: государственная ду-
м ан ы ң 1910 жылы, октябрьдегі жи-
ылысында ғүмүм мемлекет үшін
жаңа низам бойынша әбтеһи мектеп-
тер ашылу мәселесі қаралатүғын,
мағүлым болып, ноғайлар әр тарап-
тан
жиылып
кеңесіп,
өздерінің
мақсүттарын тиісті орынға алдын-
ала білдіріп қоймақшы болды. Бүл
мәселе хақында көріп, біліп түрған
адамдар қарап жатарлықта емес еді.
Себебі, бүл думада қаралу үшін
күнілгері түзіліп қойған низамда
мүсылмандарға зарарлы орындар
көп еді. Бүл жаңа низам бойынша
ашылатүғын
әбтеһи
мектептерде
тағылым ғүмүмы һәм мәжбүрі бола-
ш ақ еді. „Әбтеһи тағылым" деген сөз
— бүрын бірде оқымаған балаларды
әуел оқыту деген мағынада: (Ғүмы-
мы — көпке бірдей, мәжбүрі —
міндетті
деген
мағынада).
Егер
мүндай болғанда патшалықтағы ха-
лықтардың әммесінің де балалары
үғыл-қыз демей сегіз жасына келген
соң школға барып оқуға міндетті бо-
лып, балаларын апарып бермеген
ата-ана штраф төлейді.
Халықта оқымаған адам қалмаған
жақсы, бірақ қазіргі сөзімізше сол
оқудың тәртібі хақында жаңа низам
бойынша әлгі жас балалар орыс
кітаптарыменен орысша оқып кетсе,
тез уақытта тілін үмытып, діннен де
айырылып қалу қаупі бар. Соның
үшін
мүны
білген
адамдар
қайғырып әбтеһи мектептерде 3-4
жылдай оқу баланың ана тілінде бо-
лып һәм діні де жақсы болса екен,
онан кейін әркім сүйген ғылымын
үйренуіне ешкім тоқтау етпес еді деп
тіледі. Бү мәселе хақында дума ашы-
лудың алдында Россиядағы ноғайлар
әр шәһәрдан тіпті ауылдардан ха-
лықтың тілегін білдіріп телеграмма-
лар соғып, кісілер жіберіп, жаңа
низамны ң залалы орындарына риза
болмай: газеттерге жазып, кітаптар
шығарып,
дауыстарын
жаңғырықтырғанда жалғыз біздің
қазақ халқының бір жерден де үні
шыққан жоқ. тіпті қазақ ішіндегі
молдалар, атқа мінген ақсақалдар, ел
билеген
болыс-билердің
бүл
мәселеден хабарының барлығына да
шүбә етемін.
Біздің қазақ бүл турада өздігінен
біліп ешнәрсе шығармаса да дума-
дағы мүсылман депутаттарының һәм
басқа
мүсылмандардың
тілегіне
қосылғандығын білдіруге керек еді.
Мінекн, осы секілді керекті жүмы-
сымыз хақында халқымыздың ха-
барсыздығы бір мәртебе болмай,
м ы ң мәртебе болуында шүбә жоқ.
қ а за қ халқы на енді не қылуға керек?
Ж ауап: думаға депутаттар әр бес
жылда
бір
сайланады.
Кдзіргі
үш інш і дум аны ң срогы бітіп, жаңа
сайлауы алдымыздағы 1912 жылда
болады. Осы сайлауға шын алаш
үранды қ а зақ бірі қалмастан байла-
ры жәрдем етіп, білгіштері. басшы-
л ы қ қылып, ортасы нан делегаттар
сайлап, алты миллион қазақ халқын
оқытпай, қылыш тартпай Россияға
жер,
суыменен
риза
болып
бағынғандығын,
алыш -ш ығын
төлеп, еш уақытта нендей әмірінен
бас
тартпай
қызмет
етіп
келе
жатқандығын, басқа халықтардан де-
путаттар болғанда қазақ халқы өгей
балаш а шетке қағылып, депутат-
тықтан
мақүрым
қалып
түрғандығын, депутатсыз халықтың
мүң-мүқтажын тиісті оры нға жеткізе
алмай
Россияны ң
ж аңа зоканы
түзілген заманда жәбір-қиянат бола-
ры н
сөйлеп,
халықтың ары зы н
жеткізіп,
келер
думаға^
қазақ
халқы н ы ң да депутаггар сайлануын
сүрау керек. Әлбетте бүл турада
бірлі-жарым адам ны ң тілегі тілек
болмайды.
Күллі
жүрт
болып
сүрауға керек „О йбай“ ана жылда
думаға пәленше-түгеншелер барған,
олар да түк бітірген жоқ" — деген
үмітсіздікті
тастап
халқымыздың
қатарға қосылуын ойларға керек.
Әрбір ақы л иесі адам „Қара қазан,
сары
баланың*'
қамы н ойламай
бүрынғыдай пайдасыз дүрмекпен
кете берсе, қүдай алдында мойында-
р ы н ан үлкен борыш тары түспей,
кейінгі нәсілінен де қарғыс алуына
шүбә жоқ.
Мірждк,ып Д ум т ж
-
Петропавл.
Кез кеддің
Кез келдің заманымда
журнал „Айқап"
Білгендей шөлдегенін
жүрттың байқагі.
Ж а с аға н үзағы нан сүйіндіріп,
Кетсе екен Еділ, Ж а й ы қ
бәрін жайқап.
Атамыз бүры нғы өткен
надан болған,
Ж астар ы кәріге еріп үлгі алған.
Бізде сол жүрт не болса боламыз дец,
Үмтылмай әрнәрседен қүры қалған^
Адамға үлкен дәулет білім деген,
Ас бар ма талпынғанға білінбеген.
Ж атқанға жан жуымас деген дейін,
Ш амаңның келгенінше жүлын
деген.
Қалайш а біздің қазақ кенже қалған?
Өзіңдей ^асқа жүрттар өнер алған.
Қасында көрші жүртқа
көз жібермей,
Биш ара надандықпен кете барған.
Біздерді уйқы деген басып кетті.
Күн сайын надандықтар асы п кетті.
Көз салмай төндрекке жата беріп,
Білімдік бізді тастап қаш ы п кетгі.
Біздерден басқа жүрттар озып кетті,
Байқасақ біздің қазақ тозып кетп.
Қ арасақ халқымызға біздін, наш ар.
Партия ынтымақты бұзып кетгі.
Бекмухамет Хасенол.
X X X
Қуандым журналынды білгеннен соң,
Майданда шабысынды көргеннен соң,
Аертім бар, дәрменім жоқ, мен
бір ғаріп,
Сөз қостым көңіл танып
түрғаннан соң.
Ғасыры ж иы рмасы нш ы келіп жетті,
Қазақты білімсіздік тентіретгі.
Көзді ашып, әр тарапқа
қарап түрсақ,
Өнерге жабысатүғын уақыт жетті.
Ал енді керек болды бізге білім,
Оқытып балаларды алып тағылым.
Орысша, мүсылманша
жақсы оқытып,
О қы саң газет-журнал келсе қалің.
Шығарған газет-журнал
қаһармандар,
Көрініп, шыға беріп жоқ болғандар.
Алты миллион қазақта бір газет жоқ,
Ж урн алға ықылас қойып көз
салыңыз.
Қылыңдар ақш аменен бәрің
жәрдем,
Әйтеуір не қы лсаң да қарап түрмай
„Айқаптың'* думанына көз салы ңы з
Мухамед Макулсм
64
Біз-деғы көз аш тық ғой жаңа бастап,
Көрей'к надандықты енді тастап.
Заманның қаһарманы шығып жатыр,
Халықтың қамын ойлап,
ғылым үстап.
Әуелде біз атандық қазақ десіп,
Ж ан сақтап шаруашылықты
етіп кәсіп.
Бірталай қазақтықпен күн өткізіп,
Бүрынғы отты аш ып жеп,
ғүмыр кешіп.
Ішінде басқа міләт кемдеу болдық,
Үйренсек ғылым, өнер сонда оңдық.
Атамыз бүл ретпен күн өткізген,
Барымта мал алысып, үрлық
зорлық.
Бір-бірлеп мүндай рет қалып жатыр,
Халқымыз ілгері атгап барып
жатыр.
Пікірлі жастарымыз ғылым үстап,
Керегін милләтінің жазып жатыр.
Басқаны ң біз де келдік қатарына,
Халықтың р и за емеспіз жатарына.
Қимылдап осы ретпен үмтылайық,
Зам анн ы ң төрін алып қатарына.
Ж астар-ау, пікірі аш ы қ
жатпа қарап,
Расла, газет-журнал бәрін қарап.
„А" дегенде алдына бару қиын,
Басқыштап әр нәрсеге қылғын
талап.
Бізден де шығып жатыр өнерпаздар,
Милләттің қамын ойлаған
шаһбазылар.
Осындай ісімізге мың шүкірлік,
Бүғанда дүшпан шығар пікірі азған.
Баймухамет Бейсенбиев.
Ж аңа ш ы ққан кітаптар
„Көкселдір" яки бүрынғы Мырзаүлы
һәм ноғайлы батырлары уа ғайри
мағыналы жырлар. Ж ию ш ысы уа
нәш ірі Ғабдолла Муштақ (Бөкейлік).
Бүл кітап өзінің есімінен көрініп
түр,
бүрынғы
жырлар
жа-
зылғандығы. Ликин арасында жаңа
сөздер көп. Мысалы, „Қашқын", фо-
нограф Шәңгерей Бөкеев сөзі. „Әр
көңілдің бір ойы бар" — Ғабдолла
М^іптақ сөзі.
Басылуы жақсы, қағазы әдемі. Ли-
кин ескі сөздерді жазған жазуы,
сөздің біраз назымы, бітуі — біздің
көңілге үнап бітпейді.
Алаш — Нүржан Наушабаев сөзі.
Бүл кітап назымға бөлініп жазылған.
Наушабаевтың кәдімгі жүйріктігі
мүнда да көрініп түр. Ликин бізге бір
үнамаған жері: бағызы бір назым
басын^а
өз
есімін
қосыңқырап
жазған мысалы: бірінші назым: „Әй,
Нүржан, қаламыңды қолыңа алшы"
— деп, екінші назым: „Сөзіңді әркім,
Нүржан, сүйер сенің" — деп. Та^ы
бір
міні,
әуелгі
назымында:
„Қимылда қалған жоқ па бірер там-
шы" — деген сөзді қалдыру тиіс еді,
боқауыз сөз екендігі білініп түр.
Әрнешікте
осылай
жақсы
кітаптардың шығып түрғаны жақсы,
алушылар, оқушылар табылса керек.
Тағьі да народный сот хақында
Народный сот жоғалса, я оның хоты
кемісе, талас кемір еді, деген сөзді
оқып мен өз ойымды айтып өткім
келеді. Менің байқауымша сайлау-
дың қазаққа бәле болып жүрген се-
бебі, народный сотқа берген ходтың
молдығы емес, халықтың сайлауды
сайлау деп үғынбағандығы, сайлау-
ды қазақ бір ерегес деп үғады. Солай
үғатыны сайлауға талас деп ат бер-
генінен көрініп түр. Ерегес деп
үққан соң сайлаудың мағынасы
жалғыз-ақ жеңу мен жеңілуде деп
біледі.
Мүнан
басқа
сайлауда
мағына бар, яғни жүртқа келер пай-
да яки залал бар деп білмейді. Сай-
лауды
ерегес-талас
деп
үқпай,
сайлау мағынасында үқса, талас
дерті мүндай зораймас еді. Қазақ
мүнша іріп-шіріп азбас еді. Би-бо-
лыс, ауылнай сайлау шыққанға 40
жылдан асты. Сонша жыл сайлауды
көріп келе жатып, ойға қалған қазақ
аз шығар... „Сайлау атыстырып, ша-
быстырып, таластыруға шығарған
нәрсе ме, яки мүның басқа бір
мағынасы бар ма" — деп.
Сайлаудың
мағынасын
білетін
жүрттар талас демейді, сайлау дейді.
Народный сотты жоқ етсек, болы-
стық, ауылнайлық қалады. Оларды
сайламаймыз ба? Сайлауды талас
мағынасында үғып түрғанда, олар
үшін талас болмай ма? Кім білсін,
қазаққа депутаттық, мүфтилік бе-
ретүғын күн болар, солардың бәрін
өзіміз сайлап ондыра алмаймыз,
3 -
2012
65
|