Ү. Субханбердина, С. Дәуітов


  Киргизское  иаречие,  СПб.  1870,  стр.  336-443



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата06.03.2017
өлшемі28,49 Mb.
#7831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Часть 
41 
Киргизское  иаречие, 
СПб.  1870,  стр.  336-443.
13

түрлі  оқиғаларға  қүрылған  бүл  ер-
тегілерде  қаһарлы  хан,  қу  уәзір,
ақылды, тапқыр, еңбекқор  кедей ша*
руа  бейнелері  дараланып  суреттел-
ген.  Көлемді  шығармалармен  қатар,
шағын  мысалға  үқсас  ертектер  де
көп  басылды.  Аударма  мысалдармен
бірге  қазақтың  өз  туындылары  да
газет  бетінде түңғыш  рет  жариялан- 
ды.
Көлемді 
және 
шағын 
мысал 
үлгісіндегі  ертегілермен  бірге  газет 
бетінде 
эпостық 
жырлар, 
аңыз 
әңгімелер де көп басылған.  Мәселен, 
„Қозы  Көрпеш  —  Баян  сүлу"  жыры- 
ның  мазмүнын  Н.  Пантусов  „Баян 
сүлу  мен  Қозы  Көрпештің  моласы 
турасынан  қазақ  арасындағы  сөз" 
деп  бастырған.  Ал  „Нәрік  батыр" 
жырының  ертегіге  айналдырылған 
нүсқасын  А.  Е.  Алекторов  жазып 
алып  жариялатқан.  Бүлар  ел  аузын- 
да  ғасырлар  бойы  сақталып  келіп, 
алғаш  рет  баспа  бетіне  түскен, 
қазіргі 
оқушы 
қауымға 
қазақ 
халқының мәдени өмірі мен тарихы* 
нан  көптеген  қүнды  мәлімет  беретін 
нүсқалар.
Тарихи  аңы з -әңгімелер ді ң  ішінде 
қазақ 
елінің 
қалмақ-монғол 
басқыншылығына  қарсы  күресінен
деректер  беретін  шығармалар  да  аз 
емес. 
„Қалмақ 
толағай 
яғни 
қалмақтың 
басы" 
деген 
аңыз 
әңгімеде  қазақ  пен  қалмақ  арасын- 
дағы  жаугершілік  кезең  суретгеледі. 
Халық  арасына  кең  тараған  „Ақсақ 
күлан,  Жошы хан" аңыз әңгімесінің 
екі  варианты  „Дала  уалаятының  га- 
зетінде" 
жарияланған. 
Атап 
айтқанда,  газетгің  1897  жылғы  13-, 
14-,  18-сандарында  Атбасар  уезі, 
Бағаналы  қазақтарының  аузынан 
жазылып  алынған  „Алаша  хан  һәм 
оның  баласы  Жошы  хан  турасынан 
қазақ  арасында  бар  сөз"  деген 
тақырыппен,  ал  1899 жылғы 50-сан- 
ында 
„Темірланның  оры" 
деген 
тақырыппен 
Д. 
Н. 
Жетпісбаев 
жазған 
нүсқалары 
басылыпты. 
„Темірланның  оры"  ("Жәнібектің 
оры"  деп  те  аталады),  Қазақстанның
Тарбағатай  тауларынан  Іле  өзеніне 
дейін  қазылған  ор,  тек  аң  аулау 
мақсатымен  емесЛ  сонымен  бірге 
шөл 
даланы 
суландыру 
үшш 
қазылғаны 
жайында 
пікір 
Ш. 
Уәлихановтың  еңбектерінде  айтыл-
ған
Бүл ор туралы қазақ арасында көпте- 
ген  аңыз-әңгімелер  кездеседі.  Олар- 
дың  негізгі  мазмүны  былай  —  хан 
баласын  қүлан  теуіп  өлтіреді.  Бала- 
сының  кегін  алу  үшін  қаһарлы  хан 
халыққа  терең  ор  қаздырып,  қүлан- 
дарды 
соған 
қүлатып 
қүртады. 
Аңыздың орыс тіліндегі  аудармасын 
А.  Мельков  жариялаған^.
Аңыз туралы  жалпы дерек пен оның 
бір  варианты  шығысты  зерттеуші 
ғалым  В.  Г.  Тизенгаузеннің  жина- 
стыруымен  шыққан  парсы  тіліндегі 
жинағында  кездеседі.  Ал  „Ақсак 
қүлан"  күйінің  нотасы  А.  Затае- 
вичпң  қазақ  халқының  өлеңдеріне 
арналған  еңбегінде^  берілген. 
Сонымен  бірге  „Жошы  хан  туралы 
аңыз  әңгіменің"  қолжазба  нүсқасы 
ҚазССР 
ҒА-ның 
Орт. 
ғылыми 
кітапханасында  сақтаулы  түр^.
Өмірде  болған  нақты  оқиға  негізге 
алынған,  кейін  ел  аузында  аңызға 
айналып 
кеткен 
„Еңлік-Кебек" 
әңгімесінің  орны  ерекше.  „Еңлік- 
Кебек" аңыз әңгімесі қазақ даласын- 
да ^  ескі  салт-сана,  әдет-ғүрыптың 
қаймағы  бүзылмаған  шағында,  шын 
сүйіскен  жастардың  бақыт  тілеуі 
„басбүзарлық"  болып  көрінген кезде 
туған  дүние.  Әңгіменің  бір  түрі 
„Қазақтардың 
естерінен 
кетпей 
жүрген  бір  сөз" деп  басталса,  екінші 
түрі  „Қазақ  турасынан  хикая"  деп 
аталыпты.  Мүндағы  кісі  аттары:  ба- 
тыр  —  Сергелі,  абыз  —  Келдей,  қыз
—  Қаңлық  т.  б.  өзгертіліп  алынған. 
Жалпы  бүл  аңыздардағы  сюжеттер 
үқсас,  бәрінде де Абыз  батырдың бо- 
лашағын  болжап алдағы  уақытта  не- 
ндей  жағдайға үшырайтынын айтып 
береді.  Бірін-бірі  сүйген  екі  жас  ат 
қүйрығына 
байланып, 
азаппен
өлтіріледі, 
артында 
жас 
нәресге 
қалады. 
-
ПУ
о Г ^ Н
О
НВ  и :  К о С.сТ
С п Г Г д а .  =
5
П ™ :  А'1“ ТЫ-  ,9б'-Т  '• 398-3996- С04ин' нмс  Чо“ «»  В али„нои.
Орснбург.  Ы ? в ы „ РНш “ с"Гб9Ы,рГ,,ЗСКОЙ  ^"« -Р » Ф и и . 
В 
„Труды  о б щ с с т и   н зу ч си и ,  Киргизского  Щ
^Затаеви ч 
А. 
1000 
песен 
казахского 
народа. 
М„  1963, 
с. 
274.  49?-500 
П апка,  N300.
14

І8 9 2   ж.  басылған  „Қазақтардың  ес- 
терінен  кетпей жүрген  бір  сөз*'  аңыз 
әңп м ен ің  
кіріспесінде 
қазақ 
халқыныңтарихына,  этнографиясы- 
на,  әдет-ғүрып,  салт-санасына  да 
қатысты  мәліметтер  берілген.  Бүл 
аңыз-әңгімелерде 
оқиға 
көркем, 
әдеби  тілмен  баяндалғанымен  олар- 
датарихқа, экономикаға, философия 
мен  заңға  қатысты  деректер  де  өте 
көп 
кездеседі. 
Қазақ 
халқының 
дәстүріне 
сәйкес  ертеректе  қүда 
түсу,  үйлену  мәселелерін  ересек- 
тердің 
рүқсатынсыз 
жастар 
өз 
бетінше шеше алмайтын.  „Еңлік-Ке- 
бек"  әңгімесінде  осыған  ерекше  мән 
беріліп,  оны  бүзғандарды  өлім жаза- 
сына  бүйыратыны  баса  айтылған. 
Әңгімеде  әйелдің  теңсіздігі,  тіпті 
әйелді  сүюдің  өзі  ерлер  үшін  намыс 
екендігі.Жөнінде  мәлімет  берілген. 
Бүл  нүсқалардың  қазақ  әдебиетін 
зерттеушілерге  де,  этнографтарға 
қүнды 
материал 
болатындығы 
күмәнсіз.  Қараңғы  халықты  уысын- 
да  үстау  үшін  дін  иелері  мен  үстем 
таптың 
өкілдері 
ғасырлар 
бойы 
өздері  жасаған  заң  жолынан  бы- 
лайғы 
жүртты 
шығармаған. 
Кейінірек  бүл  оқиғаны  Абайдың 
үсынуымен  баласы  Мағауия  жыр- 
лаған.  Бүл поэма тіл жағынан сонша- 
лықты  шебер  болмағанымен  негізгі 
идеясы  түрғысынан  ескі  билікті, 
Еңлік  пен  Кебектің  өліміне  себеп 
болған 
Кеңгірбайдың 
пара 
алғандығын  әшкерелейді.
Газет  бетінде  Ж иренш е  шешен,  Ал- 
даркөсе,  Асанқайғы,  Қожанәсір  ту- 
ралы 
аңыз-әңгімелер 
де 
көп 
басылған. 
Асанқайғы 
халықтың 
қаралы,  мүңды  тағдырын,  мүшкіл 
түрмысын  көріп,  қүлазып  жатқан 
сар даланы көріп, елге жақсы қоныс, 
жайлы 
жер 
іздейді. 
Міне, 
сол 
Асанқайғының  хан  үшін  емес,  ха- 
лық 
үшш 
еңбек 
етпек 
ниеті 
дәріптелген  аңыз  әңгімелері  газет 
бетінде  жарық  көрген.
Қай 
халықтың 
болмасгын, 
ауыз 
әдебиетінің  күрделі  бір  түрі  — 
мақал,  мәтел,  жүмбақтар.  Бүл  бір 
ғасырдың,  бір  дәуірдің  ғана  жемісі 
емес,  сонау ертеден келе жатқан көне 
жанр. 
Міне. 
әдебиеттің 
баспа 
бетінен  орын  алуы  19  ғасырдың 
екінші 
жартысынан 
басталады. 
Мақал-мәтелдерді  алғаш  ел  арасы- 
нан  жинап,  бастыру  ісіне  В.  Радлов, 
А.  Васильев,  Ш.  Ибрагимов,  Ш.
Уәлиханов,  Қ.  Бабажанов,  П.  Мелио- 
ранский,  В.  Катаринский,  Ә.  Дива- 
ев, 
Б. 
Дауылбаев, 
М. 
Ешмүхаметовтер  үлкен  үлес  қосты. 
Қазақтың төл туындыларымен  бірге 
газет  бетінде,  басқа  халықтардың 
тілінен  аударылған  мақал-мәтелдер 
алдымен  орыс  тілінде,  одан  соң 
қазақ  тіліне  тәржімаланып  беріліп 
отырған. 
Белгілі 
„Қожақмет  пен 
Әубәкірдің  жүмбақпен  айтысын"  А.
іасильев  бастырған.
„Дала  уалаятының  газетінде"  ба- 
сылған  шығармалар  түрі,  қүрылы- 
мы,  жанры  жағынан  алуан  түрлі. 
Оларды  1 9  ғасырдың  аяқ  шеніндегі 
қазақ  әдебиетінің  тарихы,  идеялық 
мотивтері,  тақырыптары,  көркемдік 
ерекшеліктері 
және 
орыс
әдебиетінің 
игілікті 
әсері
түрғысынан алып жан-жақты зертте- 
уге  болады.
„Дала 
уалаятының 
газеті" 
мақалаларының  екі  тілде  қатар  ба- 
сылып  түрғандығын  сөз  еткенде, 
оның  сауатты,  түсінікті  болуына 
үлкен  үлес  қосқан  қаламгерлерді 
атап  өткен  орынды.  Атап  айтқанда 
орыс 
ғалымдарының 
қазақтың 
әдебиеті, 
мәдениеті 
жөніндегі 
мақала,  хабар,  әңгіме,  очерк,  публи- 
цистика.\ық  шығармаларын  қазақ 
тіліне 
Е. 
Абылпйханов, 
Д. 
Сүлтанғазин,  Р.  Дүйсембаев  ауда- 
рып,  ал орыс тіліне  Ы.  Алтынсарин, 
А.  Қүнанбаев,  М.  Ж .  Көпеевтің 
мақала, 
хабар, 
әңгімелері 
орыс 
тіліне  аударылып  басылды. 
Революциядан  бүрын  Абай,  Ыбырай 
секілді  дүлдүлдер  көркем  аударма- 
ның  шебер  үлгілерін  қалдырса,  осы 
ізді  одан  әрі  жалғастырған  „Дала 
уалаятының 
газеті" 
тәржіманың 
одан  -   әрі 
жетіліп, 
көркемдік 
дәрежесінің арта  түсуіне түрткі  бол-
д ы .
Солардың  ішінде  орыстың  үлы  жа- 
зушысы 
Л. 
Н. 
Толстойдың 
шығармаларының 
қазақ 
тіліне 
өткен  ғасырдың  70-80  жылдарынан 
бастап  аударыла  бастағанына  ерек- 
ше көңіл бөлген  жөн.  „Дала уалаяты- 
ның 
газетінде" 
аударылып 
жарияланған  Л.  Н.  Толсгойдың  мы- 
салдарына,  үсақ әңгіме,  ертегілеріне 
қысқаша  шолу  жасасақ,  бүл  аудар- 
малардың  түп  нүсқаға  өте  жақын 
екендігін  байқаймыз.
„Дала уалаятының газетінде" әсіресе 
осы 
үлы 
жазушының 
„Дүрыс
15 
'■  Й 
.
і

әзілдескені"  —  „Старик  сажал  ябло- 
н и ‘\   „Бақыт пен  Мужық" — „Мұжық 
пошел  косить  луга  и  заснул...'1, 
„Құмырсқа мен көгершін" — „Мура- 
вей  и  голубка”,  „Бұғы"  —  „Олень", 
„Бұғы  мен  қарақаттың  сабағы"  — 
„Олень  и  виноградник"  секілді  ту- 
ындылары 
өте 
сәтті
тәржімаланыпты.  Кейінірек,  1915 
жылы  осылардың  қатарына  Л.  Тол- 
сгойдың  „Лияс"  деген  әңгімесі  ауда- 
рылып 
„Айқап" 
журналының 
1 1-санында  жарияланды.
Абай  ірге  тасын  қалап  дамытқан 
орыс  әдебиетінен  үйрену  жөніндегі 
дәстүрді де алғаш рет осы газет жүзе- 
ге  асырды.  Сонымен  бірге  Октябрь 
революциясынан бүрын өмір  сүрген 
қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілдері 
орыстың 
классикалық 
реалистік 
әдебиетін 
қалай 
аудару 
керек 
екендігін іс жүзінде осы газет бетінде 
басылған 
шығармаларынан
көрсетіп  берді.
Г.  Н.  Потаниннің  пікіріне  сүйенсек, 
орыс  классиктерінің  шығармала- 
рын түңғыш  рет қазақ тіліне жатық, 
түсінікті 
етіп 
тәржімалап, 
оқырмандарға  таныстырған  Өскен- 
баев  еді  деп  жазыпты.  Бүл  жөнінде 
газеттің  1896  жылғы  43-санында ба- 
сылған  „Қазақтың  тәуір  адамдары- 
ның  қылар  ісі"  деген  мақаладан: 
„Өскенбайүлы  Омбыдағы  кадетский 
корпустан 
оқу 
бітіріп, 
Семей 
маңында  қырға  барып  түрған.  Сол 
қүрметгі  адам,  есту  бойынша  кеш 
болғанда  орыс  қиссаларын  қазақ 
тіліне переуадтап,  қазақтарға айтады 
екен де, естуш ілердің сүрауы бойын- 
ша жазып береді екен.  Солайша Тур- 
геневтің,  Лермонтовтың,  Толстой- 
дың 
һәм 
өзгелердің 
шығарған 
кітаптарын  Өскенбайұлы  еркін  пе- 
реуад  қылып  шығарған"  деген  жол- 
дарды  оқимыз.  Мақалада  сөз  болып 
отырған  Халиулла  Өскенбаев  Абай- 
ды ңтуы сы ,  ол  1863-70  ж.  Омбы  ка- 
дет  корпусында  оқып,  орыс-түрік 
соғысына 
(1877-78) 
қатысқан. 
Қазақ  елінің  әдеби  мүраларын  жа- 
зып  алып,  жинаған  оның көп дүние- 
лері 
шығысты 
зерттеуші 
белгілі 
ғалым  И.  Н.  Березиннің  архивінде 
сақтаулы1.
Абайдың 
орыстың 
классикалық 
әдебиетімен түңғыш рет X.  Өскенба- 
евтың таныстырғанын,  қазақтың ха- 
лық 
аңыздарын 
орыс 
тіліне 
аударғанын, 
сондай-ақ  Қүнанбай 
аулында  әдеби  үйірме  ұйымдасты- 
рып,  оған  Абай  мен  оның  айнала- 
сындағы  ақындардың  қатысқанын 
Ш. 
Уәлихановтың 
еңбегінен 
оқимыз*.  Орыс  халқының  атақты 
жазушысы  А.  И.  Крыловтың мысал- 
дарын  алғаш ссы   газет бетінде  ауда- 
рып  басу арқылы,  қазақ әдебиетінде 
тың жанр туа бастады.  И.  А.  Крылов- 
тың  мысалдарын  қазақ  тіліне  көп 
ауДсфьіп,  халық арасына ауызша та- 
ратумен  қатар,  ол  осы  дүниелерді 
ертеректегі  баспасөз  бетгерінде  де 
жариялатты.  С.  Көбеев  1910  жылы 
„Үлгілі 
тәржіме" 
деген 
жалпы 
тақырыппен  И.  А.  Крыловтың  37 
мысалын 
аударып 
бастырса, 
Б. 
Өтетілеуов  1914  жылы  „Жиған-тер- 
ген"  деген  тақырыппен  13  мысал 
тәржімалап  жариялатгы.  Бүлардан 
басқа  „Дала уалаятының газеті"  мен 
„Айқап"  журналында  да  И.  А.  Кры- 
ловтың  бірнеш е  мысалының  ба- 
сылғанын 
көреміз. 
„Дала 
уалаятының  газетінің"  1892  жылғы 
51-санында  И.  А.  Крыловтың „] 
на  и  лисица"  мысалын  „Қарға  мен 
түлкі"  деген  аудармасы  ЬІ.  Алтынса- 
риннің  „Киргизская  хрестоматия" 
оқулығынан  алып  жарияланыпты. 
Қазақ тілінде  „Қарға  мен түлкі"  мы- 
салының төрт түрлі аудармасын кез- 
дестіреміз.  Олар  —  Ы.  Алтынсарин 
аударып,  1889  жылы  „Киргизская 
хрестоматия"  оқулығында  басылған
осы 
нүсқа 
мен  1898  жылы  Абай 
аУДарған 
„Жүрт 
біледі 
күледі",
„Боқтыққа 
талтандап"  ’ 
деген 
кіріспемен  басталатын  екі түрі  және 
И.  А.  Крыловтың  қазақ  тілінде 
шыққан 
жинақтарында 
беріліп 
жүрген 
Ахмет 
Байтүрсыновтың 
қазақ  тіліндегі  бүл  төрт  аударма  да 
Крылов  мысалының  сюжетіне  жа- 
зылған, 
өлеңмен 
көркем, 
еркін
тәржімаланган  дүниелер.
„Дала 
уалаяты 
газетінің" 
1894 
жылғы  32-санында  басылған  И.  А. 
Крыловтың  „Стрекоза  и  муравей" 
("Инелік  пен  қүмырсқа")  мысалын
С скгор
  восточных  рукописей  йнститута  востоковедения  АН  СССР,  Ленинград,  фонд.  5,  оп.  5 (2 5 7 ). 
У әлиханов  Ш .  Бес  томдык.  шырармалар  жинагы.  Алматы,  1968,  4-т.,  710-6.
16

А. 
Құнанбаев 
„Қумырсқа 
мен 
шегіртке"  деп  аударып  бастырған. 
Бұл мысалдың да қазақ тіліндегі төрт 
түрлі  аудармасын  кездестіреміз.  Ал 
екіншісі 
„Шырылдаған 
шегіртке, 
ыршып  жүріп  ән  салған"  деген 
кіріспемен 
басталатын 
Абайдікі, 
үшіншісі, 
1910 
жылы 
„Үлгілі 
тәржіме'1  кітабында  басылған  С. 
Көбеевтікі және төртіншісі  1912 жы- 
лы  „Айқап"  журналында  автордың 
орнына 
„Омбылық" 
деп 
қол 
қойылғаны.  Бүл  төрт  нүсқа  да  еркін 
аударылған.
Орыстың  классикалық  шығармала- 
рын  аудару,  сөйтіп  XIX  ғасырдың 
аяғында 
.  тәржіма 
ісін
қалыптастырып, 
дамыту 
қазақ 
жүртшылығына  басқа үлттардың ту- 
ындыларын 
таныстырып 
қана 
қоймай, вбы  саланың бізде де жетіле 
түсуіне  ықпал  етті.  Міне,  осының 
негізінде  де  ел  аузында  үсақ  әжуа- 
мысқыл,  мысал;  шағын  күлдіргі  ер- 
тегілер 
ортақ  дүниеге  айналып, 
қазақ оқырмандарына жетті.  Бүл ре- 
тте С.  Көбеев,  Б.  Өтетілеуов,  С. Дөне- 
нтаев  сияқты  ақын-жазушылардың 
қосқан  үлесін  ерекше  атап  өткен 
жөн.
Газетте  сонымен  бірге  жергілікті 
орындардың 
орыс 
тіліндегі
нүсқаулары,  бүйрық,  жарлықтары, 
яғни  ресми  материалдары  қазақша 
аударылып  басылды.  Бүдан  барлық 
әдеби нүсқалар, тек қазақтіліне ғана 
аударылды деген  пікір тумаса керек. 
Мәселен ертегі, әңгіме, сықақ-мысал 
секілді 
әдеби 
жанрлармен 
қоса 
жергілікті  жерлерден  түскен  қазақ 
тілінде корреспонденциялар орысша 
да аударылып үзбей  басылып түрды. 
Жасыратыны жоқ,  сол кездегі аудар- 
машылар  жіберген  кемшіліктер  тың 
саланың 
қүпияларын 
игеруде 
біршама 
қиыншылықтар 
туғыз- 
ғанымен,  бірақ газетгегі аударма ма- 
териалдардың 
көпшілігі 
жатық 
тілмен, 
қазақ  үғымына  түсінікті 
аударылғанын 
көреміз. 
Сонымен 
бірге  газетте  кездесетін  аудармалар- 
дың  барлығы  біркелкі  жатық  бола 
бермейді. 
Көбінесе 
орыс 
тіліне 
сөзбе-сөз 
аударудың 
салдарынан 
үлттық  үғымымызға  ауыр  тиетін 
шығармалардың  да  жарияланғаны
мақалалар 
басылған. 
Солардың 
бірінде газеттің бас аудармашысы Д. 
Сұлтанғазин:  „...  орысшадан  пере- 
уад 
қылғанда 
түп-тура 
сөз 
қалдырмай, орысша ретіменен пере- 
уад  қыламын  деп  әуре  болу  жара- 
майды"  — дейді.
Қазақ  халқының  көне  заманнан 
бергі  қалыптасқан  тіл  байлығы, 
шежіре 
сөз 
саптауы 
осы 
газет 
арқылы  қағаз  бетіне  түсіп,  белгілі 
стильдік  мәнге  ие  болды.  Газет 
қазақтың  бай  тілін  пайдалана  оты- 
рып,  қажет  болған  жағдайда  басқа 
тілдермен  сөз  алудан  қашпау  ке- 
ректігін,  қазақ  тілінде  жоқ  жаңа 
үғым, 
атауларды 
кіргізу 
үшін 
әсіресе  орыс  сөздерін  қолдануды 
үсынды. 
Орыс 
тілінен 
кірген 
сөздерді  қалай  жазу  керектігін  га- 
зеттің 
бас 
аудармашысы 
Д. 
Сүлтанғазин  „Қазақ тілінде жазу ту- 
радан"  деген  мақаласында:  „Қазақ 
тіліне 
кірген 
сөздерді 
жазғанда 
сөздердің 
қазаққа 
қанша 
үғымдылығына  қарау  керек.  Егер 
қазаққа  үғымды  болса  орыстардың 
өз  сөйлегендеріне  үқсатып  жазуға 
тырысу  керек.  Мәселен  қазақтар 
"жандарал",  „жанарал"  дейді.  һәм 
„генерал"  дегенді  де  жақсы  пайым- 
дайды,  сол  себептен  „генерал"  деп 
жазу керек"  дейді  (1896,  N 31,  N 32). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет