3. Оқу пәнінің екінші кезеңіндегі базалық білім мазмұны
15. Әліппеге дейінгі кезең. Мектеппен, күн тәртібімен таныстыру. Сынып ішіндегі заттарды атай білу; «Мұғалім мен оқушылар» деген тақырыпқа қатысты сөздер табу және сөйлем құрастыру; оқушылардың аты-жөндерін білу;мұғалімнің аты-жөнін атай білу; ата-анасының аты-жөнін атай білу; туған жерін айта білу; «Менің Отаным – Қазақстан» деген тақырыпқа сай сөздер табу. 16. Оқу тәртібіне дағдылану. Сыныптағы тәртіпті, талапты түсіну; партада дұрыс отыра білу; мұғалімнен рұқсат сұрай білу; мұғалімнің сөзін тыңдап, түсіне білу. 17. Ауызша сөйлеу тілін дамыту. Қарапайым тапсырмаларды, нұсқауды орындай білу; әңгіме, ертегі, тақпақты мұқият тыңдап, түсіне білу; суреттегі заттарды атау; суретке қарап сөйлем құрастыру; сұрақ бойынша сөйлем құрастыру; көрнекілікке сүйене отырып, сөйлем құрастыру; қимыл-әрекеттер, сурет, сұрақ бойынша жай сөйлем құрастыра білу; дыбыстарды дұрыс айта білу.
18. Фонематикалық есту қабілетін дамыту. Сөзді естіп, қабылдау, ұға білу; әр түрлі дыбыстарды ажырата білу (тарсыл, сыңғыр, ызыңдау, гүрілдеу); сөздерді анық, қатесіз қайталауға дағдылану; дыбыстық құрамы жағынан ұқсас сөздерді айыра білу (тас-қас, қара-қала); сөздерді буынға бөліп айта білу.
19. Көру қабілетін жетілдіру. Кең тараған түстерді ажырата білу; сызықтардың түрі мен қарапайым фигураларды ажырата білу; қарапайым заттардың бөліктерін құрастыра білу;көрсетілген заттарды рет-ретімен дұрыс қөрсету және айта білу.
20. Жазуға үйретуге арнайы дайындау. Қол мен саусақтардың қимылы мен қозғалысын қалыптастыруға арналған жаттығуларды жасай білу; түзу сызықтар бойынша қағаздарды қию, жапсыру, ретімен орналастыра білу; қағаз жолақшалардан әртүрлі фигуралар құрастыра білу; үлгі бойынша тақтаға бормен, қағазға қарындашпен әртүрлі бағытта (көлденең, қиғаш, тік) сызықтар жүргізе білу; сызықты бір бағыттан екінші бағытқа бұрып сыза білу; сызғанда белгіленген сызықтан асырмай сыза білу; үлгі бойынша шар, шеңбер, үшбұрыш, шаршыны айналдырып сыза білу, оларды бояу, штрихтай білу; қарапайым заттардың бейнесін құрастыра білу; әріптердің негізгі элементтерін ретпен жазу:
1) түзу сызық; қиғаш сызыққа қосылған түзу сызық; жоғары я төменгі доғалана келген тура сызық; сопақша және жартылай сопақша келген сызық.
21. «Сөз», «Сөйлем». «Сөйлем» ұғымын айналадағы таныс заттардың іс- әрекетін бейнелейтін суреттер арқылы тәжірибелік жолмен беріледі: 1) заттардың атын атау; Бұл не? Бұл кім? сұрақтарына жауап бере білу; сөздің шартты белгісін тани білу; _______.________; 2) сөз. Сөйлем басындағы сөз;сөйлемдегі сөздерді бөліп айту. 22. Буын. Сөздің буыннан құралатынын білу; буынның дыбыстан құралатынын білу; сөзді буынға бөлу; буынның санын анықтай білу; буындағы дауысты дыбыстарға көңіл бөлу; сөздегі буынды бөліп, жолақшамен белгілеу.
23. Дыбыс. Артикуляциялық жаттығулар жасау, әр түрлі дыбыстарды ажырата білу; сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды анықтап, бөліп айта білу; дыбысты дұрыс айта білу.
24. Өткенді қайталау.