0-4 сыныптары үшін оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін)


Оқу пәнінің үшінші кезеңін аяқтаудан кейін



бет8/8
Дата27.09.2023
өлшемі60 Kb.
#110756
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
9. Оқу пәнінің үшінші кезеңін аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер

55. Пәндік:


1) сөздерді дыбыстық құрамына қарай, кеспе әліппенің әріптері мен буындарынан сөз құрай білу;
2) бас және кіші әріптерді жаза білу;
3) сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді буындап, байыппен оқи білу;
4) оқыған, талдаған сөздер мен сөйлемдерді тақтадан және әліппеден көшіріп жаза білу;
5) сөздерді жатқа жазу, шағын мәтінді буындап оқу, шағын тақпақтар жаттау.


10. Оқу пәнінің төртінші кезеңін аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер


56. Пәндік:
1) дыбыстар мен әріптерді сәйкестендіре білу;
2) жуан, жіңішке дауыстыларды айтқызу, танып білу, ажырату;
3) жуан, жіңішке дауыстылардың әріптік таңбаларымен танысу;
4) дыбысталуы ұқсас дыбыстарды ажыратабілу;
5) дыбыстық талдау жасай білу, талдау схемасын сызу; қазақ тіліндегі әріптердің орналасу ретімен танысу;
6) үш-төрт сөзден сөйлем құрап жазу; ауызша құрастырылған сөйлемдерді сызба-үлгі бойынша дәптерге көшіре білу.
7) сериялы (2-3) суреттерге ат қоя білу; екі-үш сөйлемді мәтін құрастыру.


11. Оқу пәнінің бесінші кезеңің аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер


57. Пәндік:
1) қазақ тіліндегі әріптердің орналасу тәртібін білу;
2) сөздерді әліпби ретімен орналастыра білу;
3) жуан жәнежіңішке жұпдауыстыларды (а-ә, о-ө, ы-і, ү-ү) ажырата білу;
4) ұяң және үнді дауыссыз дыбыстарды білу;
5) сөздерді буынға бөліп жасауды үйрену және тасымалды ажырата білу;
6) тасымалданбайтын сөздертуралы білу;
7) ретсіз берілген сөздерді мағынасына қарай ретімен орналастырып жаза білу;
8) мазмұндаманың мәтінін құрап, сөйлемдерді жүйелі түрде реттілікпен айту;
9) сурет бойынша шағын мәтін құрастыру;
10) көркем, әдемі жазуға дағдылану;
11) кішіәріптердің бір-бірімен қосылып жазылуын білу, графикалық түрде дұрыс жаза білу.
58. Тұлғалық:
1) ұжыммен, өзбетінше, мұғалімнің басшылығымен нәтижелі жұмыс атқаруды үйрену. Сөйлеу, ойлау іс-әрекетін белсендіру, қарым-қатынас, танымдық функцияларын дамыту.
59. Жүйелік-әрекеттік:
1) сөзді, сөйлемді, шағын мәтіндерді буындап, байыппен оқи білу;
2) тыңдаған материалдың мазмұны бойынша және мәтінге берілген суреттерге байланысты сұрақтарға жауап бере білу, жазу дағдыларын меңгеру;
3) шағын тақпақтарды жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет