6. Оқу пәнінің бесінші кезеңіндегі базалық білім мазмұны
43. Өткенді қайталау: жай сөйлемдерді қолдана білу. Сөйлемнің бас әріптен бастап жазылатынын, сөйлем соңында нүкте қойылатынын білу; сурет бойынша сұрақ қоя білу және жауап айту; сөйлем құрастыра білу; орын тәртібі ауысып берілген сөздерден сөйлем құрастыру; сөйлемнен және мәтіннен жеке сөйлемді теріп жаза білу; сөйлемдегі сөздердің санын анықтау.
44. Дыбыстар мен әріптер. Әліпби:
1) қазақ тіліндегі әріптердің орналасу тәртібімен танысу; әліпбидің анықтамасымен танысу, жаттау; сөздерді әліпби ретімен орналастыра білу; оқушылардың тізімін әліпби бойынша жаза білу.
45. Дауысты және дауыссыз дыбыстар:
1) дауысты дыбыстар, олардың жуан және жіңішке болып бөлінуін меңгеру; жуан дауыстылар: а, о, ы, у. Айтылуы мен естілуін ұғыну;жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, і, ү. Айтылуы мен естілуін ұғыну; жуан және жіңішке жұп дауыстыларды (а-ә, о-ө, ы-і, ү-ү) ажырата білу; дауысты дыбыстардың жазылу емлесін есте сақтау, мысалдар арқылы ұғыну; дауыссыз дыбыстардың түрлерімен танысу, қатаң дауыссыздарды білу; ұяң дауыссыз дыбыстармен танысу; үнді дауыссыз дыбыстарды білу; мысалдар келтіру арқылы дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.
46. Буын және тасымал:
1) дауыстылардың буын жасай алатынын білу; сөздерді буынға бөліп жасауды үйрену және тасымалды ажырата білу; тасымалдау жолдарын мысалдар арқылы ұғыну; тасымалданбайтын сөздер туралы білу; дауыстылардың әсерімен дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуын білу (Ана, Әке). Сөздерден жуан және жіңішке болып қолданылған дауыссыздарды табу, астын сызу;
2) сөйлемнен жуан және жіңішке болып айтылатын сөздерді табу, астын сызу.
47. Сөз:
1) заттың атын білдіретін сөздер. Заттың атын білдіретін сөздер туралы оқушылардың ұғымдарын кеңейту; сөздерге Кім? Не? деген сұрақтарды дұрыс қоя білу және жауап беру; заттың суреттері арқылы сөздер ойластыру; Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарды қоя білу және жауап беру; оқушылардың жалқы есім туралы ұғымдарын кеңейту; Қала, ауыл, көше, кісі аттарын бас әріппен жазылуын білу;
2) заттың қимылын білдіретін сөздер. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы ұғымдарын кеңейту; заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білу; заттың қимылын білдіретін сөздерді мәтіннен таба білу; заттың қимылын білдіретін сөздерді қатыстырып сөйлем құрау; Не істейсің? Не істедің? деген сұрақтарға жауап беру; берілген қимылдың иесі бола алатын заттардың атын анықтау. Не маңырайды? Не боздайды?;
3) заттың санын, сапасын, белгісін білдіретін сөздер. Қандай? Қай? Неше? деген сұрақтар арқылы заттың белгілерін анықтау; заттың санын, сапасын, белгісін білдіретін сөздерді мәтіннен дұрыс таба білу; оларды заттың атын білдіретін сөздермен дұрыс тіркестіріп айта және жаза білу;аталған заттың бірнеше белгісін (сапасын) тауып айту жөне бірнеше белгіні (сапаны) білдіретін сөздерге қарап заттың атын таба білу;Екі затты сапалары бойынша салыстыру (қар – ақ, көмір – қара, мақта – жұмсақ, тас – қатты); сөз тіркестерін құрастыру: ақ көйлек, қара бояу, үлкен мектеп, биік ағаш.
48. Сөйлем:
1) жай сөйлем құрылымымен танысу; Кімнің? Ненің? Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? деген сұрақтар арқылы сөйлем құрай білу; сөйлемді мәтіннен ажырата білу;сөйлемді аяқтап жазуды үйрену;сұрақ бойынша сөйлемді толықтыруға дағдылану; берілген жауабын түсініп жаза білу(Самат ненің суретін салды? Самат әтештің суретін салды); сөйлемдегі сөздердің ретін схема арқылы көрсету.
49. Байланыстырып сөйлеу:
1) ретсіз берілген сөздерді мағынасына қарай ретімен орналастырып жаза білу;
2) мазмұндаманың мәтінін құрап, сөйлемдерді жүйелі түрде реттілікпен айту;
3) сурет бойынша шағын мәтін құрастыру.
50. Көркем жазу:
1) көркем, әдемі жазуға дағдылану;
2) кіші әріптердің бір-бірімен қосылып жазылуын білу, графикалық түрде дұрыс жаза білу:
1 топ — і, и, й, ш, п, т, н, ң, һ;
2 топ — л, м, г, ғ, ү, ү, у, ц, щ;
3 топ — а, о, ө, ю, и, ы;
4 топ — с, е, ә, х, ж;
5 топ — б, д, з, в, ф;
6 топ — к, қ, ч, ъ, ь;
3) бас әріптерді жазу:
1 топ - О, Ө, С, Ә, Э;
2 топ - И, Ш, Ц, Щ,У;
3 топ - Г, П, Т, Б, Ғ, Р;
4 топ – Н, К, Қ, ЬІ, Ф, Ю, I;
5 топ – А, Л, М, Я, Ү;
6 топ — X, Ж, 3, Е, Ү;
51. Оқулықтағы жаттығуларды орындай білу; жазбаша және бас әріптермен берілген мәтіндердегі тұтас немесе жеке сөздерді, сөз тіркестерін көшіру; қалдырылып кеткен әріптер мен сөздерді орнына қойып, сөздермен сөйлемдерді көшіріп жазу; емле ережелерін сақтай отырып жатқа жазу; ретcіз берілген сездерден сөйлем құрау.
52. Жыл бойы өткенді қайталау:
1) әліпбидің анықтамасын меңгеру, әріптер ретін есте сақтау; дауысты дыбыстар және олардың түрлерін меңгеру, астын сызып көрсету; сөздерді буынға бөліп жазуды білу; буынмен тасымалды ажырата білу; дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білу; заттың атын білдіретін сездерді атай білу, сұрақ қоя білу; жалқы есімдерге қатысты ережелерді пайдалана білу;
2) заттың қимылын білдіретін сөздерді таба білу, сұрақтарын есте сақтау;
3) қандай? Қай? деген сұрақтар арқылы заттың белгілерін анықтау;жай сойлемнің ережесін меңгеру және мысалдар келтіру;5-6 сөйлемнен құрылған шағын диктант жаза білу.
Достарыңызбен бөлісу: |