0-4 сыныптары үшін оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін)


Оқу пәнінің төртінші кезеңіндегі базалық білім мазмұны



бет5/8
Дата27.09.2023
өлшемі60 Kb.
#110756
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
5. Оқу пәнінің төртінші кезеңіндегі базалық білім мазмұны

33. Өткенді қайталау:


1) әріп пен дыбыстың өзара қатысын айқындап айта білу; құрамында екі дауыссыз дыбыс қатар келетін сөздерді айта білу, тілдерін жаттықтыру; сөздерден дауысты дыбыстарды көмек арқылы таба білу; сөздерден дауыссыз дыбыстарды көмек арқылы таба білу; дауысты және дауыссыз дыбыстардың белгіленуі (қызыл, көк), оларды ажырата білу;
2) сөздерден сөйлемдер құрылатынын білу; сөйлем құрамындағы сөздердің жеке айтылатынын және бір-бірінен бөлек жазылатынын білу; сөйлемнің жігін ажырата білу, жаттығуларды орындай білу.
34. Дыбыстар мен әріптер. Дыбыстарды дұрыс айту, олардың дұрыс айтылуын бақылау. Дыбыстар мен әріптерді танып білу; дыбыстар мен әріптерді сәйкестендіре білу; жуан, жіңішке дауыстыларды айтқызу, танып білу, ажырату; жуан, жіңішке дауыстылардың әріптік таңбаларымен танысу; дыбысталуы ұқсас дыбыстарды ажырата білу (а-ә, о-е, й-и, ұ-ү); дауыссыз дыбыстарды айтқызу, танып білу, ажырату; дауыссыз дыбыстардың әріптік таңбаларын ажырата білу;жазылуы ұқсас әріптерді ажырата білу (и-й , г-ғ, ұ-ү,е-с, н-ю, б-д, г-б); бас әріптері ұқсас әріптерді ажырата білу (п-т, ш-т, л-м, у-ң).
35. Буын. Дауысты дыбыстардан буын жасалатынын білу; сөздерді буынға бөлуді үйрену, жаттығу; сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып, астын сыза білу; дауыстылардың әсерінен дауыссыз дыбыстар мен сөздердің жуан, жіңішке болып айтылуын ұғыну,құрамында а-ә, о-ә, ү-ұ, к-ғ дыбыстары бар сөздерді атау, оқу, жазу;дыбыстық талдау жасай білу, талдау схемасын сызу; қазақ тіліндегі әріптердің орналасу ретімен танысу.
36. Сұрақтар / сөздер:
1) кім? кімдер? не? нелер? Заттардың атын атай білу;
2) жеке және бірнеше сөздерді атау ( бала – балалар, гүл – гүлдер);
3) кісі аты мен фамилиясын атай білу және жаза білу;
4) үй жануарларына ат қоя білу, олардың аттарын бас әріппен жаза білу;
5) заттың жеке және олардың бөліктерін атай білу (үстел – беті, тартпасы, аяғы; ағаш – діңі, бұтағы, бүршігі, жапырақтары, тамыры);
6) затты жеке және топтап айта білу (қой, ешкі, сиыр – малдар);
7) өзара ұқсас заттарды салыстыра білу. Заттардың ұқсас, ұқсамайтын белгілерін анықтай білу (кесе –стақан, қасық – шанышқы).
37. Қимылды білдіретін сөздер. Заттың, құбылыстың қимылын, әрекетін білдіретін сөздерді Не істеді? Қайтті? деген сұрақтарға жауап беру арқылы айта білу; затты, нәрселерді ұқсас қимыл-әрекетгері бойынша атай білу. Не қалай дыбыстайды? Не жүреді / ұшады? заттардың аты мен қимылын білдіретін сөздерден сөйлем құрай білу. «Қандай?» деген сұрақ бойынша заттың түсін, дәмін, көлемін атай білу.
38. «Мен, сен, ол» есімдіктерін мысалдар арқылы түсіне білу (Мен келдім. Мен мектепке келдім. Сенкелдің. Сен мектепкекелдің. Ол келді. Болат келді). Көмекші сөздердің мағынасын түсіну және түсіндіре білу; суреттер, ойыншықтар арқылы көрсете білу (үстелдің үстінде, астында, қасында, жанында т. б.).
39. Жай сөйлем. Жай сөйлемнің құрылысымен танысу; берілген сұраққа жауап бере білу;суреттер бойынша сөйлемдер құра білу; басталған сөйлемді аяқтай білу; орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрай білу; берілген мәтіннен қажетті сөйлемді бөліп ала білу, сөйлемдегі сөз санын анықтай білу; сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылатынын білу; сөйлем соңына нүкте қойылатынын түсіну, тәжірибе арқылы жаттығу көрсете білу; сызба бойынша сөйлем құрастыра білу.
40. Байланыстырып сөйлеу. Екі-үш сөзден құралған шағын сөйлемдерді жүйелі түрде айта білу; суреттер арқылы сөйлем құра білу; сериялы (2-3) суреттерге ат қоя білу; екі-үш сөйлемді мәтін құрастыру; зат есімнің орнына (мен, сен, ол) сәйкес есімдікті дұрыс қоя білу (Мұрат келді – Ол келді).
41. Жазу және көркем жазу:
1) жазу техникасын меңгеру;
2) бас және кіші әріптерді жаза білу;оқулықтағы жазба жұмыстарын орындай білу;
3) жазбаша және баспа әріптермен жазылған сөздерді буынға бөліп көшіру;
4) жазылуы мен айтылуы бірдей сөздерден құралған жай сөйлем жаза білу;
5) сөздердегі қалып қойған әріптерді табу және оларды орнына қойып, көшіріп жазу;
6) белгілі бір әріптен, буыннан басталатын сөздерді көшіру;
7) суреттерге ат қоя білу, оны кеспе әріптермен жазу;
8) үш-төрт сөзден сөйлем құрап жазу;
9)ауызша құрастырылған сөйлемдерді сызба-үлгі бойынша дәптерге көшіре білу.
42. Жыл бойы өткенді қайталау. Дауысты дыбыстардың түрлерін айтуда және жазуда ажырата білу; сөзден дауыссыз дыбыстарды таба білу; сөзді дыбыстың құрамына қарай талдай білу; жазбаша және баспа әріптермен жазылған сөздерді буынға бөліп көшіру; берілген сөздерді тасымалдай білу; Кім? Кімдер? Не? Нелер? Қандай? Сұрақтарын түсініп, мысалдар келтіру;бас әріппен жазылатын сөздерді мәтіннен теріп жазу, ережесін қолдана білу; қимылды білдіретін сөздерді сөйлемнен таба білу, сұрақтарын қоя білу; сурет бойынша екі-үш жай сөйлем құрастыра білу; екі-төрт сөйлемнен құрылған шағын диктант жаза білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет