7. Оқу пәнінің бірінші кезеңін аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер
53. Пәндік:
1) таныс заттарды атау;
2) негізгі түстерді, заттардың көлемін атау (үлкен, кіші, биік, аласа);
3) тәулік мөлшерін атай білу (таңертең, түс, түн);
4) өзінің ата-анасының, жақын туыстарының аты-жөнін,ата тегін (фамилиясын) атау;
5) үйінің мекен-жайы, мектептен үйге келер жолды атай білу;
6) жеңіл, шағын тақпақты жатқа айта білу;
7) сұраққа жауап қайыру;
8) мазмұны жеңіл сурет бойынша сұрақ қою арқылы сөйлем құрау;
9) сюжетті сурет бойынша сұраққа жауап беру;
10) қойылған тіл дыбыстарын дұрыс айту; сөз басындағы дыбысты ажырата білу, ести білу;
11) дәптерді пайдалана білу, қаламды дұрыс ұстау;
12) дәптерге ою-өрнек сызу, дәптер жолын сақтай отырып, әріп элементтерін жазу.
13) сөздерді дұрыс айту;
14) үлкендермен сәлемдесу, қоштасу.
8. Оқу пәнінің екінші кезеңін аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер
54. Пәндік:
1) дыбыстарды естігенде және айтқанда ажырата білу;
2) сөздің дыбыстық құрамын талдау, кеспе әліппенің әріптері мен буындарынан сөз құрай білу;
3) әңгіме, ертегі, тақпақты мұқият тыңдап, түсіне білу;
4) көрнекілікке сүйене отырып сөйлем құрастыру;
5) дыбыстарды дұрыс айта білу;
6) сөздіңбуыннанқұралатынынбілу;
7) дыбыстық құрамы жағынан ұқсас сөздерді айыра білу; сөздерді буынға бөліп айта білу;
8) бас және кіші әріптерді жаза білу;
9) оқыған, талдаған сөздер мен сөйлемдерді тақтадан және әліппеден көшіріп жаза білу.
Достарыңызбен бөлісу: |