2. Оқу пәнінің бірінші кезеңіндегі базалық білім мазмұны
10. Сөзсіз функцияларын дамыту:
1) көріп қабылдауын дамыту. Заттарды атау. Затты толық мөлшерде көріп, есте сақтау. Заттың бөлшегін бөліп айту.Заттарды топ ішінен бөліп айта білу. Екі затты салыстыра білу. Суреттегі заттарды таңдап алу және жалғастыра білу. Заттардың атын атағанда солдан оңға қарау. Геометриялық фигураларды білу, құрастыру. Таяқшаларды және қағаз жолақшаларын түр-түсі және көлемі бойынша құрастыра білу.
2) кеңістікте бағдарлау. Адамның дене мүшелерін атай білу. Бас, көз, құлақ, мұрын, ауыз... Дене: қол, аяқ, оң қол, сол қол... Алыс. Жақын. Алдында. Артында;
3) ұғымдар. Заттың түсі (ақ, қара, қызыл, көк). Заттың түрі (үшбұрыш,төртбұрыш). Заттың көлемі (үлкен, кіші, биік, аласа). Тәулік мөлшері (таңертең, түс, түн). Ата тегі (өзінің аты, ата-анасының аты). Мекен жайы;
4) қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту. Қолды созып, алақанды жоғары, төмен, екі қолды бірден, кезек ұстау; қолды созып немесе бүгіп алға ұстау, саусақты біріктіріп, ашып, алақанды жоғары, төмен қаратып ұстау; екі қолдың саусақтарын біріне-бірін қарама-қарсы қойып түйістіру;жұдырықты ашып, жабу; саусақтарды шерту; саусақты бірінің үстіне шығарып ұстау (бір-бірімен ілмек тәрізді етіп ұстау); үш саусақты біріктіріп ұстау; ұсақ заттарды жинау; қарындашты ұстауға жаттығу;
5) дем алу мен артикуляциялық жаттығулар. Дем алу, дем шығаруды үйрену; дауысты дыбыстарды созып айта білу; заттарды үрлей білу; артикуляциялық мүшелерді дамытуға арналған жаттығуларды жасай білу (ерінді түтікше тәрізді жасау, жымию және т.б.);
6) дыбысқа назар аудару. Қоршаған ортадағы әр түрлі дыбыстарды ажырата білу (жапырақтың сыбдыры, қоңыраудың шылдыры, аяқты басқандағы дыбыс т.б.); жануарлардың дыбысын ажырату (сиыр, ит және т.б.); әр түрлі дыбыс шығаратын заттарға,жануарларға еліктеу (ұшақтың, машинаның дауысы);сөздегі бірінші дыбысты ажырата білу; керекті дыбысы бар сөздерді естіп, ажырата білу; дыбыстық құрамы жақын сөздерді ажырата білу (бақа — баға, қас — қаш); артық буынды табу (ба-ба-па-ба);шағын тақпақты жатқа айту.
11. Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Артикуляциясы жеңіл, қиын дыбыстарды айта білу (м, б, п, г, х); дауысты дыбыстарды айта білу;дауыссыздыбыстарды айта білу (с, з, р); жұмбақ жаттау; тақпақ жаттау; жаңылтпаш жаттау; ойын түрінде жаттығу; ойын тәртібін білу, түсіну. «Жануарлардың дыбыс шығаруы», «Пойыз», «Машинаның дабылы».
12. Сөз. Заттарды атау; сөздер ойлай білу; сөйлемдегі сөздерді түсіну;сұраққа жауап беру.
13. Танымдық қызметін дамыту. Заттарды кезектілікпен орналастыра білу;сынып ішін танып білу (парта, тақта); мектеп ішін танып білу (сынып, кітапхана, асхана);оқуқұралдарын білу;оқушының өз туған жері туралы білуі; Отан туралы түсінік беру.Қорытындылау.
14. Қайталау:
1) таныс заттарды атай білу; негізгі түстерді, заттардың көлемін атай білу (үлкен, кіші). Күндерді (кеше, бүгін, ертең) атай білу; тәулік мөлшерін атай білу (таңертең, түс, түн);өзінің ата-анасының, жақын туған-туысқандарының аты-жөнін, ата тегін (фамилиясын) атай білу;үйінің мекен-жайы, мектептен үйге келер жолды атай білу; жеңіл, шағын тақпақты жатқа айта білу.
2) сұраққа жауап қайыру; мазмұны жеңіл сурет бойынша сұрақ қою арқылы сөйлем құрау; сюжетті сурет бойынша сұраққа жауап беру; қойылған тіл дыбыстарын дұрыс айту; сөз басындағы дыбысты ажырата білу, ести білу; дәптерді пайдалана білу, қаламды дұрыс ұстау;дәптерге ою-өрнек сызу, дәптер жолын сақтай отырып, әріп элементтерін жазу. Сөздерді дұрыс айту;
3) үлкендермен сәлемдесу, қоштасу.
Достарыңызбен бөлісу: |