0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет10/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
СТО ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 66

Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: синкуейн жазу үшін негізгі тақырыпты анықтау – бес жол өлең (көбіне сабақ тақырыбы алынады).
2-қадам: синкуейннің алгоритмі жазуға беріледі:
Бірінші жол-тақырыптың атауы (әдетте зат есім алынады).
Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (әдетте сын есім алынады).
Үшінші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (әдетте етістік).
Төртінші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы .
Бесінші жол – бір сөз – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Немесе мынадай схема ұсынылады:

Тақырыптың аты:
Сипаты:
Қимылы:
Нақыл сөз
Тақырыпқа синоним сөз


3-қадам үйренген синкуейнді дәптерге жазып алу. Мысалы:


Синкуейн
Келісті, қысқа
Ойлайды, қорытады, жинақтайды
Ескеріңіз: қысқа сөйлеу де-талант.
Түйіндеме
4 -қадам: қызығып оқиды, жұпта және топта талқылайды .
5 – қадам : ең үздік синкуейн (топтардың пікірі бойынша) класта оқылады.

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады ;

  • мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды;

  • ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;

  • мәтінге сұрақ қою, белгілеу, тұжырымдау;

  • кластастарының жауаптарын ықылас қоя тыңдау және сұрақтар қою;

  • өз оқуына және кластастарының оқуына жауапкершілікпен қарау;

таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне қарай, балалардың жас және даму ерекшелігіне қарай), оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою – сұрақтарды мәтін бойынша оқушылардың өздері немесе мұғалімнің өзі қоюына болады.
2 -қадам: оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет