Жүзеге асыру қадамдары:
1 қадам: мәтінді оқу, мысалы, «Мектеп. Мектеп ұжымы» мынадай белгілермен:
«V» - маған таныс;
«+» - мен үшін жаңа;
«-» - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді;
«?» - бұл туралы тереңірек білгім келеді.
2- қадам: өз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта талқылау.
«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
проблемаға қарама - қарсы көзқараста қарай алады;
идеялар ұсыну ;
шешімді өлшей қабылдау дағдысын қалыптастыру;
пікірлестер мен қарсыластарды есту және тыңдай білу;
қарама- қарсы көзқарастарды талдау және түсіну ;
қарсыластардың ұстанымын түсіну мақсатында сұрақтар қою және тұжырымдау;
дәлелдемелер арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары:
1 қадам: «Қай жерде лас болмаса, сол жер таза ма?» проблемалық сұрағының қойылымы
2 қадам: «Т- сызбасы» немесе «Пікірталас карта» бойынша жұмыс (әр оқушының жеке жазба жұмысы):
Қай жерде лас болмаса, сол жер таза ма?
Ия
|
Жоқ
|
Дәлелдемелер
|
Дәлелдемелер
|
3-қадам: жұптық жұмыс( Т-сызбасы бойынша талдау).
4 -қадам: «Т-сызбасы»бойынша жазылған қорытынды нәтижесі (жеке).
5-қадам: ұстанған бағытарына қарай бөлу – «ия», «қарсы», «қалыс қалушылар».
6-қадам: өз бағыттарын қайткенде де қорғап шығу үшін өз топтарында салмақты дәйектемелер дайындайды.
7- қадам: Пікірталас жүргізу: бір жақ өзінің бағытын және бір дәлелін айтады. Қарсы жақ олардың дәлелін тыңдап, қайталап, талқылайды. Сонан соң өз бағытын қорғауға дәлелін мәлімдейді. Осылайша екі жақ кезектесе сөйлейді. «Күмәнданушылар» екі жаққа сұрақ қойып, бағыттарын ашуға тырысады. Ол пікірсайыс жүргізушісі екі жаққа да әлсін-әлсін оларда сұрақ туған-тумағанын сұрап тұрады:
Кезегінде жүргізуші : «Кім бағытын ауыстырғысы келеді?» - деп сұрақ қояды.
Пікір сайыс қорытындысын шығару
Достарыңызбен бөлісу: |