0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет9/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
СТО ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 66

«ЖИГСО» немесе «Зигзаг» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы орындай алады:

  • ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады;

  • меңгерілген ақпаратты кластастарына түсінікті етіп жеткізе білу;

  • мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысын дамыту;

  • ақпаратпен жұмыс жасау барысында ынталы болады;

  • белгілеу, тұжырымдау және мәтінге сұрақ қоя біледі ;

  • кластастарын ести және тыңдай біледі;

  • ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде бере алады;

  • өзінің және кластастарының білім алуына жауапкершілікпен қарау;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Тақырып бойынша білімнің актуалдылығы;
2-қадам: топтарға бөлу («жанұяға» -1,2,3,4). Мәтін қанша бөлікке бөлінсе, топ та сонша бөлікке бөлінеді.
3-қадам: жанұяның әр мүшесіне тапсырма беріледі: сабақ соңында әр жанұя мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек, сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек, себебі ол өз ұяластарына оқығанын жеткізе алмаса, мәтін толық меңгерілмей қалады.
4 қадам: сараптау топтарына бөліну (1+1+1+1, 2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4)
5-қадам: мәтіннен өзіне бөлінген үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп, осы үзіндіні өз жанұя мүшелеріне қайткенде де ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады
6-қадам: «жанұя»тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Қажет болса, мәтін мазмұнын түсіну үшін өзара сұрақтар қояды.
7-қадам: презентация жасауға, мәтін бойынша сұрақтар қоюға болады, немесе басқа да тапсырмалар беруге болады.

«Синкуейн» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • ұсынылған проблема бойынша жан-жақты түйіндеме жасай алады;

  • ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай алады;

  • берілген проблемаға шығармашылық көзқараспен қарайды;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет