Ақпараттық - (тақырып бойынша жаңа ақпарат алу).
Жүйелілік - (алынған ақпаратты білім деңгейі бойынша топтастыру).
Мотивациялық– (тақырыпқа қызығушылығын, танымдық ұмтылысын құптау)
Коммуникативтік– (жаңа ақпаратты алуда жанжалсыз ой алмасу)
Мақсат қоюшылық – (пайда болған жағдайға байланысты оқыту мақсатына түзетулер енгізу).
Үшінші кезең «Рефлексия» (толғаныс)
Рефлексия – білім алудың қорытынды кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең.
Бұл саты саналы талдаумен, алынған білімді тәжірибеде қолданумен, жаңа идеялар мен түсініктермен жинақталады, бұл әркімнің жеке білімінің көрінетін уақыты. Рефлексия арқылы оқушылар өз ойларын айқын тұжырымдайды, өз жолдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алады және жаңа ақпарат пен өз білімінің толығуын тексере алады, яғни бұрынғы білім негізінде жаңа білім жасалады. Рефлексия үрдісінде игерілген жаңа білім - өз біліміне айналады. Ой толғаныс ойды мұқият таразылауға, бағалауға, таңдауға, болжай білуге үйретеді.
Рефлексиялық талдау мен бағалау сын тұрғысынан ойлау технологиясының барлық кезеңдерін жанап өтеді, бірақ үшінші кезеңде ғана мұғалім мен оқушы әрекетінің негізгі мақсаты болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Рефлексия», яғни үшінші кезеңі мынадай міндетті қызметтерден тұрады:
Коммуникациялық – жаңа ақпарат туралы пікір алмасу.
Интерриаризациялық - жаңа білімді иемдену.
Мотивациялық - ақпарат кеңістігін әрі қарай кеңейту
Бағалау – жаңа білімнің бұрынғы біліммен сәйкестігі, өз ұстанымын жасау, үрдісті бағалау.
Берілген 3 кезеңді құрылым сабақты оқыту процесі ғана болып қоймайды, оқушылардың өздерінің таным процесін зерттеуіне, мазмұнды өздері оқып түсінуге әкеледі. Оқушылар оқытудың барлық процесі қалай ашылатынын көреді, оны мұғалімнің көмегінсіз өзінің үздіксіз білім алуында пайдалана алады. Онан басқа, мазмұн да, оқу процесі де олардың есінің ұзақ уақыт сақтау қабілетін қалыптастырады. ( Мазмұн + оқу процесі = ұзақ уақыт есте сақтау).
Сабақтың 3 кезеңді құрылымы сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызады. Сыни ойлау- яғни жаңа білімге бұрынғы өзіңде бар білім арқылы келу. Бұл құрылым оқушының өзінде бар білімді жандандыруға уақыт береді, түсініктер мен құбылыстарды қайта жаңғыртуға әкеледі. Сыни ойлауды дамыту технологиясы танымдық қажеттілікті қанағаттандырып қана қоймайды, өзін-өзі тануды да үйретеді. Танымдық процесс болғандықтан, оқушылар түсініктер мен ойлардың мазмұны жайында, ақпарат пен жай білім туралы ойланады. Ал өзін-өзі тану процесі де қатар жүретіндіктен, олар өз түсініктері жайында да ойланады. Оқушылар өздеріне сұрақ қояды: «Бұл туралы мен не ойлаймын?», «Алынған ақпарат менің білетініммен сәйкес келе ме?», «Жаңа ақпаратты ала отырып, мен не істей аламын?», «Жаңа ақпарат, жаңа идеялар менің көзқарасыма, ойларыма қалай әсер етті?»
Оқушылар өзін-өзі тану барысында қандай жағдай болады? Бұл кезде ол жаңа түсініктерді жақсы естиді, жаңа ақпараттар мен тұжырымдамаларды ұғынудың жаңа тәсілі пайда болады. Олар ойлауға икемді болады - өзінің ойлауын бақылауға мүмкіндік алады; жаңа ақпаратты қабылдауға қабілетті болады - жаңа білімді бұрынғы біліммен сәтті байланыстыра алады. Оқушылар «өздерінің бұрынғы ойлау жүйесіне жаңа идеялар мен әсерлерді қабылдауға ашық», «өздеріне таныс түсініктер, өздерінде бар білім қолданылғандықтан, ойлары мен пікірталастарын еркін тұжырымдай алады.» (23-бет) Өз білімдеріне сенімді болғандықтан, мәселені шығармашылық тұрғыдан шешуге жақсы дайындалады, жаңа пікілер мен жаңа ойларды құруға жақсы дайындалады.
Сабақтың үш кезеңдік жүйесі оқушыларды тиімді оқытудың төмендегі механизмін қамтамасыз етеді. [Заир-Бек. С.И.]:
Бар білімді өзекті етіп қоя білу, білім берудегі қиындықтар мен кемшіліктерді анықтау, оқу әрекетінің мақсатын қою.
|
Жаңа ақпаратпен танысу, оны өзінде бар біліммен салыстыру, қойылған сұрақтарға жауап іздеу, кемшіліктер мен қарама-қайшылықтарды табу, мақсатқа өзгерту енгізу.
|
Жаңа ақпаратты жинақтау және жүйелеу, оған баға беру, оқу материалына өзіндік көзқарасын қалыптастыру, оқу қызметінің жаңа мақсаттарын қою
|
Сабақтың кезеңдерін, өзінің танымдық әрекетінің механизмін бақылау - оқу мен ғылымдық танымның әдістемесін түсінуге көмектеседі. Оқу процесінде оқушылар нақты және шынайы мақсаттан оқу процесін өздері құрастырады, өзінің даму бағытын өзі бақылайды, соңғы нәтижені өзі анықтайды. Сонымен сыни ойлауды дамытатын педагогикалық технология жеке тұлғаға бағытталған, оқытуда субьектілік қатынасқа негізделген және бұрынғы мектеп жұмысын шынайы шығармашылықпен жұмыс жасайтын, мақсатты, мазмұнды әрекетке негізделген оқытуға айналдырады.
Сыни ойлауды дамытатын педагогикалық технология негізіне 3 кезеңдік жүйе жатады, бірақ оқу процесі тиімді жүру үшін авторлар (Дж.Стилл, Ч.Темпл, К.Мередит) ұсынған методикалық әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдап, келісімді қиыстыра пайдаланған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |