«Кластер» әдісі
Күтілетін нәтиже
Оқушы жасай алады:
оқылып жатқан проблема бойынша білімді актуалдандыру;
проблема жайлы өз білімдерін ұсыну ;
Проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсету (оқылып жатқан ақпарат бойынша);
Тақырыпаралық проблемаларға өзара байланыс орнату ;
Ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: «Қыс» тақырыбына тақтада кластер жасау; «Қысқы аңдар», «Қысқы еңбек», «Қысқы киім», «Қысқы табиғат көріністері», «Қысқы құстар» .
2-қадам: оқушыларға осы бағыттағы тақырып бойынша жеке өз дәптерлеріне не таныс, соны жазғыза беру;
3-қадам: жеке жазуды топта талқыға салу, жалпы топтың атынан жауап дайындау;
4-қадам: кластер бойынша топтың жауабын жалпы тақтаға жазу.
«Венн диаграммасы» әдісі.
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
оқылып жатқан проблема бойынша білімін өзектендіру;
салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтау, белгілеу;
өз ойларын талдау және сараптау (шеңбер ішіндегі жазудың көмегімен);
ойлау логикасын дамыту;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: үй жануарлары мен дала жануарларының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қиылысқан шеңберге жазу (жеке/ жұпта)
2-қадам: ортасына дала жануарлары мен үй жануарларына ортақ қасиеттерді жазамыз.
3–қадам: үй және дала жануарларының ерекшеліктерін топта салыстыру.
4- қадам: салыстыру нәтижесіне презентация жасау.
«ББҮ» сызба әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |