Рефлексия! Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы педогогикалық технологияның қандай өлшемдеріне жауап береді ?
_______________________________________
Сұраққа назар аударыңыз! «Әдістер» мен «тәсілдер» сөздеріне анықтама беріңіз.
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕР МЕН ӘДІСТЕР.
«Ассоциация» әдісі Күтілетін нәтиже. Оқушы жасай алады:
білімді проблема бойынша актуалдандыру;
проблема туралы өз білімін ұсыну ;
проблеманың сызбасын көрнекілікпен көрсете білу (оқыған тақырып бойынша алынған ақпаратты);
ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: шеңбер сызып, ортасына тақырыптың атын жазу, мысалы ,«Күз».
2-қадам: дәптерлеріне «Күз» тақырыбына байланысты өздері білетін ақпараттарды жазу - жеке, нәтижесін әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау.
3-қадам: барлық топтардың «Күз» тақырыбына жазғандары бойынша класта презентация жасау.
4-қадам: жалпы класқа тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау.
«Түртіп алу» әдісі Күтілетін нәтиже. Оқушы жасай алады:
оқылған ақпарат туралы өз түсінігін қадағалау;
ойлаудың іске асуын белгілеп отыру (маркердің көмегімен);
бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастыру;
берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау;
мәтін мен оқылған проблемаға сұрақ қою, тұжырымдау;