Пластидтік тұқым қуалау. Пластидтер өсімдік организмінде углеводтарды синтездеуші ерекше лаборатория болып табылады. Оларда ДНҚ бар, бөліну арқылы көбейеді және жас клеткаларға таралады. Клетка пластидтерінің жиынтығы тұқым қуалаушы информацияны бере алатын құрылым ретінде пластидом деп аталған болатын. Пластидтік тұқым қуалау жөнінде алғашқы мәліметтерді генетиканың дамуының бастапқы кезінде (1909 ж.) Э. Баур мен К. Корренс хабарлады. Мысалы, Қорренс түн сұлуы атты өсімдіктегі ала жапырақтылықтың тұқым қуалауын зерттеді. Осы түрде ала жапырақты өсімдіктер кездеседі, олардың өсу нүктелерінде әр түрлі клеткалар топтары: қалыпты пластидтілері және хлорофилл түзуге қабілетсіз пластидтілері бар. Осының салдарынан өсімдіктерде кейде таза жасыл түсті немесе аппақ түсті бұтақтар түзіледі. Ақ түсті бұтақтан алынған дәндер тіршілік етуге қабілетсіз өскіндер береді, өйткені ондай өскінде фотосинтез процесі жүрмейді. Митохондриялар арқылы тұқым қуалау. Митохондриялардың тыныс алу процесіне тікелей қатысы бар. Олар беліну арқылы өзін- өзі өндіруге қабілетті. Олардан ДНК табылды. Бәліну нәтижесінде жас клеткалар аналық клетка митохондрияларының жартысын алады. Кейбір саңырауқұлақтарда (ашытқы саңырауқұлақтарда, нейроспорада) тыныс алу процесінің жеткіліксіз екендігі табылды, ол жағдай митохондриялар қызметіндегі тұқым қуалайтын қайтымсыз өзгеріс-цитохромоксидаза активтігі жоғалғандығымен қамтамасыз етілген. Цитоплазмалық тұқым қуалау дегеніміз - жасуша ядросында болатын хромосомалардан тыс,оның цитоплазмасында орналасқан органоидтердің құрамындағы гендер арқылы жүретін тұқым қуалау.Генетиканың ғылым болып қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде,кейбір белгі-қасиеттердің тұқым қуалауы жасушадағы хромосомалық емес компоненттерге байланысты екені және оның Мендель заңдарына бағынбайтындағын көрсететін деректер пайда бола бастады.Сөйтіп,ядродағы хромосомадан тыс болатын гендер туралы пікір қалыптасты.Кейіннен ол цитоплазмалық тұқым қуалау деп аталды.Тұқым қуалаушылық жасушаның бөлінуі барысында жүзеге асатын оның негізгі қаситеттінің бірі болып табылады.Тұқым қуалаушылықта ядро ғана маңызды рөл атқарады,ал цитоплазманың онша маңызы жоқ деп қарауға болмайды.
Себебі,қызмет атқарып тұрған біртұтас жүйенің барлық тетіктерінің де жасуша тіршілігі үшін маңызы бар.Жалпы,ядроны тұқым қуалайтын ақпаратты сақтайтын орын,ал цитоплазманы оны жүзеге асырушы деп қарастыруға болады. Ядро мен цитоплазмының құрылымы мен қызметі жағынан бір-бірінен айырмашылығы болатындығы туралы цитология бөлімінде қарастырылған.Жалпы,өсімдіктерде болсын,жануардарды болсын,аналық жыныс жасушасында цитоплазманың мөлшері көп болады,ал аталық жыныс жасушасында ол жоққа жуық.Сондықтан цитоплазмалық тұқым қуалау ядролық(хромосомалық) тұқым қуалауға қарағанда аналық жолмен жүреді.