SOS-хромотесттің басты артықшылығы болып оның қарапайымдылығы табылады.
Тек ғана бір штамм қолданылады.
Бұл өте маңызды, себебі штаммдардың санының артуы жұмысты қиындатады және қымбаттатады.
Сандық колориметрлік жауап бірнеше сағат аралығнда алынуы мүмкін.
SOS-хромотестінің негізгі кемшілігі болып ДНҚ-дағы интеркалирлеуші агенттердің белсенділігін анықтамайтындығы табылады.
Цитогенетика әдістері арқылы өсімдіктер, жануарлар және адам хромосомаларының мейоз және митоз процестеріндегі құрылымдары, олардың саны белгілі болды. Сондай-ақ, адамдағы хромосомалық аурулардың табиғаты да осы Цитогенетика әдістерімен анықталып, сипатталды. Цитогенетика электронды микроскопияда, радиоактивті изотоптау әдістерінде, микрофотометрияда қолдану хромосома құрылымын және хромосоманың репликация, транскрипция және трансляция процестеріндегі қызметтерін зерттеуге мүмкіндік берді.
Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалады. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып тұңғыш рет 1956ж. ДЖ. Тийо мен А.Леван қалыпты жағдайда адамның дене клеткаларында 22 жұп аутосомалар және 1 жұп жыныстық хромосомалар болатындығын анықтады. Ер адамда жыныстық хромосома гетероморфты (ХУ), ал әйел адамда гомоморфты (ХХ) болып келетьіндігі дәлелденді.
Хромосомалар жиынтығын графиктік бейнелеу идеограмма деп аталады.
Бұл әдісті қолдану адамның дене және жыныс клеткаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді байқауға мүмкіндік туғызады.