1- сұрақ. Мутагенездің ашылуының қысқаша тарихы


Мобильді элементтер туралы



бет25/35
Дата17.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#39347
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
1- с ра . Мутагенезді ашылуыны ыс аша тарихы

3. Мобильді элементтер туралы.


12-билет Мадина
1. Трансгендік ағзалар.
Трансгенді немесе трансформацияланған ағзалар деп – геномында бөтен ген бар ағзаларды айтады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады. Трансгеноз дегеніміз – генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды айтамыз.Трансгенді ағзалар әр түрлі биологиялық активті биотехнологиялық заттарды синтездеу және бағалы белгілері бар жануарлардың жаңа тұқымдарын алу үшін қолданылады. Трансгеноз әдісімен бөтен генді эукариоттық жыныс клеткаға енгізіп, оның жұмысын бақылау арқылы генетикалық инженерияның көптеген мәселелерін айқындауға болады, өйткені мұнда трансгенді эмбрионның жатырдағы даму ерекшеліктерін зерттеу мүмкін болады. Тасымалданған гендер (трансгендер) генетикалық аппаратымен құрылымды ірі функциялы байланысқандықтан бұл процесс жағдайындағы генетикалық рекомбинацияға әкеледі.
XX ғасырдың 80-ші жылдарының басында трансгендік технологияны дамыту үшін жүргізілген ғылыми жұмыстар зертханалық тышқандарда жүргізілді. Трансгенді тышқандар, үлкен масштабта емдеу заттарының синтезделуіне, сондай-ақ адамның әртүрлі генетикалық ауруларын реттеуге қажетті трансгенді линияларды жасау үшін маңызды роль атқарды.
Тышқандарға бөгде ДНҚ енгізуді әэртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады:
1) имплантация алдында ретровирустардың векторларының көмегімен;
2) ұрықталған аналық жасушасына ұлғайтылған спермия ядросын микроинъекция арқылы енгізу;
3) иплантация алдында эмбрионның алғашқы дамуы барысында оған, генетикалық модификацияланған эмбрионның қабырғалық жасушаларды енгізеді.
Трансгендiк өсiмдiктер 2002 жылы трансгендiк сорттарды егудiң жалпы көлемi бiр жылға 105% жылдамдығымен алты жыл қатар өсiп келе жатты. 2002 жылы ол 58,7 млн.га құрады және осы бизнеспен 6 млн. жуық адам айналысты. Бұл Ұлыбритания жерiнiң көлемiнен екi есе артық немесе Ресей Федерациясының бүкiл егiстiгiнiң 50% астам, онда әзiрше бiр де бiр коммерциялық трансгендiк дақылдар өсiрiлмеген. Әлемде 2001-2002 жылдары бойынша гендiк модификацияланған (ГМ) өсiмдiктердi егу көлемi 12%, ал 1996 - 2002 жылдар бойынша 35 есеге өстi. Өндiрiске енгiзудiң мұндай жоғары қарқыны ауыл шаруашылығының бүкiл тарихында кез келген басқа технологиямен салыстырғанда теңдесi жоқ. Соңғы жетi жылда трансгендiк дақылдарды өсiретiн елдер саны екi еседен астам артты және он алтыға жеттi. 2002 жылы трансгендiк дақылдардың басым болғаны қытай бұршақ, екiншi орында жүгерi, үшiншi орында - қоза және содан кейiн күздiк рапс.
Қазіргі кезде зерттеушілер төмендегі мәселелерге жұмыла көңіл аударуда:
1) Бір түрдегі генді ғана емес хромосоманың бүтін бөлігін ауыстыру мүмкіншілігін зерттеу, ол үшін УАС негізінде құрылған кітапхананы пайдалану.
2) Онкологиядағы бағыттардың бірі онкогендерді ауыстыру, яғни мутантты экспрессиялары рак ауруын тудыратын гендерді ауыстыру.
3) Өсу гормондарының гендерін инсерциялау(қосу). Ірі қара малдарда, өсу гормонының қосымша гендері бар, трансгенді жануарлардың әлдеқайда жылдамырақ өсетіні байқалған.
4) Адам үшін донорлық органдар дайындалатын гендерді жануарлар клеткаларына тасымалдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет