1- сұрақ. Мутагенездің ашылуының қысқаша тарихы



бет29/35
Дата17.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#39347
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
1- с ра . Мутагенезді ашылуыны ыс аша тарихы

Геномдық мутация- ағза жасушаларындағы хромосомалар санының өзгеруі .
Полиплоидия - хромосома санының гаплоидты жиынтыққа еселеніп (3n –триплоидия, 4n-тетраплоидия)
Гетерополиплоидия - хромосомалар санының гаплоидттті жиынтыққа еселеніп артуын немесе кемуін айтады (2n+1,2,3 немесе 2n-1,2,3)

Клайнфельтер ауруы- жыныстық хромосомаға бір Х-тың артық қосылуы,ауру адамның хромосомаларының жалпы диплоидті жиынтығы 47,жыныс хромосомалары -ХХУ
Даун ауруы-21 хромосоманың екеу емес,үшеу болатындығына байланысты.Баланың барлық жасушаларында 46 хромосоманың орнына 47 хромосома болады.
Хромосомалық мутациялар
Хромосомалар құрылысының (құрылымдық) өзгеруі. Олардың екі типін ажыратады: хромосомалық және хроматидтік мутациялар. Көптеген хромосомалық мутацияларды препарат жасап, микроскоппен көре алады. Хромосомалық және хроматидтік мутациялардың мынадай түрлері бар: транслокацияинверсия, жетіспеушілік (делеция) және сақина тәрізді, т.б.
Транслокация дегеніміз — екі хромосоманың немесе бір хромосоманың (екі хроматид) хромосома материалымен өзара алмасуы.
Инверсия дегеніміз — бір хромосоманың ішкі бөлігінің 180° өзгеруі.
Дупликация - Хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі немесе генетикалық материалдардың бір бөлігінің еселенуі.
Дупликация нәтижелері:

  1. Гендер балансы бұзылады

  2. Жаңа байланыстар пайда болады.

  3. Жаңа белгілердің дамуы жүзеге асады.


Сақина тәрізді хромосомалар — бұл таякша тәрізді хромосоманың сақина тәрізді болып өзгеруі.
Жетіспеушілік (делеция) деп хромосома иықтарының бөлшектерге үзілуін айтады. Хромосомалық мутациялар гендердің жұмысын өзгертеді. Мысалы, центромерасы бар транслокациялық, инверсиялық мутациялар тұқым қуалайды.[1]
Цитоплазмалық мутация- плазмогендердің өзгеруі .
Плазмогендер пластидтерде және митохондрияларда болады.Пайда болған цитоплазмалық мутациялар гендік мутациялар сияқты тұрақты болады да, ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалайды.

  1. Пластидті мутация-эвгленаны ұзақ уақыт қараңғы ортада ұстаса,оның пластидтері жойылады,нәтижесінде эвгленаның мутантты штампы пайда болады.

  2. Митохондриялардың қызметінің және морфологиясының өзгеруі-мысалы ашытқы жасушасындағы “тынысалу” мутациялары.

2. Мейоз процесі, мутацияны шақырудағы өзгерістер.Меңдікөл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет