1- сұрақ. Мутагенездің ашылуының қысқаша тарихы



бет6/35
Дата17.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#39347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
3. Плазмогендер туралы.
Организмнің белгілері мен касиеттерінің өзгеруіне әкеп соғатын плазмогендердің өзгерісін цитоплазмалық немесе плазмалық мутациялар деп атайды. Цитоплазмалық мутацияларды зерттеу олардың орналасу орнын анықтаудағы нақты қиындықтарға байланысты күрделене түсті. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде плазмогендер пластидтер мен митохондрияларда ғана шоғырланған, ал басқа органоидтарда олардың болатындығы дәлелденген жоқ. \
Шоғырланған орны мүлде белгісіз плазмогендер де бар. Мысалы, жүгерідегі ІІМС-ін тек жобалап митохондрияда болады деп есептейді .
Цитоплазмалық мутациялардың гендік мутациялармен ұқсастықтары бар: олар түрақты және үрпақтан үрпаққа беріледц Алайда оларды табу қиын, өйткені клеткада аттас цитоплазмалық құрылымдар көп мөлшерде кездеседі. Фенотипте рецессивті мутациялар байқалуы үшін клеткадағы тиісті цитоплазмалық қүрылымдардың бәрі мутантты болуы қажет. Мутантты және мутантты емес қүрылымдардың митозда бөліну жылдамдығы клеткадағы осы қүрылымдардьщ жалпы санына байланысты.
Плазмогендердің ерекшеліктері. Кейбір химиялық заттар өңделетін клеткалардың көптеген мөлшерінде цитоплазмалық му-тациялар туғыза алады. Бұл тұрғыдан алғанда плазмогендердің хромосомалық гендерден түбегейлі айырмашылықтары бар. Хро-мосомалық гендерде осы агенттер әсер еткенде мутациялар 10~6 және одан да сирек жиілікте пайда болады.
Акридинді бояғыш заттар плазмогендерге әсер ететін химия-лық заттардың қатарына жатады. Мысалы, эуфлавин өңделген ашытқы клеткаларының кептеген мөлшерінде ергежейлі мутация туғызады.
Кейбір өте сирек жағдайларда сыртқы орта өзгерістеріне жауап ретінде пайда болатын мутациялар белгілі бір дәрежеде, атап айтқанда оларды туғызған жағдайларға адаптацияланғыш болып табылады. Мысалы, басқа мутациялармен қатар стрепто-мицин хламидомонаданың (Сһіатусіотопаз геіпһагсіі) сезгіш клеткалары ішінде төзімді, стрептомицин бар ортада тіршілік етуге қабілетті клеткалардың пайда болуына жағдай жасайды. - Сонымен, цитоплазмалық мутациялардың болуы түр генефондыи бүрынғыдан да байытып, эволюциядағы езгергіштіктің қосымша резерві болып қызмет етеді.
Цитоплазмалық мутация. Бұл клетка цитоплазмасында кездесетін плазмогендердің өзгеруіне байланысты болады. Плазмогендер негізінен пластидтер мен митохондрияларда болады. Цитоплазмалық мутация да гендік және т.б. мутациялар сияқты ұрпақтан-ұрпаққа беріліп тұқым қуалайды. Мысалы, кейбір саңырауқұлақтарда тыныс алу кемістігі болатындығы анықталған. Зерттей келе, ондай кемістік олардың митохондрияларында болатын геннің мутацияға ұшырасуына байланысты екендігі белгілі болған. Осы сияқты пластидтер құрамында болатын геннің өзгеруіне байланысты хлорофилдік мутация пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет