3-билет Фарида . 1. Радиациялық мутагенез. Мутацияны жиілететін факторларды мутагендер дейді. Г.А.Надсон мен Г.С.Филиппов 1925 жылы радий сәулелерінің әсерінен ашытқы саңырауқұлағының мутацияларын алды. Г. Меллер 1927 жылы рентген сәулелерінің мутагендік эффектісін дрозофилада анықтады. Радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болатын мутациялар, организм үшін көбінесе зиянды. Мысалы, адамда тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктерді тудырады (қатерлі ісік аурулары, сәулелік аурулар). Сонымен қатар олар организмдерде, әсіресе өсімдіктер мен микроорганизмдерде пайдалы өзгерістер тудыра алады.Осыған байланысты радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болатын мутациялар селекцияда кеңінен қолданылады. Мутагендердің әсерінен мутацияның пайда болуын мутагенез дейді. Мутагендердің түрлері:
физикалық,
химиялық,
биологиялық.
Физикалық (радиация) мутагенез деп
радиацияның әсерінен пайда болған мутацияны айтады. Физикалық мутагендерге иондаушы (, , рентген, ультракүлгін, ғарыштық) сәулелер жатады. Көпке дейін аз мөлшердегі радиацияның оргаынизмге даяны жоқ, мутация туғызатын доза 10 радқа тең деп есептеген. Бірақ, аз мөлшердегі радиация да организмде кептеп жиналып, кумуляттивтік (қосылын) әсер етеді. Гендік мутация жиілігі радиацияның дозасына тура пропорционалды. Радиацияның тұқым қуалайтын материалға әсер ету механизмі:
2. ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтік тізбекті үзеді;
3.Пиримидиндік және пуриндік негіздерді деструкциялайды. Қате байланысқан жұптар (А-Ц, Т-Г) және димерлер пайда болады (Т-Т, Ц-Ц).
2. Эндогенді мутагендер. Мутациялық өзгергіштік немесе мутация - бұл қоршаған орта факторларының әсерінен генетикалық материалдың кенеттен өзгеруі. Мутагендер - мутацияны тудыратын факторлар:
Эндогенді мутагендер - организмдегі зат алмасу нәтижесінде пайда болған химиялық сипаттағы мутагендер (гормондар, ферменттер). ДНҚ репликациясы кезінде әрекет етеді. Олардың әсер ету механизмі:
1) нуклеотидтерді дезаминдеу және алкилдеу;
2) азотты негіздерді олардың аналогтарымен ауыстыру;
3) нуклеин қышқылдары синтезінің тежелуі .