1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет8/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

6 дәріс. Тақырыбы: Гистологиялық кесінділерді бояу
Дәрістің мақсаты: Гистологиялық кесіндлерді бояуды әдістерін меңгеру.
Жоспары:
1. Гистологиялық бояулардың түрлері
2. Парафинді гистологиялық кесіндіні целлоиттау
3. Желатинді кесінділерді өңдеу және бояу ерекшеліктері

Гистологиялық препарат микроскоппен қарағанда жарықты жақсы өткізетін және барлық құрылымын толық сақтаған болуы қажет. Препарат кірленбеуін және зақымданбауын қадағалап арнайы бояу үшін арналған ыдыстарды пайдалану керек.


Клетканың әртүрлі бөліктері және клетка аралық элементтер бояу түрлерін әрқалай қабылдайды. Препараттарды бояу физико-химиялық процестерге негізделген. Алдымен физиканың диффузды (ену), адсорбция (үстіртін сіңіру) және абсорбция (терең сіңу) құбылыстарын байқауға болады. Клетканың тығыздығы мен бояудың шашырауы маңызды емес. Гистологияда бояулар 3 түрге: негізгі, бейтарап және қышқылдық деп бөлінеді.
1. Негізгі бояулар клетка мен ұлпалардың құрылымдарын, құрамында ДНҚ бар ядроның хроматинин, құрамында РНҚ бар ядрошықты бояу үшін қолданылады, Осыдан базофильді деген атау шыққан.
2. Қышқылды бояулар - бөлшектерді бояу үшін (эозинофильді лейкоциттердің түйіршіктерін, клетка цитоплазмасын және т.б.) қолданылады. Осыдан оксифилді атауы шыққан. Бұл топқа эозин, эритрозин, қышқылды фуксин, қызыл конго және т.б. бояулар кіреді.
3. Бейтарап бояулар сулы қышқылды ерітінділер мен негізгі бояулардың
қосылуынан пайда болады. Бұл топқа су, эозинді қышқылды метилен көк және т.б. жатады. Бояудың сапалы және біркелкі болуы фиксациялауға да байланысты екенін естен шығармау керек. Ол үшін бояу заңдылықтары мен әдістемелерін қатаң сақтау керек. Гистологияда қолданылатын бояулар - табиғи және жасанды болып бөлінеді. Гистологиялық бояуларды бірнеше түрге: негізгі, бейтарап (нейтральные), қышқыл. Негізгі бояулар базофильді деп аталады (гематоксилин, тионин, кармин, метилді жасыл (метиловый зеленый) т.б. Бейтарап бояуға: судан III, судан IV, метилен көк (метиленовый синий), қыщқыл бояуға: эозин, қышқыл фуксин, конго қызыл (конгорот), эритрозин жатады. Барлық гистологиялық бояу әдістерін негізгі екі топқа бөлуге болады. Бірінші шолу-зерттеліп отырған нысанға жалпы шолу жасау. Зерттеп отырған арнайы мүшелерді немесе жас клетка элементтерін бояу. Екінші топтық әдістерді қолдану өте күрделі және ерекше бекіту әдістерін пайдалануды талап етеді. Гистологиялық кесінділерді бояған кезде жақсы нәтиже алу үшін, төмендегі ережелерді ұстану қажет:
- Бояулар таза болуы керек, кез-келген бояғыш затты қолданар алдында сүзгіштен өткізу керек, сулы ерітінді тек дистилденген судан жасалады.
Алдымен төмен байытылған бояумен, кейін жоғары байытылған бояумен бояу керек. Бұл әдісті қолдану пайдалы.
- Кесінді жасау мен бояу талаптарын қатаң сақтау керек.
Кесіндіні боямас бұрын арнайы өңдеуден өткізген жөн. Парафин түссіз болмағандықтан, бояу процессін қиындатады, сондықтан оны кесіндіден бөліп алу керек. Бұл үшін кесіндіні парафиннен ажырату керек, ал осы процесті депарафинизация деп атайды. Ол үшін кесінді парафинін ерітіп, спиртпен сусыздандырып, суда шаяды. Іс жүзінде ол былай жүреді, биологиялық стакандарға белгілі бір ерітінділерді құйып, этикетка жапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет