1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет7/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Микротомды пышақтар.
Зерттелетін объектіні микротомда кесу микротомды пышақтар арқылы жүргізеді.
Микротомды пышақтардың бірнеше түрлері бар. Олардың классификациясының негізі – лезвиенің формасы. А типті пышақтардың бір қыры дөңес, екінші қыры түзу болады. В типті пышақтарда дөңестігі аз байқалады. С типті пышақтардың екі жағы да тік болады. Пышақтың арқа жағынан кесетін қырына дейінгі тарылуы едәуір болып келеді, сол үшін дөңес бөлігі өзіндік ерекшелікке ие, сол арқылы пышақтың типін оңай анықтауға болады. Микротомды пышақтың шеті жай ұстараға қарағанда фасетті шлифтісі болады, яғни оның беткі жағына бірнеше бұрыш қатынасында қайрау нәтижесінде пайда болатын лезвиенің кесу бұрышы.
А типті пышақтарды салыстырмалы түрде жұмсақ болаттан жасайды, целлоидинге құйылған және аз немесе орта тығыздыққа ие майда объектілерді кесуде қолданады.
В типті пышақтарды қаттырақ болаттан дайындайды және целлоидинді кесінділерді дайындаумен қатар, целлоидин-парафинге құйылған материалды кесуге де қолданады.
С типті пышақтар (қатты болаттан) әртүрлі ортаға, парафинді блокқа құйылған, тығызырақ материалдарды (сүйек, сіңір, тері) кесуге,сонымен қатар мұздатқыш микротоммен жұмыс істегенде кесінділер алу үшін қолданылады. Пышақтардың ұзындықтары әр түрлі болады – 10 см-ден 50 см-ге дейін.
ЕСТЕ САҚТАЙТЫН ЖАЙ, жақсы, жұқа кесіндіні алу тек жақсы қайралған, өте өткір микротомды пышақпен ғана мүмкін. Әлі күнге дейін пышақты қайраудың ең сенімді әдісі– қолмен арнайы қайрағыш таста қайрап, белдікте тегістеу. Алайда бұл әдіс үлкен тәжірибені және ұқыптылықты қажет етеді.
Сәтті қайраудың шарттарының бірі пышақтың кесетін қыры мен лезвиенің жазықтығы бір бұрышта жатуы болып табылады. Ол үшін пышақ арқа жағынан арнайы металликалық құрылғы – уатқышпен (обушок) қамтамасыз етілуі керек. Жұмыс кезінде ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін бұрандалы тұтқа болу керек.
Алдымен микротомды пышақты сумен немесе маймен ылғалдандырылған таспен қайрайды. Бүкіл лезвие толық, біртекті қайралу үшін пышақтың қыры мен тастың қыры сәйкес келетіндей оны қою керек. Одан кейін қайрауды өзіңе қарай қозғалтудан бастайды: бірте-бірте пышақты оның бір шетінен екінші шетіне дейін тастың бойынан өтетіндей етіп орнын ауыстырады. Сол уақытта пышақтың қайралып жатқан қыры үнемі таспен жанасып тұрғанын бақылап түру керек және оны қатты баспай тек белгіленген бағытта жүргізу керек. Әрекетті аяқтағаннан кейін пышақты арқа жағымен аударып, қимыл-қозғалысты кері бағытта орындау керек. Қайрау уақыты әртүрлі және түрлі факторларға байланысты: пышақтың күйі, болаттың маркасынан, тастың сапасына, қайраушының мамандандырылуына. Егер микроскоптан қарағанда пышақтың кесуші қыры түзу болып тұрса, қайрауды аяқталған деп есептеуге болады. Пышақты жақсы күткен жағдайда, оларды дұрыс қолданғанда қайрау тек 20-30 минутты алады.
Қайрау аяқталғаннан кейін пышақты жуып, құрғатып сүртіп, белдікте тегістеу керек. Қайрағыш белдемшенің негізі берік болуы тиіс, әйтпесе пышақтың қимылының біртектілігі бұзылады және қайрау қыры көрінбей кетеді. Қайрағыш тасқа беріктік беріп, сынуына жол бермеу үшін, ол тасты ағаш жиектемеге орналастыру керек және оның жоғарғы шеті 0,5-1 см төменірек болу керек.
Ультратом (құрылғының негізгі принциптері және кесінділерді дайындау).
Электронды микроскоптық техника биологиялық объектілерді зерттеуде зерттелетін объектілердің жеткілікті жұқа кесінділер алу проблемасымен кезікті.
Бұл қиындықты өтуге ультратомды кесу техникасы көмектеседі. Ол үшін арнайы құрылғы – ультратом қолданылады.
Қазіргі ультратомдардың жұмысының негізгі принципі металлдық өзекті жылулық кеңейту болып табылады, ол қимылсыз бекітілген шыны пышаққа объектіні микроберілуін іске асырады.
Ультражіңішке кесінділерді дайындаудың алдында бірнеше дайындық жұмыстарын жүргізеді:
1) Шыны пышақтарды дайындау; оларды электронды микроскопиялық зертханаларында кең қолданады; пышақтарды ультратомияның алдында арнайы белгілі сорттағы шыны жолақтардан жасалған «пышақжасағыш» приборымен дайындайды;
2) Ультражіңішке кесінділер үшін тірек торлар дайындау – торға формвар, коллодий, көмірсудан жасалған таспа жапсыру;
3) Ультратомияға дайындық. Бұл сатыға блокты қайрау кіреді: ультратомда кесетін объект учаскесіне арнайы пирамитом деген прибордың көмегімен төртшекаралы пирамида пішінін береді (төбесі трапеция пішіндес).
Келесі маңызды қадам – объектінің ультражіңішке кесіндісін дайындау. Ол үшін қажет:

  1. Ультратомды қосу;

  2. Блокты блокұстағышта бекіту;

  3. Кесінділерді жинауға керек сұйықтық болатын астаушаны (ванночка) пышаққа монтаждап қою, пышақты приборда керекті қалыпта бекітіп қою.

  4. Пышақтың кескіш жиегін қайралған блоктың жоғарғы шегінің бетіне максималды жақындату.

  5. Астаушаны сұйықтықпен толыру керек (дистилденген су жиі қолданылады), объектінің бірінші толық кесіндісін өзіндік режимде алады;

  6. Кесіндінің керекті қалыңдығын белгілеп, приборда автоматты режимдегі жұмысты қосып қою керек.

7) Алынған кесінділерді тірек торына монтаждап және фильтрмен кептіріп, ультражіңішке кесінділерді тасымалдап, сақтау үшін арналған контейнерға салу керек.
Алынған ультражіңішке кесінділер зерттеу объектісінің керекті құрылымын анықтау үшін келесі өңдеулерді де қажет етеді. Ол үшін кесінділерді бояулардың белгілі ерітінділерімен өңдейді. Осы мақсатта жиі қолданатын қорғасын және уранилацетат ерітінділері.
Кейбір жағдайларда зерттеу жетістігі электронды микроскоптық және жарық-оптикалық зерттеулерден алынған анықтамалардың ұйқастырылуына байланысты. Бұл мақсатта қалыңдығы 1-2 мкм болатын жартылай жіңішке кесінділерді. Оларды ультратомнан да, пирамитомнан да алуға болады. Сонан соң кесінділерді жай заттық шыныларға бекітіп, зерттеу тапсырмаларына орай бояйды. Бояу методикасының ең кең таралғаны – кесінділерді метилен көктің 1% және натрий боратының 1% ерітінділерімен бояу.
Жоғарыда айтылғанның барлығы электронды микроскопта зерттеу үшін материалды дайындаудың жалпы принциптері екенін ескере кету керек. Электронды микроскопияның әдістерімен тереңірек танысу үшін арнайы әдебиеттерге жүгіну керек. Оқу үстіндегі лаборанттарға қалыңдығы 14-16 мкм гистологиялық кесінділерден бастағаны жөн, тек техниканы игеру деңгейге қарай кесінді қалыңдығын азайтып отыру керек.
Дұрыс құйылған үлкен емес орган және ұлпа бөлшектері бөлмеде оптимальді температура болғанда жақсы кесіледі және, әдетте, пышаққа жайылған күйінде жатады. Үлкен блоктарды және қатты материалды кескенде кесінділер жиі оралып кетеді.Алайда қаламсаппен (кисточка) кесіндіні алдыңғы жағынан көтеріп ұстап тұру арқылы аталған жағдайдан құтылуға болады. Кесіндінің пышаққа қысылмауын бақылап тұру керек, өйткені оның зақымдалуы және жабысып қалуы мүмкін. Дайын кесіндіні пышақтан абайлап дымқыл қаламсаппен (35-400С) алады және дайындалған заттық шыныға немесе жылы дистилденген суы бар чашкаға салып қояды. Кесіндінің төменгі бөлігінде ауа көпіршіктері пайда болмас үшін суды алдын ала қайнатады, өйткені ол көпіршіктер кесіндінің шыныға біркелкі жабысуына кедергі келтіреді. Кесінділерді пышаққа қарасты бетімен суға салып қояды және оны өзіне тән жылтырлықпен анықтайды (жоғарғы беті үнемі күңгірт).
Кесу кезінде қаламсаптың талшықтары пышақтың кесуші қырына түсіп кетпеуін бақылау керек, өйткені ол пышақтың ұстарасын зақымдайды.
Бірнеше зерттеулер үшін сериялық кесінділер алу маңызды. Заттық шыныға жабыстыру кезінде кесінділердің реттілігін шатыстырмау өте маңызды. Ол үшін кесінділер таспасын скальпельмен ұзындығы ¾ болатын бөлек бөлшектерге кеседі де шыныны бойлай немесе көлденең орналастырады. Объектінің көлемі мен заттық шынының мөлшеріне байланысты бір шыны әйнекте кесінділердің түрлі саны орналасады (2-4-тен 25-30 дейін).
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алматы – 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю.И., Юрина Е.Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет