1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет21/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Буферлі ерітінділер
Организм клеткаларындағы ферменттердің қатысуымен жүретін химиялық процестер, кейбір жағдайларды керек етеді, оның ішінде ортаның рН-ы маңызды орын алады. Бұрыннан белгілі алынған ерітіндінің қышқылдығы Н+ ионының қоюлығына байланысты, ал оның сілтілігі ОН- ионының қоюлығына байланысты екендігі бұрыннан белгілі жағдай.
Тұрақты температурада түзілген оң теріс иондардың - көлемі де тұрақты келеді. Бір көрсеткішті біліп алып, екіншісін анықтауға болады. Осыған орай, химияда ерітіндіге қышқылды және сілтіні белгілеуге сутектік көрсеткіш арқылы рН, теріс белгімен алынған логарифмде Н+ ионын күшімен белгілеуге ұсынды.
Түрлі ферменттер өзінің белсенділігін көрсету үшін рН-ң әр белгісін керек етеді. Сілтілі фосфатазаға қолайлы рН 9,0 болса, қышқыл фосфатазаға сәйкес рН 5,0 болады.
Гистохимиямен ферменттердің белсенділігін көрсету үшін жақсы жағдай жасау керек, ол үшін жетілдіру ортасында берілген ферменттерге қолайлы рН белгісі сақталу қажет. Бұл жағдайды жетілдіру ортасында буферлі қосылысты берілген рН белгісімен бірге енгізумен орындалады. Көптеп таралған буферлі ерітінді болып фосфатты, ацетатты және трис буфер саналады.
Нуклейн қышқылдарын табу
Нуклейн қышқылдары әрбір жануарлар мен өсімдіктердің ұлпаларының тіршілік әрекетінде өте зор қызмет атқарады.
Рибонуклейн қышқылы (РНК) ақуыз түзелуін, ал дезоксирибонуклейн қышқылы (ДНК) - тұқым қуалау белгілерін сақтау және беру қызметін атқарады. Біріншісі цитоплазма мен ядрода, екіншісі ядродағы хроматинде орналасады. Нуклейн қышқылын гистохимиялық жолмен алудың бірнеше тәсілі бар, бірақ көп таралған Браше (РНК-ы алу үшін) және Фельген (ДНК-ы алу үшін) әдістері.
Дизоксирибонуклейн қышқылын Фельген әдісі бойынша алу (әртүрлі бекіткіштер қолданылады, бірақ ең жақсысы Карнуа қоспасы және ценкер сұйықтығы, парафинге құю қажет).
Әдістің мағынасы мынада: ДНК молекуласы түссіз фуксин күкірт қышқылымен әрекеттеніп, ыдырап, пурпур бояуы бар жиынтық түзеді. Түзілген өнімнің орналасуын гистологиялық реакциямен анықтағанда бояудың тығыздығы - оның қоюлығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет