1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет28/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
10 дәріс. Тақырыбы: Ұлпаларды электронды-микроскоптық зерттеуге дайындау.
Дәрістің мақсаты: Ұлпаларды электронды-микроскоптық зерттеу

Электронды микроскоптау морфологиялық лабораториялардың зерттеу практикасында сол жердің мамандары ғана дайындай алады, лаборант-гистологқа материалды алып және одан блоктар дайындау үшін электронды микроскопия әдісімен өңдей алады.


Жалпы ережелер.
Объектіні электронды микроскопияда зерттеу үшін ұлпаларды дайындауға арналған ережелерге сүйенген (фиксация, шаю, сусыздандыру, құю, кесінділер дайындау). Зерттеуді электронды сәуле арқылы субмикроскопиялық деңгейде жүргізгендіктен объектті дайындау әдісі мен кесінділер алу техникасы: Объектінің тіршілігін тоқтатуынан болатын оттектің жетіспеу және ыдырау салдарынан болатын тірі микроқұрылымдардардағы өзгерістерге баса көңіл аударуымыз тиіс.
1. Биологиялық мембраналар липоидты-белоктық құрылымға ие екенін ескере отырып, липоидтар мен белоктарды ерітпейтін фиксаторларды (формалин, калий перманганаты) қолдануымыз керек. Спирт, ацетон, сынап дихлориді (сулема) сияқты фиксаторлар субмикроскопиялық құрылымды бұзып, электронды микроскопиялық зерттеуді мүмкін емес қылады.
2. Зерттелетін кесінділердің қалыңдығы 0,3 мкм (300 нм) аспау керек, яғни олар өте жұқа болуы керек. Объектінің электронды микроскоптағы бейнесі электрондардың кесіндінің түрлі қалыңдыққа ие учаскелерінен өткендегі ауытқуына байланысты пайда болады.
3. Ультражұқа кесінділерге қол жеткізу үшін құюға арналған материал белгілі қасиеттерге ие болуы тиіс (серпімділігі, тығыздығы, мөлдірлігі). Әдетте электронды микроскопия зерттеу жұмыстары үшін объектті синтетикалық (полимерлік) ортаға құяды: эпоксидті және полиэфирлі шайырлар (смола), ал кейбір жағдайларды тіпті желатинге құюға болады.

Қолданылатын әдебиеттер:


1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алматы – 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю.И., Юрина Е.Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет