1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы


Парафинді кесінділерді дайындауда мүмкін қателіктер



бет30/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Парафинді кесінділерді дайындауда мүмкін қателіктер.
Жақсы гистологиялық кесінділер алу үшін оладың сапасын төмендететін себептерді уақытылы байқап және оларды жойып отыру қажет.
1. Кесінді уатылады. Себептері: а) қатты парафин; ә) қоршаған ортаның төменгі температурасы; б) құю кезіндегі парафиннің жай сууы; в) пышақтың еңкею бұрышының үлкендігі. Түзеу: а) материалды термостатта еріткен жұмсағырақ парафинге салу; ә) пышақтың әр қимыл сайын блоктың жоғарғы бетіне дем шығару (жылыту) немесе блоктың үстіне электр шамын орнатып қою; б) пышақтың еңкею бұрышын өзгерту.
2. Құйылған материал кесу процессінде қоршаған парафин массасынан түсіп кетеді. Себептері: а) бөлшекті пішінге салған кезде ол суып кетті; ә) құюды суыған парафинмен жүргізу; б) сіңдіруге дейін спиртті жеткіліксіз жою. Түзеу: бірінші және екінші жағдайда блокты ережені қатаң ұстанып термостатта ерітіп және қайта құю керек, үшінші жағдайда алдын ала ерітіп болған соң материалды аралық орталарға (спиртті жою үшін) ауыстырады, сосын қайта сіңдіріп, құяды.
3. Кесінді жазықтығы түзу емес, материал нашар кесіледі немесе тіптен кесілмейді, пышақ блоктың бетінде секіріп тұрады. Себеп – материалды өткізу және бекіту кезіндегі аса қалыңдап кетуі. Түзеу мүмкін емес. Материалды тек оның кесілу бетіне пышақтың әр қимылы сайын қаламсаппен ыстық парафин жағып (суытып) немесе блоктың бетіне дем жіберу арқылы жұмсартуға болады.
4. Кесінділер оралып кетеді, пышаққа жабысады, мыжылады. Себептер: а) пышақтың еңкею бұрышы аз; ә) жұмсақ парафин; б) қоршаған ортаның жоғары температурасы. Түзеу: а) еңкею бұрышын өзгерту; ә) және б) материалды қаттырақ парафинге құю немесе блокты кесу алдында тоңазытқышқа салып алады (сонымен қоса кесу бетіне мұз қойса болады).
5. Жабысу, қатпарлану немесе кесінділердің жарылуы, әсіресе, сүйек, шеміршек және тығыз дәнекер ұлпасына бай органдарды кесу кезінде. Түзеу: ұстараға су тамшысын салу, ұстара мен блокқа демалу, пышақтың жне ұстараның біріккен жерін қатты парафин бөлігімен сүрту.
6. Кесінділер жарылады немесе сайшалар (борозды) пайда болады. Себептері: а) пышақ ұстарасындағы кертіктер; ә) кір парафин (ірі қоқыстар кесіндіні сырып кетеді және ұстараны зақымдайды); б) материал нашар кальцийсізденген. Түзеу: а) пышақты қайрау және түзеу немесе пышақұстағышта қозғап түзеу; ә) таза парафинге қайта құю; б) түзеу мүмкін емес.
7. Кесінді жазықтығы біркелкі емес (ортаңғы бөлігі ақшыл түсті). Себебі – жеткіліксіз сусыздану. Түзеу: блокты еріту және материалды абсолютті спитке дейін аралық орталардан өткізу. Сусыздандырудан кейін аралық ортадан өткізеді, сіңдіреді және құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет