1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет31/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Жапсыру. Парафинді кесінділерге келесі өңдеулер жүргізе алу үшін оларды заттық шыныға жайылған күйінде салу керек. Кесінділерді жабыстырудың бірнеше әдісі бар, бірақ белок пен глицерин көмегімен жабыстыру кең таралған. Ерітіндіні дайындау. Жаңа тауық жұмыртқасының белогына мөлшерлес химиялық таза глицеринді қосады және жақсылап шайқайды. Дайындалған ерітіндіні дымқыл жиналғыш қағаз фильтрден таза ыдысқа салады. Белоктың шіруін болдырмау үшін фильтратқа тимолдың 2-3 кішкентай бөлшектерін( бидай дәніндей) немесе формалинді қосады.Жақсы жабылған ыдыста ерітінді ұзақ уақыт бойы сақталады. Заттық шыныларды жапсыруға дайындықты алдын ала жақсы тазартылған бетке қойып, парафинді блокты микротомда кеспей тұрып жүргізеді.Ол үшін глицерин мен белоктың ерітіндісін шыны таяқшаның көмегімен қоятын бетке біркелкі қабат алғанша жағады. Заттық шыныларды дайындап қойып, парафиндіблокты кесуді бастайды.
Кесінділерді жайып, жапсырудың бірнеше тәсілі бар.
1. Егер кесінділерді жаю үшін жылы суға ауыстырған болса, онда глицерин мен белок жағылған заттық шыныны еңкейтілген күйінде қалқып жүрген кесінділердің астына келтіреді де, оларды шыныға қаламсаптың немесе препараттық иненің көмегімен тартады және оларға дұрыс қалып береді. Кесінділерді заттық шынының бір жағы бос болатындай эксцентрикалық түрде орналастырады (осылай орналастырғанда белгілерді жапсыруға ыңғайлы және шыныларды өңдеу үшін реактивтердің аз мөлшері ғана қажет болады). Кейін артық судан арылады (шыныны еңкейтіп және кесінділерді абайлап ұстап тұрып), әйнек шыныларды планшетке салып термостатқа (42-450С) 24 сағ. салып қояды. Ол жерде кесінділердің ақырғы құрғауы мен жабысуы жүреді. Бөлме температурасында да құрғатуға болады, бұл жағдайда кесінділерді шаңданудан сақтау керек, бірақ тек 36-48 сағ ұстау керек.
2. Егер кесінділер пышақтан тікелей белок пен глицерин жағылған шыныға ауыстырылса, оларды әртүрлі тәсіомен жабыстыруға болады.
Дымқыл тәсіл. Шыныға пипетканың көмегімен қайнатылған дистилденген судың бірнеше тамшысын тамызады және жүзіп жүрген (қалқымалы) кесінділер алады.Сонан соң шыныны спиртовканың үстінде абайлап кептіреді де, кесінділердің толық жайылуына қол жеткізеді. Қатты қыздырылуға жол бермеу керек, өйткені парафиннің еруі кесіндінің зақыымдалуына әкеп соғады.
Белгілі тәжірибе болған болған жағдайда қыздырылу деңгейін оңай анықтауға болады: шынының төменгі бөлігін алақанның беткі бөлігіне жақындатып қояды (әйнектің температурасы күйддіру сезімін тудырмау керек). Ол үшін өндіріс арнайы электр приборларын шығарады. Прибордың жұмыс бетінің көлемінің үлкендігі (250-375 мм) үстелшеде бір уақытта 45 заттық шыныны қоюға мүмкіндік береді. Прибор айналмалы токтан қуаттанады ( 127 В немесе 220 В). Үстелшені микротомның жанына қояды. Кесудің алдында қақпақшаны шешеді, приборды токқа қосады. Белок жағылған заттық шыныға дистилденген судың бірнеше тамшысын тамызады да, үстелшеге қояды. Жасалған кесіндіні қаламсаппен шыныға ауыстырады. Оны жайып болған соң артық суды жояды, кепкенше үстелшеге қайта қояды, одан кейін кесіндіні шынымен қоса үстелге қойып, боялғанша шаңнан сақтайды.
Құрғақ тәсіл. Жалпақ (бірақ өте жұмсақ емес) қаламсаппен кесіндінің бір қырын заттық шыныға басып тұрады, одан кейін бүкіл кесіндінің бойымен оны жайып, бұрай отыра жүргізеді. Бұл әрекеттен соң қаламсаппен кесіндіні оның астыңғы беті мен шынының арасында ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп басып тұрады және спиртовканың әлсіз отымен жылдам жылытады. Белоктың коагуляциясының нәтижесінде кесінді заттық шыныға берік жабысады және келесі өңдеуге кептірусіз өте береді. Құрғақ жапсырудың кемшілігі сол: жіңішке және нәзік кесінділер тез зақымданады, нашар жайылады, сондықтан оны көп қолданбайды. Белок-глицеринді қабат қажет емес болған жағдайда кесінділерді дистилденген су немесе 30% спирт көмегімен жапсыруға болады. Бұл тәсілде заттық шынылар айрықша мұқият майсызданған болу керек, әйтпесе су әйнек бетіне біркелкі емес жайылады да, кесінді нашар жабысады. Жапсыру тәсілі өте оңай: шыныға су тамызады (немесе 30% спирт) және оған кесінділерді жылтыр жағымен төмен қаратып салады; одан соң жылытады, жаяды, судан арылтады және кептіреді. Кесіндінің желімделу сапасын әйнекті еңкейтілген күйінде байқап анықтауға болады. Егер кесінділер күңгірт болса, желімделу жақсы жүрді, ал егер айна сияқты шағылыстырғыш учаскелер болса, кесінді мен шынының арасында ауа қабаты қалып қалды және желімделу бұл аймақта жүрмеді дегенді білдіреді. Мұндай кесінділер келесі өңдеулерде шыны әйнектен оңай сырғып кетеді. Әдетте, ауа қабаты заттық шынының жеткіліксіз тазалығында немесе кептіргіш сөре (сушильный шкаф) өте төмен температурада болған жағдайда пайда болады. Мұндай кесінділердің сырғып кетуін целлоидинді қорғаныш арқылы болдыруға болады.
Ескертпе. Кесінділердің жылы суда жату уақытын минимумға дейін қысқарту керек, болмаса, дәнекер ұлпасы ісініп кетуі мүмкін (әсіресе, үшхлорсірке және пикрин қышқылы бар сұйықтықтарды бекіткен кезде), ұлпалардың құрамына кіретін кейбір заттардың еруі және шайылып кетуі жүреді.

Қолданылатын әдебиеттер:


1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алматы – 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю.И., Юрина Е.Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет