Б.И.Лавреньтьев модификациясындағы Бильшовский-Грос әдісі бойынша импрегнация. Бильшовский-Грос әдісі перифериялық нерв жүйесін бояу кең таралған әдіс болып келеді. Материалды бірден өлімнен кейін бекітеді; мұны кешірек істесе де болады, бірақ нәтиже нашар болып шығады. Фиксация үшін 12-20% нейтралды формалин немесе 96% спирт, 1% күшәнді қышқыл (мышьяковистая кислота) және бейтарап формалиннің бірдей мөлшерінен жасалған сұйықтықты қолданады. Бұл сұйықтық АФА сұйықтығы деп аталады. Бейтарап формалинге бекіткенде алғашқы 2-3 күн ішінде фиксатор ерітіндісін 2-3 рет ауыстырады, өйткені ерітінді қан және майдан күңгірттенеді. Бекіту уақыты 7 күн және одан көп. Бекіткіш мөлшері бөлшек көлемінен 50-100 есе көп болу керек. Объектінің фиксаторда болу уақыты зерттеу мақсатына байланысты. Мысалы, жүйке ұштарын ортада анықтау – 2-4 күн, жүйке байланыстары – 10-20 күн. Егер материалды бейтарап формалинде ұзақ уақыт сақтағанда нашар импрегнирленсе, оны фиксатордың жаңа порциясында қайта бекіту керек.
АФА сұйықтығында бекітуді 1 сағ жүргізеді. Одан кейін материалды 10% бейтарап формалинге ауытырады, ерітіндіні бірнеше рет ауыстырады, әр пропорцияда бірнеше сағаттан ұстайды. Кейін материалды 15% бейтарап формалинге салады, ол онда ұзақ уақыт сақталады. Кесінділерді мұздатқыш микротомда дайындайды; кесінділердің қалыңдығы 20-60 мкм. Кесудің алдында материалды формалиннен дистилденген суға салады, кесінділерді сондай-ақ жаңа дистилденген суы бар банкаға салады.
Ыдысты дайындау. Импрегнацияға арналған ыдыс жақсылап жуылған болуы керек. Сабынмен жуғаннан соң оны 4-6 сағ хромпик ерітіндісіне салады. Кейін басқа үлкен ыдысқа салады және құбырдың ағын суымен 1 сағ жуады және бірнеше рет шаяды. Ыдысты кептіргіш шкафта құрғатады және, егер жиі қолданса, арнайы банкада дистилденген суда сақтайды. Кесінділерді ауыстыру үшін ұшы қайырылған шыны таяқшаны қолданады; металликалық таяқшалар бұл мақсатта жарамайды.
Жұмыс ерітінділері. 1. Химиялық таза кристалдық күміс нитратынан 20% күміс нитратының ерітіндісін дайындайды. Дистилденген суды қолданған жөн. Бұл ерітіндіні қараңғыда немесе қараңғы банкада сақтау керек. Қолданбас бұрын ерітіндіні тексеру қажет: егер ол күңгірттеніп кетсе, онымен жұмыс істеуге болмайды.
2. Импрегнация үшін күміс аммиакатын қолдану керек. Бұл ерітіндіні сағат әйнегінде дайындайды. Алдымен 5 мл 20% күміс нитратының ерітіндісін құяды, оған тамшылатып 25% аммиак ерітіндісін қосады. Сол кезде қара тұнба түзіледі. Одан кейін аммиакты аса ұқыптылықпен тамшылатып, шыны таяқшамен ерітіндіні үздіксіз араластыра отырып, қосады (тұнба ерігенше). Аммиак ерітіндісін аз мөлшерде дайындаған абзал, жұмыс үстінде бірнеше рет ауыстыра отырып.
3. Аммиактық суды 25% аммиак ерітіндісінің 1 бөлігін дистилденген судың 2 бөлігінде еріту арқылы дайындайды.
4. 20% қышқыл формалинді құбыр суында дайындайды. Жұмыс үшін колбада қосымша ерітінді (1 л) болу керек. Ерітіндіні 4-5 банкаларға немесе бюкстерге құяды.
5. Алтын хлориді ерітіндісін 1-2 тамшы 1% алтын хлоридін 1 мл дистилденген суға есептеп дайындайды.
6. Дистилденген судың бірнеше порциясын дайындау керек.
7. Кесінділерді сусыздандыруға және оларды канадалық бальзамға қатыруға батарея керек.