13 дәріс. Тақырыбы: Лейкоцитті формуланы есептеу үшін қан жағындысын дайындау және бояу
Дәрістің мақсаты: Қан клеткаларын морфологиялық зерттеу және лейкоцитарлы формуланы есептеу
Жоспары:
1. Жағындыны дайындау техникасы.
2. Қан жағындыларын бояу.
Қан клеткаларын морфологиялық зерттеу үшін және лейкоцитарлы формуланы есептеу үшін қан жағындыссын дайындайды. Дұрыс жасалған және жақсы боялған жағынды қан клеткаларының морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуде және лейкоцитарлы формуланы есептеу үшін басты шарт болып табылады. Қан жағындысы келесі талаптарға жауап беру керек: 1) заттық шынының бас жағынан 1см кейін басталу керек және оған қарсы жағына 2-3 см жетпей аяқталу керек, жағынды ұзындығы- әйнектің бөлігін алып жатады; 2) қалыңдығы толқынтәріздес емес, біртекті болуы тиіс, жақсы жағынды ең басында қалың болады, кейін сатылап жұқарады және із түрінде аяқталады («вид щеточки»); 3) қан қабаты шынының шеттеріне жетпей тұру керек, ол және шыны шегінің арасында бірнеше миллиметр бос кеңістік болуы керек.
Заттық шынының ұзындығының бөлігіненасатын жағындылар өте қалың болады. Онда эритроциттер тығыз қабат болып жатады және тиынды бағандар түзеді (монетные столбики). Бұл зерттеушіге олардың морфологиясын қарастыруға кедергі келтіреді. Заттық шынының ұзындығының бөлігінен қысқа жағындылар өте жұқа: лейкоциттер өте сирек жатады және деформацияланған. Егер заттық шынының жағындыдан бос шеті болмаса, ірі клеткалар жағындының шет жағына жылжып, біртекті емес орналасады.
Толқынтәрізді жағындыда клеткалардың орналасуы біртекті емес – қалың учаскелерде лимфоциттер көп, жұқаларда – моноциттер мен ядросы сегменттелген клеткалар.
Жағындыны дайындау техникасы.Қан жағындысы жасалатын заттық шынылар жақсы майсызданған және жуылған болуы керек. Бұл мақсатта оларды хромпик ерітіндісіне (K2 Cr2 O7 + қою H2 SO4қосындысы) 24 сағ қалдырады (хромпикпен абайлап жұмыс істеу керек, өйткені ол киімді күйдіріп жібереді). Сосын шыныларды ағын суға 24 сағ шайып, құрғатып сүртіп және спирт-эфир қосындысы бар банкаға салады. Қолданбас бұрын оларды кептіреді. Қан тамшысына заттық шынымен саусақ тимейтіндей етіп жанасады. Жағынды заттық шынының - бөлігіндей болу үшін, тамшы диаметрі 2-5 мм болуы керек. Заттық шыныны сол қолдың бас, сұқ және ортаңғы саусақтармен қан тамшысы жоғарғы жақта болатындай етіп ұстайды. Жағындыны жасайтын тегістелген шыныны (шлифованное стекло)30-450бұрышта тамшыдан1-2 мм қашықтықта оң қолдың бас және сұқ саусағымен ұстап тұрады. Тегістелген шыныны (шлифованное стекло) ол қан тамшысымен жанасатындай және ол тамшы тегістелген және заттық шынының арасындағы бұрышта ағып кететіндей артқа қарай жылжытады. Содан кейін қолмен алға тез қозғалту арқылы жағындыны жасайды.
Егер тегістелген шынының ені заттық шыныныкіндей болса, тегістелген шынының бұрыштарын 1-2 мм қысқартып, сындырып алады. Тегістелген шыныны жабындық шынымен алмастырса болады.
Қан жағындысын дайындау қиын болмаса да, белгілі бір тәжірибені талап етеді. Дұрыс емес дайындалған жағынды зерттеу нәтижесінде өте үлкен қателіктерге ұрындырады. Жағынды сапасы белгілі деңгейделаборанттың жұмысының «аттестаты» болып табылады.
Қан жағындыларын бояу. Жоғарыда көрсетілген тәсіл бойынша дайындалған қан жағындыларын кептіреді, одан соң метил спиртінің көмегімен(3-5 мин) немесе абслютті спирт, болмаса ацетонмен (5 мин) бекітеді. Ең жақсы нәтижені метил спиртімен бекіту береді. Бекітетін сұйықтықтар тіршілік жағдайындағы құрылымды сақтағанда клетка белоктарын денатурациялайды, сонымен қатар жағындыны шыныда бекітеді. Бекітілмеген жағындылар оңай жуылады.
Бекітетін сұйықтықтарды жеткілікті мөлшерде шыныларға құяды немесе жағындысы бар шыныны фиксаторы бар банкаға салады. Жағындыларды фиксациялап, оларды бояуға кіріседі. Әдетте, Романовский-Гимза әдісін қолданады. Лабораторияларда әрдайым араласқан бояғыш ерітіндісі болады. Романовский-Гимза бояғышы сілтілік (азур ІІ) және қышқыл (эозин) бөліктерден тұрады. Азур ІІ клетка құрылымын көк түске бояйды, ал эозин күлгін-қызыл түске бояйды. Клеткалардың сілтілік бөлімдері қышқыл бояулармен байланысып, боялады, ал қышқыл – сілтілікпен байланысады. Бояғыштың ерітіндісін дистилденген судың дайын ерітіндісін араластырып алады (1-2 бояу тамшысы 1мл дистилденген суға). Жағындының жақсы боялуы үшін бояғыштың сапасы, судың реакциясы және температурасы маңызды. Дистилднген су, бояғышты ерітетін, бейтарап реакцияға ие болу керек. Егер реакциясы қышқыл болса, бояғыштың әлсіз сілтілік әсерімен қанның ақ элементтері нашар боялады, ал препарат қызыл болып кетеді. Егер судың реакциясы сілтілік болса, бояғыштың қышқыл бөлігінің әсері әлсірейді, лейкоциттер қатты боялып, препарат көк түске енеді. Судың реакциясын гематоксилинді сынама арқылы тексереді. 4-5 мл суға гематоксилин түйіршіктерін салады. Егер су сілтілік реакцияға ие болса, 3-ші мин дейін боялады. Егер боялу 5 мин кейін бірақ жүрсе немесе тіптен жүрмесе, су қышқылдық реакцияға ие. Ал егер су 1-4 мин кейін күлгін түске боялса, ол бейтарап және қолданысқа жарайды. Қышқыл реакция болғанда гематоксилинді сынама бейтарап болғанынша суға 1% натрий карбонатын тамшылап тамызады. Сілтілік реакция болғанда 1% сірке қышқылынтамшылап тамызады. Сынама нәтижелерін дұрыс бағалау үшін суы бар стақанды ақ қағазға қою керек.
Жағындыларды Романовский-Гимза әдісімен бояуды келесі жолмен жүргізеді. Боямас бұрын бояғыштың сапасын бірнеше жағындыны бояп тексереді. Препаратты жағындысын төмен қаратып Петри табақшасына салынған екі шыны таяқшаға қояды. Бояуды препараттың астына құяды. 20-40 мин бояйды. Кейін жағындыны су ағысына жуады, кептіреді және микроскоптайды. Жағындыларды Романовский-Гимза әдісімен бояғанда эритроциттер ашық күлгін түске боялады, клетка ядролары – көк-күлгін түске, эозинофилдер түйіршіктрері – қанық қызыл, базофилдердікі– көк, моноцит және лимфоцит цитоплазмалары – ашық көк.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алматы – 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю.И., Юрина Е.Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.
Достарыңызбен бөлісу: |